Құпиялық параметрлерін қарап шығу

Бұл мақалада қолдану керек құпиялық параметрлері сипатталады. Кейбір құпиялық параметрлері Microsoft корпорациясынан қандай мәлімет немесе файл қотарылғанына және жіберілгеніне әсер етеді. Бұл мақалада сипатталған басқа параметрлер қауіпсіздігіңізді қорғауға және басқа адамдармен файлдарыңызды ортақтасуға көмектеседі. Кейбір қауіпсіздік параметрлері мүмкін болмайды, ол қандай 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасын қолданып жатқаныңызға байланысты.

Не істегіңіз келеді?

Құпиялық параметрлерін қарап шығу

Әрбір құпиялық параметрінің сипаттамасын оқу

Office бағдарламасына арналған меншіктік анықтаманы қарап шығу

Құпиялық параметрлерін қарап шығу

Қайсы 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасын пайдаланасыз?

Access бағдарламасы

Клиптерді реттеуші

Excel бағдарламасы

InfoPath бағдарламасы

OneNote бағдарламасы

Outlook бағдарламасы

PowerPoint бағдарламасы

Project бағдарламасы

Publisher бағдарламасы

SharePoint Designer бағдарламасы

Visio бағдарламасы

Word бағдарламасы

Access бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , одан кейін Access параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдап, Қауіпсіздікті басқару орталығының параметрлері түймешігін, одан кейін Құпиялық параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Әрбір құпиялық параметрінің сипаттамасын оқу үшін, мақаланың келесі бөліміне өтіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Клиптерді реттеуші

  1. Анықтама мәзірінде Құпиялылық параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Санат тізімінен Құпиялылық параметрлері тармағын таңдаңыз, одан кейін Параметрлер тізімінің Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы астында Иә, менің бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына қол қоюсыз қатысқым келеді және Жоқ, менің қатысқым келмейді параметрлерін қараңыз.

    • Веб-сілтеменің құпиялылығы астында Күмәнді веб-тораптардан алынған немесе сондай веб-тораптарға сілтемелері бар Office құжаттарын тексеру параметрін қараңыз.

    • Жүйенің іске қосылып тұруына көмектесу астында Кезеңді түрде жүйе ақаулықтарын анықтай алатын файлды қотарып отыру параметрін қараңыз.

  3. Бұл мақаланың келесі бөліміне өтіңіз және әрбір құпиялылық параметрі сипаттамасын оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Excel бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , одан кейін Excel параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдап, Қауіпсіздікті басқару орталығының параметрлері түймешігін, одан кейін Құпиялылық параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Бұл мақаланың келесі бөліміне өтіңіз және әрбір құпиялылық параметрі сипаттамасын оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath бағдарламасы

  1. Құралдар мәзіріндегі Қауіпсіздікті басқару орталығы пәрменін, одан кейін Құпиялық параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Әрбір құпиялық параметрінің сипаттамасын оқу үшін, мақаланың келесі бөліміне өтіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

OneNote бағдарламасы

  1. Анықтама мәзіріндегі Құпиялық параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Санат тізімінде Құпиялық параметрлері пәрменін таңдап, одан кейін Параметрлер тізіміндегі Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасы астынан Иә, анонимді түрде пайдаланушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасына қатынасқым келеді және Жоқ, қатынасқым келмейді параметрлерін қараңыз.

    •   Веб-байланыс құпиялығы астынан Күдікті веб-тораптан алынған немесе соларға байланыстары бар Оffice құжаттарын тексеру құсбелгісін қойыңыз.

    • Жүйені іске қосылуына көмектесу астынан Жүйе ақаулықтарын анықтауға көмектесетін файлды жиі қотару параметрін қараңыз.

  3. Әрбір құпиялық параметрінің сипаттамасын оқу үшін, мақаланың келесі бөліміне өтіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Outlook бағдарламасы

  1. Құралдар мәзірінде Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдап, одан кейін Құпиялылық параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Бұл мақаланың келесі бөліміне өтіңіз және әрбір құпиялылық параметрі сипаттамасын оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

PowerPoint бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , одан кейін PowerPoint параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдап, Қауіпсіздікті басқару орталығының параметрлері түймешігін, одан кейін Құпиялылық параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Бұл мақаланың келесі бөліміне өтіңіз және әрбір құпиялылық параметрі сипаттамасын оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Project бағдарламасы

  1. Анықтама мәзірінде Құпиялылық параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Санат тізімінен Құпиялылық параметрлері тармағын таңдап, одан кейін Параметрлер тізімінің Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы астында Иә, мен бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына қол қоюсыз қатысқым келеді және Жоқ, мен қатысқым келмейді параметрлерін қараңыз.

    • Веб-сілтеменің құпиялылығы астында Күмәнді веб-тораптардан алынған немесе сондай веб-тораптарға сілтемелері бар Office құжаттарын тексеру параметрін қараңыз.

    • Жүйенің іске қосылып тұруына көмектесу астында Кезеңді түрде жүйе ақаулықтарын анықтай алатын файлды қотарып отыру қараңыз.

