ҚосуғаРұқсат сипаты

Қолданылады

Пішін нысаны

ҚосуғаРұқсат сипатын пайдаланушының бір форма пайдалану кезінде жазба қосуына рұқсат бар-жоғын көрсету үшін пайдалануыңызға болады. Буль сипатын оқу/жазу.

өрнек.ҚосуғаРұқсат

өрнек Міндетті. "Қолданылады" тізімінде нысандардың біреуін беретін өрнек.

Параметр

ҚосуғаРұқсат сипатында келесі параметрлер қолданылады.

Параметр

Visual Basic

Сипаттама

Иә

Шын

(Әдепкі) Пайдаланушы жаңа жазбалар қоса алады.

Жоқ

Жалған

Пайдаланушы жаңа жазбалар қоса алмайды.


ҚосуғаРұқсат сипатын пішіннің сипаттар парағы, макроc немесе Бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) коды арқылы орнатуыңызға болады.

Ескертпелер

Пайдаланушылардың бар жазбаларды көруіне немесе өңдеуіне рұқсат беріп, жаңа жазбалар қосуына рұқсат бермеу үшін ҚосуғаРұқсат сипатын Жоқ мәніне қойыңыз.

Егер бар жазбаларға өзгерістер енуінің алдын алғыңыз (пішінді тек оқылатын еткіңіз) келсе, ҚосуғаРұқсат, ЖоюғаРұқсат және ӨңдеугеРұқсат сипаттарын Жоқ мәніне қойыңыз. Сонымен қатар, жазбаларды ЖазбаларжиыныТүрі сипатын Түсірілім мәніне қою арқылы тек оқылатын етуіңізге болады.

Егер бір пішінді тек деректер енгізу үшін ашқыңыз келсе, пішіннің ДеректерЕнгізу сипатын Иә мәніне қойыңыз.

ҚосуғаРұқсат сипаты Жоқ мәніне қойылған кезле, Деректер қойындысының Жазбалар тізіміндегі Жаңа жазба пәрменін қолдану мүмкін болмайды.

Ескерту : ПішіндіАшу әрекетінің "Деректер күйі" дәлелі пайдаланылған кезде, Microsoft Office Access 2007 бағдарламасы пішіннің бірқатар сипат параметрлерін жауып тастайды. Егер ПішіндіАшу әрекетінің "Деректер күйі" дәлелі Өңдеу мәніне қойылған кезде, Access пішінді келесі сипат параметрлерімен ашады:

  • ӨңдеугеРұқсат — Иә

  • ЖоюғаРұқсат — Иә

  • ҚосуғаРұқсат — Иә

  • ДеректерЕнгізу — Жоқ

ПішіндіАшу әрекеті осы бар сипат параметрлерінің біреуін жауып тастауының алдын алу мақсатында, Access бағдарламасы пішін анықтайтын сипат параметрлерін пайдалану үшін "Деректер күйі" дәлелінің параметрін елеместен өткізіп жіберіңіз.

Мысал

Келесі мысалда БасқаруТүрі сипаты пішіндегі барлық басқару элементтерінің бар-жоғын тексереді. Әрбір белгі немесе мәтін ұясы басқару элементі үшін іс реті сол басқару элементтерінің АрнайыӘсер сипатын ажыратып, қосып отырады. Белгі басқару элементтерінің АрнайыӘсер сипаты Көлеңкелі, ал мәтін ұясының басқару элементтерінің АрнайыӘсер сипаты Қалыпты және ҚосуғаРұқсат, ЖоюғаРұқсат пен ӨңдеугеРұқсат сипаттарының барлығы Шын мәніне қойылса, intCanEdit айнымалы мәні негізгі деректерді өңдеуге мүмкіндік беру үшін ажырап, қосылып отырады.

Sub ToggleControl(frm As Form)
Dim ctl As Control
Dim intI As Integer, intCanEdit As Integer
Const conTransparent = 0
Const conWhite = 16777215
For Each ctl in frm.Controls
With ctl
Select Case .ControlType
Case acLabel
If .SpecialEffect = acEffectShadow Then
.SpecialEffect = acEffectNormal
.BorderStyle = conTransparent
intCanEdit = True
Else
.SpecialEffect = acEffectShadow
intCanEdit = False
End If
Case acTextBox
If .SpecialEffect = acEffectNormal Then
.SpecialEffect = acEffectSunken
.BackColor = conWhite
Else
.SpecialEffect = acEffectNormal
.BackColor = frm.Detail.BackColor
End If
End Select
End With
Next ctl
If intCanEdit = IFalse Then
With frm
.AllowAdditions = False
.AllowDeletions = False
.AllowEdits = False
End With
Else
With frm
.AllowAdditions = True
.AllowDeletions = True
.AllowEdits = True
End With
End If
End Sub
Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×