Қосымша параметрлер

Өңдеу параметрлері

Enter пернесін басқаннан кейін, бөлектелген элементті жылжыту     Ағымдық белсенді ұяшықта ENTER пернесін басқаннан кейін, көршілес ұяшықты келесі белсенді ұяшыққа айналдырады. Бағыт жолағында қайсы көршілес ұяшықтың белсенді болатынын көрсетіңіз.

Бағыт     Ағымдық белсенді ұяшықта ENTER пернесін басқаннан соң, көршілес ұяшықты келесі белсенді ұяшыққа айналдырады. Бағыт жолағында қайсы көршілес ұяшықтың белсенді болатынын көрсетіңіз.

Ондық үтірді автоматты түрде кірістіру     Әдепкі күй бойынша санды ондық үтірлермен көрсету үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

  • Ондық орындар     Жұмыс парағында тұрақты мәндер ретінде енгізілетін сандарда Microsoft Office Excel бағдарламасы ондық үтірді автоматты түрде қай жерге қоятынын көрсету үшін ондық таңбалар санын Ондық орындар жолағында енгізіңіз. Оң сан ондық үтірді сол жаққа жылжытады; теріс сан ондық үтірді оң жаққа жылжытады. Егер Ондық орындар жолағы бос қалдырылған болса немесе 0 (нөл) орнатылса, ондық үтірді қолмен енгізу керек. Бұл параметрді елемеу үшін, санды енгізген кезде ұяшықта ондық үтірді енгізіңіз.

Толтыру таңбалауыштары мен ұяшықтарды апарып тастауды қосу     Ұяшықтар мен деректерді апарып тастау арқылы жылжыту және көшіру үшін осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Осы параметр таңдалғанда, деректерді көшіру үшін және көршілес ұяшықтарды деректер қатарымен толтыру үшін бояу тұтқасын сүйреуге болады.

  • Ұяшықты қайта жазу алдында ескерту     Егер ұяшықтарды деректері бар басқа ұяшықтардың үстіне тастасаңыз, хабар көрсетіледі.

Ұяшықтарда тікелей өңдеуге рұқсат ету     Ұяшық мазмұнын өрнек жолында өңдемей, ұяшықты екі рет нұқу арқылы ұяшықтың ішінде өңдеуге рұқсат ету үшін осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

Деректер ауқымында пішімдер мен өрнектерді кеңейту     Тізім соңына қосылған жаңа элементтерді тізімнің қалған бөлімінің пішіміне сәйкес келетіндей етіп автоматты түрде пішімдеу үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Әрбір жолда қайталанатын өрнектер де көшіріледі. Кеңейтілу үшін, пішімдер мен өрнектер жаңа жолдан бұрынғы соңғы бес жолдың кемінде үшеуінде көрсетілуі тиіс.

Пайызды автоматты түрде енгізу     Пайыздық пішімде пішімделген ұяшықтарға енгізілген 1-ден кіші барлық сандарға 100-ді көбейту үшін осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. 1-ге тең немесе одан үлкен сандарды қоса алғанда, Пайыздық пішімде пішімделген ұяшықтарға енгізілген барлық сандарды 100-ге көбейту үшін осы параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

Ұяшықтар мәндерін автоаяқтауды қосу     Деректер бағанында енгізуді бастаған мәтін жазбаларын аяқтайды. Егер бастапқы енгізілген бірнеше әріптер сол бағанда бар жазбамен сәйкес келсе, Excel бағдарламасы қалған мәтінді өзі толтырады.

IntelliMouse арқылы кеңейтімді өзгерту     Егер Microsoft IntelliMouse меңзегіш құрылғысы бар болса, жұмыс парағында немесе диаграмма парағында айналдырудың орнына дөңгелекше түймешігін масштабты өзгертуге қояды.

