Құжаттарды бағыттау үшін мазмұн ұйымдастырушысын конфигурациялау

Құжаттарды бағыттау үшін мазмұн ұйымдастырушысын конфигурациялау

Мазмұн ұйымдастырушысы кейбір маңызды кітапхана тапсырмаларын автоматты түрде басқаратын SharePoint мүмкіндігі. Бұл тек уақытты үнемдемдеп қоймай, құжат кітапханасы сай бақарылғанына көз жеткізіуге көмектеседі.

Бұл мақалада

Мазмұн ұйымдастырушысы не істей алады?

Сайтта мазмұн ұйымдастырушысын белсендіру

Құжаттарды бағыттау үшін мазмұн ұйымдастырушысын теңшеу

Мазмұн ұйымдастырушысы не істей алады?

Мазмұн ұйымдастырушысы төмендегі тапсырмаларды автоматты түрде істей алады:

  • Құжаттарды әртүрлі кітапханаларға немесе қалталарға бағыттайды    Шынынды, мазмұн ұйымдастырушысы құжаттарға цензор сияқты әрекет жасайды. Әр уақыт құжат кері жүктелгенде мазмұн ұйымдастырушысы құжат қайда орын ауыстыру керектігін анықтау үшін жасалған ережелерді пайдаланады. Сосын құжаттарды әртүрлі сайт жиынында орналасқан дұрыс кітапханаға немесе қалтаға бағыттайды. Ережелер мазмұн түрлерінің тіркесіміне және метадеректерге негізделген болуы мүмкін.

  • Барлық құжаттарды тарату кітапханасына кері жүктеу.    Метадеректер енгізілген және жіберу үрдісі аяқталған тарату кітапханасында барлық кері жүктелген құжаттарды қою үшін мазмұн ұйымдастырушысын реттей аласыз.

  • Қалта мөлшерін басқару   Қалталарда элементтер санын бақылау үшін мазмұн ұйымдастырушысын реттей аласыз және еш бір қалтада элементтердің белгіленген санынан артық жоқ екенін тексере аласыз. Әдепкі, 2500 элементтен артқы болмау керек және элемент саны 2501 жеткенде, мазмұн ұйымдастырушысы жаңа қалтаны автоматты түрде құрады және құжаттарды соның ішіне қояды. Бір қалтада мазмұн ұйымдастырушысы рұқсат ететін элементтер санын белгілей аласыз.

  • Қайталанатын жіберулерді басқару    Кітапханада бар болған құжат кері жүктелгенде мазмұн ұйымдастырушыны ала аласыз немесе SharePoint нұсқаларын пайдалана аласыз, немесе бірегеі таңбаларды қосу арқылы файлдың атауын өзгерте аласыз. Бар құжаттың екеуі де және телнұсқаның сақталғанына көз жеткізеді.

  • Аудит журналдарын сақтау    Мазмұн ұйымдастырушысында бағытталған құжатпен сақталған құжат туралы аудит журналдары болуы мүмкін.

Осы мүмкіндіктерді қалай колдану қажеттігі туралы қосымша ақпаратты Қосымша ақпарат бөлімінен таба аласыз.

Беттің жоғары бөлігі

Сайтта мазмұн ұйымдастырушыны белсендіру

Бұл тапсырманы істеу үшін кем дегенде сайт иесінің рұқсаттары бар болу тиіс.

Сайт үшін мазмұн ұйымдастырушысы мүмкіндігін белсендіру үшін

  1. Реттеу қажет сайтты шарлаңыз.

  2. Параметрлер «Office 365 параметрлері» түймешігі тармағын таңдаңыз, содан кейін ашылмалы мәзірден Сайт параметрлері қойыншасын таңдаңыз.

  3. Сайт параметрлері бетінде, Сайт әрекеттері тобында, Сайт мүмкіндіктерін басқару пәрменін таңдаңыз.

  4. Мазмұн ұйымдастырушы мүмкіндік атауының жанында, Белсендіру пәрменін таңдаңыз. Мүмкіндік белсендірілгенде, Белсенді сөз Күй бағанында шыға келеді.

