Құсбелгілерге өзгеріс енгізу

Құжатқа құсбелгі кірістіргеннен кейін, құсбелгі нышанын X белгісінен қанатшаға не өзге нышанға ауыстыруға не құсбелгі түсін не өлшемін өзгерту сияқты өзгертулер енгізуге болады.

Құсбелгі нышанын өзгерту

Құсбелгі таңдаған кезде, ұяшықта X белгісі пайда болады.

X белгісін өзге нышанға ауыстыру кезінде және құсбелгі таңдау кезінде сізге құсбелгі көрсетілмей, тек қана нышан көрсетіледі. Егер нышанды нұқысаңыз, оның орнында құсбелгі қайта көрсетіледі.

  1. Егер Құрастырушы қойындысы таспада көрсетілмесе, Файл > Параметрлер > Таспаны реттеу пәрменін орындаңыз.

  2. Таспаны реттеу бөлімінің астында оң жақта Құрастырушы ұяшығына құсбелгі қойыңыз.

  3. Құсбелгі айналасындағы мазмұн басқару элементтерін басыңыз.

Word 2013 құжатындағы белгі басқаруы

  1. Құрастырушы қойындысындағы Параметрлер бөлімін таңдаңыз.

Word 2013 бағдарламасының Құрастырушы қойындысындағы Параметрлер түймешігі

  1. Құсбелгі параметрлері бөлімінің астында Белгіленген символ жолағының жанындағы Өзгерту пәрменін басыңыз.

  1. Символ терезесіндегі Жақында қолданылған нышандар тізімінен қажетті нышанды таңдаңыз. Қажеттісін тізімнен таба алмасаңыз, Wingdings қарпі секілді өзге қаріпті (әсіресе, қанатша қажет болса) Қаріп ашылмалы терезесінен таңдаңыз. Қажетті нышанды басып, OK түймешігін басыңыз.

  2. Әр құсбелгі үшін осы қадамдарды қайталаңыз.

Құсбелгіге енгізуге болатын өзге өзгерістер

Құсбелгі жиегінің түсін өзгертуді не оған меңзерді бағыттағанда мәтін көрсетілуін қалайсыз? Осы және өзге де өзгерістерді жасай аласыз.

  1. Егер Құрастырушы қойындысы әлі де таспада көрсетілмесе, Файл > Параметрлер > Таспаны реттеу пәрменін орындаңыз.

  2. Таспаны реттеу бөлімінің астында оң жақта Құрастырушы ұяшығына құсбелгі қойыңыз.

  3. Мазмұн басқару элементтері ішіндегі құсбелгіні таңдаңыз.

Word 2013 құжатындағы белгі басқаруы

  1. Құрастырушы қойындысында Параметрлер түймешігін басыңыз.

Word 2013 бағдарламасының Құрастырушы қойындысындағы Параметрлер түймешігі

  1. Мазмұн басқару элементтерінің параметрлері терезесінде келесі әрекеттерді орындаңыз:

    • Меңзер бағытталғанда көрсетілетін сипаттама мәтінді кқрсету үшін Tақырып ұяшығына қажетті мәтінді енгізіңіз.

    • Меңзер бағытталғанда мазмұн басқару элементтерінің өзге түсте көрсетілуін қаласаңыз, Түс түймешігін басыңыз.

    • Мазмұн басқару элементтері терезесінің көрсетілуін қаламасаңыз, Ретінде көрсету ұяшығында Жоқ параметрін таңдаңыз. Егер бұл параметрді таңдасаңыз, Tақырып ұяшығына енгізілген мәтін көрсетілмейтін болады.

    • Құсбелгінің өлшемін, түсін не жиек мәнерін өзгерту үшін Мазмұндарды пішімдеу үшін мәнер қолдану ұяшығына құсбелгі қойып, Жаңа мәнер түймешігін басыңыз.

      • Пішімдеу бөлімінің астында құсбелгіні үлкейту не кішірейту үшін қаріп өлшемін таңдаңыз.

      • Түс өрісінде қажетті түсті таңдаңыз.

      • Өзге жиек таңдау үшін Пішімдеуден жаңа мәнер құру терезесінің төменгі жағындағы Пішім > Жиек түймешігін басыңыз.

  2. Ашық терезелерді жапқанға дейін OK түйиешігін басыңыз.

  3. Әр құсбелгі үшін осы қадамдарды қайталаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×