Элементтің немесе файлдың ескі нұсқасын қалпына келтіру

Элементтің немесе файлдың ескі нұсқасын қалпына келтіру

Егер сіздің тізіміңіз немесе кітапханаңыз нұсқаларды қадағаласа, тізім элементінің немесе файлдың ескі нұсқасын қалпына келтіруіңізге немесе жоюыңызға болады.

Осы мақалада

Шолу

Ескі нұсқаны қалпына келтіру

Ескі нұсқаны жою

Барлық ескі нұсқаларды жою

Барлық кіші нұсқаларды жою

Шолу

Тізімдегі элементтердің немесе кітапханадағы файлдардың нұсқаларын қадағалағаныңызда, нұсқа жұрналы жасалады. Нұсқа жұрналы файлдың қалай байқалғанын көруіңізге және ескі нұсқаны көруіңізге, қалпына келтіруіңізге немесе жоюыңызға мүмкіндік береді. Нұсқа жұрналын басқару мүмкіндігі командаңыздың үрдістерді құрастыру және өңдеу тәсілінде икемділік береді.

Мысалы, сіз ағымдағы нұсқада қате жіберсеңіз, ескі нұсқаны қалпына келтіруіңізге болады. Егер сіз белгілі бір нұсқаны сақтағыңыз келетінін білсеңіз — мысалы, онда қате болса немесе жұрнал нұсқасы тым ұзын болып кетсе — сол ескі нұсқаны жоюыңызға болады. Нұсқаларды жою үшін сізде тізімге немесе кітапханаға салуға рұқсат болу керек. Сондай-ақ, әкімшінің нұсқаларды жоюға таңдамалы рұқсаттар жасай алатынын ескеріңіз.

Егер сіздің командаңыз файлдарына көп өзгертулер енгізсе, нұсқа жұрналы ұзын болып кетеді. Көп нұсқаны сақтау серверден көп орын алады және нұсқа жұрналындағы маңызды өзгертулерді көруді қиындатады. Нұсқа жұрналын жеңілдету үшін қажет болмайтын кейбір нұсқаларды жоюыңызға болады. Егер сіздің ескі нұсқаларды сақтағыңыз келмесе, олардың барлығын бірден жоюыңызға болады. Нұсқаны жойғаныңызда, ол элементтерді қалпына келтіру рұқсаты бар адам қалпына келтіре алатын Себетке жіберіледі.

Сондай-ақ, тізімдер мен кітапханаларды әрбір тізім элементіне немесе файлға сақталатын нұсқалар санын шектеу үшін теңшеуге болады. Егер сіздің тізіміңізді немесе кітапханаңызда нұсқа шектелсе, сіздің командаңыздың оның қажетті нұсқаны сақтағанын растауды қажет етпейтін нұсқаларды жойғысы келуі мүмкін.

Егер үлкен және кіші нұсқалар тізім немесе кітапхана үшін қадағаланса, кіші нұсқаларды ғана жоюыңызға болады. Кіші нұсқаларды жою серверде бос орын сақтауға мүмкіндік беріп, қарап шығуға жіберілген немесе басқа адамдардың көруіне жарияланған нұсқа сияқты маңызды нұсқаларды табуды жеңілдетеді. Барлық кіші нұсқаларды жойғаныңызда, 1,2 немесе 2,3, сияқты ондық бөлшек орныа нұсқа жойылады.

Нұсқалар туралы қосымша ақпараттың сілтемелерін Қосымша ақпарат бөлімінен іздеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Ескі нұсқаны қалпына келтіру

Нұсқа жұрналынан ескі нұсқаны таңдау және сол нұсқаны ағымдағы нұсқа ретінде қалпына келтіру үшін осы процедураны пайдаланыңыз.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Қалпына келтіргіңіз келетін нұсқаны меңзермен көрсетіп, шығатын көрсеткіні басыңыз, содан кейін Қалпына келтіру түймешігін басыңыз.

  3. Сізге нұсқаны ағымдағы нұсқа ретінде қалпына келтіргіңіз келгенін растауға нұсқау берілгенде, OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ескі нұсқаны жою

Файлдың ескі нұсқасын нұсқа жұрналынан жою үішн осы процежураны пайдаланыңыз.

Ескерту : Сіз файлды және оның барлық нұсқаларын үнемі жоймай, файлдың ағымдағы нұсқасын жоя алмайсыз. Егер сіз соңғы нұсқада қате жіберіп, оны жойғыңыз келсе, сізге алдымен ескі нұсқаны қалпына келтіріп, қатесі бар нұсқаны жою керек. Немесе сіз файлды бөлектеп алсаңыз, өзгертулерді ағымдағы нұсқадан бөліп алуды болдырмау арқылы алып тастауыңызға болады.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Жойғыңыз келетін нұсқаны таңдап, шығатын көрсеткіні нұқыңыз, одан соң Жою пәрменін нұқыңыз.

  3. Сізге жою әрекетін растауға нұсқау берілгенде, OK түймешігін басыңыз.

    Нұсқаны жойғаныңызда, ол элементтерді қалпына келтіруге рұқсаты бар адам қалпына келтіре алатын Себетке жіберіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Барлық ескі нұсқаларды жою

Тізім элементтерінің немесе файлдардың барлық ескі нұсқаларын жойғаныңызда, ағымдағы нұсқадан басқа барлық нұсқалар Себетке жіберіледі. Егер сіз үлкен және кіші нұсқаларды қадағалайтын кітапханадағы нұсқаларды жойсаңыз және сіздің ағымдағы нұсқаңыз кіш нұсқа болса, соңғы жарияланған нұсқа да сақталады.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Барлық нұсқаны жою түймешігін басыңыз.

  3. Сізге барлық ескі нұсқаларды жойғыңыз келетінін растауға нұсқау берілгенде, OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Барлық кіші нұсқаларды жою

Бұл процедура файлдардың үлкен және кіші нұсқаларын қадағалайтын кітапханаларға қол жетімді. Егер сіздің ағымдағы нұсқаңыз кіші нұсқа болса (немесе ешқандай үлкен нұсқалар болмаса), барлығ кіші нұсқаларды жойған кезде ағымдағы кіші нұсқа сақталады.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

    Нобайын басқарғыңыз келетін тармаққа немесе файлға барып, шыға келген меңзерді нұқып, одан кейін Нобай жұрналы түймешігін нұқыңыз.

    Нобайлар нөмірленген және ең соңғы нобайы бірінші көрсетіліп, кері кезектілікті тізімделген.

  2. Кіші нұсқаларды жою түймешігін басыңыз.

  3. Сізге барлық кіші нұсқаларды жойғыңыз келетінін растауға нұсқау берілгенде, OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×