Элементтің немесе файлдың алдыңғы нұсқасын қалпына келтіру немесе жою

Элементтің немесе файлдың алдыңғы нұсқасын қалпына келтіру немесе жою

Нұсқа журналын бақылайтын тізімдер мен кітапханалар қажет кезде бұрынғы нұсқаларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ең соңғы нұсқа бүлінген, болдырмау үшін аса күрделі қателер жасалған, топ мүшелері ең соңғы нұсқа бойынша келісімге келе алмаған немесе нұсқа жұрналы тым үлкейіп кеткен болса, бұл әрекетті орындау қажет болуы мүмкін. Тиісті рұқсаттарыңыз бар болса, тіпті алдыңғы нұсқаларды жоюға да болады.

Бұл мақалада:

Алдыңғы нұсқаны қалпына келтірмес немесе жоймас бұрын нені білуім керек?

Қандай рұқсаттар қажет?

Негізгі нұсқа мен қосымша нұсқаның арасындағы айырмашылық қандай?

Қол жетімді нұсқалар саны шектелген бе?

Қосымша нұсқаны жойған кезде не болады?

Нұсқаларды басқару мүмкіндігі қажетті мазмұнды бекіту жүйесімен қалай жұмыс істейді?

Нұсқаларды басқару мүмкіндігі файлдарды шығарып алу жүйесімен қалай жұмыс істейді?

Алдыңғы нұсқаны қалпына келтіру

Алдыңғы нұсқаны жою

Барлық алдыңғы нұсқаларды жою

Барлық қосымша нұсқаларды жою

Алдыңғы нұсқаны қалпына келтірмес немесе жоймас бұрын нені білуім керек?

Алдыңғы нұсқаны қалпына келтірмес немесе жоймас бұрын, қажетті рұқсаттары, негізгі және қосымша нұсқалардың арасындағы айырмашылықтарды және ұйымыңызда орнатылған болуы мүмкін басқа да басқару элементтері туралы біліп алыңыз.

Қандай рұқсаттар қажет?

Төмендегі кестеде берілген рұқсаттар әдепкі рұқсаттар болып табылады. Олар ұйымыңызда басқа болуы мүмкін, себебі әкімші теңшелетін рұқсаттарды жасауы мүмкін. Жалпы, құжатты көре алсаңыз, оның нұсқа жұрналын да көре аласыз. Оны өңдей алсаңыз, алдыңғы нұсқасын қалпына келтіруге немесе жоюға мүмкіндігіңіз бар болады. Бұдан күрделі әрекеттерге тізімде немесе торапта әкімшілік рұқсаттарын қажет етуі мүмкін.

Осы әрекетті орындау үшін...

Мына рұқсат қажет…

Нұсқа жұрналын қарап шығу

Толық басқару, қатысу, оқу

Алдыңғы нұсқаны қалпына келтіру

Толық басқару, қатысу

Нұсқаны жою

Толық басқару, қатысу

Нұсқаның жариялануын болдырмау

Толық басқару, қатысу

Жойылған нұсқаны қалпына келтіру*

Толық басқару және/немесе қатысу

* Құжаттар Себет қалтасында әкімші орнатқан уақыт мерзімі аяқталғанша сақталады, әдетте бұл мерзім — 30 күн. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін, жойылған нұсқаны қалпына келтіру үшін, әкімшіге хабарласыңыз.

Негізгі нұсқа мен қосымша нұсқаның арасындағы айырмашылық қандай?

Негізгі нұсқа әдетте құрылымның немесе тараудың аяқталуы сияқты бақылау нүктесін білдіреді. Негізгі нұсқалар 2.0, 3.0 және с.с. ондық сандармен нөмірленеді. Қосымша нұсқалар белгілі бір файлдың дайындалу барысындағы аралық тексерулерін білдіреді. Қосымша нұсқалар 2.1, 2.2, 2.3 және т.с.с. сияқты ондық сандармен нөмірленеді

Көптеген ұйымдарда нұсқаларды басқару мүмкіндігі тек файлдың иесі мен элементтерді бекіте алатын пайдаланушылар ғана қосымша нұсқаларды көре алатындай теңшеледі. Басқа ұйымдарда бұл мүмкіндік кітапханадағы файлдарды өңдей алатын немесе кітапхана үшін оқу рұқсаты бар кез келген пайдаланушы барлық нұсқаларды көре алатындай теңшеледі.

Маңызды :  Негізгі және қосымша нұсқалар кітапханаларда бар, бірақ тізімдерде жоқ.

Қол жетімді нұсқалар саны шектелген бе?

