ҚатеБолғанда құрамды әмір амалы

Құрамды әмірде қате орын алса не болатынын көрсету үшін ҚатеБолғанда амалын пайдалануыңызға болады.

Параметр

ҚатеБолғанда амалының төмендегідей дәлелдері бар.

Амал дәлелі

Сипаттама

Өту

Қате болған жағдайда орын алуға тиіс әдеттегі іс-әрекетті көрсетіңіз. Ашылмалы жүгіргіні нұқыңыз да, содан кейін төмендегі параметрлердің бірін таңдаңыз:

Параметр

Сипаттама

Келесі

Microsoft Office Access 2007 қатенің егжей-тегжейлерін ҚұрамдыӘмірҚатесі нысанына жазады, бірақ құрамды әмірді тоқтатпайды. Құрамды әмір келесі әмірді орындауға кіріседі.

Құрамды әмір атауы

Access ағымдық құрамды әмірді тоқтатады да, Құрамды әмір атауы дәлелінде аталған құрамды әмірді іске қосады.

Сәтсіздік

Access ағымдық құрамды әмірді тоқтатады да, қате туралы хабарды көрсетеді.

Құрамды әмір атауы

Егер Өту дәлелі Құрамды әмір атауы етіп орнатылса, қатені түзету үшін пайдаланылуға тиісті құрамды әмірдің атауын теріңіз. Сіз теретін атауы ағымдық құрамды әмірдің Құрамды әмір атауы бағанындағы атауға сәйкес келуге тиіс; сіз басқа құрамды әмір нысанының атауын енгізе алмайсыз. Төмендегі мысалда ҚатеніТүзеткіш құрамды әмірі ҚатеБолғанда амалы орналасқан құрамды әмір нысанында жазылған.

Егер Өту дәлелі Келесі немесе Сәтсіздік етіп орнатылған болса, бұл дәлел бос қалдырылуға тиіс.

Ескертпелер

  • ҚатеБолғанда амалы әдетте құрамды әмір басталған кезде орналастырылады, алайда, бұл амалды құрамды әмірде кейінірек те орналастыра аласыз. Амал арқылы белгіленген ережелер амал іске қосылған бетте-ақ күшіне кіреді.

  • Егер Өту дәлелі Сәтсіздік етіп орнатылса, Access құрамды әмірде ҚатеБолғанда амалы мүлде болмағандай әрекет етеді. Яғни, егер қате орын алса, Access құрамды әмірді тоқтатады да, қате туралы стандартты хабарды көрсетеді. Сәтсіздік параметрінің негізгі мақсаты - құрамды әмірде бұрынырақ белгіленген қандай да бір қате түзету құралын өшіріп тастау.

Мысал

Төмендегі құрамды әмір ҚатеБолғанда амалының қалай пайдаланылатынын көрсетеді. Бұл мысалда ҚатеБолғанда амалы қате орын алған кезде Access бағдарламасының ҚатеТүзеткіш деп аталатын таңдамалы қате түзету құрамды әмірін іске қосатынын көрсетеді. Егер қате келесі амалдардың кез келгенінде орын алса, Access ҚатеТүзеткіш құрамды әміріне өтіп кетеді. ҚатеТүзеткіш құрамды әмірі хабар жолағын көрсетеді де, онда қате туралы ақпаратты көрсету үшін ҚұрамдыӘмірҚатесі нысанына сілтеме жасалады.

Құрамды әмір атауы

Амал

Дәлелдер

ҚатеБолғанда

Өту: Құрамды әмір атауы

Құрамды әмір атауы: ҚатеТүзеткіш

[Амал 2]

...

[Амал n]

ҚатеТүзеткіш

ХабарЖолағы

Хабар: ="Қате # " & [ҚұрамдыӘмірҚатесі].[Нөмір] & " on " & [ҚұрамдыӘмірҚатесі].[АмалАтауы] & " амал."

Дыбыстық белгі: Иә

Түрі: Жоқ

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×