Қайталанатын кестені енгізу

Пайдаланушылар кестеде ақпарат енгізу мүмкіндігіне ие болуын қаласаңыз, Microsoft Office InfoPath пішін үлгіңізге қайталанатын кестені енгізуіңізге болады. Әдетте қайталанатын кестелер әдепкі бойынша бір жол көрсетеді. Егер қажет болса пайдаланашулар сіз жаратқан пішін үлгіні толтрып жатқанда кестеге қосымша жолдарды қоса алады. Егер сіздің пішін үлгіңіз дерекқоры сияқты сыртқы деректер көзіне деректер байланысы болатын болса үлгідегі жазуларды көрсету үшін қайталанатын кестеден пайдлануыңызға болады.

Бұл мақала төмендегі тақырыптарды қамтиды

Қайталанатын кестеден пайдалану туралы

Пайдаланушы тәжірибесі

Қайталанатын кестені енгізу

Орналасу кеңестері

Қайталанатын кестеден пайдалану туралы

Келесілерді орындауды қалағаныңызда қайталанатын кестеден пайдаланыңыз:

  • Пайдаланушыларға деректерді құрылымдық, кесте пішінде енгізуге мүмкіндік жарату.

  • Жол элементтерін, нөмірлік деректерін және кестеде жақсы көрсетілетін басқа түрдегі деректерді жинау.

  • Тек деректері бар жолдарды көрсету арқылы пішін үлгіде бос орын сақтап қалу.

  • Пішін үлгінің кестесінде дерекқорыдан, Веб-тораптан немесе басқа дерек көздерінден алынған жазуларды көрсету немесе олармен істеу.

Келесі суретте қайталанатын кесте шығын есеп құжаттардан жол элементерін жинау үшін қолданылған.

Repeating table used to collect line items in an expense report

Қайталанатын кесте үш бөлімден құрам тапқан:

  • Жоғарғы деректеме жолы    Жаңа, бос пішін үлгіге қайталанатын кестені енгізгеніңізде жоғарғы деректеме жолы әдепкі бойынша ашылады. Әдетте жоғарғы деректеме жолдардан бағандарға тақырып қою үшін пайдаланылады. Егер бағандарға тақырып керек емес болса Қайталанатын кесте сипаттары тілқатысу жолағында Тақырыпты қосу құсбелгі көзін өшіріңіз.

  • Дерек жолы    Дерек жолы бұл үлгіде қанша керек болса сонша рет "қайталанатын" жол. Осы пішін үлгінің жаратушысы ретінде құрастыру тәртібі қайталанатын кестені енгізіп жатқаныңызда әдетте бір жолды ғана көрісіз. Алайда пайдаланушы сіз жаратқан пішін үлгіңізді толтырып жатқанда CTRL+ENTERді басу арқылы, мәтімәндік мәзірде әмірлерды шерту арқылы немесе сіз баптай алатын үлгінің нұсқаулық мәтінідегі Элементті енгізу батырмасын басу арқылы бірнеше жолдарды қоса алады.

  • Төменгі деректеме жолы    Бағандағы мәндерді жинақтайтын мәтін жолақтарды немесе өрнек өрістерді қосу үшін төменгі деректеме жолыдын пайдалануыңызға болады. Қайталанатын кестеде төменгі деректеме жолы әдепкі бойынша пайда болмайды. Төменгі деректеме жолын қосу үшін Қайталанатын кесте сипаттары тілқатысу жолағында Төменгі деректеме жолын қосу құсбелгі көзін белгілеңіз.

Байланысты басқару элементтері

InfoPath бағдарламасының құрамында қайталанатын кестеге ұқсас алайда мақсаты басқа басқару элементтері бар. Сіздің пішін үлгіңізде қай бір басқару жақсы істейтінін білу үшін келесі тізімді көріңіз:

Қайталанатын бөлім    Пайдаланушылар үлгіге бірнеше рет енгізе алатын (мысалы үшін дерекқорға ақпарат енгізу) бөлімді жарату үшін қайталанатын кестенің орнына қайталанатын бөлімден пайдаланыңыз.

