Қосымша санат (Access параметрлері)

Өңдеу

  • Енгізуден кейін жылжыту    

    • Жылжытпау    ENTER пернесі басылғаннан кейін жүгіргіні ағымдық өрісте ұстап тұрады.

    • Келесі өріс    ENTER пернесі басылғаннан кейін жүгіргіні келесі өріске жылжытады. Әдепкіде, мәтін бағытының қалай орнатылғанына байланысты, келесі өріс ағымдық өрістің оң немесе сол жағында орналасады.

    • Келесі жазба    ENTER пернесі басылғаннан кейін жүгіргіні келесі жазбаның ағымдық өрісіне жылжытады. Келесі жазба ағымдық жазбаның тура астындағы жазба болып табылады.

  • Жұмыс күйін енгізу өрісі    

    Бұл бөлімдегі параметрлер, пішіндер мен деректер кестелерінде жүгіргіні бір өрістен екіші өріске жылжыту үшін пайдаланғанда, ENTER, TAB пернелерінің және жүгірткілердің жұмыс күйін өзгертеді.

    • Өрісті тұтасымен таңдау    Жүгіргі өріске кіргенде сол өрісті тұтасымен таңдайды.

    • Өрістің басына өту    Жүгіргі өріске кіргенде сол өрістің басына жылжытады.

    • Өрістің соңына өту    Жүгіргі өріске кіргенде сол өрістің соңына жылжытады.

  • Жүгірткінің жұмыс күйі    

    • Келесі өріс    ОҢ ЖАҚ немесе СОЛ ЖАҚ жүгірткі басылғаннан кейін жүгіргіні келесі өріске жылжытады. Жүгіргіні таңдалған өрістегі таңбалар ішінде жылжыту үшін F2 пернесін басыңыз.

    • Келесі таңба    ОҢ ЖАҚ немесе СОЛ ЖАҚ жүгірткі басылғаннан кейін жүгіргіні өрістегі келесі немесе алдыңғы таңбаға жылжытады.

    • Жүгіргі бастапқы/соңғы өрісте тоқтайды    СОЛ ЖАҚ және ОҢ ЖАҚ жүгірткілерінің жүгіргіні бастапқы немесе соңғы өрістен алдыңғы немесе келесі жазбаға жылжытуын болдырмайды.

  • Әдепкі табу/ауыстыру күйі

    Бұл бөлімдегі параметрлер Microsoft Office Access 2007 бағдарламасындағы табу және табу/ауыстыру әрекеттерінің жұмыс күйін басқарады және Office Access 2007 бағдарламасына жалпы қолданылады.

    • Жылдам іздеу    Ағымдық өрісте іздейді және өрісті тұтастай іздеу жолы бойынша салыстырады.

    • Жалпы іздеу    Барлық өрістерде іздейді және өрістің кез келген бөлімі бойынша салыстырады.

    • Өрісте іздеуді бастау    Ағымдық өрісте іздейді және өрістегі бастапқы таңбалар бойынша салыстырады.

  • Құптау

    • Жазба өзгерістері    Жазбаны өзгерткен сайын құптау хабарын көрсетеді.

    • Құжатты жою    Дерекқор нысанын жойған сайын құптау хабарын көрсетеді.

    • Әрекетті сұрау    Access дерекқоры бойынша қосу, жаңарту, жою немесе кесте жасау сұрауын орындаған сайын құптау хабарын көрсетеді.

  • Әдепкі бағыт

    • Солдан оңға    Жаңа нысандарды ағылшын және еуропалық тілдерде жұмыс істейтін пайдаланушыларға таныс солдан оңға бағытта көрсетілетін етіп орнатады. Мысалы, бұл параметр кестедегі бірінші өрісті сол жақ шеттегі бағанда басталатын етіп көрсетеді және жаңа өрістерді бағанның оң жағына қосады және деректер кестесі көрінісіндегі жазба нөмірінің терезесі мен шарлау түймешіктерін төменгі сол жақ бұрышқа орналастырады.

    • Оңнан солға    Жаңа нысандарды Таяу шығыс тілдерінде жұмыс істейтін пайдаланушыларға таныс оңнан солға бағытта көрсетілетін етіп орнатады. Мысалы, бұл параметр кестедегі бірінші өрісті оң жақ шеттегі бағанда басталатын етіп көрсетеді және жаңа өрістерді бағанның сол жағына қосады және деректер кестесі көрінісіндегі жазба нөмірінің терезесі мен шарлау түймешіктерін төменгі оң жақ бұрышқа орналастырады.

