Құжатты сақтау

Құжатты сақтау әдісі және оны сақтау пішімі құжатты қолдану жоспарыңызға тәуелді болады. Мысалы, егер құжат өзіңіздің жеке қолдануыңыз үшін болып, оны ешқашан Word бағдарламасының бұрынғы нұсқасында ашуды ойламасаңыз, оны сақтаудың ең қарапайым жолы — барлық әдепкі параметрлерді пайдалана отырып, Сақтау пәрменін қолдану.

Дегенмен, егер оны басқа пайдаланушылар ашу үшін орналастырсаңыз, егер құжатты оқитын адамдар Microsoft Office Word 2007 бағдарламасынан басқа бағдарламалық жасақтама қолданатын болса, немесе құжатты басқа компьютерде ашуға әрекет етсеңіз, құжатты сақтау әдісі және сақтау орны бойынша таңдаулар жасауыңыз қажет.

Егер құжаттарды белгілі бір орын немесе пішімге жай сақтайтын болсаңыз, Word бағдарламасы бұл таңдауларды әдепкі ретінде қабылдайтындай етіп параметрлерді лайықтай аласыз.

Ескерту : Егер басқаларға құжатты оқытуды жоспарласаңыз, құжатты сақтау алдында Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті астындағы Дайындау мәзірін қолданыңыз. Дайындау мәзірі құжатыңыздың құпиялылық, қауіпсіздік және нақтылығын күшейтетін пәрмендермен қамтамасыз етеді.

Не істегіңіз келеді?

Құжатты алғаш рет сақтау

Бар құжатты жаңа құжат ретінде сақтау

Құжатты ықшам дискіге сақтау

Құжатты қашықтан қатынауға болатын орналасуға сақтау

Құжатты Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында ашылатындай етіп сақтау

Құжатты Word талап етпейтін пішінде сақтау

Құжаттарды сақтау үшін параметрлерді лайықтау

Құжатты алғаш рет сақтау

  1. Жылдам қатынау тақтасында Сақтау түймешігін Түймешік суреті немесе CTRL+S пернелер тіркесімін басыңыз.

  2. Құжаттың атауын теріп, Сақтау түймешігін басыңыз.

    Word құжаттарды «Менің құжаттарым» қалтасы сияқты әдепкі орындарға сақтайды. Құжатты әртүрлі орындарда сақтау үшін, Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Сақталатын жер тізімінен басқа қалтаны таңдаңыз. Егер Word құжаттарды сақтайтын әдепкі орынды өзгерту қажет болса, құжаттарды сақтау үшін параметрлерді лайықтау әрекетін орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бар құжатты жаңа құжат ретінде сақтау

Бастапқы құжатты қайта жазуды болдырмау үшін, бастапқы құжатты ашқан бойда жаңа файл жасау үшін, Басқаша сақтау пәрменін қолданыңыз.

  1. Жаңа құжат үшін негіз ретінде қолданылатын құжатты ашыңыз.

  2. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  3. Құжаттың атауын теріп, Сақтау түймешігін басыңыз.

    Word құжаттарды «Менің құжаттарым» қалтасы сияқты әдепкі орындарға сақтайды.

    Құжатты басқа орналасуда сақтау үшін Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Сақталатын жер жолағынан басқа қалтаны нұқыңыз. Егер Word бағдарламасында құжаттарды сақтайтын әдепкі орналасуды өзгерту қажет болса, параметрлерді құжаттарды сақтау үшін лайықтау әрекетін орындаңыз.

  4. Құжатты қажетті әдіспен өңдеңіз.

Кеңес : Құжатты басқалардың негізі ретінде қолдануды оңайлату үшін, үлгілер орналасқан жерге құжатты сақтаңыз. Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Сенімді үлгілер параметрін таңдап, Сақтау түймешігін басыңыз. Жаңа құжат жасау кезінде Жаңа құжат тілқатысу терезесінде Бар құжаттан жасау түймешігін екі рет басыңыз.

