Үш күйлі технологиялық үрдісті пайдалану

Үш күйлі технологиялық үрдіс тізімдік элемент күйін үш күй (фазалар) арқылы қадағалауға арналған. Оны тұтынушы қолдау мәселелері, сату жолдары немесе жобалық тапсырмалар сияқты мәселелердің немесе элементтердің үлкен көлемін қадағалау үшін ұйымға қажетті іскери үрдістерді басқару үшін пайдалдануға болады.

Осы мақалада

Үш күйлі технологиялық үрдіс қалай жұмыс істейді?

Үш күйлі технологиялық үрдіспен пайдалануға тізім құру

Үш күйлі технологиялық үрдісті тізімге қосу

Тізімдегі Үш күйлі технологиялық үрдісті бастау

Үш күйлі технологиялық үрдісте технологиялық үрдісті аяқтау

Үш күйлі технологиялық үрдіс қалай жұмыс істейді?

Үш күйлі технологиялық үрдіс үш түрлі күй және күйлердің арасындағы екі рет ауысу арқылы мәселе немесе элемент күйін қадағалау үшін ұйымдарға қажетті іскери үрдістерді қолданады. Күйлер арасында әрбір ауысу арқылы технологиялық үрдіс тапсырманы қандай да бір адамға тағайындап, сол адамға тапсырма туралы электрондық пошта ескертуін жібереді. Бұл тапсырма аяқталғанда, технологиялық үрдіс элементтің күйін жаңартып, келесі күйге өтеді. Үш күйлі технологиялық үрдіс Қадағалау мәселесі тізімінің үлгісімен жұмыс істеуге арналған, бірақ оны үш не одан көп мәні бар Таңдау бағанын қамтуға арналған тізіммен пайдалануға болады. Бұл Таңдау бағанындағы мәндер технологиялық үрдіс қадағалайтын күйлер ретінде қолданылады.

Үш күйлі технологиялық үрдісті тұтынушы қолдау мәселелері, сату жолдары немесе жобалық тапсырмалар сияқты мәселелердің немесе элементтердің үлкен көлемін қадағалау үшін ұйымға қажетті іскери үрдістерді басқару үшін пайдалдануға болады. Мысалы, кішігірім оқиғаны жоспарлайтын компанияның қызметкерлері қадағалау мәселесінің тізімін және жоспарлайтын оқиғаларына қатысты көптеген тапсырмаларды басқару үшін теңшелген Үш күйлі технологиялық үрдісті қолдана алады. Үш күйлі технологиялық үрдіс оқиға жоспарлау тапсырмаларын үш күй арқылы қадағалайды: Белсенді, Шолуға дайын және Аяқталды. Арнайы оқиғаға қатысты оқиға дайындайтын тапсырмалардың барлығы сол оқиғаға жасалған және Белсенді деп белгіленген қадағалау мәселелерінің тізіміне жинақталады. Оқиға жобалаушысы жеке тапсырмаларды өзінің командасының мүшелеріне тағайындап, оқиға тапсырмасында жұмысты бастау үшін осы элементтер бойынша Үш күйлі технологиялық үрдісті бастайды.

Технологиялық үрдіс басталғанда, ол тағайындалған адамға тапсырма құрады. Команда мүшесі тапсырманын алғаннан соң, ол тапсырманы аяқтауға қажетті жұмысты орындайды. Бұл қадағалау мәселелерінің тізімі орналасқан тізімнің немесе тораптың сыртында орын алатын жұмыс болуы мүмкін. Мысалы, команда мүшесі жеткізу жоспарын дамытатын технологиялық үрдіс тапсырмасын алса, ол жеткізуші компаниямен хабарласып, жоспарды дамыту үшін олармен жұмыс істейді. Жеткізу жоспарының жобасы жасалғанда, команда мүшесі оның технологиялық үрдіс тапсырмасын "аяқталды" деп белгілейді. Бұл жерде технологиялық үрдіс қадағалай мәселелерінің тізімінде оқиға тапсырмасының күйін Белсенді күйден Шолуға дайын күйіне жаңартады және ол жеткізу жоспарын шолу үшін оқиға жобалаушысына екінші тапсырманы құрады. Оқиға жобалаушысы жеткізу жоспарын шолып, растағаннан кейін, ол технологиялық үрдіс тапсырмасын "аяқталды" деп белгілейді, ал технологиялық үрдіс тапсырма күйін Шолуға дайын күйінен Аяқталды күйіне жаңартады.

