Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін орнату

Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін кез келген уақытта Lync басты терезесінің төменгі сол жақ бұрышындағы қоңырауларды қайта жіберу мәзірін ашу арқылы ысыруға болады. Қоңырауларды қайта жіберу параметрлері тек ұйымыңыз оларға қолдау көрсетілетіндей етіп реттелген жағдайда қол жетімді болады. Microsoft Lync 2010 бағдарламасы қосылғандығын нақты білмесеңіз, ұйымыңыздағы қолдау көрсету тобына хабарласыңыз. Шұғыл жағдайда жәрдем көрсету қызметтеріне қоңырау соғылғанда, Сізге қайта жауап беру мүмкін болуы үшін, қоңырауды қайта жіберу ережелері 120 минутқа ажыратылады.

Маңызды :  Lync 2010 бағдарламасында Қоңырауларды қайта жіберу параметрлері реттелген болса, қоңырау жалғанғанда, қоңырауларыңыз қайта жіберілетіндей етіп орнатылған нөмір Сізге қоңырау соғушы кісіге көрсетіледі. Бұл тек Lync бағдарламасы арқылы Lync бағдарламасына жасалған қоңыраулар арасында орындалады.

Не істегіңіз келеді?

Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін ашу

Қоңырауларды тек жұмыс телефонына соғылатынай етіп орнату

Қоңырауларды қайта жіберілетіндей етіп орнату

Қоңыраулар бір уақытта бірнеше телефонға соғылатындай етіп орнату

Қоңыраулардың қанша уақыттан кейін қайта жіберілетінін белгілеу

Топтық қоңырау мүшелерін өзгерту

Өкілдерді өзгерту

Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін ашу

Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін ашу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  • Lync 2010 бағдарламасын ашыңыз да, Lync басты терезесінде келесі амалдардың бірін орындаңыз:

    • Параметрлер түймешігін басыңыз да Lync параметрлері түймешігі , содан кейін Қоңырауларды қайта жіберу параметрін таңдаңыз.

    • Төменгі сол жақ бұрыштағы қоңырауларды қайта жіберу мәзірін ашыңыз да, Қоңырау бағытын өзгерту параметрлері тармағын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңырауларды тек жұмыс телефонына соғылатынай етіп орнату

Қоңырауларды тек жұмыс телефонына соғылатынай етіп орнату үшін, келесі қадамды орындаңыз:

  • Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін ашыңыз да, қазір Қоңырауларды қайта бағыттамау параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңырауларды қайта жіберілетіндей етіп орнату

Қоңырауларды қайта жіберілетіндей етіп орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  • Қоңырауларды қайта жіберу параметрін ашып, Қайта бағытталған жеке қоңырауларды алушы (әдепкі) параметрін таңдаңыз да, келесілерді орындаңыз:

    • Дауыстық пошта түймешігін басыңыз.

    • Жаңа нөмір немесе контакт тармағын таңдаңыз да, контактіні іздеңіз немесе басыңыз. Телефон нөмірлерінің орнатылу жолын көру үшін, Телефон параметрлерін және нөмірлерін орнату тармағын қараңыз.

    • Менің өкілдерім түймешігін басыңыз да, Өкілдер диалогтық терезесіне қоңырауыңызға жауап беру үшін орнатылатын контактілерді қосыңыз. Сондай-ақ, қоңырауды белгілі бір уақыт өткеннен кейін соғылатындай етіп орнатуға болады. Lync бағдарламасы Контактілер тізімінде өкілдеріңізді қамтитын Өкілдер тобын жасайды.

Microsoft Outlook хабар алмасу және өзара әрекеттесу клиентінде жұмыс сағаттарын өзгерту үшін, Outlook бағдарламасындағы жұмыс сағаттары бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңыраулар бір уақытта бірнеше телефонға соғылатындай етіп орнату

Қоңыраулар бір уақытта бірнеше телефонға соғылатындай етіп орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  • Қоңырауларды қайта жіберу параметрін ашып, Бір уақыттағы қоңырау түймешігін басыңыз.

    • Телефондар параметрлерін ашыңыз да, қажетті телефон нөмірін Басқа ұяшығына енгізіңіз. Бұл нөмір Бір уақыттағы қоңырау ашылмалы тізімінде көрсетілуі керек.