Ескерту : Басқалар үшін негіз ретінде қолданудың басқа жолы — үлгі ретінде сақтау.

Беттің жоғарғы жағы

Құжатты ықшам дискіге сақтау

  1. «Менің құжаттарым» сияқты оңай табылатын қалтаға құжат сақтау үшін, Сақтау және Басқаша сақтау пәрменін қолданыңыз.

  2. Ықшам диск жазғышына бос жазылатын ықшам диск кірістіріңіз. Келесі әрекеттердің бірін қолданыңыз:

    • Бір рет жазылатын ықшам диск (CD-R)

    • Көп рет жазылатын ықшам диск (CD-RW)

      Көп рет жазылатын ықшам дискілер арқылы ықшам дискіге бірнеше рет деректі көшіріп және ондағы деректі жоюға болады.

  3. Бастау түймешігін, одан кейін Менің компьютерім түймешігін басыңыз.

  4. Ықшам дискіге көшірілетін файлдар немесе қалталарды нұқыңыз.

    • Бірнеше файл таңдау үшін, қажетті файлдарды нұқу кезінде CTRL пернесін басып тұрыңыз. Одан соң Файл және қалта тапсырмалары астынан Осы файлды көшіру, Осы қалтаны көшіру немесе Бөлектелген элементтерді көшіру пәрмендерін таңдаңыз.

    • Егер файлдар Менің суреттерім қалтасында орналасқан болса, Сурет тапсырмалары астынан Ықшам дискіге көшіру немесе Барлық элементті ықшам дискіге көшіру пәрменін таңдап, 5-қадамға өтіңіз.

  5. Көшірілген элементтер тілқатысу терезесінде ықшам дискіге жазу дискісін нұқып, Көшіру түймешігін басыңыз.

  6. Менің компьютерім ішінде ықшам диск жазу дискісін екі рет нұқыңыз. Windows файлдардың ықшам дискіге көшірілгенге дейін орналасқан уақытша аймағын бейнелейді. Ықшам дискіге көшірілетін файлдар мен қалталардың Файлдар ықшам дискіге жазылуға дайын астынан шығуын тексеріңіз.

  7. Ықшам диск жазу тапсырмалары астынан Осы файлдарды ықшам дискіге жазу пәрменін таңдаңыз. Windows Ықшам дискіге жазу шеберін бейнебетке шығарады. Шеберде берілген нұсқауларды орындаңыз.

Ескерту : 

  • Ықшам дискіге сақталынатын файлдардан артық көшіруге әрекет жасамаңыз. Ықшам диск ауқымын көру үшін ықшам диск бумасын тексеріңіз. Ықшам дискіге сыйғызу үшін тым үлкен файлдар үшін DVD (DVD-R немесе DVD+R) немесе бірнеше рет жазылатын DVD (DVD-RW немесе DVD+RW) дискісіне файлдар көшіре аласыз. Дегенмен, Windows XP бағдарламасы DVD дискіне көшіруді қолдамайды, сол себепті DVD авторлық бағдарламалық жасақтаманы қолдануыңыз керек.

  • Қатты дискіңізде ықшам диск жазу үрдісі кезінде жасалған уақытша файлдарды сақтау үшін, уақытша бос орын барын тексеріңіз. Стандартты ықшам диск үшін Windows 700 мегабайтқа дейін (Мбайт) бос орын сақтайды. Жоғары қатынау мүмкіндігі бар ықшам диск үшін Windows 1 гигабайтқа дейін (Гбайт) дейін бос орын қалдырады.

  • Файлдар мен қалталарды ықшам дискіге көшіргеннен кейін, файлдардың көшірілгенін құптау үшін ықшам дискіні қарап шыға аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжатты қашықтан қатынауға болатын орналасуға сақтау

Құжатты желілік қалта немесе Веб серверге сақтай аласыз.

Құжатты желі қалтасына сақтау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  2. Желілік қалтаны табыңыз.

