Ұйымдастырушылар мен баяндамашылардың озық әдістері

Табысты желідегі жиналыс құру үшін осы бөлімдегі нұсқаулықтармен танысып, оларды орындаңыз.

Қандай әрекет орындауды қалайсыз?

Жиналысты жоспарлау

Жиналысқа дайындалу

Жиналысты басқару

Жиналысты жоспарлау

Жиналысты жоспарлау кезінде келесі ұсыныстарға назар аударыңыз:

  • Шақыруды жібермес бұрын, жиналыс параметрлерін тексеріңіз, әсіресе, келесі әректтерді орындауды қаласаңыз:

  • Егер компьютерінде Microsoft Lync Online бағдарламасы орнатылмаған өз ұйымыңыздың мүшесін не ұйымыңыздан тыс адамды жиналысқа шақырсаңыз, мүмкіндіктер мен өзге қолдау тапқан клиенттер үшін орнату талаптарын қарап шығыңыз. Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Lync 2010 бағдарламасы орнатылмаған компьютерден қосылубөлімін .

МАҢЫЗДЫ   Lync жиналыс тәжірибесі адамдардың әр жерден бірігіп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Алайда, онлайн жиналыста өзара әрекет құру шақырылғандар тізімі өзкен сайын күрделене түседі. 1000 не одан да көп қатысушыдан тұратын онлайн жиналыс үшін Microsoft корпорациясы жиналыстың осы түріне маманданған бірнеше қызметтерді қамтамасыз етушімен серіктестік орнатты. Әр серіктестің контакт мәліметтерін қамтитын толық ақпарат алу үшін Microsoft Pinpoint веб-торабына өтіңіз және «Оқиға қызметтері» бөлімінен қажетті мәліметті іздеңіз.

Беттің жоғары бөлігі

Жиналысқа дайындалу

Жиналысты жоспарлап болған соң, келесі ұсыныстарға назар аударыңыз.

  • Егер қатысушылардың бірі ресми көрсетілім жасайтын болса, жиналыс болып жатқан кезде сұрақтарды басқару үшін екінші баяндамашының қамтылуын реттеңіз.

  • Материалыңызды ұсыну үшін тұрлі пішім қолдануды қарастырыңыз. PowerPoint көрсетілімдері, бағдарламалық ортақ пайдалану интерактивтік сауалнамалар және тақта жаттығулары тыңдаушылардың назарын сіздің баяндамаңыздан алшақтатпайды.

  • Қатысушылардың белсенділігін арттыру үшін веб-камера бейнесін қамтуды қарастырыңыз.

  • Егер жиналыста конференциялық қоңырау қолданылатын болса, баяндамашылардың телефон арқылы қоңырау шалушылар дыбыс қосуға арналған пәрмендермен де таныс болғаны жөн.

  • Баяндау кезінде гарнитураны қолданыңыз, себебі дыбыс сапасы үндеткіш не ұялы телефон қолданғандағы дыбыс сапасынан әлдеқайда жақсырақ болады.

  • Дыбыс сапасының ең жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін дыбыстық құрылғының Lync Online қызметі үшін оңтайландырылғанына көз жеткізіңіз. Оңтайландырылған құрылғылар тізімін қарау үшін Microsoft Lync 2010 бағдарламасына арналған телефондар мен құрылғылар бөлімін қараңыз.

  • Қатысушылардың қалай сұрақ қою керек екенін және дыбысты қалай басқару қажеттігін түсіндіру үшін жиналысты бастауға арналған бағыттауыш слайд даярлаңыз.

Жиналысты бастамас бұрын:

Беттің жоғары бөлігі

Жиналысты басқару

Жиналыс кезінде келесі әркеттерді орындаңыз:

  • Өзіңізді, тақырыбыңызды таныстырып, тыңдаушылардың қалай әрекет етуіне бағдар беріп, баяндамашымен қалай қатынасу керектігін көрсету үшін жиналыстың жалпы ағыны жөнінде айтып өтіңіз.

  • Жиналыс қатысушыларын оң нұқып, қажетті пәрменді таңдау арқылы қатысушыларды басқарып, олармен әрекеттесіңіз.

  • Компьютер дыбысы сапасын жақсарту үшін сөйлеу орын алғанға дейін қатысушылардың жол дыбыстарының қосулы тұруын сұраңыз.

  • Жиналыс тізіміндегі келесі көрсеткіштерді бақылаңыз:

    • Егер бар болса, кедергі тудыратын дыбыстық құрылғы

    • Дыбыс, бейне не ортақ пайдалану байланыстарына қатысты мәселелер туындаған қатысушылар

Толық мәліметтерді Жиналысты баяндамашы ретінде жүргізу бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×