Құжатыңызға, жұмыс кітабыңызға немесе презентацияңызға қорғаныс қосыңыз немесе оны алып тастаңыз.

Құжатыңызға, жұмыс кітабыңызға немесе презентацияңызға қорғаныс қосыңыз немесе оны алып тастаңыз.

Microsoft Office бағдарламасында басқа адамдардың құжаттарыңыз, жұмыс кітаптарыңыз бен көрсетілімдеріңізді ашуына немесе өзгертуіне жол бермеу үшін құпиясөздерді орнатуға болады. Құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы ұмытылған құпиясөздерді қайта қалпына келтіре алмайтынын есте сақтаңыз.

Word құжатына қорғаныс қосу не оны алып тастау

  • Ашық құжатта Файл > Ақпарат > Құжатты қорғау түймешіктерін басыңыз.

    Мына параметрлер көрінеді.

    Параметрлері бар Құжат түймешігі

  • Түпкілікті деп таңбалау     Құжатты тек оқу үшін жасаңыз.

    Құжат түпкілікті деп таңбаланғанда, ондағы енгізу, өңдеу және емлені тексеру пәрмендері өшіріледі және құжат тек оқуға арналған болады. Түпкілікті деп таңбалау пәрмені құжаттың аяқталған нұсқасын пайдаланып отырғаныңызды хабарлауға көмектеседі. Ол сонымен қатар сараптаушылар мен оқушылардың абайсыз өзгерістер жасауынан қорғайды.

    Құжатты түпкілікті деп таңбалағанда Word бағдарламасы файлды сақтауды сұрайды. Келесі жолы оны ашқанда құжаттың жоғары жағында ТҮПКІЛІКТІ ДЕП ТАҢБАЛАУ хабарын көресіз. Егер Бәрібір өңдеу түймешігін бассаңыз, құжат түпкілікті деп таңбаланбайтын болады.

  • Құпиясөзбен шифрлау    Word құжатына құпиясөз орнатыңыз.

    Сақтық шарасы : Құпиясөзіңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпиясөзіңізді жоғалтып алсаңыз немесе ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіру мүмкін емес

    Құпиясөзбен шифрлау пәрменін таңдағанда Құжатты шифрлау диалогтық терезесі пайда болады. Құпиясөз жолағына құпиясөзді теріп, сұралған кезде тағы бір рет теріңіз. Маңызды: Microsoft корпорациясы жоғалған не ұмытылған құпиясөздерді қалпына келтіре алмайды, сондықтан құпиясөздер мен сәйкес файл атауларын сенімді орында сақтаңыз.

    Құжатты құпиясөз шифрланымынан шығару үшін құжатты ашып, Құпиясөз жолағына құпиясөзді енгізіңіз. Содан соң, Файл > Ақпарат >Құжатты қорғау > Құпиясөзбен шифрлау тармағын басыңыз. Құпиясөз жолағының мазмұнын жойып, OK түймешігін басыңыз да, құжатты қайта сақтаңыз.

  • Өңдеуді шектеу    Құжатқа қандай өзгерістер жасалатынын бақылаңыз.

    Өңдеуді шектеу пәрменін таңдағанда үш параметрді көресіз:

    • Пішімдеу шектеулері    Бұл көрінісі мен функцияларын сақтай отыра, пішімдеу параметрлерін азайтады. Рұқсат етілетін мәнерді таңдау үшін Параметрлер түймешігін басыңыз.

    • Өңдеу шектеулері    Файлдың қалай өңделетінін басқарасыз немесе өңдеуді өшіре аласыз. Ерекше жағдайлар немесе Қосымша пайдаланушылар түймешігін өңдей алатын пайдаланушыларға басқаруға басыңыз.

    • Қорғанысты іске қосу    Құпиясөзбен қорғау не пайдаланушы растауын таңдау үшін Иә, Қорғанысты іске қосу түймешігін басыңыз. Шектеулі рұқсаттары болатын редакторларды қосу не жою үшін Р90сатты шектеу түймешігін баса аласыз.

