Құжаттарда жасырын деректер мен жеке мәліметтердің бар-жоқтығын тексеру

Егер Microsoft Office Word құжатының электрондық көшірмесін пайдаланушылармен немесе қызметтестеріңізбен бірлесіп пайдалануды жоспарласаңыз, құжаттың өзінде немесе құжат сипаттарында сақталуы мүмкін жасырын деректердің немесе жеке мәліметтердің құжатта бар-жоқтығын тексерген дұрыс болады (метадеректер). Бұл жасырын деректер сіздің ұйымыңыз немесе құжаттың өзі туралы ашық ортақтасқыңыз келмейтін егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетуі мүмкін болғандықтан, құжатты басқа адамдармен ортақтасудан алдын бұл жасырын мәліметтерді жою қажет болуы мүмкін.

Бұл мақалада Microsoft Office Word 2007 бағдарламасындағы Құжат инспекторы мүмкіндігін құжаттағы жасырын деректер мен жеке мәліметтерді табуға және жоюға қалай пайдалануға болатындығы түсіндіріледі.

Бұл мақалада

Word құжаттарында жасырын деректер мен жеке мәліметтердің қандай түрлері сақталады?

Құжат инспекторы Word құжаттарындағы қандай мәліметтерді табады және жояды?

Word құжаттарындағы жасырын деректер мен жеке мәліметтерді қалай табуға және жоюға болады?

Word құжаттарында жасырын деректер мен жеке мәліметтердің қандай түрлері сақталады?

Word құжатында жасырын деректер мен жеке мәліметтердің бірнеше түрлері сақталуы мүмкін. Бұл мәліметтер құжатты Office Word 2007бағдарламасында қарағанда тікелей көрінбеуі мүмкін, бірақ басқа адамдар мәліметтерді көруі немесе шығарып алуы мүмкін.

Жасырын мәліметтер Office Word 2007 бағдарламасы сізге басқа адамдармен бірлесіп жазуға және өңдеуге істеуге мүмкіндік беру үшін құжатқа қосатын деректерді қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, оның құрамына әдейі жасырын етіп көрсеткен мәліметтер де кіруі мүмкін.

Word құжаттарында жасырын деректер мен жеке мәліметтердің мынадай түрлері болуы мүмкін:

  • Аңғартпалар, түзету белгілері, нұсқалар және қолжазбалық аңғартпалар    Құжатыңызды басқа адамдармен бірлесіп жасаған болсаңыз, құжатыңызда түзету белгілері, аңғартпалар, қолжазбалық аңғартпалар немесе нұсқалар сияқты элементтер болуы мүмкін. Бұл мәліметтер құжатыңызда жұмыс істеген адамдардың аттарын, рецензенттердің аңғартпаларын және құжатыңызға енгізілген өзгертулерді басқа адамдарға көрсетуі мүмкін.

  • Құжат сипаттары және жеке мәліметтер    Құжат сипаттары, яғни метадеректер автор және тақырып сияқты құжатыңыз туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, құжат сипаттары Office бағдарламалары автоматты түрде сақтайтын мәліметтерді қамтиды, мысалы, құжатты ең соңғы сақтаған адамның аты және құжаттың жасалған күні. Егер арнайы мүмкіндіктерді пайдаланған болсаңыз, құжатыңызда жеке анықталатын деректер (PII) қосымша түрлері болуы мүмкін, мысалы, электрондық пошта тақырыптары, қарап шығуға жіберу мәліметтері, жол нұсқау парақтары және үлгі атаулары.

  • Үстіңгі деректемелер, астыңғы деректемелер және су таңбалары    Word құжаттарының үстіңгі және астыңғы деректемелерінде мәліметтер болуы мүмкін. Сондай-ақ, Word құжатына су таңбаны да қосуға болады.

  • Жасырын мәтін    Word құжаттарында жасырын мәтін түрінде пішімделген мәтін болуы мүмкін. Егер құжатта жасырын мәтіннің бар-жоқтығын білмесеңіз, оны іздеу үшін Құжат инспекторын пайдалануға болады.

  • Құжат серверінің сипаттары    Егер құжатыңыз Құжаттар үшін жұмыс кеңістігі немесе Microsoft Windows SharePoint қызметтеріне негізделген кітапхана сияқты құжаттарды басқару серверіне сақталса, құжатта қосымша құжат сипаттары немесе осы сервердегі орынға қатысты мәліметтер болуы мүмкін.

  • Өзгертпелі XML деректері    Құжаттарда құжаттың өзінде көрінбейтін өзгертпелі XML деректері болуы мүмкін. Құжат инспекторы бұл XML деректерін тауып, жоя алады.

