Қайталанатын бөлімді енгізу

Егер Microsoft Office InfoPath пішін үлгіңізге қайталанатын бөлімді енгізетін болсаңыз пайдаланушылар сіз жаратқан пішін үлгіңізді толтырып жатқанда осы бөлімдің бірнеше бөлшектерін қоса алады.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Қайталанатын бөлімден пайдалану туралы

Пайдаланушы тәжірибесі

Қайталанатын бөлімді енгізу

Орналасу кеңестері

Қайталанатын бөлімден пайдалану туралы

Қайталанатын бөлім бұл басқа басқару элементтерден құрам тапқан және қажетті болып қайталанатын басқару элементі. Келесілерді орындауды қалағаныңызда қайталанатын бөлімден пайдаланыңыз:

  • Түрлері бірдей деректерді жинау. Мысалы үшін сату туралы есеп беру пішін үлгісінде сіздің сатушыларыңыздан сауда туралы ақпарат жинау үшін қайталанатын бөлімден пайдалануыңызға болады.

  • Үлгіде мөлшері өзгеріп тұратын деректерді көрсету. Мысалы үшін егер сіздің пішін үлгіңіз жұмысшылар тізімі дерекқорына қосылған болса, пайдаланушылар InfoPath бағдарламасында дерекқорына іздеу сұрағын жібергенде іздеу нәтижелерін қайталанатын бөлім арқылы көрсетуіңізге болады. Егер тапқан нәтиже біреу ғана болса пайдаланушы бір бөлімді ғана көреді. Егер 10 іздеу нәтижесі табылатын болса пайдаланушы 10 бөлімді көреді.

  • Үлгіде толтырғыштарды бос күйінде тастап кетпеңіз себебі олар жай алады.

Мысалы үшін пайдаланушылар оларға материалды тәуелді адамдардың аттары мен жастарын енгізетін сақтандыру компаниясының пішін үлгісі делік. Осы үлгінің қағаздық нұсқасында сіз үш толтырғыш өрістерін көруіңізге болады яғни бұл көп адамдарда көбінше үш немесе одан да аз материалды тәуелді адамы болады дегені. Материалды тәуелді адамы үштен асып кететін болса ол кісі мәтінді осы үш өріске сыйдыруға мәжбур немесе қағаздың артқы жағына жазу керек еді.

Осы үлгінің InfoPath нұсқасында пайдаланушыларға толтыру үшін керекті өрістермен қамтамасыз ету үшін қайталанатын бөлімден пайдалансаңыз болады. Келесі сурет үлгіні толтырып жатқанда пайдаланушыға үлгі қалай көрінетінін көрсетіп тұр.

Repeating section on form

Пішін үлгіңізге қайталанатын бөлімді енгізуі бұл былайша айтқанда бос терезені енгізу дегені. Қайталанатын бөлім басқару элементтеріден пайдалану үшін оның ішіне басқа басқару элементтерін енгізуіңіз қажет.

Байланысты басқару элементтері

InfoPath бағдарламасы құрамында қайталанатын бөлімге ұқсас алайда мақсаты басқа басқару элементтері бар. Сіздің пішін үлгіңізде қай бір басқару жақсы істейтінін білу үшін келесі тізімді көріңіз:

Қайталанатын кесте    Пайдаланушылар кестеге қосымша жолдарды қосу мүмкіндігіне ие болуын қаласаңыз қайталанатын бөлімнің орнына қайталанатын кестеден пайдалану жөн. Мысалы үшін пайдаланушылар қажетті қосымша жолдарды қосу мүмкіндігіне ие болу үшін кесте пішімінде счет-фактура сияқты егжей-тегжейлі деректерін ұсынуыңызға болады. Былай қарағанда қайталанатын бөлімнің орнына қайталанатын кестеден пайдалану пайдаланушының ұнауына байланысты. Осы басқару элементтерінің екеуде түрі бірдей деректердің бірнеше бөлшектерін көрсетуге немесе жинауға мүмкіндік береді.