Көлденеңінен қайталанатын кесте    Пайдаланушылар жолдардың орнына қосымша бағандарды қосу мүмкіндігіне ие болуын қаласаңыз әдеттегі қайталанатын кестеден емес көлденнеңінен қайталанатын кестеден пайдалануыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы тәжірибесі

Пайдаланушылар қайталанатын кестеде жүгіргіні жол үстіне әр алып келгенде мәтінмәндік мәзір батырмасы пайда бола береді. Пайдаланушылар бұл батырманы мәтінмәндік мәзірде жолды енгізу немесе жою әмірлерін көру үшін шертеді.

Shortcut menu for repeating table

Пайдаланушылар үлгідегі қайталанатын кестеде пайда болатын Элементті енгізу мәтінін басу арқылы жаңа жолды енгізу мүмкін. Сіз өзіңіздің пішін үлгіңізді жаратып жатқанда бұл мәтінді баптауыңызға немесе жойып тастауыңзға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Қайталанатын кестені енгізу

Дерекқорыда немесе басқа сыртқы дерек көздерінде сіз жаратып жатқан үлгіңізге қарап яғни ол жаңа, бос пішін үлгі ме немесе өзіңіздің дизайныңызға негізделген пішін үлгі ме қайталанатын кестені енгізу процедурасында кішкене айырмашылығы бар.

Келесі сурет қайталанатын кесте дизайн күйінде таңдалғанда қалай көрінетінін көрсетіп тұр.

Repeating table in design mode

Басқару элементтерінің байланысы болуы немесе болмауы мүмкін. Басқару элементінің байланысы болғанда, басқару элементіне енгізілген деректердің негізінде жататын пішін (.xml) файлында сақталуы үшін ол жолаққа немесе топқа қосылмайды. Басқару элементінің байланысы болмағанда, ол жолаққа немесе топқа қосылмайды, ал басқару элементіне енгізілген деректер сақталмайды. меңзеріңізді басқару элементі арқылы таңдағаныңызда немесе жылжытқаныңызда, мәтін мен байланысы бар белгіше басқару элементінің жоғарғы оң жақ бұрышына шығады. Мәтін басқару элементі деректер көзінде байланысқан топты немесе жолақты көрсетеді. Белгіше басқару элементінің сол топқа немесе жолаққа дұрыс байланысқанын көрсетеді. Байланыс дұрыс болғанда, жасыл белгіше шығады. Егер байланыс дұрыс болмаса, орнына сіз көк немесе қызыл белгішені көресіз.

Пішін үлгісіне арналған деректер көзі Деректер көзі тапсырмалар тақтасында реттелген көрініспен шығатын жолақтар мен топтардан тұрады. Әдетте пішін үлгінің деректер көзіндегі қайталанатын кестелер қайталанатын топмен байланысты, алайда оларды қайталанатын өрісмен байланыстыруға да болады.

Келесі мысалда пішім үлгідегі Егжей-тегжейлі шығындар деген кесте Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы элемент деген қайталанатын тобымен байланысты. Кестедегі  — Күн-ай, Сипаттары, Санат, және Бағасы  мәтін жолағы басқару эелементтері элемент деген қайталанатын тобының өрістерімен байланысты.

Relationship between repeating table on form template and repeating group in data source

Таза жаңа пішін үлгіге қайталанатын кестені енгізу.

Жаңа, бос пішін үлгісін жасақтағаныңызда, Басқару элементтері тапсырмалар тақтасындағы Деректер көзін автоматты түрде жасау қанатшасы әдепкі мәнімен таңдалады. Сіз басқару элементтерін пішін үлгісіне қосатындықтан, ол InfoPath бағдарламасына жолақтар мен топтарды деректер көзінде автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Бұл жолақтар мен топтар Деректер көзі тапсырмалар тақтасындағы қалта және файл белгішелерімен көрсетіледі.

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерді енгізу параметрінің астында, Қайталанатын кесте дегенді шертіңіз.

  4. Бағандар саны жолағында кестеде жоспарланған бағандар санын енгізіңіз.

  5. Қайталанатын кестенің деректер бағаныдағы әр бір бағанда мәтін жолағы болады. Мәтін жолағын басқа басқару түріне өткізу үшін өзгертпекші болған мәтін жолақта тінтүірдің оң батырмасын шертіңіз, пайда болған мәтінмәндік мәзірде жүгіргіні Өзгерту параметріне алып келіңіз, қалаған басқару эелементін таңдаңыз.