Көп уақыт алатын әрекеттер туралы ескерту     Егер әрекет көп ұяшықтарға әсер ететін болса және өңдеу ұзақ уақытты алатын жағдайда хабарлама алуды қаласаңыз, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

  • Өңделудегі ұяшықтардың саны (мыңдарда)     Әрекет хабарлаусыз әсерін тигізетін ұяшықтардың ең үлкен санын көрсетуге мүмкіндік береді. Егер әрекет ұяшықтардың көрсетілген ең үлкен санынан көп ұяшықтарға әсер етсе, ол туралы хабар беріледі.

  • Жүйелік бөлгіштерді пайдалану     Әдепкі Ондық және Мыңдық бөлгіштерді пайдалану үшін осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Қосымша бөлгіштерді енгізу үшін осы параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

    • Ондық бөлгіш     Әдепкі ондық бөлгішті өзгерту үшін Жүйелік бөлгіштерді пайдалану параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз, Ондық бөлгіш жолағынан әдепкі бөлгішті таңдап, пайдаланғыңыз келетін бөлгішті енгізіңіз.

    • Мыңдық бөлгіш     Әдепкі мыңдық бөлгішті өзгерту үшін Жүйелік бөлгіштерді пайдалану параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз, Мыңдық бөлгіш жолағынан әдепкі бөлгішті таңдап, пайдаланғыңыз келетін бөлгішті енгізіңіз.

Қиып алу, көшіру және қою

Қою параметрлерінің түймешіктерін көрсету     Қою кезінде Excel бағдарламасы автоматты түрде арнайы параметрлері бар тілқатысу терезесін көрсету үшін осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз, мысалы, Тек пішімдеу және Ұяшыққа сілтеме.

Кірістіру параметрлерінің түймешіктерін көрсету     Ұяшықтарды, жолдарды немесе бағандарды кірістіру кезінде Excel бағдарламасы автоматты түрде арнайы параметрлері бар тілқатысу терезесін көрсету үшін осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз, мысалы, Жоғарыдағыдай пішімдеу және Пішімдеуді тазалау.

Кірістірілген нысандарды олардың аталық ұяшықтарымен бірге қиып алу, көшіру және сұрыптау     Сызбалық нысандарды, түймешіктерді, мәтін жолақтарын, сызылған нысандарды және суреттерді жұмыс парағында қиып алғанда, көшіргенде, сүзгілегенде немесе сұрыптағанда әрқашан байланысқан ұяшықтарымен бірге сақтайды.

Көрсету

Көрсетілетін соңғы құжаттардың саны     Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті нұқыған кезде Соңғы құжаттар астында соңғы пайдаланылған жұмыс кітаптарының тізімін көрсетеді және оның көмегімен сол жұмыс кітаптарын жылдам ашуға болады. Көрсеткіңіз келетін жұмыс кітаптарының санын Көрсетілетін соңғы құжаттардың саны жолағына енгізіңіз. 0 мен 50 аралығындағы оң санды енгізіңіз немесе таңдаңыз.

Сызғыш бірліктері     Орналасу көрінісінің сызғышында көрсеткіңіз келетін бірліктерді таңдауға мүмкіндік береді.

Тапсырмалар тақтасындағы барлық терезелерді көрсету      Бірнеше жұмыс кітабын Windows тапсырмалар тақтасында көрсету үшін таңдаңыз.

Өрнек жолын көрсету     Өрнек жолын көрсетеді. Өрнек жолы жұмыс парағының жоғарғы жағында пайда болады.

Функциялар үшін қалқыма сөз көмектерді көрсету     Өрнек үшін автоматты түрде аяқтау мүмкіндігі қосылған кезде көрсетілетін функциялар тізімінен таңдалған функциялардың қысқаша сипаттамаларын көрсетеді.

Көрсеткішті жетектеу кезінде диаграмма элементтерінің атауларын көрсету     Меңзерді үстіне апарған кезде диаграмма элементінің атын көрсетеді.

Көрсеткішті жетектеу кезінде деректер нүктелерінің мәндерін көрсету     Меңзерді үстіне апарған кезде деректер нүктелері мәнін көрсетеді.

Аңғартпалары бар ұяшықтар үшін көрсету     Жұмыс парағында аңғартпалардың қалай көрсетілетінін анықтау үшін келесі параметрлердің бірін таңдаңыз.