Бөлім    Бөлімдер өзара байланысты басқару элементтер топтарын ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Егер қайталанатын бөлімнің орнына бөлімден пайдаланатын болсаңыз пайдаланушылар өздерінің үлгісіне қосымша бөлімдерді қоса алмайды.

Қайталанатын таңдау тобы    Таңдау топтар екі немесе одан да көп бөлімдерден құрам тапқан. Әдепкі бойынша үлгіде осы бөлімдердің біреуі енгізілген болады. Пайдаланушылар оны басқа бөліммен ауыстыруды таңдау мүмкін. Таңдау топтар да пайдаланушылармен бірнеше рет енгізуге болады.

Қайталанатын курсив бөлім    Қайталанатын бөлім сияқты қайталанатын курсив бөлімді үлгіге бірнеше рет енгізуге болады. Қайталанатын бөлімдің бернеше бөлшектерін енгізгенде әр бір бөлім енгізілген бөлімден кейін яғни бірі біріден кейін орналасады. Алайда қайталанатын рекурсив бөлімде жаңадан енгізіліп жатқан әр бір бөлім ең соңғы бөлім ішіне орналасады яғни бір біріне байланысты бөлімдер жиынтығын жасайды. Құрылым сияқты иерархиялық мазмұнды жаратқаныңызда бұл тиімді.

Қосымша бөлім    Пішін үлгіңізге қайталанатын бөлім енгізетін болсаңыз пайдаланушы әрдайым үлгіні бірінші рет ашқанда пайда болады. Қосымша бөлімдер, басқа жақтан ойлап қарайтын болсақ, әдепкі бойынша жасырын күйінде болады. Пайдаланушыларыңыз үлгіге қосымша бөлімді енгізу керек пе, керек емес пе өздері таңдайды. Мысалы үшін нәрсе сатып алу заказ ету үлгісінде кейбір пайдаланушылар сатып алатын зат туралы анғартпаларын енгізіп кетуін қалау мүмкін. Сіз осы қосымша бөлімнің ішіне қосымша бөлімді және Ескерімдер деген жазбасы бар пішімделген мәтін ұясын енгізуіңізге болады. Пайдаланушылар керек кезінде осы қосымша бөлімнің астындағы нұсқаулық мәтінді шерту арқылы қосымша бөлімді енгізуге болады.

Тізім басқару элементі    Тізім басқару элементі қайталанатын бөлімдің ең қарапайым түрі болып және пайдаланушылар нөмірленген, белгіленген немесе қарапайым тізімге қалағанша элементтерді қосу мүмкіндігіне ие болуын қалағыныңызда одан пайдалану тиімді. Мысалу үшін мәселелер тізіміден көп-әрекетті элементтерді жинамақшы болғаныңызда тізім басқару элементінден пайдалансаңыз болады.

Егжей-тегжей басқару элементі     Егжей-тегжей басқару элементі екі байланысты басқару элементтердің жиынтығы. Басты басқару элементі дегеніміз бұл қайталанатын кесте. Егжей-тегжей басқару элементі бұл қайталанатын кесте немесе қаталанатын бөлім болуы мүмкін. Бірінші басқару элементтегі таңдау екінші басқару элементте не пайда болатынын белгілеп беру үшін басты/егжей-тегжей басқару элементтеріден пайдаланып бір басқару элементін басқа басқару элементіне байланыстыруыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы тәжірибесі

Пайдаланушылар көрсеткіні қайталанантын кесте үстінен жүргізгенде жоғарғы сол бұрышта көрсеткісі бар көк батырма пайда болады. Бұл мәтінмәндік мәзір. Пайдаланушылар қайталанатын бөлімді енгізу немесе жою параметрлерін көру үшін оны шертуге болады.

Shortcut menu overlapping repeating section on form

Беттің жоғарғы жағы

Қайталанатын бөлімді енгізу

Дерекқорыда немесе басқа сыртқы дерек көздерінде сіз жаратып жатқан үлгіңізге қарап яғни ол жаңа, бос пішін үлгі ме немесе өзіңіздің дизайныңызға негізделген пішін үлгі ме қайталанатын бөлімді енгізу процедурасында кішкене айырмашылығы бар.

