Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасау және басқару

Құжат жұмыс кеңістігінің торабы бір не одан дла көп бір-бірімен байланысты құжаттардың дамуын басқа адамдармен сәйкестендіруге көмектеседі. Торап файлдарды ортақ пайдаланатын және жаңартатын және адамдарды сол файлдардың күйі жайында хабарлайтын құралдармен қамтамасыз етеді.

Осы мақалада

Шолу

Кітапханадағы құжаттан Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасау

Бос Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасау

Құжат қосу

Пайдаланушы қосу

Тапсырма қосу

Хабарландыру қосу

Сілтемені Сілтемелер тізіміне қосу

Тапсырмаға арналған электрондық пошта ескертуін жасау

Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының кітапханасына құжатты кері жариялау

Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жою

Шолу

Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабы арқылы сіз бен сіздің әріптестеріңіз бір немесе одан да көп қатысты құжаттардың дамуын сәйкестендіре алады. Торап файлдарды ортақ пайдаланатын және жаңартатын және адамдарды сол файлдардың күйі жайында хабарлайтын құралдармен қамтамасыз етеді. Сіз бен сіздің әріптестеріңіз құжатты дамыту үшін Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабында төмендегі жолдармен бірлесіп жұмыс істей алады:

  • Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабындағы көшірмеде тікелей жұмыс істеу

  • Жергілікті көшірмеде жұмыс істеу және Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабындағы көшірмені жаңарту

Сондай-ақ, сіз және жұмыс кеңістігінің басқа мүшелері хабарландыруларды жариялау, тапсырмалар беру, маңызды сілтемелерді ортақ пайдалану және торап мазмұнындағы өзгертулер туралы ескертулер алу үшін Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын пайдалана алады. Қысқа мерзімді жобаға арналған Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасауыңызға және жоба аяқталғанда, торапты жоюыңызға немесе торапты тұрақты етіп ұстауыңызға болады.

Ескерту : Әдепкі, торап иелерінің бар торапта Құжаттың жұмыс кеңістігінің тораптарын жасауға қажетті рұқсаты бар. Егер сіз торап иесі болып, басқа торап мүшелерінің Құжаттың жұмыс кеңістігінің тораптарын жасауына мүмкіндік бергіңіз келсе, тораптар жасайтын рұқсатты топ мүшелеріне тән Microsoft Windows SharePoint Services қызметтері SharePoint тобы беруіңізге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Кітапханадағы құжаттан Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасау

Тораптың кітапханасындағы құжаттан жаңа Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасауыңызға болады. Бағдарламаға байланысты сіз Microsoft Office Word 2007 сияқты Microsoft Windows SharePoint Services қызметтерімен сыйысымды бағдарламадағы жаңа Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасай аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін сол бағдарламадағы Анықтаманы қараңыз.

  1. Құжат сақталатын құжат кітапханасын ашыңыз.

  2. Құжаттың атына тінтуірдің көрсеткісін орналастырып, пайда болған көрсеткіні басыңыз да, одан кейін Жіберу тармағына тінтуірдің көрсеткісін орналастырып, Құжаттың жұмыс кеңістігін жасау түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер Құжаттың жұмыс кеңістігін жасау параметрі қол жетімді болмаса, сіздің сол торапта жұмыс кеңістігін жасауға рұқсатыңыз болмайды. Торап иесінен сізге рұқсат беруін немесе сізге жұмыс кеңістігі торабын жасауын сұраңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бос Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасау

Егер сіздің Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасап, оны кітапханадағы бар құжатқа орналастырғыңыз келмесе, бос Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасап, бір не одан да көп құжатты кейінірек қосуыңызға болады.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасағыңыз келетін торапты ашыңыз.

    Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін жалпы торап мазмұны бетіндегі Жасау түймешігін нұқыңыз.

    Кеңес : Көп жағдайда, сіз бұл адымды аяқтау үшін орнына Торап әрекеттері мәзірін «Торап әрекеттері» мәзірі пайдалана аласыз.

