Ұйымдастыру диаграммасын жасау

Компанияңыздағы, не ұйымыңыздағы ақпаратты алмасу үрдісін бейнелегіңіз келсе, Ұйымдастыру диаграммасы макеті сияқты ұйымдастыру диаграммасының макетін пайдаланатын SmartArt сызбасын жасай аласыз немесе Microsoft Office Visio 2007 көмегімен ұйымдастыру диаграммасын жасай аласыз. Сізде Office Visio 2007 бар болса, Ұйымдастыру диаграммасын жасаудың тиімді жолы Visio пайдалану туралы көбірек ақпарат оқи аласыз.

Осы мақалада

Ұйымдастыру диаграммасын жасауға шолу

Ұйымдастыру диаграммасын жасау

Ұйымдастыру диаграммасына кескінді қосу

Ұйымдастыру диаграммасының макетін өзгерту

Ұйымдастыру диаграммасының түстерін өзгерту

SmartArt мәнерін ұйымдастыру диаграммасына қолдану

Ұйымдастыру диаграммасын жасауға шолу

Ұйымдастыру диаграммасы ұйымның басқарушы құрылымы болып саналады, басқарушы құрылымға бір компаниядағы бөлімдер басқарушылары мен олардың басқаруына бағынбайтын жұмыскерлер арасындағы байланыстар енеді. SmartArt сызбасын Microsoft Office Excel 2007, Microsoft Office Outlook 2007, Microsoft Office PowerPoint 2007, немесе Microsoft Office Word 2007 бағдарламаларында пайдалана отырып, ұйымдастыру диаграммасын жасағаннан соң, оны жұмыс парағына, көрмеңізге немесе құжатыңызға кірістіре аласыз. Ұйымдастыру диаграммасын жылдам және оңай жасау үшін, ұйымдастыру диаграммасында мәтінді теріп, не қоя аласыз, мәтін өздіктік түрде орналастырылады және реттеледі.

Ассистент кескіні Ұйымдастыру диаграммасы сияқты макетке қосылғанда, сызығы бар байрақша Мәтін аймағында ассистент кескінін көрсетеді.

1 басқарушысы, 2 бағынышты адамы және 1 ассистент кескіні бар Ұйымдастыру диаграммасы үлгісі.

Ұйымдастыру диаграммасын жасау үшін басқа да иерархиялық макеттерді пайдалана алсаңыз да, ассистент кескіні және иерархиялық байланыстары бар макеттер ұйымдастыру диаграммасы үшін ғана қатынаулы.

SmartArt сызбасына кәсіби құрастырылған көріністі қосу үшін, түстерді өзгертуге немесе ұйымдастыру диаграммасына SmartArt Мәнерін қолдануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар, бояудың ашықтығы, анық емес жиек немесе үш өлшемдік деген пәрмендерді қоса аласыз. Office PowerPoint 2007 көрмелерінде, ұйымдастыру диаграммасын қозғалмалы етуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Ұйымдастыру диаграммасын жасау

  1. Кірістіру қойындысында Иллюстрациялар тобының SmartArt батырмасын басыңыз.

    Суреттер тобы таспасы

  2. SmartArt сызбасын таңдау жинағында Иерархия әміріне нұқып, ұйымдастыру диаграммасы макетін таңдаңыз да (мысалы, Ұйымдастыру диаграммасы), OK батырмасын басыңыз.

  3. Мәтініңізді енгізу үшін, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • SmartArt сызбасындағы кескінде шертім етіп, мәтінді теріңіз.

      Ескерту : Тиімді нәтижелерді алу үшін, сізге керекті кескіндерді қосқаннан соң, бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз.

    • Мәтін аймағында [Мәтін] әміріне нұқып, мәтініңізді теріңіз.

    • Басқа бағдарламадан немесе басқа орыннан мәтінді көшіріп алып, Мәтін аймағындағы [Мәтін] әмірінде шертім етіп, мәтініңізді қойыңыз.

      Мәтін аймағы көрінбейтін болса,

      1. SmartArt сызбасына нұқыңыз.

      2. SmartArt Құралдары аймағындағы Дизайн қойындысының Сызбаны жасау тобындағы Мәтін аймағы әміріне нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұйымдастыру диаграммасына кескінді қосу

  1. Кескінді қосқыңыз келетін SmartArt сызбасын таңдаңыз.

  2. Жаңа кескінге жақын орналасқан кескінге нұқыңыз.

  3. SmartArt Құралдарыаймағындағы Дизайн қойындысының Сызбаны жасау тобындағы Кескінді қосу әмірінің жанындағы көрсеткіге нұқып, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt құралдар жасақтама тобының таспасы

    • Бөлектелген кескіннен кейін және бірдей деңгейде кескінді кірістіру үшін, Кескінді кейін қосу әмірін таңдаңыз.

    • Бөлектелген кескінге дейін және бірдей деңгейде кескінді кірістіру үшін, Кескінді дейін қосу әмірін таңдаңыз.

    • Бөлектелген кескіннен жоғарғы деңгейде кескінді кірістіру үшін, Кескінді жоғары қосу әмірін таңдаңыз.

      Жаңа кескін бөлектелген кескіннің орнын алады, және бөлектелген кескін мен осы кескіннен кейінгі барлық кескіндер бір деңгейге төмендейді.