Ескерту : Технологиялық үрдіске қатысушы Үш күйлі технологиялық үрдістегі технологиялық үрдіс тапсырмасын екі түрлі жолмен аяқтай алады. Қатысушы технологиялық үрдіс тапсырмасын "аяқталды" деп белгілеу үшін оны өңдей алады немесе (қатысушының осы тізімді өзгертуге рұқсаты болғанда) қатысушы тізімдегі технологиялық үрдіс элементінің күйін өзгерте алады. Егер қатысушы тізімдегі технологиялық үрдіс элементінің күйін қолмен жаңартса, технологиялық үрдіс тапсырмасы аяқталады. Егер қатысушы технологиялық үрдісті "аяқталды" деп белгілеу үшін оны өңдесе, тізімдегі технологиялық үрдіс элементінің күйі Аяқталды күйіне жаңартылады.

Бұл мысалдағы Үш күйлі технологиялық үрдіс әрекеттері осы үрдісті орындайды:

Үш кезеңдік жұмыс процесі үлгісінің блок-схемасы

Беттің жоғарғы жағы

Үш күйлі технологиялық үрдіспен пайдалануға тізім құру

Үш күйлі технологиялық үрдісті пайдаланбай тұрып, сізге технологиялық үрдіспен байланысты пайдалану үшін тізім құрып алу керек. Бұл тізімде технологиялық үрдіс арқылы қадағалауды немесе басқаруды жоспарлайтын элементтер болуға тиісті. Қадағалау мәселесі тізімі Үш күйлі технологиялық үрдіспен жұмыс істеуге арналған, бірақ осы технологиялық үрдістермен пайдалану үшін таңдамалы тізімді жасауыңызға да болады. Егер сіз Үш күйлі технологиялық үрдіспен пайдалану үшін таңдамалы тізімді құрсаңыз, сізге тізімде үш не одан көп таңдау мәндері бар кемінде бір Таңдау бағаны болатынын көз жеткізу керек. Тізіммен пайдалану үшін үш күйлі технологиялық үрдісті орнатқаныңызда, сізге технологиялық үрдіс қадағалайтын күй мәндері бар Таңдау бағанын көрсету керек.

Үш күйлі технологиялық үрдіспен пайдалануға қадағалау мәселелерінің тізімін құру

Әдепкі мәні бойынша Үш күйлі технологиялық үрдісті Қадағалау мәселесі тізімінің үлгісінен жасалатын тізіммен пайдалануыңызға болады.

Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін жалпы торап мазмұны бетіндегі Жасау түймешігін нұқыңыз.

Кеңес : Көп жағдайда, сіз бұл адымды аяқтау үшін орнына Торап әрекеттері мәзірін «Торап әрекеттері» мәзірі пайдалана аласыз.

  1. Қадағалау тармағы астындағы Қадағалау мәселесі түймешігін басыңыз.

    Атауы терезесінде тізім атауын теріңіз. Тізім атауы қажет етіледі.

    Атауы тізім бетінің жоғарғы жағында көрсетіліп, тізім бетінің мекенжайының құрам бөлігі болып табылады және пайдаланушыларға тізімді тауып, ашуға көмектесетін шарлау элементінде көрсетіледі.

  2. Сипаттамасы терезесінде тізім арнауының сипаттамасын теріңіз. Сипаттамасы қосымша болып табылады.

  3. Жедел іске қосу ішінде осы тізімге сілтеме қосу үшін Шарлау бөлімінде Иә түймешігін нұқыңыз.

