Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін қолдану

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі тізімге немесе кітапханаға сақталған Microsoft Office құжатын бір топ адамдардың цифрлік қолтаңбасын жинау үшін бағыттап жібереді. Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі бір не бірнеше Microsoft Office қолтаңба жолдары бар Microsoft Office Word 2007 немесе Microsoft Office Excel 2007 құжаттарымен ғана жұмыс істейді. Әдепкі күйінде, Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі Құжат мазмұн түрімен байланысты. Сол себептен, ол Microsoft Office қолтаңба жолдары бар құжаттарға немесе жұмыс кітаптарына арналған құжат кітапханаларында автоматты түрде қолданысқа беріледі.

Осы мақалада

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі қалай жұмыс істейді?

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу немесе өзгерту

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін құжатта немесе жұмыс кітабында бастау

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі тапсырмаларын аяқтау

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі қалай жұмыс істейді?

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі құжатты қолтаңба жинау мақсатымен бір топ адамға жіберетін бизнес-процессті қолдайды. Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі процесске қатысты адам орындайтын тапсырмалардың барлығын қадағалау мен басқару арқылы және ол аяқталған кезде процесстің жазбасын қамтамасыз ету арқылы цифрлік қолтаңба процессінің өнімділігін жоғарылатады.

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі Microsoft Office SharePoint Server 2007 жиынтығындағы басқа алдын ала белгіленген жұмыс үдірістерінен өзгеше болады, яғни пайдаланушылар осы жұмыс үдірісін қолтаңбалау тапсырмасы орындалатын 2007 Microsoft Office жүйесі клиенттік бағдарламасынан орындау керек.

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін қолдану үшін, алдымен құжатыңызды немесе жұмыс кітабыңызды қолданғыңыз келетін белгілі бір Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі бар жердегі SharePoint кітапханасыны сақтауыңыз керек. Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін бастау үшін, ішінде бір не бірнеше қолтаңбаларды жинағыңыз келетін Office Word 2007 құжатты немесе Office Excel 2007 жұмыс кітабын ашыңыз. Егер құжатта немесе жұмыс кітабында қажетті Microsoft Office қолтаңбалары жолдары болмаса, оларды алдымен енгізуіңіз керек, әйтпесе Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі қолданысқа берілмейді. Жұмыс үдірісін клиенттік бағдарламадан бастау үшін, Microsoft Office батырмасын басыңыз, Жұмыс үдірістерін бастау дегенді нұқыңыз, содан соң, қолданғыңыз келетін Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін таңдаңыз. Құжатқа қолтаңба қоюлары қажет адамдардың аттарын белгілейтін жұмыс үдірісін бастайтын пішінді толтырыңыз. Пішін құжатта немесе жұмыс кітабында белгіленген ұсынылған қол қоюшылардың аттарын автоматты түрде көрсетеді. Қолтаңбалау тапсырмаларын қолтаңба шығатын кезегі бойынша бекітуді немесе бірден барлық қол қоюшыларға бекітуді таңдауыңызға болады.

Жұмыс үдірісі басталған соң, сервер қолтаңбалау тапсырмаларын барлық қатысушыларға бекітеді. Егер электронды пошта ескертулері серверде қосылып тұрған болса, онда сервер барлық қатысушыларға өздерінің қолтаңбалау тапсырмалары жөнінде электронды пошта ескертулеріне де жібереді. Қатысушылар электронды пошта ескертуіндегі Осы тапсырманы өңдеу батырмасын басу арқылы қол қоюға жататын құжатты немесе жұмыс кітабын ашып, қолтаңбалау тапсырмаларын аяқтауларына болады.

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі орындалу кезінде жұмыс үдірісінің егесі немесе қатысушылар Жұмыс үдірісі күй бетінен қай қатысушылар жұмыс үдірісі тапсырмаларын аяқтағанын көруіне болады. Жұмыс үдірісі қатысушылары тапсырмаларын аяқтаған кезде, жұмыс үдірісі тоқтайды және жұмыс үдірісінің егесі Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі аяқталды деген электронды пошта хабарын алады. Бұл электронды пошта хабары құжатқа қол қойған барлық адамдардың аттарын және басында қол қоюға ұсынылған адамдардың аттарын да көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу немесе өзгерту

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін қолданбас бұрын, оны белгілі бір орындағы құжаттарға немесе элементтерге қолданысқа беру үшін, тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу керек. Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі негізі кітапханаларда қолдануға арналған. Сондықтан, оны тек Office Word 2007 немесе Office Excel 2007 бағдарламасында ашылатын құжаттарда ғана бастауға болады. Жұмыс үдірісін кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу үшін, Тізімдерді басқару рұқсатыңыз болуы керек. Осы тапсырманы көбінесе белгілі бір тізімдерді немесе кітапханаларды басқаратын торап әкімшілері немесе жеке тұлғалар орындайды.