    Ескерту : Сізге торап иесінен Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасауға рұқсат беруін сұрау қажет болуы мүмкін.

  2. Веб-беттер тізімінде Тораптар мен жұмыс кеңістіктері түймешігін басыңыз.

  3. Веб-торап мекенжайының тақырыбы және соңғы бөлігі сияқты жасағыңыз келетін Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабы туралы ақпаратты енгізіңіз.

  4. Үлгі таңдау бөлімінде Бірлескен жұмыс қойындысын таңдаңыз да, одан кейін Құжаттың жұмыс кеңістігі түймешігін басыңыз.

  5. Рұқсаттар бөлімінде төміндегідей әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Егер сіз тектік тораптың барлық мүшелерінің осы жұмыс кеңістігінің мүшелері болуын қаласаңыз, Тектік торабымен бірдей рұқсатты пайдалану түймешігін басыңыз.

    • Егер сіз арнайы адамдар жиынының осы жұмыс кеңістігінің мүшелері болуын қаласаңыз, Бірегей рұқсаттарды пайдалану түймешігін басыңыз.

  6. Егер сіз тектік тораптың жоғарғы сілтеме тақтасының осы жаңа тораптың беттерінде шығуын қаласаңыз, Тектік тораптың жоғарғы сілтеме тақтасын пайдалану параметрінің Шарлау мұрагерлігі бөлімінен таңдалғанын тексеріңіз.

  7. Жасау түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжат қосу

Бар құжаттан Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасағаныңызға немесе бос Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жасағаныңызға қарамастан, жаңа құжаттарды Құжаттың жұмыс кеңістігі торабына кез келген уақытта қоса аласыз.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының өзіндік бетінде Ортақ құжаттар түймешігін басыңыз.

  2. Төмендегі әркеттердің біреуін орындаңыз:

    • Жаңа құжат жасау және қосу үшін Жаңа түймешігін басыңыз.

    • Бар құжатты қосу үшін Кері қотару түймешігін басыңыз да, одан кейін қосқыңыз келетін файлды табу үшін Шолу түймешігін басыңыз. Файлды таңдап, Ашу түймешігін басыңыз. Егер файл аты бірдей құжат кітапханада болып, сіздің бар құжаттың үстіне жазғыңыз келмесе, Бар файлдардың үстіне жазу құсбелгісын алып тастаңыз.

  3. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Кеңес : Сондай-ақ, басқа кітапханадағы сілтемелі көшірмені Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының Ортақ құжаттар кітапханасына Жіберу тағайындауын жасау арқылы қоса аласыз. Бастапқы құжат немесе сілтемелі көшірме жаңартылғанда, басқа орындағы көшірмені оңай жаңарта аласыз. Құжаттардың сілтемелі көшірмелерін басқа құжаттарға қосу туралы қосымша ақпарат сілтемелерін Қосымша ақпарат бөлімінен іздеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы қосу

Пайдаланушыларды Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабына қосу үшін сізде мүшелерді тектік торапқа немесе Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабына қосуға рұқсатыңыз болуы керек. Егер сіз пайдаланушыларды Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабына қоса алмасаңыз, тектік тораптың иесімен хабарласыңыз.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының өзіндік бетінің Мүшелер тізімінде пайдаланушыны қосқыңыз келетін топтың атауын нұқыңыз.

  2. Жаңа мәзірінен Жаңа мәзірі Пайдаланушыларды қосу пәрменін таңдаңыз.

  3. Пайдаланушыларды қосу бөлімінде, қосқыңыз келетін атауды, топ атауын немесе пайдаланушының не топтың электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Егер сіз бірден аса пайдаланушыны қоссаңыз, әрбір атауды нүктелі үтірмен (;) бөліңіз. Сондай-ақ, каталогтан адамды іздеу және таңдау үшін Шолу Түймешік суреті түймешігін басуыңызға болады.

  4. Рұқсат беру бөлімінде, пайдаланушы қосқыңыз келетін топты нұқыңыз.