  4. Жасау түймешігін басыңыз.

Үш күйлі технологиялық үрдіспен пайдалануға таңдамалы тізім құру

Егер сіздің Үш күйлі технологиялық үрдіспен пайдалануға таңдамалы тізімді құрғыңыз келсе, сізге технологиялық үрдіс қадағалайтын күй мәндері бар кемінді бір Таңдау бағанын қосу керек.

Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін жалпы торап мазмұны бетіндегі Жасау түймешігін нұқыңыз.

Кеңес : Көп жағдайда, сіз бұл адымды аяқтау үшін орнына Торап әрекеттері мәзірін «Торап әрекеттері» мәзірі пайдалана аласыз.

  1. Таңдамалы тізімдер тармағы астындағы Таңдамалы тізім түймешігін басыңыз.

    Атауы терезесінде тізім атауын теріңіз. Тізім атауы қажет етіледі.

    Атауы тізім бетінің жоғарғы жағында көрсетіліп, тізім бетінің мекенжайының құрам бөлігі болып табылады және пайдаланушыларға тізімді тауып, ашуға көмектесетін шарлау элементінде көрсетіледі.

  2. Сипаттамасы терезесінде тізім арнауының сипаттамасын теріңіз. Сипаттамасы қосымша болып табылады.

  3. Жедел іске қосу ішінде осы тізімге сілтеме қосу үшін Шарлау бөлімінде Иә түймешігін нұқыңыз.

  4. Жасау түймешігін басыңыз.

Үш күйлі технологиялық үрдіспен пайдалануға таңдамалы тізімді теңшеу

  1. Тізім ашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз

    Сіздің тізіміңіздің атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін тізіміңіздің атауын нұқыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  3. Бағандар тармағы астындағы Баған жасау түймешігін басыңыз.

  4. Атау және түрі бөлімінің Баған атауы тармағы астында технологиялық үрдіске арналған күй мәндерін көрсетуге пайдаланғыңыз келген бағанның атауын теріңіз.

  5. Осы бағандағы ақпарат түрі тармағы астындағы Таңдау (таңдау мәзірі) параметрін таңдаңыз.

  6. Қосымша баған параметрлері бөлімінің Сипаттама тармағы астында бағанға арналған таңдаулы сипаттаманы енгізіңіз.

  7. Осы бағанның ақпаратты қамтуын қажет ету тармағы астындағы Иә түймешігін басыңыз.

  8. Әр таңдауды бөлек жолға теру тармағы астындағы тізім жолағына осы бағанға қажетті үш не одан көп таңдау мәндерін теріңіз.

    Бұл мәндер технологиялық үрдіске арналған күйлер болады.

  9. Арқылы таңдауларды көрсету тармағы астандағы Ашылмалы мәзір немесе Радио түймешіктер параметрін таңдаңыз.

  10. "Толтыру" таңдауларына мүмкіндік беру тармағы астындағы Жоқ түймешігін басыңыз.

  11. Осы бағанға арналған арнайы әдепкі мәнді қажет ететініңізді немесе оны тізімге арналған әдепкі көрініске қосқыңыз келгенін көрсетіңіз.

  12. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Үш күйлі технологиялық үрдісті тізімге қосу

Сол тізімдегі элементтер бойынша Үш күйлі технологиялық үрдісті пайдаланбай тұрып, сізге Үш күйлі технологиялық үрдісті тізімге қосу керек. Үш күйлі технологиялық үрдісті тізімге қосқаныңызда, сіз технологиялық үрдіс қадағалайтын күй мәндері бар тізімдегі бағанды көрсетесіз. Сондай-ақ, сіз технологиялық үрдістің әр сатысында кездесетіндер туралы ақпаратты көрсетесіз. Мысалы, тапсармалар тағайындалуға тиісті тұлғаларды және тапсырма алушылар алатын электрондық пошта ескертулері туралы мәліметтерді көрсетуіңізге болады.