  • Жалпы туралау

    • Тілдесу күйі    Таңбаны қолданыстағы пайдаланушылық тілдесу тіліне сәйкес етіп көрсетеді. Мысалы, егер пайдаланушылық тілдесу тілі солдан оңға бағытты пайдаланатын тіл болса (мысалы, ағылшын тілі), таңбалар сол жақ бойынша тураланады.

    • Мәтіндік күй    Көрсетілетін мәтінді тілге байланысты бірінші таңбаның бағытына сәйкес етіп туралайды. Мысалы, егер бірінші нақты таңба (сан немесе арнайы таңба емес) ағылшын тілінде болса, мәтін сол жақ бойынша тураланады.

  • Жүгіргінің қозғалысы

    • Логикалық    Қосбағытты мәтін ішіндегі жүгіргінің қозғалысын кездесетін тілдің бағытына сәйкес етіп орнатады. Мысалы, бір сөйлем ішіндегі араб және содан кейін ағылшын мәтіні бойынша жылжу үшін жүгірткілерді пайдаланғанда, кірістіру орны араб мәтінінде оңнан солға жылжиды, содан кейін ағылшын сөзінің сол жақ шеткі таңбасынан басталады және өз қозғалысын солдан оңға бағытпен жалғастырады.

    • Көрнекі    Қосбағытты мәтін ішіндегі жүгіргінің қозғалысын көрінетін келесі көршілес таңбаға жылжитын етіп орнатады. Мысалы, бір сөйлем ішіндегі араб мәтінінде оңнан солға және содан кейін ағылшын мәтіні бойынша жылжу үшін жүгірткілерді пайдаланғанда, кірістіру орны араб мәтінінде оңнан солға жылжиды, қозғалыс содан кейін ағылшын сөзінің оң жақ шетіндегі таңбадан жалғасады және қозғалыс оңнан солға бағытпен жалғасады.

    • Деректер кестесінің енгізу әдісінің өңдегіш (IME) басқаруы Деректерді деректер кестесіне енгізгенде Шығыс Азия IME күйін «Басқару жоқ» күйіне қою үшін таңдаңыз.

    • Хижра күнтізбесін пайдалану Негізгі күн сілтемесін мұсылмандық ай күнтізбесіне негіздейді. Егер таңдалмаған болса, дерекқор григориан күнтізбесін пайдаланады. Access бағдарламасы әуелде дерекқорды жасаған кезде күнтізбе түрін таңдап алып, кейін сол параметрді ешқашан өзгертпеуді ұсынады.

Көрсету

  • Көрсетілетін соңғы құжаттардың саны    Microsoft Office Access бағдарламасымен жұмысқа кіріскенде бетіндегі Соңғы дерекқорды ашу бөлігінде және Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басқанда Соңғы құжаттар тізімінде көрінетін соңғы кезде пайдаланылған файлдардың санын орнату немесе өзгерту.

  • Күй жолағы    Access терезесінің төменгі жағында күй жолағын көрсетеді.

  • Қимылдауларды көрсету    Деректер кестесіне жаңа бағандарды қимылдау әсерін пайдаланып кірістіру сияқты қимылдау әсерлерін қосады.

  • Деректер кестелерінде смарт-тегтерді көрсету    Деректер кестелерінде смарт-тегтерді көрсетеді.

  • Пішіндер мен есептерде смарт-тегтерді көрсету    Пішіндер мен есептерде смарт-тегтерді көрсетеді.

  • Макрос жасақтамасында көрсету    

    • Атаулар бағаны    Макрос құрастырушысында Макрос атауы бағанын көрсетеді. Сондай-ақ, Жасақтау қойындысындағы Көрсету/Жасыру тобынан Макрос атаулары түймешігін басу арқылы да бұл бағанды көрсетуге немесе жасыруға болады. Егер сіз бұл параметрді ажыратсаңыз, бірақ кейін макрос атаулары бар макросты ашсаңыз (құрастырушы көрінісінде), жасырын баған көрінетін болады. Бұл параметр барлық дерекқорларға қолданылады, бірақ Макрос атаулары пәрменін осы параметрді ағымдық макрос үшін ажыратуға пайдалануға болады.