    • Егер желілік қалта компьютеріңізге орнатылса, Менің компьютерім түймешігін басып, қалта атауын нұқыңыз.

      Ескерту : Өз компьютеріңізге желілік қалтаны орнату арқылы оған жылдам кіруіңізге болады. Егер әлі қалтаны орнатпаған болсаңыз, Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Құралдар түймешігін баса аласыз, Желілік диск кестесі түймешігін басып, Желілік диск кестесі тілқатысу терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.

    • Егер ортақ желілік қалта атауын білсеңіз, оның атауын Файл атауы жолағына екі кері қиғаш сызықпен бастап теріңіз де, ENTER пернесін басыңыз.

  3. Құжаттың атауын теріп, Сақтау түймешігін басыңыз.

Веб серверінде құжатты сақтау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  2. Веб серверді табыңыз.

    • Егер Windows SharePoint Services 3.0 торабындағы құжаттар кітапханасына құжат сақтайтын болсаңыз, тораптың URL мекенжайларын файл атауы жолағына теріп, ENTER пернесін басыңыз. Құжаттар кітапханасының атауын екі рет нұқыңыз.

    • Егер құжатты MSN ішідегі Веб-торабына сақтайтын болсаңыз, Менің желі орындарым дегенді таңдап, MSN ішіндегі веб-тораптарым түймешігін басыңыз. Егер қажет болса, құпия сөзіңізді теріп, торап атауын екі рет нұқыңыз.

    • Егер әлдеқашан теңшеген Файл орын ауыстыру хаттамасы (FTP) орналасуына сақтасаңыз, Сақталатын жер тізіміндегі FTP орналасуы түймешігін таңдап, FTP орналасуын екі рет нұқыңыз.

      Ескерту : FTP — файлдарды Веб-серверде ашу және сақтау жолы. Егер сервер атауы мен кіру шарттарын білсеңіз, онда Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі FTP орналасуын қосу/өзгерту параметрлерін нұқу арқылы серверді FTP орналасуына қоса аласыз.

  3. Құжаттың атауын теріп, Сақтау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжатты Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында ашылатындай етіп сақтау

Егер құжатыңызды Office Word 2007 бағдарламасында әдепкі файл пішімінде сақтасаңыз, Word бағдарламасының бұрынғы нұсқасын пайдаланушылар құжатты ашу үшін, Microsoft Office 2007 Office Word, Excel және PowerPoint файл пішімдерінің сыйысымдылығын қамтамасыз етуші буманы (Ағылшын тілінде) орнатуы керек. Балама түрде, құжатты Word бағдарламасының бұрынғы нұсқасында тікелей ашылатындай етіп сақтай аласыз — бірақ Office Word 2007 бағдарламасындағы жаңа мүмкіндіктерге тәуелді пішімдеу мен орналасу қатынасы Word бағдарламасының бұрынғы нұсқасында болмайды.

Құжатты Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында тікелей ашылатындай етіп сақтау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  2. Word 97-2003 пішімі түймешігін басыңыз.

  3. Құжаттың атауын теріп, Сақтау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжатты Word талап етпейтін пішінде сақтау

Егер құжатты өңдеу үшін емес тек оқуға ғана жасап жатсаңыз, құжатты Word қолданбай да оқуға болатындай етіп сақтай аласыз. Құжатты PDF немесе XPS файлы ретінде немесе оны веб-бет түрінде сақтаңыз.

PDF және XPS     PDF және XPS пішімдері — көптеген қарап шығу бағдарламалық жасақтамаларында оқылатын пішімдер. Бұл пішімдер құжаттың бет орналасуын сақтайды.