Сізде технологиялық үрдісті тізімге қосу үшін Тізімдерді реттеу рұқсаты болу керек.

  1. Үш күйлі технологиялық үрдісті қосқыңыз келетін тізімді ашыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін немесе ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Рұқсаттар және басқару тармағының астында Жұмыс барысының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Егер технологиялық үрдістер осы тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосылса, бұл қадам сізді Технологиялық үрдіс параметрлерін өзгерту бетіне бірден алып барады және сізге Технологиялық үрдісті қосу бетіне өту үшін Технологиялық үрдісті қосу түймешігін басу керек. Егер осы тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне ешқандай технологиялық үрдіс қосылмаса, бұл қадам сізді Технологиялық үрдісті қосу бетіне бірден алып барады.

  3. Технологиялық үрдіс параметрлерін өзгерту бетінде Технологиялық үрдісті қосу түймешігін басыңыз.

  4. Технологиялық үрдісті қосу бетінің Технологиялық үрдіс бөлімінде Технологиялық үрдіс үлгісін таңдау тармағы астындағы Үш күйлі түймешігін басыңыз.

  5. Атау бөлімінде технологиялық үрдістің бірегей атауын теріңіз.

  6. Тапсырма тізімі бөлімінде технологиялық үрдіспен пайдаланылатын тапсырма тізімін көрсетіңіз.

    Ескертулер : 

    • Әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалануыңызға болады немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалансаңыз, технологиялық үрдіске қатысушылар Тапсырмалар тізімінің Менің тапсырмаларым көрінісі арқылы технологиялық үрдіс тапсырмаларын тауып көре алады.

    • Егер осы технологиялық үрдіске арналған тапсырмалар жалпы Тапсырмалар тізімінен бөлек ұстағыңыз келген нақты немесе құпия деректерді көрсетсеңіз, жаңа тапсырмалар тізімін құрыңыз.

    • Егер сіздің ұйымыңызда көп технологиялық үрдіс болса немесе технологиялық үрдістерде көптеген тапсырмалар болса, жаңа тапсырмалар тізімін құрыңыз. Мұндай жағдайда, сіздің әрбір технологиялық үрдіске арналған тапсырмалар тізімін құрғыңыз келуі мүмкін.

  7. Жұрнал тізімі бөлімінде осы технологиялық үрдіспен пайдаланылатын жұрнал тізімін таңдаңыз. Жұрнал тізімі технологиялық үрдістің әрбір сатысында кездесетін оқиғалардың барлығын көрсетеді.

    Ескерту : Әдепкі Жұрнал тізімін пайдалануыңызға болады немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер сіздің ұйымыңызда көптеген технологиялық үрдіс болса, сіздің әр технологиялық үрдіске арналған бөлек жұрнал тізімін жасағыңыз келуі мүмкін.

  8. Бастау параметрлері бөлімінде төмендегілердің кез келгенін орындаңыз:

    • Егер сіздің технологиялық үрдістің қолмен басталуына мүмкіндік бергіңіз келсе, Элементтерді өңдеу рұқсаттары бар расталған пайдаланушы арқылы осы технологиялық үрдістің қолмен басталуына мүмкіндік беру құсбелгі көзін белгілеңіз. Егер сіздің технологиялық үрдісті бастау үшін қосымша рұқсаттар талап еткіңіз келсе, Технологиялық үрдісті бастауға Тізімдерді реттеу рұқсаттарын талап ету құсбелгі көзін белгілеңіз.

    • Егер сіз жаңа элементтер жасалғанда технологиялық үрдістің автоматты түрде басталғанын қаласаңыз, Жаңа элемент таңдалғанда, осы технологиялық үрдісті бастау құсбелгі көзін белгілеңіз.

  9. Келесі түймешігін басыңыз.

  10. Технологиялық үрдіс күйлері бөлімінің "Таңдау" өрісін таңдау тармағы астында технологиялық үрдістегі күйлерге пайдаланғыңыз келетін мәндері бар тізімнен Таңдау бағанын таңдаңыз, содан кейін технологиялық үрдістің Бастапқы күйге, Орташа күйге және Соңғы күйге қажетті баған мәндерін таңдаңыз.