  5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тапсырма қосу

Жұмыс элементтерін өзіңізге немесе жұмыс кеңістігінің басқа мүшелеріне тағайындау үшін Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабындағы Тапсырмалар тізімін пайдалана аласыз. Содан кейін мүшелер тағайындалған тапсырмалардың күйін жеңіл жаңартып, ортақ пайдалана алады. Тапсырмалар тізімі арқылы тапсырмаларға басымдық, төлеу мерзімдерін және тапсырма күйі мен пайызды толық беруіңізге болады. Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының иесі ретінде SharePoint торабындағы басқа тізімді қосқаныңыздай, таңдамалы өрістерді де Тапсырмалар тізіміне қоса аласыз. Тізімдерді теңшеу туралы қосымша ақпараттың сілтемелерін Қосымша ақпарат бөлімінен іздеңіз.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының өзіндік бетінде Тапсырмалар тармағының астында Жаңа тапсырманы қосу түймешігін нұқыңыз.

  2. Тақырып терезесінде тапсырмаңыздың тақырыбын теріңіз.

  3. Басымдылық тізімінде тапсырма басымдылығына нұқыңыз.

  4. Күйі тізімінде тапсырма күйіне нұқыңыз.

  5. Бір тұлғаға тапсырма тағайындап беру үшін Тағайындалған бөлімінде келесі әрекетті орындаңыз:

    • Тапсырманы тағайындағыңыз келетін тұлғаның электрондық пошта мекенжайын теріңіз.

    • Тапсырманы тағайындағыңыз келетін тұлғаның толық аты жөнін теріп, одан кейін Аттарын тексеру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз. Тұлға директориядан табылса, аты сол тұлғаның электрондық пошта мекенжайын көрсетеді. Тұлға директориядан табылмаған болса, Сәйкестік табылмады хабары шығарылады.

    • Директориядан тұлғаны іздеп, таңдап алу үшін Шолу Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз. Аяқтағаннан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  6. Қажет болса, Сипаттамасы терезесінде тапсырма сипаттамасын теріңіз.

  7. Бастау күні терезесінде тапсырманың басталу күнін ендіріңіз.

  8. Мерзім терезесінде тапсырманың аяқталу ай-күнін теріңіз.

  9. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Хабарландыру қосу

Соңғы мерзімдер және жинақ торабындағы өзгертулер, жаңа топ мүшелеріне кіріспе сияқты топ мүшелеріне жобасы және басқа ақпарат туралы маңызды хабарларды жіберу үшін Хабарландырулар тізімін пайдаланыңыз.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының өзіндік бетінде Жаңа хабарландыру қосу түймешігін нұқыңыз.

  2. Тақырып терезесінде хабарландыруыңыздың тақырыбын теріңіз.

  3. Негізгі мәтін терезесінде хабарландыруыңыздың толық мәтінін теріңіз.

  4. Хабарландырудың нақты бір ай-күннен кейін автоматты түрде өшірілуін қаласаңыз, Соңғы күні терезесінде ай-күнді теріңіз.

  5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сілтемені Сілтемелер тізіміне қосу

Топ мүшелеріне пайдалы сілтемелерді ортақ пайдалану үшін Сілтемелер тізімін пайдалана аласыз. Тізім қатысты ақпаратты және басқа веб-тораптар сияқты қор көздерін жылдам әрі оңай қолдануға мүмкіндік береді.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының өзіндік бетінде Жаңа сілтеме қосу түймешігін нұқыңыз.

  2. URL бөлімінде сілтеме жасағыңыз келетін веб бетінің немесе өзгедей қайнар көз түрінің мекенжайын теріп, одан кейін сілтеме сипаттамасын теріңіз.

    Ескерту : Сіз Сипаттамасын теру терезесінде терген мәтін Сілтемелер тізімінде сілтеме атауы ретінде шығарылады. Сіз Ескерімдер бөлімінде сілтеме жөніндегі ескерімдерді қоса аласыз, бірақ ол ақпарат құжаттың жұмыс кеңістігі торабының өзіндік бетінде шығарылатын Сілтемелер тізімінің әдепкі көрінісінде көрсетілмейді.

