Қайталанатын бөлімде күйді көрсету үшін түстерді пайдалану

Microsoft Office InfoPath бағдарламасында сіз пішінде кездесетін шарттарға негізделген түрлі пішімдеу параметрлерін анықтау үшін шартты пішімдеуді пайдалана аласыз. Егер пайдаланушы пішін үлгіңізге негізделген пішінді толтырғанда, анықталған шарттар дұрыс болса, шартты пішімдеу қолданылады.

Бұл мақала шартты пішімдеуді пайдаланып қайталанатын бөлімдегі жолақтың өң түсін қалай өзгерту керектігін түсінтіріп береді. Элементтің қайталанатын бөлімдегі күйін көрсету үшін маңызы зор. Мысалы үшін, қалып күйі есебі пішін үлгісінде, шартты пішімдеуді пайдаланып кестенің артындағы элемент үшін қызыл және кестедегі элементті жасыл түске бояуңызға болады.

Ескерту : Бұл мақала процедураны көрсету үшін түсті пайдаланады. Алайда кейбір пайдаланушылар түстерді ажырата алмайды. Түсінікті пішін үлгі жарату үшін яғни элементтің күйін көрсету үшін түсінкті мәтін енгізіңіз.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

1-қадам: Басқару элементтеріңізді қосу

2-қадам: Шартты пішімдеуді орнату

3-қадам: Пішін үлгіні алдын ала көру

1-қадам: Басқару элементтеріңізді қосу

Осы процедураны бітіру үшін, пішін үлгіңіздің құрамында қайталанатын бөлім, мәтін ұя және ашылмалы тізім болуы тиіс. Осы басқару элементтерді қосу үішн келесі әрекеттерді орындаңыз.

  1. Пішін үлгіңізде қайталанатын кесте енгізілетін жерді нұқыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтер тапсырмалар аймағында Дерек көзін автоматты түрде жарату құсбелгіні қойыңыз.

  4. Басқару элементтерді енгізу параметрінің астында, Қайталанатын бөлім дегенін нұқыңыз.

  5. Қайталанатын кестеде орналастыру нүктесін белгілеңіз.

  6. Басқару элементтерін енгізу параметрінің астында, Басқару элементтерітамсырмалар аймағында Мәтін ұясы параметрін таңдаңыз.

  7. ENTER пернесін басыңыз, содан соң Басқару элементтерін енгізу параметрінің астында Ашылмалы тізім параметрін таңдаңыз.

  8. Пішін үлгіде мәтін ұя жазбасы ретінде Жұмыс элементі: деп теріңіз және ашылмалы тізім жазбасы ретіндеКүй: деп теріңіз.

  9. Пішін үлгіде ашылмалы тізімді екі рет нұқыңыз.

  10. Деректер қойындысын таңдаңыз.

  11. Тізім енулері астында, Қосу параметрін таңдаңыз.

  12. Мән жолағында, Таңдауды қосу тілқатысу жолағында, Белсенді деп теріп OK батырмасын басыңыз.

  13. Ашылмалы тізімде Шешілген мен Жабық таңдау ретінде қосу үшін 11 мен 12 қадамдарды қайталаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: Шартты пішімдеуді орнату

Басқару элементтерді пішін үлгіңізге қосып болған соң, керекті шартты пішімдеуді белгілеуіңізге болады.

  1. Пішін үлгіде қайталанатын кестені таңдаңыз, содан соң Пішімдеу мәзірінде Шартты пішімдеу параметрін таңдаңыз.

  2. Шартты пішімдеу тілқатысу терезесінде, Қосу батырмасын басыңыз.

  3. Егер осы шарт "шын" болса астында яғни бірінші жолақта, Сіз жаңа ғана енгізген ашылмалы тізімге тура келетін өрісті таңдаңыз.

  4. Екінші жолақта мәнді тең ретінде қалдырыңыз.

  5. Үшінші жолақта Мәтінді теру параметрін таңдап Белсенді параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Өрнектер регістрді ескертеді.

  6. Содан соң осы пішімдеуді қолдану астында Бояу тізімінде, қызыл түсін басып OK батырмасын басыңыз.

  7. Қалған екі тізім енулері үшін шартты пішімдеуді қосу үішн 2-6 қадамдарын қайталаңыз. Шешілген параметрі үшін сары түсін және Жабық үшін жасыл түсін өң түсі етіп орнатыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

3-қадам: Пішін үлгіні алдын ала көру

Пішін үлгіге шартты пішімдеуді қосып болған соң, енгізілген өзгертулерден кейін пішін үлгі дұрыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшні оны тексеріп көріңіз.

  1. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

  2. Алдын ала көру терезесінде, ашылмалы тізімде басқа параметрлерін таңдаңыз. Параметрлерді таңдағаныңызда бөлімнің өң түсі де өзгеретіндігіне назар салыңыз.

  3. Енгізу мәзірінде жүгірткіні Бөлім параметріне туралаңыз, содан соң қосымша бөлімді қосу үшін бөлім атауын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×