Құжатты браузерде және Word бағдарламасында пайдалану арасындағы айырмашылықтар

Microsoft корпорациясы Word Web App веб-браузерде құжатыңызға негізгі өңдеулер мен пішімдеу өзгерістерін жасауға мүмкіндік береді. Қосымша мүмкіндіктер үшін Word Web App жүйесінің Word бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз. Құжатыңызды Word бағдарламасында сақтаған кезде, ол веб бағдарламасында ашылған кездегі веб-сайтында сақталады.

Құжатыңызды Word Web App жүйесі ішінде ашқан кезде, ол Word жұмыс үстеліндегі бағдарламада ашылатын құжатпен бірдей, бірақ кейбір мүмкіндіктері екі ортада әр түрлі жұмыс істейді.

Бұл мақалада:

Word Web App бағдарламасында қолдау алатын файл пішімдері

Көру және басып шығару үшін қолданылатын мүмкіндіктер

Браузер пен жұмыс үстелі арасында ерекшеленетін мүмкіндіктер

Ашу және сақтау

Өңдеу және пішімдеу

Тексеру

Нысандар

Word Web App бағдарламасында қолдау алатын файл пішімдері

Word Web App құжаттарды келесі пішімдерде ашады:

  • Word құжаты (.docx)

  • Word үлгісі (.docx)

  • Макростар қолдайтын Word құжаты (.docm) не Макростар қолдайтын Word үлгісі (.docm)
    Құжат ашылғанымен макрос жұмыс істемейді.

  • Word 97-2003 құжаты (.doc) немесе Word 97-2003 үлгісі (.dot)
    Word Web App құжаттарды келесі пішімерде бейнелейді, бірақ құжатты браузерде өңдеу үшін Word Web App құжаттың жаңа көшірмесін .docx не .dotx пішімінде сақтайды. Word Web App жүйесі құжаттарды .doc немесе .dot пішімдерінде сақтай алмайды.

  • OpenDocument мәтіні (.odt)
    Бұл пішім SharePoint кітапханасында сақталатын құжаттар үшін қолданылады.

Word Web App басқа файл пішімдеріндегі құжаттарды аша алмайды. Мысалы, келесі пішімдерге қолдау көрсетілмейді: Open Document пішімі (ODF), RTF пішімі, HTML пішімі, MIME HTML (MHTML) және PDF пішімі.

Беттің жоғарғы жағы

Көру және басып шығару үшін қолданылатын мүмкіндіктер

Word Web App жүйесі ішінде құжатты көріп не басып шығарған кезде, құжат Word жұмыс үстелі бағдарламасының бетті белгілеу көрінісіндегідей бейнеленеді. Word Web App жүйесі құжаттарды басып шығару үшін PDF пішіміндегі файлдарды оқуды пайдаланады (қолдау алатын PDF пішіміндегі файлдардың тізімінқараңыз). Егер Word мүмкіндіктерін (реттелген беттің жақтау аралары сияқты) басып шығару үшін қаласаңыз, Word бағдарламасында ашу пәрменін басыңыз да, Word жұмыс үстелі бағдарламасында басып шығарыңыз.

Құжатты қарау барысында, кейбір мүмкіндіктер Word жұмыс үстелінің бағдарламасына қарағанда браузерде басқаша жұмыс істейді. Word Web App жүйесі ішінде қол жетімді емес мүмкіндіктерді пайдалану үшін Word бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз.

Бұл мүмкіндік

Word Web App бағдарламасында келесідей жұмыс істейді

Бетті белгілеу көрінісі

Оқу көрінісінде, Word Web App жүйесі құжатты «бетті белгілеу көрінісіндегідей» бейнелейді. Word жұмыс үстеліндегі басқа көріністер (Outline, Draft, Web Layout, and Full Screen Reading) Word Web App жүйесінде қол жетімді емес. Сондай-ақ, «шарлау аумағы», жанынан қарау және бөлінген терезелер Word Web App жүйесі ішінде қол жетімді емес.

Сызғыштар мен тор сызықтары

Word Web App жүйесі сызғыштар мен тор сызықтарын көрсетпейді.

Беттің жоғарғы жағы

Браузер пен жұмыс үстелі арасында ерекшеленетін мүмкіндіктер

Құжатты Word Web App жүйесі ішінде өңдеген кезде, мәтінді өңдеп пішімдеу үшін құжат өңдеу көрінісінде ұсынылады. Өңдеу көрінісі жақтау жолағы не бет үзілімі, мұқаба беттер не колонтитулдар сияқты бет пішімдеуін көрсетпейді. Сондай-ақ, нысандардың көп түрлері толтырғыштар ретінде бейнеленеді.