Кейбір ұйымдарда файл нұсқаларына шектеу қойылмайды, ал кейбір ұйымдарда қойылады. Ең соңғы нұсқаны қайтарғаннан кейін бұрынғы нұсқа жоқ екенін байқауыңыз мүмкін. Ең соңғы нұсқаңыз 26.0 болса және 1.0 нұсқасы жоқ екенін байқасаңыз, демек әкімші кітапхананы тек 25 негізгі нұсқаға рұқсат беруге теңшеген. 26-нұсқаның қосылуы бірінші нұсқаның жойылуына әкеледі. Тек 2.0 мен 26.0 арасындағы нұсқалар қалады. Солай сияқты, 27-нұсқа қосылса, 3.0 пен 27.0 арасындағы нұсқалар ғана қалады.

Сондай-ақ, әкімші қосымша нұсқалардың санын соңғы нұсқалардың белгілі бір саны үшін шектеуді шешуі мүмкін. Мысалы, 25 негізгі нұсқаға рұқсат берілсе, әкімші тек соңғы бес негізгі нұсқаның қосымша жоба жазбаларын сақтауды шешуі мүмкін.

Нұсқалардың санын шектеу әдетте дұрыс шара болып табылады. Оның нәтижесінде сервердегі бос орын үнемделеді және пайдаланушылар үшін ретсіздік азаяды. Бірақ ұйымыңыз заң талаптарына немесе басқа себептерге байланысты барлық нұсқаларды сақтауы үшін, ешбір шектеуді қолданбаңыз.

Қосымша нұсқаны жойған кезде не болады?

Нұсқа жойылған кезде, қосымша нұсқа мен оның нұсқалық нөмірі жойылады. Басқа нұсқалық нөмірлері өзгермейді. Мысалы, 3.1 мен 3.2 нұсқаларын қамтитын құжат бар болса және 3.1 нұсқасын жоюды шешсеңіз, нұсқа жұрналында тек 3.0 мен 3.2 қосымша нұсқалары көрсетіледі. Бұл төмендегі скриншотта көрсетілген.

Жойылған 3.1 нұсқасы бар нұсқа жұрналы

Нұсқаларды басқару мүмкіндігі қажетті мазмұнды бекіту жүйесімен қалай жұмыс істейді?

Кітапханада нұсқаларды басқару мүмкіндігі қосылған болса, оны теңшейтін адам негізгі және қосымша нұсқаларды бақылау керек не керек емес екенін және қосымша нұсқаларды көре алатын пайдаланушыларды анықтайды. Көбінесе, мазмұнды бекіту үшін, тек файлдың иесі мен элементтерді бекіте алатын пайдаланушылар ғана қосымша нұсқаларды көре алады. Басқа кітапханаларда кітапханадағы файлдарды өңдей алатын немесе кітапхана үшін оқу рұқсаты бар кез келген пайдаланушы барлық нұсқаларды көре алады. Нұсқа бекітілгеннен кейін, тізім немесе кітапхана үшін оқу рұқсатына ие кез келген адам сол нұсқаны көре алады.

Тізімдерде негізгі және қосымша нұсқалардың болмағанына қарамастан, Күтуде күйіне ие кез келген элемент жоба жазба деп есептеледі. Көбінесе, элементті жасаған адам мен толық басқару немесе құрастыру рұқсаттарына ие пайдаланушылар ғана жоба жазбаларды көре алады. Бұл пайдаланушылар үшін жоба жазба Күтуде күйінде көрінеді, ал басқа пайдаланушылар нұсқа жұрналында тек ең соңғы Бекітілген нұсқаны көреді. Файл қабылданбаса, қажетті рұқсаттары бар біреу оны жойғанша ол Күтуде күйінде қалады.

Ескерту :  Жоба жазба қауіпсіздігі кейбір тізімдер мен кітапханаларда барлық торап пайдаланушыларына Күтуде және Бекітілген нұсқаларын көруге мүмкіндік береді.

Нұсқаларды басқару мүмкіндігі файлдарды шығарып алу жүйесімен қалай жұмыс істейді?

Нұсқаларды басқару мүмкіндігі қосылған кітапханада файлды шығарып алғаннан кейін оны қайтарған кезде жаңа нұсқа жасалады. Сондай-ақ, негізгі және қосымша нұсқалар кітапхананың теңшелімінің бір бөлігі табылса, қайтарған кезде қай нұсқаның қайтарылатынын көрсетуге болады. Шығарып алу талап етілетін кітапханаларда нұсқалар қайтарылған кезде ғана жасалады.

Шығарып алу талап етілмейтін кітапханаларда файл ашылғаннан кейін бірінші рет сақталғанда нұсқа жасалады. Одан кейін сақтағанда бірінші рет сақтаған кезде жасалған нұсқа қайта жазылады. Бағдарламаны жауып, құжатты қайтадан ашсаңыз, бірінші сақтау нәтижесінде нұсқаны жасау қайта сұралады. Бұл нұсқаулардың санының жылдам өсуіне әкелуі мүмкін.