Тораптағы жұмыс үдірісінің бар-жоғы, оның қай жерге қосылғанына байланысты болады:

  • Егер жұмыс үдірісін тікелей кітапханаға қосатын болсаңыз, ол тек сол кітапханадағы құжаттарға беріледі.

  • Егер жұмыс үдірісін тізімнің мазмұн түріне қосатын болсаңыз (мысалы, белгілі бір кітапханаға қосылған тораптың мазмұн түрі), ол сол мазмұн түрі байланысты белгілі бір кітапханадағы мазмұн түріндегі элементтеріне беріледі.

  • Егер жұмыс үдірісін торап мазмұн түріне қосатын болсаңыз, ол сол тораптың мазмұн түрінің көшірмесі қосылған әр тізімдегі немесе кітапханадағы сол мазмұн түріндегі элементтерге беріледі. Егер жұмыс үдірісіңізді белгілі бір мазмұн түріндегі элементтерге арналған торап жинағындағы кітапханаларында қолданысқа бергіңіз келсе, сол жұмыс үдірісін тікелей тораптың мазмұн түріне қосу ең өнімді жолы болады.

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу немесе өзгерту

Егер Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін кітапханаға немесе мазмұн түріне қосқыңыз келсе немесе кітапханамен немесе мазмұн түрімен байланысты Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін өзгерткіңіз келсе, келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Жұмыс үдірісін қосқыңыз келетін кітапханаған немесе мазмұн түріне арналған Жұмыс үдірісін қосу бетіне немесе Жұмыс үдірісін өзгерту бетіне өту үшін, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Кітапхана үшін:

      1. Жұмыс үдірісін қосқыңыз немесе өзгерткіңіз келетін кітапхананы ашыңыз.

        Параметрлер мәзірінде Settings menu ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

        Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

      2. Рұқсаттар және басқару тармағының астында Жұмыс барысының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    • Тізімнің мазмұн түрі үшін:

      1. Жұмыс үдірісін қосқыңыз немесе өзгерткіңіз келетін тізімнің мазмұн түрінің көшірмесі бар кітапхананы ашыңыз.

        Параметрлер мәзірінде Settings menu ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

        Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

      2. Мазмұн түрлері тармағында мазмұн түрінің атын нұқыңыз.

        Ескерту : Егер кітапхана бірнеше мазмұн түрлерін қабылдайтындай қойылмаған болса, Мазмұн түрлері бөлімі кітапханаға арналған Бейімдеу бетінде шықпайды.

      3. Теңшеулер тармағында Жұмыс үдірісі теңшеулері дегенді нұқыңыз.

    • Тізімнің мазмұн түрі үшін:

      1. Торап жинағына арналған үй бетіндегі Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі тінтуірді Торап теңшеулері дегене апарып, Барлық торап теңшеулерін өзгерту дегенді нұқыңыз.

      2. Галереялар тармағында Тораптың мазмұн түрі дегенді нұқыңыз.

      3. Жұмыс үдірісін қосқыңыз немесе өзгерткіңіз келетін тораптың мазмұн тұрінің атын нұқып, Жұмыс үдірісінің теңшеулері дегенді таңдаңыз.

        Ескерту : Егер жұмыс үдірістері осы кітапханаған немесе мазмұн түріне қосылған болса, бұл қадам тікелей Жұмыс үдірісінің теңшеулерін өзгерту бетіне апарады. Сонда, Жұмыс үдірісін қосу бетіне өту үшін, Жұмыс үдірісін қосу дегенді нұқуыңыз қажет. Егер кітапханаға немесе мазмұн түріне ешқандай жұмыс үдірістері қосылмаған болса, бұл қадам тікелей Жұмыс үдірісін қосу бетіне апарады.