  • Аңғартпа немесе көрсеткіш жоқ     Аңғартпалар мен аңғартпа көрсеткіштерін аңғартпалар тіркелген ұяшықтарға жасырады.

  • Тек қана көрсеткіштер, және аңғартпаларды меңзерді үстіне апарғанда көрсету     Ұяшыққа аңғартпа тіркелсе, ұяшықтың жоғарғы оң жақ бұрышында кішкене үшбұрышты көрсетеді. Аңғартпалар меңзерді аңғартпасы бар ұяшықтың үстіне апарғанда ғана көрсетіледі.

  • Аңғартпалар мен көрсеткіштер     Аңғартпа мен аңғартпа көрсеткішін көрсетеді; ұяшыққа аңғартпа тіркелсе, ұяшықтың жоғарғы оң жақ бұрышында кішкене үшбұрыш көрінеді.

Осы жұмыс кітабы үшін параметрлерді көрсету

Осы жұмыс кітабы үшін параметрлерді көрсету     Келесі параметрлер әсер ететін тізімді жолақтан жұмыс кітабын таңдау.

Көлденең жылжыту жолағын көрсету     Жұмыс парағының төменгі жағында көлденең жылжыту жолағын көрсетеді.

Тік жылжыту жолағын көрсету     Жылжыту жолағын жұмыс парағының оң жағынан (солдан-оңға қарай тіл күйін пайдаланған кезде) немесе сол жағынан (оңнан-солға қарай тіл күйін пайдаланған кезде) көрсетеді.

Парақ қойындыларын көрсету     Жұмыс парақтарының қойындыларын көрсетеді; жеке жұмыс парақтарының арасында жылжуға және оларды таңдауға болады. Жұмыс парағының қойындылары жұмыс парағының терезесінің төменгі жағында көрінеді.

Автосүзгі мәзірінде күндерді топтау     Мерзімнің иерархиялық топтауын мерзім сүзгісіндегі Автосүзгі мәзірінің төменгі жағындағы мерзім тізіміндегі иерархиялық емес мерзім тізіміне өзгертеді. Мысалы, иерархиялық емес тізімнен екі сандық жылдарды қолмен таңдап, тек екі сандық жылдар үшін сүзгілеуге болады.

Нысандар үшін көрсету     Жұмыс кітабында сызбалық нысандарды көрсету немесе жасыру үшін келесі параметрлердің бірін таңдаңыз.

  • Бәрі     Барлық сызбалық нысандарды, түймешіктерді, мәтін жолақтарын, сызылған нысандарды және суреттерді көрсетеді.

  • Нысандарды жасыру     Барлық сызбалық нысандарды, түймешіктерді, мәтін жолақтарын, сызылған нысандарды және суреттерді жасырады. Жасырылған нысандар басып шығарылмайды.

Осы жұмыс парағы үшін параметрлерді көрсету

Осы жұмыс парағы үшін параметрлерді көрсету    Келесі параметрлер әсер ететін тізімді жолақтан жұмыс парағын таңдау.

Жол және баған тақырыптарын көрсету     Жол нөмірлерін жұмыс парағының сол жағынан (солдан-оңға қарай тіл күйін пайдаланған кезде) немесе оң жағынан (оңнан-солға қарай тіл күйін пайдаланған кезде) және баған әріптерін жұмыс парағының үстіңгі жағынан көрсетеді.

Ұяшықтарда есептелген нәтижелердің орнына өрнектерді көрсету     Өрнектер беретін мәндердің орнына ұяшықтарда өрнектерді көрсетеді.

Бет үзілімдерін көрсету     Excel бағдарламасы автоматты түрде орнатқан бет үзілімдерін көрсетеді.

Нөлдік мәні бар ұяшықтарда нөлді көрсету     Нөлдік мәндері бар ұяшықтарда 0 (нөлді) көрсетеді.