  11. Технологиялық үрдіс басталғанда орын алатынды көрсету (технологиялық үрдістегі бірінші тапсармаға арналған параметрлер) және Технологиялық үрдіс орташа күйіне өзгергенде орын алатынды көрсету (технологиялық үрдістегі екінші тапсырмаға арналған параметрлер) екі бөлімінен төмендегі ақпаратты көрсетіңіз:

    Тапсырма мәліметтері

Тапсырма тақырыбы:

Тапсырма тақырыбына қамтығыңыз келген ақпаратты енгізіңіз. Егер сіз Тізім өрісін қамту құсбелгі көзін белгілесеңіз, тізім элементіне арналған Тақырып ақпараты таңдамалы хабарға қосылады.

Тапсырма сипаттамасы:

Тапсырманың сипаттамасына қамтығыңыз келген ақпаратты енгізіңіз. Егер сіз Тізім өрісін қамту құсбелгі көзін белгілесеңіз, тізім элементіне арналған Тақырып ақпараты таңдамалы хабарға қосылады. Егер сіз Тізімдік элементке жасалатын сілтемені кірістіру құсбелгі көзін белгілесеңіз, тізімдік элементке жасалатын сілтеме сипаттамаға қосылады.

Тапсырманы төлеу мерзімі:

Егер сіздің тапсырма үшін төлеу мерзімін көрсеткіңіз келсе, Тізім өрісін қамту құсбелгі көзін белгілеңіз, содан кейін пайдаланғыңыз келетін төлеу мерзімі туралы ақпараты бар тізімнен мерзім бағанын таңдаңыз.

Тағайындалған тапсырма:

Тапсырманы тізімде көрсетілген адамға тағайындау үшін Тізім өрісін қамту түймешігін басыңыз, содан кейін пайдаланғыңыз келген пайдаланушы ақпараты бар тізімнен бағанды таңдаңыз. Осы технологиялық үрдіс басталғанда, бірінші тапсырма технологиялық үрдіс элементіне арналған осы бағанға аты шығатын адамға тағайындалады.

Осы технологиялық үрдістің барлық сатысындағы осы тапсырманы көрсетілетін адамға немесе топқа тағайындау үшін Таңдамалы түймешігін басыңыз, содан кейін тапсырманы тағайындағыңыз келетін адамның немесе топтың атауын теріңіз немесе таңдаңыз.

Электрондық пошта туралы мәліметтер

Егер сіз технологиялық үрдіске қатысушылардың технологиялық үрдіс тапсырмалары туралы электрондық пошта ескертулерін алғанын қаласаңыз, Электрондық пошта хабарын жіберу құсбелгі көзін белгілеңіз.

Ескерту : Егер сіздің технологиялық үрдіске қатысушылардың электрондық пошта ескертулерін және технологиялық үрдістер басталғаннан кейін технологиялық үрдіс тапсырмалары туралы еске салуды алатынына көз жеткізсеңіз, электрондық поштаның торапқа қосылатынын тексеру үшін сервер әкімшісімен тексеріңіз.

Кімге

Технологиялық үрдіс тапсырмасы туралы электрондық пошта ескертуін жібергіңіз келетін адамның атын теріңіз. Егер сіздің электрондық пошта ескертуін тапсырмасы иесіне жібергіңіз келсе, Тағайындалған тапсырманы қамту құсбелгі көзін белгілеңіз.

Тақырып

Электрондық пошта ескертуіне пайдаланғыңыз келетін тақырып жолын енгізіңіз. Егер сіздің Тапсырма тақырыбын электрондық пошта хабарының тақырып жолына қосқыңыз келсе, Тапсырма тақырыбын пайдалану құсбелгі көзін белгілеңіз.

