Қайталанатын кестедегі сандар бағанын қосу

Пішін үлгіге қайталанатын кесте енгізген кезіңізде, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы сіз кестенің бағанасына шендерді енгізе алатындай, жоғарғы жағына үстінгі дерек атауының қатарын қосады. Қайталанатын кестенің төменгі жағына қалауыңыз бойынша қосымша төменгі дерек атауының қатарын қосуыңызға болады. Төменгі дерек атауының қатарлары көбінесе сандар бағанасының астына өспелі қорытындысын көрсетуге пайдаланылады. Мысалы, қорытындының мәтін жолағын шығындар баяндамасының пішін үлгісіндегі шығындар бағанасының астында орналасқан төменгі дерек атауының қатарына қосуыңызға болады. Бағанаға мәндерді қосу үшін, қосынды функциясын төменгі дерек атауының қатарындағы Қорытындының мәтін жолағымен байланыстыруыңызға болады.

Repeating table with red box around Total text box

Бұл мақалада келесі талқыланады:

1-қадам: Қайталанатын кестеге төменгі дерек атауының қатарын қосыңыз

2-қадам: Төменгі дерек атауының қатарына Қорытынды мәтін жолағын қосыңыз

3-ші қадам: Қайталанатын кестенің бағанасындағы сандарды қосыңыз

1-ші қадам: Қайталанатын кестеге төменгі дерек атауының қатарын қосыңыз

  1. Пішін үлгіңіздегі кестенің астында тұрған Қайталанатын кесте шенін екі рет шертіңіз.

  2. Бейнелеу қойындысын нұқыңыз.

  3. Опциялар тармағынан Төменгі дерек атауын қосу құсбелгісін таңдаңыз.

    Кеңес : Қайталанатын кестенің соңғы жағына қосымша төменгі дерек атауларын қосу үшін, сіз енгізген бірінші төменгі дерек атауының қатарындағы бос ұяны тышқанның оң батырмасымен басып, тіркесімдер мәзіріндегі Енгізу дегенді шертіңіз. Содан соң, Жоғарғы қатарлар немесе Төменгі қатарлар дегенді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

2-ші қадам: Төменгі дерек атауының қатарына Қорытынды мәтін жолағын қосыңыз

Қайталанатын кестеңізге төменгі дерек атауының қатарын қосқаныңыздан кейін, төменгі дерек атауының қатарына Қорытынды мәтін жолағын қосуыңызға болады.

Ескерту : Сіз Қорытынды мәтін жолағын деректер қатарына емес, төменгі дерек атауының қатарына қосасыз. Себебі, пішінді пайдаланушылар деректер қатарының бірнеше көшірмесін қосуы мүмкін, ал сізге сол Қорытынды жолағы пайдаланушының пішінінде бірнеше рет шыққаны қажеті жоқ.

  1. Төменгі дерек атауының қатарында Қорытынды жолағын қосқыңыз келетін жердегі бағананың ұяшығын шертіңіз.

  2. Енгізу мәзірінде Мәтін жолағы дегенді таңдаңыз.

    Кеңес : Мәтін жолағының орнына тығыздалған мәтін жолағын немесе мәнер жолағын қолдануыңызға болады. Мәнер жолақтары деректерді тек көрсетеді, бірақ сақтамайды. Сол себептен, мәнер жолағын есептелген санды басқа есепте қолданғыңыз немесе пішін үлгісінің бөлегі ретінде сақтап қойғыңыз келмесе ғана қолдануыңыз жөн болады.

  3. Төменгі деректер атауының қатарында сіз енгізген мәтін жолағы бар ұяшығының дәл сол жағындағы ұяшықты шертіңіз. Осы жерге мәтін жолағының шенін қосасыз.

  4. Қорытынды: деп жазып, мәтінді таңдаңыз.

  5. Стандартты құралдар үстелінде Оң жақпен туралау Түймешік кескіні батырмасын басыңыз.

  6. 2-ші қадамда қосқан мәтін жолағын екі рет шертіңіз.

  7. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  8. Өріс аты жолағында жалпыШығындар деген сияқты шенді енгізіңіз.

  9. Деректер түрі тізімінде деректердің түрін Мәтін (жол) дегеннен Ондық (қос қабат) дегенге өзгертіңіз. Бұл әрекет сандарды $1234.12 деген сияқты ондық дәрежелерімен көрсетуге мүмкіндік береді.

  10. Пішім батырмасын басыңыз.

  11. Ондық пішім тілқатысу терезесіндегі Пішім тармағынан Валюта дегенді ашып, қажетті валютаны таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

3-ші қадам: Қайталанатын кестенің бағанасындағы сандарды қосыңыз.

Егер қайталанатын кестені пайдаланушыларыңыздан сандық деректерді жинауға қолданатын болсаңыз, онда пайдаланушылардың кестеге енгізетін сандарын қосу үшін қосынды функциясын қолдануыңызға болады. Сонда, пайдаланушылар пішінді толтыру кезінде қаншама қатарлар қосса да, қаншама сандар енгізсе де, бола береді. Қосынды функциясын қолданып отырсаңыз, есептелген мән мәтін жолағында өздігінен өзгереді.

Формулалар деректер көзі аймағындағы өріс ішінде сақталады және сол өрістерге байланыстыру басқару құралдарында көрсетіледі. Пішін үлгіні құрастыру кезінде сіз мәтін жолағын, тығыздалған мәтін жолағын немесе мәнер жолағын пайдалану арқылы қайталанатын кестенің бағанасындағы сандарды қосатын формуланы құрауыңызға болады.

  1. Төменгі дерекатауының қатарына енгізген мәтін жолағыңызды екі рет шертіңіз.

  2. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  3. Әдепкі мән тармағынан Формуланы енгізу Түймешік суреті батырмасын басыңыз.

  4. Формуланы енгізу тілқатысу терезесінде Функцияны енгізу батырмасын басыңыз.

  5. Санаттар тізімінен Математика дегенді шертіңіз.

  6. Функциялар тізімінен қосынды дегенді шертіңіз. Содан соң, OK батырмасын басып, Формуланы енгізу тілқатысу терезесіне оралыңыз.

    Нәтижесінде, Формуланы енгізу тілқатысу терезесінде келесі формуланы көресіз.

    Sum formula as it appears in Insert Formula dialog box

  7. Формула терезесінде домалақ жақшаға алынған мәтінді екі рет шертіңіз.

    Жолақты немесе Топты таңдаңыз тілқатысу терезесі ашылады.

  8. Деректер көзі тізімінде қосқыңыз келетін мәндердің өрісін шертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×