Қате Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралын іске қосуға мүмкіндік бермейді

Белгілері

Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасын орнату кезінде келесі хабар пайда болады:

Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралын іске қоспайтын қате пайда болды. Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралын жойып, оны қайта орнатыңыз. Қате пайда болса, «Анықтама» түймешігін басыңыз.

Себебі

Қате Outlook .inf файлының зақымданып, Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауынан болуы мүмкін.

Қате әкімшінің кіру рұқсатынсыз Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасын орнату немесе басқа да Office бағдарламаларымен үйлеспейтін тіл нұсқасын орнату салдарынан пайда болуы мүмкін.

Шешімдер

Ең оңай шешім - Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасын жойып, оны әкімші ретінде қайта орнату.

Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралын жою

Windows XP жүйесінде

  1. Бастау мәзіріндегі Бағдарламалар, кейін Басқару тақтасы түймешігін басыңыз.

  2. Басқару тақтасы бөлімінің Санаттық көрініс тармағындағы Бағдарламаларды қосу немесе жою түймешігін басыңыз.

  3. Бағдарламаларды өзгерту немесе жою қойындысын басып, тізімдегі Outlook 2010 бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші түймешігін басыңыз.

  4. Жою түймешігін басып, Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасын жою үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Windows Vista және Windows 7 жүйесінде

  5. Бастау мәзіріндегі Басқару тақтасы түймешігін басыңыз.

  6. Басқару тақтасы терезесінің Санаттық көрініс бөліміндегі Бағдарламалар мен мүмкіндіктер тармағының астында орналасқан Бағдарламаны жою түймешігін басыңыз.

  7. Microsoft Outlook 2010 бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші, кейін Жою/Өзгеру түймешігін басыңыз.

  8. Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасын жою үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралын қайта орнату

  1. Компьютерге әкімші тіркелгісімен кіріңіз.

  2. Контактілерді реттеуші құралы бар Office DVD дискісін салып, Орнату түймешігін басыңыз.

  3. Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралын қайта орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

  4. Outlook бағдарламасын іске қосып, Контактілерді реттеуші құралын іске қосу шеберін орындаңыз. Шебер автоматты түрде іске қосылмаса, Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралын қайта қосу қажет.

    a)Outlook бағдарламасындағы Файл қойындысын басыңыз.

ә)Контактілерді реттеуші қойындысын басыңыз.

б)Контактілерді реттеуші құралын қосу бөліміндегі Қосу түймешігін басып, іске қосу шеберінің нұсқауларын орындаңыз.

  1. Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші құралының төмендегідей тексеруге болады:

    Windows XP жүйесінде

    1. Бастау мәзіріндегі Бағдарламалар, кейін Басқару тақтасы түймешігін басыңыз.

    2. Басқару тақтасы бөлімінің Санаттық көрініс тармағындағы Бағдарламаларды қосу немесе жою түймешігін басыңыз.

    3. Бағдарламаларды өзгерту немесе жою қойындысын басыңыз.

    4. Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламалар тізімінде болса, бағдарлама орнатылған.

      Windows Vista және Windows 7 жүйесінде

    5. Бастау мәзіріндегі Басқару тақтасы түймешігін басыңыз.

    6. Басқару тақтасы бөлімінің Санаттық көрініс тармағындағы Бағдарламалар мен мүмкіндіктер түймешігін басыңыз.

    7. Бағдарламаны жою түймешігін басыңыз.

    8. Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламалар тізімінде болса, бағдарлама орнатылған.

  2. Microsoft Outlook 2010 бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші тізімде болмаса, бағдарламалық құралды DVD дискіден қайта орнату керек.

Басқа тілдегі нұсқалар үшін

Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасы Office бағдарламаларына таңдалған тілден басқа тілде орнатылды деп ойласаңыз, Outlook бағдарламасына арналған контактілер реттеуші құралын басқа да Office бағдарламаларымен бірдей тілде орнату ұсынылады. Бұл шешімді орындау мүмкін болмаса, бағдарламалық құралды әкімші ретінде орнатып көріңіз.

Microsoft XP жүйесінде      Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасының басқа тілдегі нұсқасын орнатпас бұрын әкімші ретінде кіріңіз.

Windows Vista немесе Windows 7 жүйесінде      Outlook бағдарламасына арналған контактілерді реттеуші бағдарламасын орнатқан кезде бағдарламаны немесе файл атауын тінтуірдің оң жағымен басып, Әкімші ретінде іске қосу түймешігін басыңыз.

Әкімшінің кіру рұқсатымен басқа тілдегі нұсқаны орнатуға болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×