Келесі кестелер құжаттарыңызға сәйкес болатын Word Web App жүйесі мүмкіндіктерді қалай қолдайтынын сипаттайды. Word Web App жүйесі ішіндегі мүмкіндіктерден басқа қол жетімді мүмкіндіктерді пайдалану үшін Word бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз.

Ашу және сақтау

Бұл мүмкіндік

Word Web App бағдарламасында келесідей жұмыс істейді

Файлды қорғау: Деректерге кіру құқықтарын басқару немесе құпия сөз

Word Web App құпия сөзбен шифрланған немесе деректерге кіру құқықтарын басқару арқылы қорғалған құжаттарды аша алмайды. Бұл құжаттарды Word жұмыс үстелі бағдарламасында ашыңыз.

Өзгертуге рұқсат

Түрлендіру үшін құпия сөзді қажет ететін құжат Word Web App оқу көрінісі ішінде ашылып, бірақ браузерде өңделе алмайды. Өңдеу шектеулерін жою үшін Word бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз.

Сақтау

Құжатты Word Web App бағдарламасында қолмен сақтайсыз; ол жерде автоматты сақтау мүмкіндігі жоқ.

Нұсқаларды басқару

Нұсқалар Word Web App бағдарламасында емес, серверде басқарылады. SharePoint кітапханасында нұсқалар журналы мүмкіндігінің кітапхана үшін конфигурацияланғанын көріңіз.

Өңдеу және пішімдеу

Бұл мүмкіндік

Word Web App бағдарламасында келесідей жұмыс істейді

Көшіру және қою

Мәтінді көшіріңіз және қойыңыз. Мәтін Word Web App бағдарламасында қойылған жердегі мәтінге сәйкес пішімделеді.

Қаріп пішімдеуі

Жуан, қиғаш, астын сызу, сызылған, жол астылық, жол үсті, қаріп, өлшем, түс және бөлектеу пәрмендерін пайдаланыңыз. Қаріп пішімдеуін де тазалай аласыз.

Абзац пішімі

Абзацтарды солға, оңға және ортасына қарай түзетіңіз; мәтінді оңнан солға не солдан оңға қарай орнын ауыстырыңыз; тереңдігін үлкейтіп не кішірейтіңіз; абзацтарды таңбалауыш не нөмірленген тізім сияқты пішімдеңіз. Сонымен қатар, пішімдеуді тазалай аласыз. Word Web App жүйесі ішінде жол аралығын қоса алмайсыз.

Нөмірлеу және таңбалауыштар

Енгізілген нөмірлеудің немесе таңбалауыш мәнерлердің бірнешеуінің бірін пайдаланыңыз.

Мәнерлер

Енгізілген мәнерлердің жиынтығының бірін пайдаланыңыз. Сонымен қатар, пішімдеуді тазалай аласыз. Word Web App жүйесі ішінде жаңа мәнерлер жасап оларды түрлендіре алмайсыз.

Табу

Табу тек оқу көрінісінде қол жетімді. Табу және орнын басу Word Web App жүйесі ішнде қол жетімді емес.

Ұлғайту

Ұлғайту тек оқу көрінісінде қол жетімді. Браузердің көрініс параметрлерін өңдеу көрінісінде ұлғайтып не кішірейту үшін пайдаланыңыз.

Бет жақтау жолақтары және бейімделу

Беттің пішімі сақталады, бірақ оны Word Web App бағдарламасында өңдеу мүмкін емес.

Жол үзілімдері мен бет үзілімдері

Жолдар мен беттер арасындағы үзілімдер оқу көрінісінде бейнеленеді. Өңдеу көрінісінде, жол үзілімдері толтырғыштар сияқты ұсынылады, ал бет үзілімдері көрсетілмейді.

Бағандар

«Беттің орналасуы» сақталып бірақ Word Web App бағдарламасында өңделе алмайды.

Тақырып, бет түсі, су таңбалар

Тақырып және бет фондары құжатта сақталып бірақ Word Web App бағдарламасында өңделе алмайды.

Бірлескен авторлық

SharePoint кітапханасында сақталған құжаттар үшін бірлескен авторлар Word 2010 және/немесе Mac жүйесіне арналған Word 2011 бағдарламасын пайдалана алады, бірақ Word Web App бағдарламасын пайдалана алмайды.

Тексеру

Бұл мүмкіндік

Word Web App бағдарламасында келесідей жұмыс істейді

Емлені тексеру құралдары

Енгізілген сөздікті пайдаланып, емлені тексеріп, емлені тексеру тілін орнатыңыз. Word Web App жүйесі реттелетін сөздікті пайдаланбайды және грамматиканы тексеруді, аударма не тезаурусты қамтымайды.