    Өңдеу шектеулерін жою үшін Өңдеуді шектеу аумағының төменгі жағындағы Қорғанысты тоқтату түймешігін басыңыз.

  • Рұқсатты адамдар бойынша шектеу     Microsoft тіркелгісін рұқсаттарды шектеуге пайдаланыңыз.

    Майкрософт тіркелгісін немесе Microsoft Windows тіркелгісін рұқсаттарды шектеуге пайдаланыңыз. Ұйымыңызбен пайдаланатын үлгілер арқылы рұқсаттарды қолдана аласыз немесе Қатынасты шектеу түймешігін басу арқылы рұқсаттарды қосасыз Құқықтарды басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін Office ішіндегі Деректерге қатынас құқықтарын басқару бөлімін қараңыз.

    Шектелген қатынасты жою не өзгерту үшін файлды ашып, құжаттың жоғарғы жағындағы сары жолақта орналасқан Өзгерту рұқсаты түймешігін басыңыз.

  • Сандық қолтаңба қосу     Көрінетін немесе көзге көрінбейтін қолтаңба қосыңыз.

    Сандық қолтаңбалар құжаттар, электрондық пошта хабарлары және макростар сияқты сандық ақпаратты компьютер криптографиясын пайдаланып, түпнұсқалығын растайды. Сандық қолтаңбалар қолтаңбаны жазу немесе түпнұсқалық, тұтастық және бас тартпауды орнатуға қолтаңбаның суретін пайдалану арқылы жасалады. Сандық қолтаңбалар туралы қосымша ақпарат алу үшін бөлімнің соңындағы сілтемені қараңыз.

    Сандық қолтаңбалар туралы қосымша ақпарат алу үшін, Сандық қолтаңбалар және сертификаттар бөлімін қараңыз.

    Сандық қолтаңбаны жою үшін файлды ашып, қолтаңба жолын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қолтаңбаны жою түймешігін басыңыз. Немесе Қолтаңбалар аумағындағы қолтаңбаның жанындағы көрсеткіні басып, Қолтаңбаны жою түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Excel жұмыс парағын қорғау

  • Ашық жұмыс парағында Файл > Ақпарат > Жұмыс парағын қорғау түймешіктерін басыңыз.

    Мына параметрлер көрінеді.

    Параметрлері бар жұмыс кітабы түймешігін қорғау

  • Түпкілікті деп таңбалау     Жұмыс кітабын тек оқуға арналған режимде жасау.

    Жұмыс кітабы түпкілікті деп таңбаланғанда, ондағы енгізу, өңдеу және емлені тексеру пәрмендері өшіріледі және жұмыс кітабы тек оқуға арналған режимде болады. Түпкілікті деп таңбалау түсініктеме таңбасы пәрмені жұмыс кітабының аяқталған нұсқасын пайдаланып отырғаныңызды хабарлауға көмектеседі. Ол сонымен қатар сараптаушылар мен оқушылардың жұмыс кітабына кездейсоқ өзгерістер жасауынан қорғайды.

    Жұмыс кітабын түпкілікті деп таңбалағанда Excel бағдарламасы файлды сақтауды сұрайды. Келесі жолы оны ашқанда жұмыс парағының жоғары жағында ТҮПКІЛІКТІ ДЕП ТАҢБАЛАУ хабары көрсетіледі. Егер Бәрібір өңдеу түймешігін бассаңыз, жұмыс кітабы түпкілікті деп таңбаланбайтын болады.

  • Құпиясөзбен шифрлау    Word құжатына құпиясөз орнатыңыз.

    Сақтық шарасы : Құпиясөзіңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпиясөзіңізді жоғалтып алсаңыз немесе ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіру мүмкін емес

    Құпиясөзбен шифрлау параметрін таңдағанда Құжатты шифрлау диалогтық терезесі ашылады. Құпиясөз жолағына құпиясөзді жазыңыз. Маңызды Microsoft жоғалған не ұмытылған құпиясөздерді қайта қалпына келтіре алмайды, сондықтан құпиясөздердің тізімін және тиісті файл аттарын қауіпсіз орында сақтаңыз.