    • Бөлектелген кескіннен төменгі деңгейде кескінді кірістіру үшін, Кескінді төмен қосу әмірін таңдаңыз.

      Жаңа кескін бірдей деңгейдегі басқа кескіндерден кейін қосылады.

    • Ассистент кескінін қосу үшін, Ассистентті қосу әмірін таңдаңыз.

      SmartArt сызбасының бірдей деңгейіндегі басқа кескіндерден жоғары қосылады, бірақ Мәтін аймағында бұл кескін бірдей деңгейдегі басқа кескіндерден кейін көрсетіледі.

      Ассистент кескінін қосу мүмкіндігі тек ұйымдастыру диаграммасы деген макеттер үшін қатынаулы. Ол Иерархия макеті сияқты иерархиялық макеттер үшін қатынаусыз.

Ескерту : 

  • Ұйымдастыру диаграммасы макеті сияқты ұйымдастыру диаграммасы деген макеттердегі екі жоғарғы деңгейдегі кескіндерді сызықпен өздіктік түрде байланыстыра алмасыңыз да, SmartArt сызбасына кескінді қосып, кескіндерді байланыстыратын сызықты сызу әрекеттерін орындай отырып, оны бұрмалай аласыз.

  • Екі кескін арасындағы байланысты көрсететін пунктир сызығын көрсету үшін, сызықта тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқып, сонан соң мәтінмәндік мәзірдегі Кескінді пішімдеу әмірін таңдаңыз. Сызық мәнері әміріне нұқып, сізге керекті Сызықша түрін таңдаңыз.

  • Мәтін аймағынан кескінді қосу үшін, кескінді қосқыңыз келетін мәтіннің басында тінтуірдің жүгіргісін орналастырыңыз. Жаңа кескінде сізге керекті мәтінді теріңіз де, ENTER пернесін басып, жаңа кескін үшін оң жақ жол шегінісін жасау үшін, TAB басыңыз, немесе сол жақ жол шегінісін жасау үшін, SHIFT+TAB пернелер тіркесімін пайдаланыңыз.

    Ассистент кескінін қосу үшін, ассистент кескіні Мәтін аймағында бөлектелгенде, ENTER басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұйымдастыру диаграммасының макетін өзгерту

"Ілулі" макет бөлектелген кескіндерден төменгі барлық кескіндердің макетіне әсер етеді.

  1. Ілулі макетті қосқыңыз келетін ұйымдастыру диаграммасындағы кескінді таңдаңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағының Дизайн қойындысындағы Сызбаны жасау тобының Макет әміріне нұқып, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    SmartArt құралдар жасақтама тобының таспасы

    • Бөлектелген кескіннен төменгі кескіндердің барлығын орта бойынша туралау үшін Стандартты макетін таңдаңыз.

      Стандартты ілулі үлгісі бар ұйымдастыру диаграммасы

    • Бөлектелген кескінді төменгі кескіндер бойынша туралап, әрбір жолға төменгі кескіндердің екеуін жоғарыдан төмен орналастыру үшін, Екі макетін таңдаңыз.

      Екі деген ілулі үлгісі бар ұйымдастыру диаграммасы

    • Бөлектелген кескінді төменгі кескіндерден оң жақта орналастырып, төменгі кескіндерді сол жақ бойынша, тігінен туралау үшін, Сол жақты макетін таңдаңыз.

      Сол жақты деген үлгісі бар ұйымдастыру диаграммасы

    • Бөлектелген кескінді төменгі кескіндерден сол жақта орналастырып, төменгі кескіндерді сол жақ бойынша, тігінен туралау үшін, Оң жақты макетін таңдаңыз.

      Оң жақты деген үлгісі бар ұйымдастыру диаграммасы

Беттің жоғарғы жағы

Ұйымдастыру диаграммасының түстерін өзгерту

SmartArt сызбасындағы кескіндерге тақырып түсі құрастырылған түстер тіркесімін қолдана аласыз.

  1. Түстерді өзгерткіңіз келетін SmartArt сызбасын таңдаңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағындағы Дизайн қойындысының SmartArt мәнерлері тобында Түстерді өзгерту әміріне нұқыңыз.

    SmartArt құралдар жасақтама тобының таспасы

  3. Түстер тіркесімін таңдаңыз.

Кеңес : Сіз тінтуірдің көрсеткісін нобайдың үстінде орналастырғанда, түстердің SmartArt сызбасына әсер ететінін көре аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt мәнерін ұйымдастыру диаграммасына қолдану

SmartArt мәнері түрлі пәрмендердің тіркесімі, бұл пәрмендерге сызық мәнері, жақтау, не үш өлшемдік жатады, пәрмендердің мақсаты - SmartArt сызбасының кескіндеріне кәсіби құрастырылған көріністі қосу.

  1. SmartArt мәнерін өзгерткіңіз келетін SmartArt сызбасын таңдаңыз.

  2. SmartArt Құралдары аймағындағы Дизайн қойындысының SmartArt мәнерлері тобынан сізге керекті SmartArt мәнерін таңдаңыз.

    Қосымша SmartArt мәнерлерін көру үшін, Қосымша батырмасын Түймешік суреті басыңыз.

Ескерту : 

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×