Келесі сурет бос қайталанатын бөлім басқару элементтері құрастыру тәртібітаңдалғанда қалай көрінетінін көрсетеді.

Repeating section selected in design mode

Басқару элементтерінің байланысы болуы немесе болмауы мүмкін. Басқару элементінің байланысы болғанда, басқару элементіне енгізілген деректердің негізінде жататын пішін (.xml) файлында сақталуы үшін ол жолаққа немесе топқа қосылмайды. Басқару элементінің байланысы болмағанда, ол жолаққа немесе топқа қосылмайды, ал басқару элементіне енгізілген деректер сақталмайды. меңзеріңізді басқару элементі арқылы таңдағаныңызда немесе жылжытқаныңызда, мәтін мен байланысы бар белгіше басқару элементінің жоғарғы оң жақ бұрышына шығады. Мәтін басқару элементі деректер көзінде байланысқан топты немесе жолақты көрсетеді. Белгіше басқару элементінің сол топқа немесе жолаққа дұрыс байланысқанын көрсетеді. Байланыс дұрыс болғанда, жасыл белгіше шығады. Егер байланыс дұрыс болмаса, орнына сіз көк немесе қызыл белгішені көресіз.

Пішін үлгісіне арналған деректер көзі Деректер көзі тапсырмалар тақтасында реттелген көрініспен шығатын жолақтар мен топтардан тұрады. Әдетте пішін үлгінің деректер көзіндегі қайталанатын бөлімдер қайталанатын топмен байланысты, алайда оларды қайталанатын өрісмен байланыстыруға болады.

Келесі мысалда пішім үлгідегі Материалды тәуелді адамдар деген қайталанатын бөлімі Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы материалды тәуелді адам қайталанатын тобымен байланысты. Қайталанатын бөлімдегі әр бір басқару элементі осы бөлімдің бір бөлегі болып табылатын және оған сайкес келетін өріспен байланысты.

Relationship between repeating section on form and repeating group in Data Source task pane

Таза жаңа пішін үлгіге қайталанатын бөлімді енгізу.

Жаңа, бос пішін үлгісін жасақтағаныңызда, Басқару элементтері тапсырмалар тақтасындағы Деректер көзін автоматты түрде жасау қанатшасы әдепкі мәнімен таңдалады. Сіз басқару элементтерін пішін үлгісіне қосатындықтан, ол InfoPath бағдарламасына жолақтар мен топтарды деректер көзінде автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Бұл жолақтар мен топтар Деректер көзі тапсырмалар тақтасындағы қалта және файл белгішелерімен көрсетіледі.

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерді енгізу параметрінің астында, Қайталанатын бөлім дегенін шертіңіз.

  4. Осы қайталанатын бөлімге басқару элементтерді қосу үшін Басқару элементтері тапсырмалар аймағындан қалаған басқару элементті қайталанатын элемент ішіне сүйреңіз.

    Ескерту : Басқару элементінің жолағы деректер көзіндегі бөім тобының бір бөлігі болып табылғанша, сізге пішін үлгісіндегі басқару элементін бөімге жылжытпау керек. Әйтпесе, басқару элементіне арналған байланыстың үзілуі мүмкін.

  5. Басқару элементіне белгі қосу үшін мәтінді оның жоғарғы жағына теріңіз.

Бар деректер көзіне негізделген пішін үлгіге қайталанатын бөлімді енгізу.

Егер сіз пішін үлгіңізді бар Ашық белгілеу тілінде жасақтасаңыз, (XML) файлы, дерекқоры, веб қызметі, InfoPath бар деректер көзінен Деректер көзі тапсырмалар тақтасынан жолақтар мен топтарды шығарады. Бұл сценарийде қайталанатын бөлім басқару элементтерін қайталанатын топты Дерек көзі тапсырмалар аймағындан пішін үлгіге сүйреу арқылы енгізуіңізге болады немесе оларды Басқару элементтер тапсырмалар аймағы арқылы яғни келесі процедурада көрсетілгендей енгізуіңізге болады:

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерді енгізу параметрінің астында, Қайталанатын бөлім дегенін шертіңіз.