Беттің жоғарғы жағы

Құжат инспекторы Word құжаттарындағы қандай мәліметтерді табады және жояды?

Office Word 2007 бағдарламасында, Құжат инспекторы Word құжаттарында болатын жасырын деректер мен жеке мәліметтерді тауып, жоюға мүмкіндік беретін бірнеше әр түрлі инспекторларды бейнелейді. Word құжаттарында Құжат инспекторының көмегімен табылатын және жойылатын әр түрлі жасырын деректер мен жеке мәліметтердің тізімін келесі кестеден көруге болады.

Ескерту : Егер ұйымыңыз Инспектор модульдерін қосу арқылы Құжат инспекторын теңшесе, құжаттарыңызда қосымша мәлімет түрлерінің бар-жоқтығын тексеруге болады.

Office Word 2007

Инспектор аты

Табу мен жою

Аңғартпалар, түзетулер, нұсқалар және ескерімдер

  • Аңғартпалар

  • Түзету белгілері

  • Құжат нұсқасы туралы мәліметтер

  • Қолжазбалық аңғартпалар

Құжат сипаттары және жеке мәліметтер

  • Құжат сипаттары, соның ішінде мыналардан алынған мәліметтер: Жиынтық, Статистика және Таңдамалы қойындылары, Құжат сипаттары тілқатысу терезесі

  • Электрондық пошта тақырыптары

  • Жол нұсқау парақтары

  • Қарап шығуға жіберу мәліметтері

  • Құжат серверінің сипаттары

  • Құжаттарды басқару саясатының мәліметтері

  • Мазмұн түрінің мәліметтері

  • Деректермен байланысқан өрістер үшін деректерді байланыстыру мәліметтері (соңғы мән мәтінге түрлендіріледі)

  • Пайдаланушы аты

  • Үлгі аты

Үстіңгі және астыңғы деректемелер

  • Құжаттың үстіңгі деректемесіндегі мәліметтер

  • Құжаттың астыңғы деректемесіндегі мәліметтер

  • Су таңбалар

Жасырын мәтін

  • Жасырын түрінде пішімделген мәтін ( Қаріп тілқатысу терезесінде бар қаріп әсері)

    Ескерту : Инспектор басқа әдістермен жасырылған мәтінді таба алмайды (мысалы, ақ өңдегі ақ мәтін).

Өзгертпелі XML деректері

  • Құжат ішінде сақтала алатын өзгертпелі XML деректері

Беттің жоғарғы жағы

Word құжаттарындағы жасырын деректер мен жеке мәліметтерді қалай табуға және жоюға болады?

Құжат инспекторын Office Word 2007 және одан бұрынғы нұсқаларда жасалған Word құжаттарындағы жасырын деректер мен жеке мәліметтерді тауып, жою үшін пайдалануға болады. Электрондық пошта тіркемесі сияқты Word құжатының электрондық көшірмесін ортақтасудан бұрын Құжат инспекторын пайдалану дұрыс болады.

  1. Жасырын деректер мен жеке мәліметтердің бар-жоқтығын тексеру қажет Word құжатын ашыңыз.

  2. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз, Басқаша сақтау түймешігін басыңыз, одан кейін бастапқы құжаттың көшірмесін сақтау үшін Файл атауы терезесінде атауын енгізіңіз.

    Маңызды : Құжат инспекторын бастапқы құжаттың көшірмесінде пайдаланған жөн, себебі Құжат инспекторы жоятын деректер әрқашан қалпына келе бермейді.

  3. Бастапқы құжаттың көшірмесінде Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз, Дайындау пәрменін көрсетіңіз, одан кейін Құжатты тексеру түймешігін басыңыз.

  4. Құжат инспекторы тілқатысу терезесінде, тексеру қажет жасырын мазмұн түрлерін таңдау үшін, құсбелгілерді қойыңыз. Жеке инспекторлар туралы қосымша мәліметтер алу үшін мынаны қараңыз: Құжат инспекторы Word құжаттарындағы қандай мәліметтерді табады және жояды?

  5. Тексеру түймешігін басыңыз.

  6. Тексеру нәтижелерін Құжат инспекторы тілқатысу терезесінде қарап шығыңыз.

  7. Құжатыңыздан жою қажет жасырын мазмұн түрлеріне арналған тексеру нәтижелерінің қасындағы Барлығын жою түймешігін басыңыз.

    Маңызды : Егер жасырын мазмұн құжаттан жойылса, ол Болдырмау түймешігін басқанда қалпына келмеуі мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×