  2. Жұмыс үдірісі теңшеулерін өзгерту бетінде Жұмыс үдірісін қосу дегенді немесе теңшеулерін өзгерткіңіз келетін жұмыс үдірісінің атын нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Егер жұмыс үдірісін қосатын болсаңыз, Жұмыс үдірісін қосу бетіндеге Жұмыс үдірісі бөлімінде Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі үлгісін нұқыңыз.

    • Егер жұмыс үдірісінің теңшеулерін өзгертетін болсаңыз, Жұмыс үдірісін өзгерту бетінде өзгерткіңіз келетін теңшеулерді келесі қадамдар бойынша өзгертіңіз.

  4. Аты бөлімінде жұмыс үдірісінің бірегей атын теріңіз.

    Тапсырмалар тізімі бөлімінде осы жұмыс барысымен қолданатын тапсырмалар тізімін белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалана аласыз немесе жаңасын жасай аласыз. Егер сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдаланатын болсаңыз, жұмыс барысына қатысушылар Тапсырмалар тізіміндегі Тапсырмаларым көрінісін пайдалану арқылы өздерінің жұмыс барысындағы тапсырмаларын оңай тауып, көре алатын болады.

    • Осы жұмыс барысының тапсырмалары сіз негізгі Тапсырмалар тізімінен бөлек сақтағыңыз келетін сезімтал немесе құпия деректерді анықтайтын болса, сіз жаңа тапсырмалар тізімін жасауыңыз тиіс.

    • Егер ұйымыңызда көптеген жұмыс барыстары болса немесе жұмыс барысына көптеген тапсымалар кірістірілген болса, сіз жаңа тапсырмалар тізімін жасауыңыз тиіс. Бұл жағдайда сіз әр жұмыс барысы үшін бөлек тапсырмалар тізімін жасауды қалауыңыз мүмкін.

  5. Тарих тізімі бөлімінде осы жұмыс үдірісімен қолданылатын тарих тізімін таңдаңыз. Тарих тізімі жұмыс үдірісінің әр орындалуында болатын оқиғалардың барлығын көрсетеді.

    Ескерту : Әдепкі Тарих тізімін қолдануыңызға немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер ұжымыңызда бірнеше жұмыс үдірісі болса, әр жұмыс үдірісіне бөлек тарих тізімін жасауды қалауыңыз мүмкін.

  6. Бастау опциялары бөлімінде жұмыс үдірісі қалай, қашан немесе кіммен басталатынын белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Аранайы параметрлер өзіңіз таңдаған жұмыс барысы үлгісі тарапынан қолдаусыз болған жағдайда қол жетерлік болмауы мүмкін.

    • Осы жұмыс барысын тармақтың негізгі нобайын жариялауды растау үшін іске қосу тармағына кітапхананың негізгі және қосалқы нобайларына қолдау көрсету қосылған жағдайда және сіз таңдаған жұмыс барысының үлгісі мазмұнды растау үшін қолдана алатын жағдайда ғана іске қосылады.

  7. Егер осы жұмыс үдірісін тораптың мазмұн түріне қосатын болсаңыз, Тізім мен Торап мазмұн түрлерін жаңарту бөліміндегі осы мазмұн түрінен мұраланатын барлық мазмұн түрлеріне осы жұмыс үдірісін қосқыңыз келетінін не келмейтінін белгілеңіз.

    Ескерту : Тізім мен Торап мазмұн түрлерін жаңарту бөлімі Жұмыс үдірісін қосу бетінде торап мазмұн түрлеріне ғана көрсетіледі.

  8. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін құжатта немесе жұмыс кітабында бастау

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін бастамас бұрын, қолтаңба жинағыңыз келетін құжатыңызды немесе жұмыс кітабыңызды Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі берілген SharePoint кітапханасына сақтауыңыз керек. Жұмыс үдірісін бастау үшін, кемінде Элементтерді өңдеу рұқсатыңыз болуы керек. Кейбір жұмыс үдірістері, оларды құжатты немесе элементте бастау үшін, сізде Тізімдерді басқару рұқсаты болғанын талап етеді.

Ескерту : Жұмыс үдірісін бастағаныңыздан кейін жұмыс үдірісі қатысушылары электронды пошта ескертулері мен ескертпелерді алатынын қамтамасыз еткіңіз келсе, электронды пошта ескертулері торабыңызда қосылып тұрғанын сервер әкімшісімен тексеріңіз.