Маңызды :  Егер құжатта бірлесіп жұмыс істеп отырған болсаңыз, басқаларына құжатта жұмыс істеуге жол бермеу үшін маңызды бір себеп болса ғана оны шығарып алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Алдыңғы нұсқаны қалпына келтіру

Элементтің немесе файлдың бұрынғы нұсқасы көбірек ұнаса, оны таңдап, «қалпына келтіру» арқылы ағымдағы нұсқаға айналдыруға болады.

  1. Элемент немесе файл орналасқан тізімге немесе кітапханаға өту

  2. Меңзерді басқарылатын нұсқалар үшін элементтің немесе файлдың үстіне апарып, ашылмалы көрсеткі көрсетілгенше ұстаңыз.

  3. Ашылмалы көрсеткіні нұқып, Нұсқа жұрналы тармағын таңдаңыз.

  4. Меңзерді қалпына келтірілетін нұсқаны үстіне апарып, ашылмалы көрсеткі көрсетілгенше ұстаңыз.

  5. Ашылмалы көрсеткіні нұқып, Қалпына келтіру тармағын таңдаңыз.

    Таңдалған «Қалпына келтіру» пәрмені бар «Нұсқа жұрналы» ашылмалы көрсеткісі

  6. Нұсқаны ағымдағы нұсқа ретінде қалпына келтіруді бекіту сұралғанда, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Алдыңғы нұсқаны жою

Дәл емес немесе басқа түрде ақаулық туралы ақпараты бар нұсқаны ешкім оқи алмайтынын тексеру үшін, оны жоюға болады.

  1. Элемент немесе файл орналасқан тізімге немесе кітапханаға өту

  2. Меңзерді басқарылатын нұсқалар үшін элементтің немесе файлдың үстіне апарып, ашылмалы көрсеткі көрсетілгенше ұстаңыз.

  3. Ашылмалы көрсеткіні нұқып, Нұсқа жұрналы тармағын таңдаңыз.

  4. Меңзерді жойылатын нұсқаның үстіне апарып, ашылмалы көрсеткі көрсетілгенше ұстаңыз.

  5. Ашылмалы көрсеткіні нұқып, Жою түймешігін басыңыз.

    Файл нұсқасы үшін таңдалған «Жою» пәрмені бар «Нұсқа жұрналы» тілқатысу терезесі

  6. Жою әрекетін бекіту сұралғанда, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Нұсқа жойылғанда, сіз немесе қажетті рұқсаттары бар басқа пайдаланушы оны қалпына келтіре алатын Себет қалтасына жіберіледі. Торапта Себет қалтасы көрінбесе, сервер әкімшісі оны алып тастаған болуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Барлық алдыңғы нұсқаларды жою

Тізім элементтерінің немесе файлдардың барлық алдыңғы нұсқаларын жойғанда, ағымдағы нұсқадан басқа барлық нұсқалар Себет қалтасына жіберіледі. Негізгі және қосымша нұсқаларды бақылайтын кітапханада нұсқалар жойылып, ағымдағы нұсқа қосымша нұсқа болып табылса, соңғы жарияланған негізгі нұсқа да сақталады.

  1. Элемент немесе файл орналасқан тізімге немесе кітапханаға өту

  2. Меңзерді басқарылатын нұсқалар үшін элементтің немесе файлдың үстіне апарып, ашылмалы көрсеткі көрсетілгенше ұстаңыз.

  3. Ашылмалы көрсеткіні нұқып, Нұсқа жұрналы тармағын таңдаңыз.

  4. Тілқатысу терезесінің жоғарғы жағындағы Бүкіл нұсқаларды жою түймешігін басыңыз.

    Бөлектелген «Бүкіл нұсқаларды жою» пәрмені бар «Нұсқа жұрналы» тілқатысу терезесі

  5. Жою әрекетін бекіту сұралғанда, Жарайды түймешігін басыңыз.

Барлық қосымша нұсқаларды жою

Бұл іс рәсім файлдардың негізгі және қосымша нұсқаларын қадағалайтын кітапханаларда қол жетімді. Егер ағымдағы нұсқа қосымша нұсқа болып табылса (немесе негізгі нұсқалар жоқ болса), барлық қосымша нұсқаларды жойған кезде ағымдағы қосымша нұсқа сақталады.

  1. Элемент немесе файл орналасқан тізімге немесе кітапханаға өту

  2. Меңзерді басқарылатын нұсқалар үшін элементтің немесе файлдың үстіне апарып, ашылмалы көрсеткі көрсетілгенше ұстаңыз.

  3. Ашылмалы көрсеткіні нұқып, Нұсқа жұрналы тармағын таңдаңыз.

  4. Тілқатысу терезесінің жоғарғы жағындағы Жоба жазбалық нұсқаларды жою түймешігін басыңыз.

    Бөлектелген «Жоба жазбалық нұсқаларды жою» пәрмені бар «Нұсқа жұрналы» тілқатысу терезесі

  5. Жою әрекетін бекіту сұралғанда, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×