Құжаттағы жолдар арасын бір аралық етіп орнату

Құжаттағы барлық жолдар арасын немесе оның бір бөлігін бір аралық етіп орнатуға болады. Бір аралық еже ішіндегі жолдарға және ежелер арасындағы бос орынға қатысты.

Microsoft Office Word 2007 бағдарламасында бос құжаттар үшін еже ішіндегі жолдар аралығы 1.15 (бір жол және 15 процент қосымша бос орын) және ежелер арасындағы бос жол әдепкі аралық мәні болып табылады.

Бұл мақалада жолдардың да, ежелердің де арасындағы бір аралық мәнді реттеуге арналған нұсқаулар беріледі.

Ескерту : Қаріптерді ауыстыру жолдар мен ежелер арасындағы аралыққа әсер етуі мүмкін.

Не істегіңіз келеді?

Толық құжатқа бір аралық мәнін орнату

Бөлектелген ежелер арасын бір аралық етіп орнату

Бөлектелген еженің үстіндегі немесе астындағы қосымша бос орынды жою

Мекенжайларға бір аралық мәнін орнату

Толық құжатқа бір аралық мәнін орнату

Толық құжатқа бір аралық мәнін орнатудың ең оңай жолы Word 2003 бағдарламасының жылдам мәнерлер жиынын қолдану болып табылады. Бұл жиынды қолдану ежелер арасына қосымша бос орын мен ежелердің бірінші жолына шегініс жасамай бір аралық мәнін орнатады. Мұндай аралықпен бір ежені басқа ежеден ажырату қиынға соғады. Бұл мәселені шешу жолы — ежелер арасына бос жол қосу.

Кеңес : Егер ежелер арасына қосымша бос орын қосудың қажеті жоқ болса, әрбір еженің бірінші жолын шегіндіретін дәстүрлі жылдам мәнерлер жиынын пайдаланған дұрыс.

Ежелер арасында бос орынсыз бір аралықты пайдалану

  1. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында Мәнерлерді өзгерту түймешігін нұқыңыз.

  2. Меңзерді Мәнерлер жиыны параметріне апарып, Word 2003 тармағын таңдаңыз.

  3. Егер барлық жаңа құжаттарға осындай аралық мәнін қолдану қажет болса, Мәнерлерді өзгерту түймешігін қайта басып, Әдепкі тармағын таңдаңыз.

Ежелер арасында бос жол бар бір аралықты пайдалану

Егер ежелер арасында бос жолы бар бір аралықты қолдану қажет болса, әрбір ежеден кейін ENTER пернесін екі рет баспау үшін кәдімгі еже мәнерін өзгертуге болады.

  1. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында тінтуірдің оң жақ түймешігін Қалыпты түймешігіне әкеп нұқып, одан кейін Өзгерту түймешігін нұқыңыз.

    Word бағдарламасындағы таспа суреті

  2. Пішімдеу бөлімі астынан Бір аралық параметрін таңдаңыз.

    Құжатқа бір аралық мәнін орнату

  3. Егер барлық жаңа құжаттарға осындай аралық орнату қажет болса, тілқатысу терезесінің астыңғы жағындағы Осы үлгіні қолданатын жаңа құжаттарда түймешігін басыңыз.

  4. OK түймешігін басыңыз.

Ескерту : Егер құжаттағы жылдам мәнерлер жиындарын қолданғаннан кейін, ежелер арасында бос жол бар бір аралыққа қайта ауысу қажет болса, Үлгіден жылдам мәнерлерді қалпына келтіру түймешігін басу арқылы (Мәнерлер тобынан Мәнерлерді өзгерту түймешігін басып, меңзерді Мәнерлер жиыны параметріне апарып, Үлгіден жылдам мәнерлерге ысыру түймешігін басып) ауысуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Бөлектелген ежелер арасын бір аралық етіп орнату

  1. Өзгерту қажет ежені бөлектеңіз.

  2. Өзіндік қойындысының Еже тобында Жол аралығы түймешігін нұқыңыз.

    Word бағдарламасындағы таспа суреті

  3. 1.0 мәнін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бөлектелген еженің үстіндегі немесе астындағы қосымша бос орынды жою

  1. Үстінде немесе астында бос орын бар ежені бөлектеңіз.

  2. Бет орналасуы қойындысының Еже тобында Алдынан жол аралық немесе Артынан жол аралық жанындағы меңзерді нұқып, одан кейін өзіңіз қалаған жол аралық санын ендіріңіз.

    Word бағдарламасындағы таспа суреті

Беттің жоғарғы жағы

Мекенжайларға бір аралық мәнін орнату

Мекенжайларды теру кезінде бір аралықты қолданудың ең оңай жолы әрбір жолдың соңына еже үзілімін емес жол үзілімін қою болып табылады. Бұл әдіс әрбір көп жолды мекенжайды бөлек ежеге орналастырады. Одан кейін мекенжайдың жолдары арасына бос орын қоспай-ақ, ежелер арасына қажетті аралық мәнерін қолдану болады.

Егер мекенжайлардың әрбір жолы бөлек еже ретінде терілген болса немесе мекенжайлар біріктіруден алынған болса, ежелер арасындағы бос орын жойылатын жылдам мәнерлер жиынын пайдалануға болады. Сондай-ақ, мекенжай жолдарын бөлектеп, олардың арасындағы бос орынды жоюға да болады.

Бір аралықты мекенжайларды теру

  1. Мекенжайды теріңіз. Әрбір жолдың соңында SHIFT+ENTER пернелерін басып, ал мекенжайдың соңғы жолының соңында ENTER пернесін басыңыз.

  2. Жаңа ғана терген мекенжайдың кез келген жерін нұқыңыз.

  3. Өзіндік қойындысының Еже тобында Жол аралығы түймешігін нұқыңыз.

    Word бағдарламасындағы таспа суреті

  4. 1.0 мәнін таңдаңыз.

  5. Мекенжайды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Мәнерлер параметрін таңдаңыз.

  6. Бөлектелген элементті жаңа жылдам мәнер ретінде сақтау түймешігін басыңыз.

  7. Мәнерге атау теріңіз, мысалы, Мекенжай.

  8. Көбірек мекенжайлар тергенде, оларға жаңа мәнерді қолданыңыз (Басты қойындысындағы Мәнерлер тобынан жасаған мәнерді таңдаңыз).

Бос орынды болдырмау үшін мекенжай ежелерін пішімдеу

  • Егер құжатта толығымен мекенжайлар жазылса (мысалы, мекенжайлар жапсырмаларының парағы), Word 2003 бағдарламасының жылдам мәнерлер жиынын пайдаланыңыз.

    1. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында Мәнерлерді өзгерту түймешігін нұқыңыз.

    2. Меңзерді Мәнерлер жиыны параметріне апарып, Word 2003 тармағын таңдаңыз.

  • Әртүрлі аралық қолданылған құжат ішінде мекенжайлар болса және тек мекенжайлар бөлігіндегі аралықты өзгерту керек болса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Мекенжай ежелерін бөлектеңіз.

    2. Бет орналасуы қойындысының Еже тобында Алдынан жол аралық немесе Артынан жол аралық жанындағы меңзерді нұқып, одан кейін өзіңіз қалаған жол аралық санын ендіріңіз.

      Word бағдарламасындағы таспа суреті

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×