    • Төмен көрсеткіні басып, Менің топтық қоңырау тобым параметрін таңдаңыз да, Топтық қоңырау тобы диалогтық терезесіне қоңырауларыңыз Сізбен бір уақытты жіберілуі керек контактілерді қосыңыз. Сондай-ақ, қоңырауды белгілі бір уақыт өткеннен кейін соғылатындай етіп орнатуға болады. Lync бағдарламасы Контактілер тізімінде топтық қоңырау контактілерін қамтитын Топтық қоңырау тобын жасайды.

    • Төмен көрсеткіні, Менің өкілдерім түймешігін басыңыз да, Өкілдер диалогтық терезесіне қоңырауларыңызды қабылдайтын кісіні қосыңыз. Телефоныңызға жауап беретін өкіл ретінде тағайындалатын кісіні Контактілер тізімінен таңдауға және оны кез келген уақытты жойып, басқа кісіні қосуға болады . Осы мақаланың Өкілдерді өзгерту бөлімін көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңыраулардың қанша уақыттан кейін қайта жіберілетінін белгілеу

Қоңыраулардың қанша уақыттан кейін қайта жіберілетінін белгілеу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін ашып, Ағымдағы қоңырауларды қайта жіберу параметрлері деп аталатын аймақтағы Жауап берілмеген қоңыраулар мына жерге барады: параметрін таңдаңыз.

  2. Жауап берілмеген қоңыраулар диалогтық терезесінде қоңырау қайта бағытталатын орынды (мысалы, Дауыстық пошта) таңдаңыз және қоңыраулардың қанша уақыттан кейін қайта бағытталатынын (секундпен) көрсетіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Топтық қоңырау мүшелерін өзгерту

Топтық қоңырау тобы дегеніміз Сіздің жұмысқа қатысты қоңырауларыңызға жауап бере алатын адамдардың жинағы (қолдау көрсету тобы пайдаланушыларға біріктірілген байланыс (UC) жасау мүмкіндігін берген кезде) болып табылады. Топтық қоңырау тобын орнатқаннан кейін (осы мақаланың Қоңыраулар бір уақытта бірнеше телефонға соғылатындай етіп орнату бөлімін көріңіз), мүшелерді қосуға және өшіруге және де Сіздің атыңыздан қоңырауларға жауап беретін кісілерді таңдауға болады.

  • Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін ашып, Менің топтық қоңырау мүшелерімді өзгерту параметрін таңдаңыз да, келесі қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Басқа мүше қосу үшін Қосу түймешігін басыңыз, контакт жазбасын екі рет басыңыз және ОК түймешігін басыңыз.

    • Мүшені жою үшін, контактіні таңдаңыз да, содан кейін Жою түймешігін басыңыз.

    • Мүшелердің телефондарына қоңырау қанша уақыттан кейін соғатынын белгілеу үшін, ашылмалы тізімнен керекті мәнді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өкілдерді өзгерту

Өкілдерді тағайындағаннан кейін (осы мақаланың Қоңыраулар бір уақытта бірнеше телефонға соғылатындай етіп орнату бөлімін көріңіз), кісілерді қосуға және өшіруге және де Сіздің атыңыздан қоңырауларға жауап беретін кісілерді таңдауға болады. Lync бағдарламасы Контактілер тізімінде Өкілдер тобын жасайды.

Өкілдерді өңдеу не жою үшін, Қоңырауларды қайта жіберу параметрі қосулы болуы керек. Lync бағдарламасының немесе өкілдің телефоны өкілге қоңырауды қайта жіберудің екі жағдайында да қоңырау соғуы үшін (Бір уақыттағы қоңырау немесе Қайта бағытталған жеке қоңырауларды алушы параметрін таңдаңыз), Өкілдер диалогтық терезесіндегі Қоңырауларды қабылдау құсбелгі көзі қойылған болуы керек.

  • Қоңырауларды қайта жіберу параметрлерін ашып, Өкіл мүшелерімді өзгерту түймешігін басыңыз.

    • Басқа мүше қосу үшін Қосу түймешігін басып, контакт жазбасын екі рет басыңыз және ОК түймешігін басыңыз.

    • Өкілдердің бір мүшесін жою үшін, контактіні контактілер тізімінен таңдаңыз да, Жою, содан кейін ОК түймешігін басыңыз.

    • Тек өкілді жою үшін, контактыны таңдаңыз да, Жою, содан кейін ОК түймешігін басыңыз.

    • Мүшелердің телефондарына қоңырау қанша уақыттан кейін соғатынын белгілеу үшін, ашылмалы тізімнен керекті мәнді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×