Негізгі мәтін

Электрондық пошта ескертуінің хабарының негізгі мәтініне шығатын ақпаратты енгізіңіз. Егер сіздің тізімдік элементке жасалатын сілтемені хабарға қосқыңыз келсе, Тізімдік элементке жасалатын сілтемені кірістіру құсбелгі көзін белгілеңіз.

  1. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тізімдегі Үш күйлі технологиялық үрдісті бастау

Тізімді сол тізімдегі элементтерде пайдалануға қол жетімді ету үшін оған Үш күйлі технологиялық үрдісті қосу керек.

Жаңа элементтер тізімге қосылғанда, Үш күйлі технологиялық үрдісті автоматты түрде теңшеуге болады немесе арнайы рұқсаттары бар пайдаланушылардың технологиялық үрдісті қолмен бастауына мүмкіндік беру үшін оны теңшеуге болады. Кейбір технологиялық үрдістер екі параметрге де мүмкіндік береді. Тізімдік элементті Үш күйлі технологиялық үрдісті қолмен бастау үшін сізде тізімге арналған Элементтерді өңдеу рұқсаты болу керек. Кейбір технологиялық үрдістер сізде Тізімдерді реттек рұқсаты болуын қажет етуі мүмкін.

Ескерту : Егер сіздің технологиялық үрдіске қатысушылардың электрондық пошта ескертулерін жіне технологиялық үрдіс басталғаннан кейін олардың технологиялық үрдісінің тапсырмалары туралы еске салуды алатынына көз жеткізгіңіз келсе, торабыңызға арналған электрондық поштаның қосылғанын тексеру үшін сервер әкімшісімен тексеріңіз.

  1. Үш күйлі технологиялық үрдісті бастағыңыз келетін элементі бар тізімді ашыңыз.

  2. Технологиялық үрдісті бастағыңыз келетін элементті меңзермен көрсетіп, шығатын көрсеткіні басыңыз, содан кейін Технологиялық үрдістер түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Элемент онымен байланысты кемінде бір технологиялық үрдісі бар тізімде немесе кітапханада болған жағдайда ғана Технологиялық үрдістер пәрмені қол жетімді болады.

  3. Жаңа технологиялық үрдісті бастау тармағы астында бастағыңыз келетін Үш күйлі технологиялық үрдістің атауын басыңыз.

    Технологиялық үрдіс бірден басталады.

Беттің жоғарғы жағы

Үш күйлі технологиялық үрдісте технологиялық үрдісті аяқтау

Үш күйлі технологиялық үрдісте технологиялық үрдісті аяқтау үшін сізде кемінде технологиялық үрдіс тапсырмалары жазылатын тапсырмалар тізімдеріне арналған Элементтерді өңдеу рұқсаттары болу керек.

  1. Тораптың Тапсырмалар тізімін ашып, жұмыс тапсырмаңыздың Көру мәзіріндегі Тапсырмаларым тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Жұмыс барысы әдепкі Тапсырмалар тізімі болып табылмаса, тапсырма барысыңыз Тапсырмалар тізімінде көрсетілмеуі мүмкін. Жұмыс барысыңыздың тапсырмасының орнын анықтау үшін жұмыс барысының тармағы сақталған тізімге немесе кітапханаға өтіңіз. Аяқтағыңыз келетін тапсырма атауын көрсетіп, пайда болған меңзерді нұқыңыз да, одан кейін Жұмыс барыстары түймешігін нұқыңыз. Жұмыс барысы күйінің бетінде Жегілген жұмыс барыстары тармағының астында, өзіңіз қатысып отырған жұмыс барысының атауын нұқыңыз. Тапсырмалар тармағының астында, өзіңіздің жұмыс барысыңыздың тапсырмасының орнын анықтаңыз.

  2. Өзіңіз аяқтағыңыз келетін тапсырма атауын нұқып, пайда болған меңзерді нұқыңыз да, одан кейін Тармақты өңдеу түймешігін нұқыңыз.

  3. Шыға келген пішінде тапсырманы аяқтау үшін қажетті деректерді теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×