  1. Кітапхана ашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз

    Сіздің кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Тінтуірді Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін бастағыңыз келетін құжатқа немесе жұмыс кітабына апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз. Содан соң, Бағдарлама аты ішінді өңдеу дегенді таңдаңыз.

  3. Егер құжатта немесе жұмыс кітабында жинағыңыз келетін цифрлік қолтаңбаларады ұстайтын қолтаңба жолдары болмаса, оларды қазір енгізіңіз.

    Қалай?

    1. Ашық тұрған Office Word 2007 немесе Office Excel 2007 құжатында тінтуіріңізді құжатыңызда қолтаңба жолын қосқыңыз келетін жеріне апарыңыз.

    2. Енгізу қойындысында, Мәтін тобында Қолтаңба жолының қасындағы көрсеткіні таңдап, Microsoft Office қолтаңба жолы дегенді нұқыңыз.

    3. Қолтаңба қою тілқатысу терезесінде осы қолтаңба жолына қолын қоятын адам туралы мәліметті енгізіңіз. Бұл мәлімет құжаттағы қолтаңба жолының дәл астында көрсетіледі.

      • Қол қоюшының атын Ұсынылған қол қоюшы жолағына енгізіңіз.

      • Қол қоюшының ұжымдық лауазымын (бар болса) Ұсынылған қол қоюшының лауазымы жолағына енгізіңіз.

      • Қол қоюшының электронды пошта адресін (бар болса) Ұсынылған қол қоюшының электронды пошта адресі жолағына енгізіңіз.

    4. Егер қол қоюшыға қандай-да бір нұсқа бергіңіз келсе, сол нұсқаларыңызды Қол қоюшыға берілетін нұсқалар жолағына енгізіңіз. Бұл нұсқалар пайдаланушы құжатқа қол қоюға қолданатын Қол қою тілқатысу терезсінде көрсетіледі.

    5. Егер қол қоюшыға қол қоюдан басқа, өз аңғартпаларын қосуға да мүмкіндік бергіңіз келсе, Қол қоюшыға Қол қою тілқатысу терезесінде аңғартпаларын қосуды мүмкін ету құсбелгі көзін белгілеңіз.

    6. Егер қолтаңба қолтаңба жолына қосылған күн-айын көрсетіп қойғыңыз келсе, Қолтаңба жолында қол қою күн-айын көрсету құсбелгі көзін белгілеңіз.

    7. ОК батырмасын басыңыз.

    8. Қосымша қолтаңба жолдарын қосу үшін, 1-7-ші қадамдарын орындаңыз.

  4. Егер жаңа қолтаңба жолдарын қосатын болсаңыз, Microsoft Office батырмасы дегенді таңдап, Сақтау батырмасын нұқу арқылы өзгерістеріңізде сақтаңыз.

  5. Егер құжат тіркеуден шығарылған болса, онда жұмыс үдірісін бастамас бұрын, құжатты тіркеуге алуыңыз керек. Құжатты тіркеуге алу үшін, Microsoft Office батырмасын басыңыз, тінтуірді Microsoft Office батырмасы дегенге апарып, Тіркеуге алу дегенді нұқыңыз.

  6. Жұмыс үдірісін бастау үшін, Microsoft Office батырмасын басып, Жұмыс үдірісін бастау дегенді нұқыңыз.

  7. Жұмыс үдірістері тілқатысу терезесінде қолданғыңыз келетін Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін тауып алып, Бастау дегенді нұқыңыз.

  8. Жұмыс үдірісінің аты тілқатысу терезесінде құжатқа қол қойдырғыңыз келетін адамдардың аттарын тиісті қол қоюшылар жолдарына енгізіңіз немесе Қол қоюшы дегенді нұқу арқылы каталог қызметінен адамдарды таңдаңыз.

  9. Егер қолтаңба тапсырмаларын құжатта қолтаңба жолдары шығатын кезегі бойынша бекіткіңіз келсе, Қолтаңбалардың барлғыны бірден емес, бірақ жоғарыдағы кезегі бойынша сұрау құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Ескерту : Бұл опция, егер құжатта біреуден көп Microsoft Office қолтаңба жолы болса ғана беріледі.

  10. Егер жұмыс үдірісі басталған кезде басқа адамдар ескертпелер (тапсырма бекітулері емес) алғанын қаласаңыз, олардың аттарын CC жолағына теріңіз немесе CC жолағын нұқып, каталог қызметінен адамдарды және топтарды таңдаңыз.