    • Шарттар бағаны    Шарттар пәрменін макрос құрастырушысында көрсетеді. Сондай-ақ, Жасақтау қойындысындағы Көрсету/Жасыру тобынан Шарттар түймешігін басу арқылы да бұл бағанды көрсетуге немесе жасыруға болады. Егер сіз бұл параметрді ажыратсаңыз, бірақ кейін бір немесе бірнеше шарттары бар макросты ашсаңыз (құрастырушы көрінісінде), жасырын баған көрінетін болады. Бұл параметр барлық дерекқорларға қолданылады, бірақ Шарттар пәрменін осы параметрді ағымдық макрос үшін ажыратуға пайдалануға болады.

Басып шығару

  • Сол жақ жақтау арасы    Деректер кестелері, модульдер және жаңа пішіндер мен есептер үшін әдепкі сол жақ жақтау арасын өзгертеді. Нөлден бастап басып шығарылатын беттің еніне немесе биіктігіне дейінгі мәндерді пайдалануға болады. Бұрыннан бар пішіндер мен есептердің жақтау араларын өзгерту үшін, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз, Басып шығару пәрменін көрсетіңіз, Басып шығару түймешігін басыңыз, содан кейін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Теңшеу түймешігін басыңыз.

  • Оң жақ жақтау арасы    Деректер кестелері, модульдер және жаңа пішіндер мен есептер үшін әдепкі оң жақ жақтау арасын өзгертеді. Нөлден бастап басып шығарылатын беттің еніне немесе биіктігіне дейінгі мәндерді пайдалануға болады. Бұрыннан бар пішіндер мен есептердің жақтау араларын өзгерту үшін, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз және Бет параметрлері пәрменін пайдаланыңыз.

  • Жоғарғы жақтау арасы    Деректер кестелері, модульдер және жаңа пішіндер мен есептер үшін әдепкі жоғарғы жақтау арасын өзгертеді. Нөлден бастап басып шығарылатын беттің еніне немесе биіктігіне дейінгі мәндерді пайдалануға болады. Бұрыннан бар пішіндер мен есептердің жақтау араларын өзгерту үшін, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз және Бет параметрлері пәрменін пайдаланыңыз.

  • Төменгі жақтау арасы    Деректер кестелері, модульдер және жаңа пішіндер мен есептер үшін әдепкі төменгі жақтау арасын өзгертеді. Нөлден бастап басып шығарылатын беттің еніне немесе биіктігіне дейінгі мәндерді пайдалануға болады. Бұрыннан бар пішіндер мен есептердің жақтау араларын өзгерту үшін, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз және Бет параметрлері пәрменін пайдаланыңыз.

Жалпы

  • Қондырмалық пайдаланушылық тілдесу қателерін көрсету    Егер сіз жасақтаушы болсаңыз, пайдаланушылық тілдесудің теңшеу кодының қателерін көрсету үшін осы құсбелгіні қойыңыз немесе қателерді жасыру үшін осы құсбелгіні алыңыз.

  • Дыбыс арқылы кері байланысты қамтамасыз ету    Файлдарды ашу, сақтау, басып шығару және қате туралы хабарларды көрсету сияқты Microsoft Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) бағдарламасының оқиғаларымен байланысты дыбыстарды ойнатады. Әр түрлі оқиғаларға тағайындалған дыбыстарды Windows басқару тақтасындағы Дыбыстардың сипаттары тілқатысу терезесінде өзгертуге болады. Егер сіз бір Office бағдарламасында Дыбыс арқылы кері байланысты қамтамасыз ету құсбелгісін қойсаңыз немесе алып тастасаңыз, ол барлық басқа Office бағдарламалары үшін де қосылады немесе ажыратылады. Оқиғамен байланысты дыбысты өзгерту үшін, Windows басқару тақтасындағы Дыбыстар қалтасын ашыңыз. Дыбыстардың көбісін ойнату үшін сіздің компьютеріңізде дыбыс картасы болуы тиіс.

  • Төрт сандық жыл пішімін пайдалану    

    • Осы дерекқор    Ағымдық ашық дерекқор үшін әдепкі жыл пішімін төрт сандық пішім түрінде орнатады (yyyy).

      Ескерту : Ағымдық ашық дерекқор үшін бұл параметр Барлық дерекқорлар параметрін ауыстырады.

    • Барлық дерекқорлар    Барлық дерекқорлар үшін әдепкі жыл пішімін төрт сандық пішім түрінде орнатады (yyyy).