  3. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тапсырмаға арналған электрондық пошта ескертуін жасау

Сіз тапсырмаларды жасап, оларды жұмыс кеңістігінің мүшелеріне тағайындағаннан кейін, Тапсырмалар тізіміндегі элементтердегі өзгертулер туралы хабар беретін электрондық пошта ескертулерін қабылдауды таңдай аласыз. Сондай-ақ, мүшелер басқа элементтердегі өзгерістер туралы электрондық пошта хабарын алу үшін жеке ескертулер жасай аласыз.

Ескерту : Егер сіздің серверіңіздің әкімшісі электрондық поштаны жіберу үшін Windows SharePoint Services қызметтерін іске қосатын серверді қосса ғана, тапсырмаларға арналған электрондық пошта ескертулерін жасай аласыз.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының өзіндік бетінде Тапсырмалар түймешігін нұқыңыз.

    Тапсырмалар тізімі өзіндік бетте шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін Тапсырмалар түймешігін нұқыңыз.

  2. Әрекеттер Әрекеттер мәзірі мәзірінде Маған ескерт түймешігін нұқыңыз.

  3. Ескерту тақырыбы бөлімінде ескертуіңіздің атауын теріңіз.

  4. Ескертуді жіберу бөлімінде сіздің есіміңіз әдепкіде Пайдаланушылар терезесінде көрсетіледу. Сіз Пайдаланушылар терезесінде үтір-нүктемен (;) бөле көрсете отырып, ескертуді басқа мүелерге жібере аласыз.

  5. Өзгеріс түрі бөлімінде өздері туралы ескерту алғыңыз келетін өзгерістер түрін таңдаңыз.

  6. Осы өзгерістер туралы ескертулер жіберу бөлімінде нақты шарттарға негіздлген өзгерістерді қабылдау сүзгісін таңдаңыз.

    Кеңес : Оған қоса сіз Тапсырмалар тізімінің жеке көрінісінде көрсетілген тармақтардың өзгертілуі жөнінде ескерту алуды таңдай аласыз.

  7. Ескертулерді жіберу уақыты бөлімінде ескертулерді алу жиілігін таңдаңыз.

  8. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттың жұмыс кеңістігі торабының кітапханасына құжатты кері жариялау

Егер Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабы кітапханаға сақталған бар құжатқа орналастырылса, Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабындағы құжат көшірмесіне енгізілген өзгертулермен бастапқы көшірмені жаңартуыңызға болады.

  1. Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабында құжаты бар кітапхананы ашыңыз.

  2. Құжаттың атына тінтуірдің көрсеткісін орналастырып, пайда болған көрсеткіні нұқыңыз да, одан кейін Жіберу тармағын көрсетіп, Бастапқы орынға жариялау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жою

Құжаттар жобасы аяқталып, құжаттардың соңғы нұсқалары басқа орындарға жылжығаннан кейін, Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жоюды таңдай аласыз. Торапты жою үшін сізде Толық басқару элементінің рұқсаттар деңгейі болуы керек. Әдепкі, торап иелерінің осындай рұқсаттар деңгейі болады.

Маңызды : Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабы жойылмас бұрын, барлық құжаттардың басқа орынға жарияланғанына көз жеткізіңіз. Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабын жойғаныңызда, Құжаттың жұмыс кеңістігінің торабындағы барлық құжаттар, кітапханалар, тізімдер мен тізім деректері, торап параметрлері, рұқсат деңгейлері және қауіпсіздік ақпараты үнемі жойылып отырады.

Тораптың өзіндік бетіндегі Торап әрекеттері мәзірінің «Торап әрекеттері» мәзірі түймешігін нұқып, одан кейін Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  1. Торапты басқару бағанында Осы торапты жою түймешігін басыңыз.

  2. Жою түймешігін басыңыз да, одан кейін торапты жойғыңыз келгенін растау үшін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×