  11. Бастау батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі тапсырмаларын аяқтау

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісін құжатқа қолтаңба қосу арқылы аяқтау үшін, алдымен тапсырмаңызды Office Word 2007 немесе Office Excel 2007 бағдарламасынан аяқтауыңыз керек. Алайда, Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі тапсырмасын серверде өңдеу арқылы басқа адамға бекітуіңізге немесе қолтаңбаңыз енді қажет болмайды деп белгілеуіңіз керек.

Қолтаңба жинау жұмыс үдірісі тапсырманы аяқтау үшін, құжатқа қол қойыңыз.

  1. Электронды пошта тапсырма хабарыңызда Бұл тапсырманы өңдеу батырмасын басып, Құжатты ашу дегенді нұқыңыз.

  2. Активті құжатыңыздың жоғарғы жағында шығатын хабар тақтасында Қол қою дегенді нұқыңыз.

    Ескертулер : 

    • Егер бұл құжат сақталған кітапхана өңдеу алдында құжаттарды тіркеуден шығаруды талап етсе, Қол қою дегенді нұқу алдында, Хабар тақтасындағы Тіркеуден шығару дегенді нұқы қажет болуы мүмкін.

    • Егер қолтаңбаңыз құжатта біреуден көп жерде сұранса, Хабар тақтасындағы Жұмыс үдірісі тапсырмаларын қарау дегенді нұқыңыз. Жұмыс үдірісі тапсырмалары тілқатысу терезсінде тапсырманы таңдап, Ашу дегенді нұқу арқылы белгілі бір жерді тіркеуге алыңыз. Әрекетті тізімдегі әр қолтаңбалау тапсырмасына қайталаңыз.

  3. Қолтаңбаңызды құжатқа қосу үшін, Қол қою тілқатысу терезесінде келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Қолтаңбаңыздың баспа нұсқасын қосу үшін, атыңызды X дегеннің қасындағы жолаққа енгізіңіз.

    • Жазылған қолтаңбаңыздың суретін таңдау үшін, Суретті таңдау дегенді нұқыңыз. Қолтаңба суретін таңдау тілқатысу терезесінде қолтаңбаңыздың сурет файлының орналасқан жерін тауып алып, қажетті файлды таңдап, Таңдау дегенді нұқыңыз.

    • Жазылған қолтаңбаны қосу үшін (тек Tablet PC пайдаланушылары үшін), атыңызды X дегеннің қасындағы жолаққа сиялау мүмкіндігін қолдану арқылы жазыңыз.

    • Қол қою тілқатысу терезесінен Қол қою дегенді шертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Қолтаңбалар жұмыс үдірісі тапсырмасын серверде өңдеу

  1. Тораптың Тапсырмалар тізіміне барыңыз. Содан соң, жұмыс үдірісі тапсырмаңызды тауып алу үшін, Көрініс мәзірінен Тапсырмаларым дегенді таңдаңыз.

    Ескерту : Егер жұмыс үдірісі әдепкі Тапсырмалар тізімін қолданбаса, онда жұмыс үдірісі тапсырмаңыз Тапсырмалар тізімінде шықпауы мүмкін. Жұмыс үдірісі тапсырмасын тауып алу үшін, жүмыс үдірісі элементі сақталған кітапханаға өтіңіз. Қажетті элементке тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз. Содан соң, Жұмыс үдірістері дегенді нұқыңыз. Жұмыс үдірісітерін орындау тармағында сіз қатысушы болған жұмыс үдірісінің атын нұқыңыз. Жұмыс үдірісі күйі бетіндегі Тапсырмалар тармағында жұмыс үдірісі тапсырмаңызды тауып алыңыз.

  2. Аяқтағыңыз келетін тапрсымаға тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз. Содан соң, Элементті өңдеу дегенді нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Қолтаңбалау тапсырмаңызды басқа адамға бекіту үшін, сол адамның атын Тапсыру жолына енгізіңіз немесе Тапсыру дегенді нұқып, адамды каталог қызметінен таңдаңыз.

    • Қолтаңба жолына қол қойылғанын немесе қолтаңбаңыз енді қажет болмайтынын белгілеу үшін, Тапсырманы жаңарту тармағындағы Бұл қолтаңба жолына қол қойылған немесе бұл қолтаңба енді қажет болмайды құсбелгі көзін белгілеңіз.

  4. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×