  • Веб параметрлері    Веб параметрлері тілқатысу терезесін көрсетеді. Дерекқор нысандары үшін Веб параметрлерін орнату үшін осы тілқатысу терезесін пайдаланыңыз. Еренсілтемелердің және кестелердегі, сұраулардағы, пішіндердегі және есептердегі тиісті еренсілтемелердің сыртқы көрінісін орнатуға болады.

Қосымша

  • Access іске қосылғанда соңғы пайдаланылған дерекқорды ашу    Осы параметр таңдалса, Access бағдарламасы Microsoft Office Access бағдарламасымен жұмысқа кіріскенде бетін көрсетпей, соңғы пайдаланылған дерекқорды ашады.

  • Әдепкі ашық күй

    • Ортақ    Бұрыннан бар дерекқорды ортақ пайдалану үшін ашады. Бұл әдепкі параметр болып табылады.

    • Жеке дара    Бұрыннан бар дерекқорды бір пайдаланушының жеке дара пайдалануы үшін ашады.

  • Әдепкі жазбаны құрсаулау

    • Құрсаулаусыз    Жазбаларды өзгерту үшін ашық қалдырады.

    • Барлық жазбалар    Ашық пішіндегі немесе деректер кестесіндегі барлық жазбаларды құрсаулайды, сондай-ақ, барлық негізгі кестелердегі жазбаларды да құрсаулайды. Нысандар ашық тұрған кезде жазбалар құрсауланған күйде қалады.

    • Өңделген жазба    Тек қана өңделіп жатқан жазбаны құрсаулайды.

  • Дерекқорларды жазбалар деңгейіндегі құрсаулауды пайдаланып ашу    Ағымдық ашық дерекқор үшін жазбалар деңгейіндегі құрсаулауды әдепкі күй етіп орнатады. Осы құсбелгі алынса, беттер деңгейіндегі құрсаулау ашық дерекқор үшін әдепкі күйге айналады. Сіздің жасаған таңдауыңыз пішіндердегі, деректер кестелеріндегі деректерге қолданылады және жазбалар жиынының нысанын жазбалар бойынша қарайтын код үшін де қолданылады. Бұл параметр әрекет сұраулары үшін немесе SQL нұсқауларын пайдаланып үлкен әрекеттерді орындайтын код үшін қолданылмайды.

  • OLE/DDE күту уақытының бітуі (сек)    Access бағдарламасы сәтсіз болған OLE немесе DDE әрекеттерін қанша уақыттан кейін қайта орындау керектігін анықтайды. Жарамды мәндер: 0-300. Әдепкі мән: 30.

  • Жаңарту аралығы (сек)    Access бағдарламасы Деректер кестесі немесе Пішін көріністеріндегі жазбаларды автоматты түрде қанша секундтан кейін жаңартатынын анықтайды. Жарамды мәндер: 0-32,766. Әдепкі мән: 60. 0 мәні жаңартуды болдырмайды.

  • Жаңарту әрекетін қайталау саны    Басқа пайдаланушы тарапынан құрсауланған жазбаға енгізілген өзгерісті Access бағдарламасы қанша рет сақтауға әрекет жасайтынын көрсетеді. Жарамды мәндер: 0-10. Әдепкі мән: 2.

  • ODBC жаңарту аралығы (сек)    ODBC қосылымы бойынша жиналған деректерді Access автоматты түрде қанша уақыттан кейін жаңартатынын анықтайды. Бұл параметр дерекқор желіде ортақ пайдаланылғанда ғана жарамды болады. Жарамды мәндер: 0-32,766. Әдепкі мән: 1500. Нөл мәні жаңартуды болдырмайды.

  • Жаңарту әрекетін қайталау аралығы    Басқа пайдаланушы тарапынан құрсауланған жазбаға енгізілген өзгерісті Access бағдарламасы қанша миллисекундтан кейін сақтаға әрекет жасайтынын көрсетеді. Жарамды мәндер: 0-1000. Әдепкі мән: 250.

  • DDE (динамикалық дерек алмасу) әрекеттері

    • DDE сұрауларын елемеу    Access басқа бағдарламалардың DDE сұрауларын елемейді.

    • DDE жаңартуын қосу    Access бағдарламасына Жаңарту аралығы (сек) жолағында көрсетілген аралық бойынша DDE байланыстарын жаңартуға мүмкіндік береді.

  • Пәрмен жолының дәлелдері    Access бағдарламасын іске қосқанда немесе Access дерекқорын ашқанда орындалатын дәлелдерді енгізу.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×