Егер құрылым қолданылса, құрылым нышандарын көрсету     Құрылым нышандарын көрсетеді. Құрылым нышандары жұмыс парағында құрылым болған жағдайда ғана көрсетіледі.

Тор сызықтарын көрсету     Ұяшықтардың тор сызықтарын көрсетеді. Тор сызықтарын басып шығару үшін Бет орналасуы қойындысындағы Парақ параметрлері тобындағы Тор сызықтары астындағы Басып шығару параметрі жанына құсбелгі қойылғанын тексеріңіз.

  • Тор сызығының түсі     Тор сызықтарының түсін анықтайды. Егер Автоматты түймешігін басқан болсаңыз, тор түсі Windows басқару үстелінде анықталған мәтін түсіне негізделеді.

Өрнектер

Көп ағымды есептеуді қосу     Әдепкі күй бойынша сақталғанда, бұл параметр компьютеріңіздегі барлық процессорларды немесе қолмен енгізген процессорларды пайдаланып, жылдам есептеу мүмкіндігін қосады.

Есептеу ағымдарының саны     Есептеу үшін пайдаланылатын процессорлар санын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Осы компьютердегі барлық процессорларды пайдалану     Әдепкі күй бойынша сақталғанда, бұл параметр компьютеріңізде бар барлық процессорларды пайдаланады.

  • Қолмен жасау     Пайдаланғыңыз келетін процессорлардың санын анықтауға мүмкіндік береді. Қолмен жасау жолағында 1 мен 1024 арасындағы оң санды енгізіңіз.

Осы жұмыс кітабын есептегенде

Осы жұмыс кітабын есептегенде    Келесі параметрлер әсер ететін тізімді жолақтан жұмыс кітабын таңдау.

Басқа құжаттарға сілтемелерді жаңарту     Басқа бағдарламаларға сілтемелері бар өрнектерді есептейді және жаңартады.

Бейнебеттегідей дәлдікті орнату     Ұяшықтарда сақталатын мәндерді толық дәлдіктен (15 сан) ондық үтір орындарын қоса алғанда, кез келген көрсетілген пішімге өзгертеді.

1904 күн санау жүйесін пайдалану     Бастау мерзімін өзгертеді, барлық мерзімдер одан 1900 жылдың 1-қаңтарынан 1904 жылдың 2-қаңтарына дейін есептеледі.

Сыртқы байланыс мәндерін сақтау     Excel жұмыс парағымен байланысқан сыртқы құжаттағы мәндердің көшірмелерін сақтайды. Егер сыртқы құжаттағы үлкен ауқымдармен байланысқан жұмыс парағы дискіде өте көп орынды қажет етсе немесе ашу үшін ұзақ уақытты алатын болса, Сыртқы байланыс мәндерін сақтау параметрі жанынан құсбелгіні алу жұмыс парағын ашу үшін қажет болатын дискідегі орынды және уақытты азайтады.

Жалпы

Оқиғаны дыбыстық сүйемелдеу     Файлдарды ашу, сақтау, басып шығару және қате туралы хабарларды көрсету сияқты Microsoft Office бағдарламасының оқиғаларымен байланысты дыбыстарды ойнатады. Әр түрлі оқиғаларға тағайындалған дыбыстарды Басқару тақтасында өзгертуге болады. Microsoft Windows жүйесінде Бастау түймешігін, одан кейін Басқару тақтасы түймешігін басыңыз. Windows Vista жүйесінде Жабдық және дыбыс түймешігін, одан кейін Дыбыс түймешігін басыңыз. Дыбыстар қойындысын ашыңыз. Қандай да бір оқиғамен байланысты дыбысты өзгерту үшін тізімдегі бағдарлама оқиғасын нұқып, қолданылатын дыбысты таңдаңыз. Windows XP жүйесінде Дыбыстар, сөйлеу және дыбыстық құрылғылар түймешігін басыңыз. Дыбыстық схеманы өзгерту түймешігін басып, Дыбыстар қойындысын ашыңыз. Егер бір Office бағдарламасында Дыбыс арқылы кері байланысты қамтамасыз ету параметріне құсбелгіні қойсаңыз немесе алсаңыз, ол барлық басқа Office бағдарламалары үшін де қосылады немесе ажыратылады. Дыбыстардың көбін ойнату үшін сіздің компьютеріңізде дыбыстауыш тақта болуы тиіс.

