Қоңырау бағытын өзгерту параметрлері

Бұл мақалада «Қоңырауларды қайта бағыттау параметрлері» терезесі сипатталады. Онда Lync бағдарламасына кіріс қоңырауларды өңдеу жолын көрсетуге болады.

Қоңырауларды қайта бағыттауды өшіру

Тек қана жұмыс телефонына немесе Lync телефонына шалынатын қоңырауларды қабылдағыңыз келсе, осы құсбелгіні таңдаңыз.

Менің қоңырауларымды мына нөмірге қайта бағыттау

Қоңыраулардың бірден бағытталуын және жұмыс телефонына тіптен қоңырау шалынбауын қаласаңыз, осы құсбелгіні таңдаңыз және одан кейін ашылмалы мәзірден параметрлердің бірін таңдаңыз:

  • Дауыстық пошта: орнатылған болса, қоңырауларды тікелей дауыстық поштаға жібереді.

  • Ұялы телефон: нөмір Lync — параметрлер > Телефондар терезесінде жазылған болса, қоңырауларды ұялы телефонға жібереді.

  • Үй телефоны: қоңырауларды үй телефонына жібереді, егер нөмір Lync - параметрлер және телефондар терезесінде жазылған болса.

  • Жаңа нөмір немесе контакт: сізбен хабарласуға болатын нөмір теріңіз немесе қоңырауларын қабылдағыңыз келетін Lync контактісін таңдаңыз.

  • Менің өкілдерім:өкілдерді орнатқан болсаңыз, олар қоңырауларыңызды алады. Сондай-ақ, таңдамаған болсаңыз өкілдерді осы терезеде қосуға болады немесе Өкіл мүшелерді өңдеу пәрмені Қоңырауларды қайта бағыттау терезесінде таңдап, мүшелерді басқаруға болады.

Бір уа\қытта қоңырау шалу:

Жұмыс телефоныңызға және басқа нөмірге қоңырау шалынуын қаласаңыз, осы құсбелгіні таңдаңыз да, ашылмалы мәзірден параметрлердің бірін таңдаңыз:

  • Ұялы: қоңыраулар Lync - Параметрлер және Телефондар терезесінде жазылған жағдайда жұмыс нөміріңізге немесе ұялы телефонға келіп түседі.

  • Үй: Lync - Параметрлер > Телефондар терезесінде жазылған жағдайда қоңырауларды үй телефонға жібереді.

  • Жаңа нөмір : қоңыраулар келіп түсуін қалайтын нөмірді жұмыс нөміріне қосымша енгізіңіз.

  • Менің өкілдерім: қоңыраулар жұмыста, сондай-ақ, орнатқан болсаңыз өкілдеріңізде шырылдайды. Сондай-ақ, таңдамаған болсаңыз осы терезеде өкілдерді қосуға болады немесе Өкіл мүшелерді өңдеупәрменінҚоңырауларды қайта бағыттаутерезесінде таңдап мүшелерді басқаруға болады.

  • Менің топтық қоңырау тобым: егер топтық қоңырау тобын орнатқан болсаңыз, қоңыраулар солардың телефондарында, сонымен бірге, жұмыс нөміріңізде шырылдайды. Сондай-ақ, әлі орнатпаған болсаңыз, осы терезенің төменгі жағында топтық қоңырау тобының мүшелерін қосуға немесе жоюға болады немесе Топтық қоңырау тобының мүшелерін өңдеу пәрменін Қоңырауларды қайта бағыттау терезесінде таңдап, мүшелер тізімін өзгертуге болады.

Беттің жоғары жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×