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , одан кейін Word параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдап, Қауіпсіздікті басқару орталығының параметрлері түймешігін, одан кейін Құпиялылық параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Бұл мақаланың келесі бөліміне өтіңіз және әрбір құпиялылық параметрі сипаттамасын оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Әрбір құпиялық параметрінің сипаттамасын оқу

Интернетке қосылғанда Microsoft Office Online веб-торабында анықтама іздеу

Барлық 2007 Office бағдарламаларында пайдаланылады.

  Интернетке қосылғанда Microsoft Office Online веб-торабында анықтама іздеу құсбелгісін қойғанда, Microsoft Office Online веб-торабынан анықтама мазмұнының ең жаңарған нұсқасын компьютеріңізге қотара аласыз. Қотаруларды қабылдау үшін Интернетке қосылған болуыңыз керек. Барлық анықтама жүйесі қотарылмайды, тек «Іздеу нәтижесі» нұқылған анықтама мақаласын ғана қотаруға болады. Қосымша мәлімет алу үшін, Анықтама терезесінде анықтама, үлгі және қосымша қосылған мазмұн алубөлімін қараңыз.

Microsoft Office Online веб-торабындағы байланыстарды көрсету

  2007 Office жүйесінің мына бағдарламаларына қолданылады: Access, Excel, PowerPoint Word және Visio.

  Microsoft Office Online веб-торабындағы байланыстарды көрсету құсбелгісін қойғанда, Microsoft Office Online веб-торабынан анықтама мазмұнының ең жаңарған мақалалар мен уақытша мүмкіндіктерді компьютеріңізге қотара аласыз. Қотаруларды қабылдау үшін Интернетке қосылған болуыңыз керек. Қосымша мәлімет алу үшін, Microsoft Office Online веб-торабындағы байланыстарды қосу немесе ажырату бөлімін қараңыз.

Жүйе ақаулықтарын анықтауға көмектесетін файлды жиі қотару

Барлық 2007 Office бағдарламаларында пайдаланылады.

  Жүйе ақаулықтарын анықтауға көмектесетін файлды жиі қотару құсбелгісін қойғанда:

  • Office Online параметрінен компьютеріңізге файлдарды қотаруға рұқсат бересіз, компьютеріңіз тұрақсыз болса немесе жаңылысса, Microsoft Office диагностикалау құралы автоматты түрде іске қосылып, ақаулығыңызды диагностикадан өткізіп, жөндеп береді.

  • Microsoft корпорациясы белгілі бір қате жөніндегі хабар түрлеріне қате есебін сұрауы мүмкін. Есепті жібергенде деректер Microsoft кoрпорациясына ақаулықты түсінуге және шешуге көмектеседі.

  • Компьютеріңіздегі ақаулықты шешуге көмектесу үшін, Microsoft корпорациясына жаңарған анықтама мазмұнын жіберуге рұқсат етесіз.

Осы мүмкіндік туралы қосымша мәлімет алу үшін, Office диагностикалау орталығын қолданып, жаңылысқан Office бағдарламаларын диагностикалау және түзетубөлімін қараңыз.

Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасына қол қою

Барлық 2007 Office бағдарламаларында пайдаланылады.

  Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасына қол қою құсбелгісін қойғанда, Microsoft Office бағдарламаларының сапасын, тиімділігін және өнімділігін жақсартуға көмектеседі.

  • Егер қатысуға дайын болсаңыз, қосымша жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Пішін толтырудың, сауалнама толтырудың не телефон қоңырауына жауап берудің қажеті жоқ.

  • Microsoft корпорациясы автоматты түрде компьютеріңізден анықтамамен бірге бағдарламалық жасақтама арқылы жасақталған қате хабарлары: қашан жасақталғаны, қолданылып жатқан компьютер құрылғысының түрі, Microsoft бағдарламалық жасақтамасын компьютеріңізге жегу кезінде пайда болған қиыншылықтар және жабдықтық не бағдарламалық жасақтамаларыңыздың жақсы әрі тез жұмыс жасауы туралы хабарларды жинайды. Жалпы, бұл мәліметтер күнде жиналады.

  • Microsoft корпорациясына жіберілген әрбір мәлімет анонимді. Бұл мәлімет жарнамада немесе сатуда еш уақытта қолданылмайды.

Осы бағдарлама туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасы веб-торабына кіріңіз.

Түзетулері немесе аңғартпалары бар файлдарды басып шығарғанда, сақтағанда не жібергенде ескерту

Office Word 2007 бағдарламасында ғана қолданылады.

  Түзетулері немесе аңғартпалары бар файлдарды басып шығарғанда, сақтағанда не жібергенде ескерту параметрін таңдағанда, егер түзетулері немесе аңғартпалары бар файлдарды басып шығаруға, сақтауға не жіберуге әрекеттенген кезде, ескерту хабарын аласыз. Өзгертулер туралы қосымша мәлімет алу үшін, Өзгертулерді жою бөлімін қараңыз.

Біріктіру дәлдігін жоғарылату үшін, кездейсоқ санды сақтау

  Office Word 2007 бағдарламасында ғана қолданылады.