Веб беттер     Веб-беттер Веб-шолғышта бейнеленеді. Бұл пішім құжатыңыздың беттік орналасуын сақтамайды. Әлдекім шолғыш терезесінің өлшемін өзгертсе, құжаттың орналасуы өзгереді. Құжатты кәдімгі Веб-бет (HTML пішімі) немесе бір файл Веб-бет (MHTML пішімі) ретінде сақтауыңызға болады. HTML пішімінде барлық қолдаушы файлдар (бейнелер) құжаттармен байланыстырылған бөлек қалталарда сақталады. MHTML пішімінде барлық қолдаушы файлдар құжатпен бірге бір файлда сақталады.MHTML пішімі Microsoft Internet Explorer 4.0 бағдарламасында қолдау табады.

Ескерту : Бірқатар мәтін өңдеу бағдарламалары арқылы ашыла алатын басқа пішімдегі құжатты сақтай аласыз. Бұл пішіндер арасында жай мәтін (txt), RTF пішімі (rtf) және Іскери (wps) бар. Дегенмен, Office Word 2007 құжатын бұл пішімдерде сақтау пішімдеулерді, орналасуды немесе құжаттың басқа да мүмкіндіктерін сенімді түрде қорғамайды. Егер құжатыңыздың осы аспектілерінің жоғалуы маңызға ие болмаса ғана осы параметрлерді қолданыңыз. Осы пішімдерді Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Басқаша сақтау түрі тізімінен таңдай аласыз.

Құжатты PDF немесе XPS файлы ретінде сақтау

Сіз оны PDF немесе XPS файлы түрінде 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасында тек қондырма орнатқанна кейін сақтай аласыз. Көбірек ақпарат алу үшінPDF және XPS сияқты басқа файл пішімдерін қолдауды қосу тармағын қараңыз.

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  2. PDF немесе XPS түймешігін басыңыз.

  3. Файл атауы жолағына файл атауын теріңіз.

  4. Түр ретінде сақтау тізімінде PDF немесе XPS параметрін таңдаңыз.

  5. Егер құжат тек қосылған күйде қарап шығуға арналған болса, Арнайы оңтайландыру жанындағы Барынша кіші өлшем (қосылған жариялау) параметрін таңдау арқылы файл өлшемін сыға аласыз.

  6. Егер құжаттың тек бір бөлігін ғана сақтағыңыз келсе, егер түзету белгілері немесе құжат сипаттарын қосу қажет болса, не болмаса, құжаттағы тақырыптар мен бетбелгілерге еренсілтемені автоматты түрде жасау үшін, Параметрлер түймешігін басып, қолданылатын параметрді таңдаңыз.

  7. Жариялау түймешігін басыңыз.

Құжатты веб-бет ретінде сақтау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  2. Егер құжатты веб-серверге жариялайтын болсаңыз, серверді Сақталатын жер тізімінен табыңыз.

  3. Файл атауы жолағына файл атауын теріңіз.

  4. Басқаша сақтау түрі жолағында Веб-бет немесе Дара файл веб-беті параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Егер құжатты веб-бет (HTML пішімі) түрінде сақтап, оны жылжыту немесе электрондық пошта хабарының тіркемесі ретінде жіберу қажет болса, барлық қолдаушы файлдар орналасқан қалтаны қосуды есте ұстауыңыз қажет. Қалта атауы құжаттың файл атауымен бірдей болады.

  5. Сақтау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттарды сақтау үшін параметрлерді лайықтау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Word параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Сақтау пәрменін таңдаңыз.

  3. Файлдарды осы пішінде сақтау жолағынан қолданылатын файл пішімін нұқыңыз.

  4. Әдепкі файл орны жолағының жанынан Шолу пәрменін таңдап, файлдарыңызды сақтағыңыз келетін қалтаны нұқыңыз.

    Ескерту : Word бағдарламасын жүктеу кезінде бұл параметрлер Ашу, Сақтау немесе Басқаша сақтау пәрмендерін алғаш қолданғанда әдепкі әрекеттерді басқарады. Құжатты қай кезде сақтасаңыз да, Ашу, Сақтау немесе Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде басқа орналасуды немесе пішімді көрсету арқылы бұл параметрлерді жауып тастай аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×