    Файлды құпиясөз шифрланымынан шығару үшін жұмыс кітабын ашып, Құпиясөз жолағына құпиясөзді енгізіңіз. Содан соң, Файл > Ақпарат >Жұмыс кітабын қорғау > Құпиясөзбен шифрлау тармағын басыңыз. Құпиясөз жолағының мазмұнын жойып, OK түймешігін басыңыз да, файлды қайта сақтаңыз.

  • Ағымдағы жұмыс парағын қорғау    Жұмыс парағын және құлыпталған ұяшықтарды қорғаңыз.

    Ағымдағы жұмыс парағын қорғау мүмкіндігін пайдалану арқылы құпия сөзді қорғауды таңдап, жұмыс парағының аумағын өңдеу немесе таңдау, пішімдеу, кірістіру, жою, сұрыптауды пайдаланушыларға рұқсат ете және тыйым сала аласыз.

    Парақтан құпиясөз қорғанысын алып тастау үшін Файл > Ағымдағы парақты қорғау тармағын басып, Парақты қорғамау диалогтық терезесіне құпиясөзді теріңіз.

  • Жұмыс кітабы құрылымын қорғау    Жұмыс парағы құрылымын қорғаңыз.

    Жұмыс кітабы құрылымын қорғау мүмкіндігін пайдалану арқылы құжатты қорғауды таңдайсыз және маңызды ақпаратты пайдаланушылардың өзгерту, жылжыту, жоюына тыйым саласыз.

    Жұмыс кітабы құрылымынан құпиясөз арқылы қорғауды алып тастау үшін Файл > Жұмыс кітабы құрылымын қорғау тармағын басып, Жұмыс кітабын қорғамау диалогтық терезесіне құпиясөзді теріңіз.

  • Рұқсатты адамдар бойынша шектеу    Рұқсаттарды шектеу үшін Window құқықтарды басқаруын орнату

    Майкрософт тіркелгісін немесе Microsoft Windows тіркелгісін рұқсаттарды шектеуге пайдаланыңыз. Ұйымыңызбен пайдаланатын үлгілер арқылы рұқсаттарды қолдана аласыз немесе Қатынасты шектеу түймешігін басу арқылы рұқсаттарды қосасыз Құқықтарды басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін Office ішіндегі Деректерге қатынас құқықтарын басқару бөлімін қараңыз.

    Шектелген қатынасты жою не өзгерту үшін файлды ашып, құжаттың жоғарғы жағындағы сары жолақта орналасқан Өзгерту рұқсаты түймешігін басыңыз.

  • Сандық қолтаңба қосу     Көрінетін немесе көзге көрінбейтін қолтаңба қосыңыз.

    Сандық қолтаңбалар құжаттар, электрондық пошта хабарлары және макростар сияқты сандық ақпаратты компьютер криптографиясын пайдаланып, түпнұсқалығын растайды. Сандық қолтаңбалар қолтаңбаны жазу немесе түпнұсқалық, тұтастық және бас тартпауды орнатуға қолтаңбаның суретін пайдалану арқылы жасалады. Сандық қолтаңбалар туралы қосымша ақпарат алу үшін бөлімнің соңындағы сілтемені қараңыз.

    Сандық қолтаңбалар туралы қосымша ақпарат алу үшін, Сандық қолтаңбалар және сертификаттар бөлімін қараңыз.

    Сандық қолтаңбаны жою үшін файлды ашып, қолтаңба жолын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қолтаңбаны жою түймешігін басыңыз. Немесе Қолтаңбалар аумағындағы қолтаңбаның жанындағы көрсеткіні басып, Қолтаңбаны жою түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

PowerPoint көрсетілімін қорғау

  • Ашық көрсетілімде Файл > Ақпарат > Көрсетілімді қорғау түймешіктерін басыңыз.