Беттің жоғары бөлігі

Құжаттарды бағыттау үшін мазмұн ұйымдастырушысын реттеу

Ескерту :  Мазмұн ұйымдастырушысын реттеу үшін сізде кемінде сайт иесінің рұқсаттары болуы тиіс.

  1. Мазмұн ұйымдастырушысын белгілі бір орындарға құжаттарды автоматты түрде бағыттауға реттеу қажет сайтқа өтіңіз.

  2. Іске жедел қосу тақтасында, сайт мазмұндарының параметрлерін көрі үшін Қосымша… түймешігін басыңыз.

  3. Қосымшалар мәзір жолында, Параметрлер түймешігін басыңыз.

  4. Сайтты басқару тобында, Мазмұн ұйымдастырушы параметрлері түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Егер мүмкіндік осы сайт үшін белсенді болса ғана, мазмұн ұйымдастырушысы параметрлерінің сілтемесі шығады.

  5. Пайдаланушыларды тарату кітапханасына қайта бағыттау бөлімінде, мазмұн ұйымдастырушыны мәжбүрлеу үшін құсбелгіні қойыңыз. Олар құжатты кері жүктегенде пайдаланушыларды тарату кітапханасына автоматты түрде қайта бағытталады.

  6. Егер әртүрлі сайттарға құжаттарды бағыттау үшін ережелерге рұқсат қажет болса, Басқа сайтқа жіберу бөлімінде құсбелгіні таңдаңыз.

  7. Қалта бөлігі бөлімінде орын көрсетілген элементтер санынан асқанда ішкі қалталарды автоматты түрде жасау үшін, Мақсатты орында тым көп элементтер болғанда, ішкі қалталарды жасау құсбелгісін қойыңыз.

    • Бір қалтадағы элементтер саны жолағында қалтада жаңа құжат жасалмастан бұрын сақтауға болатын құжаттар санын теріңіз.

    • Қалта атауының пішімі жолағына жасалған барлық жаңа қалталарға атау беру жолын көрсетіңіз.

  8. Қайталанатын жіберулербөлімінде көшірмелердің нұсқалар мүмкіндігін пайдалануын немесе көшірмелерде элементтің файл атауына қосылатын бір мәнді таңбалары әрқашан болуын таңдауға болады.

  9. Егер аудит журналдарын немесе метадеректерді жіберілген элементте немесе құжатта аудит жазбасы ретінде сақтау қажет болса Мәтін мәнді сақтау бөлімінде құсбелгіні қойыңыз.

  10. Ереже басқарушылары бөлімінде ұйымда ережелер басқарушылары болатын пайдаланушыны немесе топ атауларын енгізіңіз. Ереже басқарушыларында мазмұн ұйымдастырушысы ережелерінің параметрлер бетіне кіруге мүмкіндік беретін веб-сайтты басқару рұқсаттары болуы тиіс. Мазмұн ұйымдастырушысының ережелері турады қосымша мәліметтерді Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

  11. Ереже басқарушыларына автоматты түрде жіберілген электрондық пошта хабарламалары бар болу үшін тиісті құзбелгілерді таңдаңыз. Жіберу ережеге сай келмегенде немесе мазмұн ұйымдастырушысына кез келген мазмұн жіберілгенде, мазмұн ұйымдастырушысы электорндық пошта хабарламасын жібере алады.

    Ескерту : Осы құсбелгілер қосылу үшін электрондық пошта сервер немесе қызмет үшін реттелуі тиіс.

  12. Жіберу нүктелері бөлімінде, ағымдағы сайтқа мазмұн жіберетін басқа сайттар немесе электрондық пошта хабарламасымен алмасу бағдарламалық жасақтамасы туралы мәліметтерді еңгізіңіз.

    Кеңес :  Бұл бөлім жұмыс үрдісін жасау үшін қажет болатын кезде сайтқа мазмұн жіберу үшін веб-қызметтің URL мекенжайын немесе электрондық пошта жүйесінен құжаттар жіберу үшін реттелетін шешімді береді.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×