Қимылдану әсерлері     Ұяшықтарды, жолдарды немесе бағандарды кірістіргенде немесе жойған кезде жұмыс парағының жылжуын және өзгерістерді көрсетеді. Қимылдану кейбір жүйелердегі бейне жылдамдығын бәсеңдетуі мүмкін.

Басқа бағдарламалардан келіп түскен DDE сұрауларын ескермеу     Динамикалық дерек алмасуды (DDE) пайдаланатын басқа бағдарламалармен дерек алмасуды болдырмайды.

Автоматты байланыстарды жаңартуды сұрау     Байланысқан элементтерді жаңартудан бұрын растау мүмкіндігін беретін хабар көрсетеді.

Қосымша құрылғының пайдаланушылық тілдесу қателерін көрсету     Орнатқан және пайдаланатын қосымша құрылғылардың пайдаланушылық тілдесу қателерін көрсетеді.

Мазмұнның өлшемін A4 немесе 21,59 x 27,94 қағаз өлшемдеріне шақтау     Кейбір елдер немесе аймақтар үшін Хат стандартты қағаз өлшемі болып табылады; басқалары үшін A4 стандартты өлшем болып табылады. Егер Excel бағдарламасының басқа елдің немесе аймақтың стандартты қағаз өлшемі (мысалы, A4) үшін пішімделген құжаттарды олар еліңіз немесе аймағыңыздың стандартты қағаз өлшемінде (мысалы, Хат) дұрыс басып шығарылатындай етіп автоматты түрде реттеуін қаласаңыз, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Бұл параметр тек қана қатты көшірмеге әсер етеді. Ол құжатыңыздың пішіміне әсер етпейді.

Іске қосқан кезде барлық файлдарды ашу     Іске қосқан кезде, Excel осы мәтін ұясында енгізілген қалтадағы файлдарды автоматты түрде ашады. Файлдардың орнын көрсету үшін мәтін ұясына қалтаға апаратын толық жолды енгізіңіз.

Веб-параметрлері      Деректер веб-шолғышта қаралғанда Excel деректері қалай көрінетінін және жауап беретінін анықтайтын параметрлерді орнатады.

Қызмет параметрлері     Тұтынушымен кері байланыс және құжаттарды басқару параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сыйысымдылық: Lotus

Microsoft Office Excel мәзірінің кілті     Microsoft Office Fluent пайдаланушы интерфейсі құрамдасы болып табылатын таспадағы пәрмендерге пайдаланылатын кілтті орнатады.

Lotus 1-2-3 пайдаланылған ауыстыру пернелері     Жұмыс парағын шарлау, өрнек енгізу, белгі енгізу және басқа әрекеттер үшін кілттердің қосымша жиынтығын белсендіреді.

Lotus сыйысымдылық параметрлері

Lotus сыйысымдылық параметрлері     Келесі параметрлер әсер ететін осы тізімді жолақтан жұмыс парағын таңдау.

Lotus 1-2-3 ережелері бойынша есептеу     Мәліметтерді жоғалтпай немесе өзгертпей, Lotus 1-2-3 файлдарын ашады және бағалайды. Осы параметр таңдалғанда, Excel мәтіндік жолдарды 0 (нөл) ретінде, Қисындық өрнектерді 0 немесе 1 ретінде және деректер қорының шарттарын Lotus 1-2-3 жүйесінде пайдаланылатын ережелерге сәйкес бағалайды.

Lotus 1-2-3 ережелері бойынша енгізу     Lotus 1-2-3 шығарылым 2.2 синтаксисінде енгізілетін өрнектерді Excel синтаксисіне өзгертеді және Excel бағдарламасында анықталған атауларды Lotus 1-2-3 жүйесінде анықталған атаулар сияқты әрекет еткізеді.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×