Бар деректер көзіне негізделген пішін үлгіге қайталанатын кестені енгізу.

Егер сіз пішін үлгіңізді бар Ашық белгілеу тілінде жасақтасаңыз, (XML) файлы, дерекқоры, веб қызметі, InfoPath бар деректер көзінен Деректер көзі тапсырмалар тақтасынан жолақтар мен топтарды шығарады. Бұл сценарийде Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы жолақты пішін үлгіге сүйреу арқылы қайталанатын кестені енгізуіңізге болады немесе оның орнына қайталанатын кестені Басқару элементтер тапсырмалар аймағыдан келесі процедурада көрсетілгендей енгізуіңізге болады:

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерді енгізу параметрінің астында, Қайталанатын кесте дегенді шертіңіз.

  4. Қайталанатын кестені байланыстыру шеберінің бірінші бетінде сіз пайдаланылатын дерекқорыны Деректер көзі тізімінден таңдап шертіңіз, содан соң кесте жолын байланыстырмақшы болған қайталанатын топты шертіңіз. Белгіше кескіні .

    Tip: Жаңа қайталанатын топты жарату үшін, осы қайталанатын топты қосмақшы болған топта тінтүірдің оң батырмасын шертіңіз, мәтінмәндік мәзірде Қосу батырмасын шертіп Өрісті немесе топты қосу тілқатысу жолағына осы қайталанатын топтың сипаттарын енгізіңіз.

  5. Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Қайталанатын кестені байланыстыру шеберінің екінші бетінде кестеге баған ретінде орнатпақшы болған Деректерді байланыстыру тізімін қос шертіңіз.

    Tip: Деректерді байланыстыру тізімінде жаңа жолақты жарату үшін қайталанатын кесте байланыстырылған топты қос шертіңіз, мәтінмәндік мәзірде Қосу батырмасын шертіп Өріс немесе Топты қосу тілқатысу жолағында осы жолақтын сипаттарын белгілеп кетіңіз.

  7. Бағандарды қайта түзу үшін Кестедегі жолдар тізімінде бағанды таңдаңыз, содан соң Жоғары жылжыту немесе Төмен жылжыту батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Орналасу кеңестері

Қайталанатын кесте ішіндегі басқару элементтердің көрінісін, өлшемін және басқа аспекттерін жаңарту үшін келесі кеңестерден пайдаланыңыз:

  • Бірнеше мәтін жолақтардың өлшемдерін бір уақытта өзгерту үшін өлшемдері өзгеретін мәтін жолақтарды таңдап Пішімдеу мәзірінде Сипаттар параметрін шертіңіз, содан соң Өлшемі қойындысында қажетті өзгертулерді енгізіңіз.

  • Пішін үлгіңізде пайдаланушылар енгізетін мәтіндің күтілетін ұзындығына сай мәтін жолақтардың өлшемдерін қайта орнатыңыз.

  • Қайталанатын кестедегі басқару элементтердің жиектер мен бояударды өзгерту үшін, өзгерілетін мәтін жолақтарды таңдаңыз, Пішімдеу мәзірінде, Жиектер мен Бояу параметрін шертіңіз, Жиектер қойындысын шертіңіз, содан соң керекті өзгерістерді енгізіңіз.

  • Қайталаантын кестенің ішінде, мәтін жолағында көрсетіліп тұрған мәтінге өзгерістерді енгізу үшін Пішімдеу құрал үстеліндегі Қаріп мен Қаріп өлшемі жолақтарыдан пайдаланыңыз. Пішін үлгідегі барлық мәтін жолақтардің қаріп мен қаріп өлшемдерін бір уақытта өзгерту үшін, сізге қажетті болып пішімделген мәтін жолағын таңдаңыз, содан соң Пішімдеу мәзірінде Қаріпті барлық мәтін жолақ басқару элементтерде қолдану дегенді шертіңіз.

  • Мәтін жолақтар мәтіндермен шынында қалай көрінетінін білу үшін Көрініс мәзірінде Деректер үлгісібатырмасын шертіңіз. Бұл сізге пайдаланушылар сіздің пішін үлгіңізді толтырып жатқанда ол қалай көрінетінін көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×