Түсініктемелер

Түсініктемелер Оқу көрінісінде көрінеді Түсініктемелер қосу үшін немесе түсініктемелері бар құжатты өңдеу үшін Word бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз.

Түзетулер

Түзетулер оқу көрінісінде көрінеді. Өзгерістерді бақылау үшін немесе түзетулері бар құжатты өңдеу үшін Word бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз. Бұл құжат соңғы рет Word бағдарламасында сақталған кезде түзетулер мүмкіндігі қосылған жағдайда да қолданылады. Нұсқаларды салыстыру мүмкіндігі Word Web App бағдарламасында жоқ.

Нысандар

Бұл мүмкіндік

Word Web App бағдарламасында келесідей жұмыс істейді

Гиперсілтемелер

Гиперсілтемелерді кірістіріп, өңдеп және орындаңыз. Бетбелгі мен айқас сілтеме жұмысты байланыстырады, осылайша тағайындауды емес, мәтін көрсетілімін Word Web App жүйесі ішінде өңдей аласыз.

Кестелер

Кестелерді кірістіріңіз. Кесте, баған, жол не ұяшық бойынша таңдаңыз; кесте, баған, не жол бойынша жойыңыз; жолдарды және бағандарды кірістіріңіз; мәтін жолдарын солға, оңға, ортасына қарай түзетіңіз. Кесте мәнерлері, ұяшық өлшемі, мәтін бағыты және сұрып реті сияқты қосымша күрделі кесте мүмкіндіктері құжатта сақталады, бірақ Word Web App жүйесі ішінде конфигурациялана алмайды.

Суреттер және клипарт

Компьютерде сақталған суреттерді кірістіріңіз немесе Office.com сайтында бар клипартты кірістіріңіз. Суреттердің өлшемдерін өзгертуге және оларға балама мәтін қосуға болады. Суретті немесе клипарт кескінін жылжыту үшін оны қиып алыңыз және қойыңыз. Word Web App бағдарламасында әсерлерді қолдану және қию сияқты суреттермен жұмыс істеуге арналған күрделірек мүмкіндіктер жоқ. Word Web App бағдарламасында скриншоттарды тікелей жасау мүмкін емес, бірақ құжаттағы скриншоттар Word Web App бағдарламасында суреттер ретінде көрсетіледі.

Кескіндер, диаграммалар, мәтін жолақтары, SmartArt, WordArt

Олар оқу көрінісінде күтілгендей құжатта бейнеленеді. Өңдеу көрінісінде оларды өңдемей тек жоя алатындай толтырғыштар ретінде пайда болады. Олар Word Web App жүйесі ішінде жылжытылып не өлшемі өзгертіле алмайды.

Өрнектер, символдар, қолжазбалық мәтін

Олар оқу көрінісінде күтілгендей құжатта бейнеленеді. Өңдеу көрінісінде оларды өңдемей тек жоя алатындай толтырғыштар ретінде пайда болады. Олар Word Web App жүйесі ішінде жылжытылып не өлшемі өзгертіле алмайды.

Өрістер, мазмұнның басқару элементтері, мұқаба бет

Олар оқу көрінісінде күтілгендей құжатта бейнеленеді. Өңдеу көрінісінде оларды өңдемей не жаңартпай тек жоя алатындай толтырғыштар ретінде пайда болады. Мұқаба беті мазмұнның басқару элементі үшін толтырғыш ретінде пайда болады.

Жоғарғы және төменгі колонтитулдар

Олар оқу көрінісінде күтілгендей құжатта бейнеленеді. Түсіндірмелер, соңғы түсіндірмелер, бет нөмірлерін қоса, өңдеу көрінісінде жасырулы.

Түсіндірмелер, соңғы түсіндірмелер, библиография, мазмұн кестелері, индекс

Олар оқу көрінісінде күтілгендей құжатта бейнеленеді. Өңдеу көрінісінде оларды өңдемей не жаңартпай тек жоя алатындай толтырғыштар ретінде пайда болады.

Макростар

Макростарды қамтитын құжаттарды көріп, басып шығарып және бөліңіз, бірақ макростарды қосу үшін Word бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз.

ActiveX басқару элементтері, енгізілген OLE нысандары, қолтаңба жолы

Олар оқу көрінісінде күтілгендей құжатта бейнеленеді. Өңдеу көрінісінде оларды өңдемей тек жоя алатындай толтырғыштар ретінде пайда болады. Олар Word Web App жүйесі ішінде жылжытылып не өлшемі өзгертіле алмайды.

Байланысқан суреттер, енгізілген файлдар

Олар құжатта сақталып, бірақ Word Web App бағдарламасында толтырғыштар ретінде көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×