    Мына параметрлер көрінеді.

    Көрсетілім түймешігін параметрлермен бірге қорғау

  • Түпкілікті деп таңбалау     Көрсетілімді тек оқу үшін жасаңыз.

    Көрсетілім түпкілікті деп таңбаланғанда, ондағы енгізу, өңдеу және емлені тексеру пәрмендері өшіріледі және көрсетілім тек оқуға арналған болады. Түпкілікті деп таңбалау пәрмені көрсетілімнің аяқталған нұсқасын пайдаланып отырғаныңызды хабарлауға көмектеседі. Ол сонымен қатар сараптаушылар мен оқушылардың абайсыз өзгерістер жасауынан қорғайды..

    Көрсетілімді түпкілікті деп таңбалағанда PowerPoint бағдарламасы файлды сақтауды сұрайды. Келесі жолы оны ашқанда файлдың жоғары жағында ТҮПКІЛІКТІ ДЕП ТАҢБАЛАУ хабары көрсетіледі. Егер Бәрібір өңдеу түймешігін бассаңыз, көрсетілім түпкілікті деп таңбаланбайтын болады.

  • Құпиясөзбен шифрлау    Көрсетілімге құпиясөз орнатыңыз.

    Сақтық шарасы : Құпиясөзіңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпиясөзіңізді жоғалтып алсаңыз немесе ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіру мүмкін емес

    Құпиясөзбен шифрлау параметрін таңдағанда Құжатты шифрлау диалогтық терезесі ашылады. Құпиясөз жолағына құпиясөзді жазыңыз. Маңызды Microsoft жоғалған не ұмытылған құпиясөздерді қайта қалпына келтіре алмайды, сондықтан құпиясөздердің тізімін және тиісті файл аттарын қауіпсіз орында сақтаңыз.

    Көрсетілімді құпиясөз шифрланымынан шығару үшін файлды ашып, Құпиясөз жолағына құпиясөзді енгізіңіз. Содан соң, Файл > Ақпарат >Көрсетілімді қорғау > Құпиясөзбен шифрлау тармағын басыңыз. Құпиясөз жолағының мазмұнын жойып, OK түймешігін басыңыз да, көрсетілімді қайта сақтаңыз.

  • Рұқсатты адамдар бойынша шектеу    Рұқсаттарды шектеу үшін Window құқықтарды басқаруын орнату

    Майкрософт тіркелгісін немесе Microsoft Windows тіркелгісін рұқсаттарды шектеуге пайдаланыңыз. Ұйымыңызбен пайдаланатын үлгілер арқылы рұқсаттарды қолдана аласыз немесе Қатынасты шектеу түймешігін басу арқылы рұқсаттарды қосасыз Құқықтарды басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін Office ішіндегі Деректерге қатынас құқықтарын басқару бөлімін қараңыз.

    Шектелген қатынасты жою не өзгерту үшін файлды ашып, құжаттың жоғарғы жағындағы сары жолақта орналасқан Өзгерту рұқсаты түймешігін басыңыз.

  • Сандық қолтаңба қосу     Көрінетін немесе көзге көрінбейтін қолтаңба қосыңыз.

    Сандық қолтаңбалар құжаттар, электрондық пошта хабарлары және макростар сияқты сандық ақпаратты компьютер криптографиясын пайдаланып, түпнұсқалығын растайды. Сандық қолтаңбалар қолтаңбаны жазу немесе түпнұсқалық, тұтастық және бас тартпауды орнатуға қолтаңбаның суретін пайдалану арқылы жасалады.

    Сандық қолтаңбалар туралы қосымша ақпарат алу үшін, Сандық қолтаңбалар және сертификаттар бөлімін қараңыз.

    Сандық қолтаңбаны жою үшін файлды ашып, қолтаңба жолын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қолтаңбаны жою түймешігін басыңыз. Немесе Қолтаңбалар аумағындағы қолтаңбаның жанындағы көрсеткіні басып, Қолтаңбаны жою түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×