  Біріктіру дәлдігін жоғарылату үшін, кездейсоқ санды сақтау параметрін таңдағанда, бірнеше сараптаушылардың өзгертулерін біріктіргенде ең жақсы нәтижені алу мүмкіндігіңіз жоғарылайды. Қосымша мәлімет алу үшін, Бірнеше сараптаушының аңғартпалары мен өзгертулерін бір құжатқа біріктірубөлімін қараңыз.

Ашқан не сақтаған кезде жасырынды түзетулерді көрінетін ету

  Office Word 2007 бағдарламасында ғана қолданылады.

  Ашқан не сақтаған кезде жасырынды түзетулерді көрінетін ету параметрін таңдаңыз, құжатты ашқан не сақтаған кезде барлық сақталып қалған өзгертулерді көруге мүмкіндік береді. Сараптауға құжатыңызды жібермей тұрып, ұнатпаған өзгертулеріңізді жоюға көмектеседі. Өзгертулер туралы қосымша мәлімет алу үшін, Өзгертулерді жою бөлімін қараңыз.

Сақтау кезінде файл сипаттарынан жеке мәліметтеріңізді жою (ажыратылған)

  Office Word 2007 бағдарламасында ғана қолданылады.

  Сақтау кезінде файл сипаттарынан жеке мәліметтеріңізді жою (ажыратылған) параметрін Office бағдарламасының бұрынырақ нұсқасында жасалған құжатпен жұмыс жасап не осы параметрді жеке мәліметіңізді жою қажет нұсқада пайдаланып отырсаңыз ғана, қолдана аласыз. Бұл құжаттан жеке мәліметіңізді жою үшін, Құжатты тексеру бөлімін қараңыз.

Құжатты тексеруші

  Office Word 2007 бағдарламасында ғана қолданылады.

Жеке мәліметтеріңізді немесе басқа жасырынды деректеріңізді Office Word 2007 бағдарламасы не бұрынырақ нұсқасында жасалған құжаттан жойғыңыз келсе, Құжатты тексеру түймешігін басыңыз. Құжатты тексеру туралы қосымша мәлімет алу үшін, Жасырынды деректерді және жеке мәліметті Office құжаттарынан жою бөлімін қараңыз.

Күдікті веб-тораптан алынған немесе соларға байланыстары бар Оffice құжаттарын тексеру

  2007 Office жүйесінің мына бағдарламаларда қолданылады: Access, Excel, InfoPath, PowerPoint, Visio және Word.

  Күдікті веб-торабынан алынған немесе соларға байланыстары бар Оffice құжаттарын тексеру құсбелгісін қойғанда, жалған веб-торапқа қосылуыңыздан және фишингтен қорғауға көмектеседі. 2007 Office жүйесі жалған егелік аты бар веб-торапты байқаса, қауіпсіздік ескертуінде құлақтанасыз. Жалған веб-торап табуды тексеру жергілікті компьютеріңізде орындалады. Бұл мүмкіндік ешқандай мәліметті кері Microsoft корпорациясына жібермейді. Қосымша мәлімет алу үшін, Күдікті веб-тораптардағы байланыстар және файлдар туралы ескертулерді қосу не ажырату бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Office бағдарламасына арналған меншіктік анықтаманы қарап шығу

  2007 Microsoft Office жүйесіне меншіктік анықтама бөлімін қараңыз.

Office бағдарламасының ішінде меншіктік анықтаманы қарау үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

Қайсы 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасын пайдаланасыз?

Access бағдарламасы

Excel бағдарламасы

InfoPath бағдарламасы

OneNote бағдарламасы

Outlook бағдарламасы

PowerPoint бағдарламасы

Project бағдарламасы

Publisher бағдарламасы

Visio бағдарламасы

Word бағдарламасы

Access бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , Access параметрлері түймешігін басып, одан кейін Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдаңыз.

  2. Құпиялылықты қорғау мәзірінде Microsoft Office Access меншіктік анықтамасын көрсету пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Excel бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , Excel параметрлері түймешігін басып, одан кейін Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдаңыз.

  2. Құпиялылықты қорғау мәзірінде Microsoft Office Excel меншіктік анықтамасын көрсету пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath бағдарламасы

  • Анықтама мәзірінен Құпиялық параметрлері параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

OneNote бағдарламасы

  • Анықтама мәзірінде Меншіктік анықтама параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Outlook бағдарламасы

  • Анықтама мәзірінде Меншіктік анықтама параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

PowerPoint бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , одан кейін PowerPoint параметрлері түймешігін басып, Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдаңыз.

  2. Құпиялылықты қорғау мәзірінде Microsoft Office PowerPoint меншіктік анықтамасын көрсету пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Project бағдарламасы

  • Анықтама мәзірінде Меншіктік анықтама параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Publisher бағдарламасы

  • Анықтама мәзірінде Меншіктік анықтама параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Visio бағдарламасы

  • Анықтама мәзірінде Меншіктік анықтама параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Word бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті , Word параметрлері түймешігін басып, Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін таңдаңыз.

  2. Құпиялылықты қорғау мәзірінде Microsoft Office Word меншіктік анықтамасын көрсету пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×