  4. Қайталанатын бөлімді байланыстыру тілқатысу жолағында қайталанатын бөлім басқару элементтер деректерін сақтамақшы болған қайталанатын топты таңдап OK батырмасын басыңыз.

  5. Қайталанатын бөлімге басқару элементтерін қосып оларды деректер көзіндегі лайық өрістермен байланыстыру.

  6. InfoPath бағдарламасы басқару элементінің белгісі ретінде жолақ немесе топ атауын пайдаланады. Егер қажет болса, белгі мәтінін өзгертіңіз.

    Кеңес : Басқару элементін енгізу үшін Дерек көзі тапсырмалар аймағындан пайдалануыңызға болады. Дерек көзі тапсырмалар аймағында қайталанатын бөлімді байланыстырмақшы болған қайталанатын топта тінтүірдің оң батырмасын шертіңіз содан соң мәтінмәндік мәзірде Қайталанатын бөлім параметрін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Орналасу кеңестері

Қайталанатын бөлімге басқару элементтерін енгізуден алдын оларды қалай орналастыратыңызды алдын ала ойлап қойыңыз. Басқару элементтерін қалай болса солай орналастырмақшы болсаңыз оларды қалаған жеріңізге сүйреп апарыңыз. Немесе, егер орналасуға қатысты көбірек басқару элементтерге ие болуын қаласаңыз, қайталанатын бөлім ішіне орналасу кестесін орналастырып содан соң оларды реттеу үішн жеке ұяларға жазбалар мен басқару элементтерін енгізуіңізге болады. Келесі мысалда үлгі құрастырушысы қайталанатын бөлім ішіндегі басқару элементтерін реттеу үшін бір-жол үш-бағанды орналасу кестесіден пайдаланған.

layout table used to arrange controls in repeating section

Орналасу кестелеріден пайдалануға қоса келесілерді істеуіңізге де болады:

  • Бірнеше қайталанатын кестелердің өлшемдерін бір уақытта өзгерту үшін Пішімдеу мәзірінде Сипаттар шертіңіз, содан соң Өлшемі қойындысында қажетті өзгертулерді енгізіңіз.

  • Қайталанатын бөлімдердің жиектер мен түсін өзгерту үшін оны пішін үлгіде таңдаңыз, Пішімдеу мәзірінде Жиектер менБояуды шертіп қажетті өзгерістерді енгізіңіз.

  • Қайталанатын бөлімде басқару элементтер ішіндегі мәтіндермен шынында қалай көрініетінін білу үшін Көрініс мәзірінде Деректер үлгісібатырмасын шертіңіз. Бұл сізге пайдаланушы сіздің пішін үлгіңізді толтырып жатқанда ол қалай көрінетінін көрсетеді.

  • Егер қайталанатын бөлімдегі басқару элементтер ішіндегі мәтін және осы басқару элементің сол жағында орналасқан жазбалар кішкене шетке шығып кететін болса оларды жедел түрде туралау үшін Өлшемі қойындысындағы Туралау батырмасын шертіп Қолдану батырмасын басыңыз. Егер орналасу кестесінде жазбалар мен басқару элементтер түрлі ұяларда болса жазбасы бар ұясында тінтүірдің оң батырмасын шертіңіз, мәтінмәндік мәзірде Кесте сипаттары параметрін шертіңіз Ұя қойындысында, Тігінен туралау параметрі астындағы Ортада орналастыру батырмасын шертіңіз.

  • Тігінен қайталау параметрі әдепкі мәнімен таңдалады. Бұл барлық пайдаланушылардың қайталау бөлімдерін қосатынын білдіреді, сол бөлімдер пішіннің ұзындығымен төмен қарай тігінен шығады. Сіз орнына қайталау бөлімін көлденеңінен кеңейте аласыз. Ол сізге әр түрлі орналасуларды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, сіз күнтізбеге ұқсайтын пішін үлгісін жасай аласыз. Көлденеңінен қайталау параметрі шолғышпен үйлесетін пішін үлгілерінде болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×