Электрондық хабарларға арналған деректерге кіру құқықтарын басқару қызметіне (IRM) кіріспе

Деректерге кіру құқықтарын басқару қызметі (IRM) арқылы Microsoft Outlook 2013 бағдарламасында тек Microsoft Office файлдарына рұқсаттарды шектеген сияқты электрондық пошта хабарларының мазмұнына рұқсаттарды шектей аласыз.

Маңызды :  IRM қорғанысы бар хабарды Outlook 2013 RT бағдарламасы арқылы көруге болады, бірақ жіберу мүмкін емес. Office бағдарламасының қай нұсқасын пайдаланатыныңызды көргіңіз келе ме?

Деректерге кіру құқықтарын басқару қызметі (IRM) электрондық пошта хабарларына қатынау құқықтарын анықтауға мүмкіндік береді. IRM рұқсат етілмеген адамдар тарапынан құпия ақпараттың оқылуына, басып шығарылуына, жіберілуіне, немесе көшірілуіне жол бермеуге көмектеседі.Сондай-ақ IRM ұйымдарда ұйым саясатын жүзеге асыруға, ұйым ішінде клиентер мен серіктестерге қатысты, басқаруды және құпия немесе меншікті ақпараттың таратылуын реттеуге көмектеседі.

IRM арқылы хабарға рұқсаттар шектелгеннен кейін, қатынау және пайдалану шектеулері хабардың қайда жеткізілетіндігіне қарамастан күшіне енеді, электрондық пошта хабарының рұқсаттары, хабар файлында тікелей сақталған.

Ескерту :  IRM мазмұнның жойылуына, бүлінуіне, ұрлануына немесе зиянкес бағдарламалар және компьютерлік вирустар тарапынан жіберілуі немесе алынуына тосқауыл қоя алмайды. Сондай -ақ, шектеулі мазмұнның қолдан көшірілуіне немесе қайта теруіне, шектеулі мақмұннан сандық фотосуреттің не экран суретінің алынуына кедергі жасай алмайды.

Хабарлар тізімінде IRM қорғанысы бар хабар тізімі

Шектеулі рұқсаты бар электрондық пошта хабарын бірінші рет ашуға талпынғанда, лицензиялау серверіне қосыласыз. Егер лицензиялау сервері тіркелгі деректеріңізді тексерсе, ол лицензияны қолданысқа жұмсайды, демек сіздегі файлға қатынау деңгейін анықтайды. Бұл процесс шектеулі рұқсаттарды пайдаланатын әрбір файлға талап етіледі. Басқа сөзбен айтқанда, егер лицензиялау сервері сізге бұл мазмұнды пайдалануға лицензия бермесе, шектеулі рұқсаты бар мазмұнды ашу мүмкін емемс.

IRM қол жетімсіз болған кезде хабарларды көру

Егер шектеулі рұқсаты бар мазмұнды оқу немесе ашу керек болса, бірақ Microsoft Office бағдарламасы пайдаланылып отырған компьютерде қол жетімсіз болса, веб-браузерді пайдалануға болады. Outlook Web App (OWA) бағдарламасын пайдалансаңыз, шектеулі хабарларды кез келген браузерден көре аласыз.

Не болмаса Internet Explorer браузеріне арналған құқықтарды басқару қондырмасын жүктеген болсаңыз, хабарларды Windows Internet Explorer браузерінен көре аласыз. Дегенмен, бұл хабарларға жауап беру, жіберу, көшіру немесе басып шығару параметрлерін пайдалануға мүмкіндік бермейді. «Құқықтарды басқару қондырмасын» хабарларды көру үшін пайдаланғанда хабармен жіберілуі тиіс тіркемелер көрінбей қалуы мүмкін.

Файлдарх абарларға тіркелгенде файл түрлері IRM саясаттарымен қамтылған

Келесі файл түрлері Outlook бағдарламасында құқықтары басқарылған хабарға тіркелген болса, олардың құқықтары автоматты түрде басқарылады.

Ескерту :  Егер Outlook бағдарламасында хабар файлдарын (.msg) құқықтары басқарылған хабарға тіркесеңіз (бірнеше хабарды Outlook бір хабары ішінде қайта жіберсеңіз), тіркелген хабарлардың құқықтары басқарылмайды.

Word құжаттары

Файл түрі

Кеңейтім

Құжат

.doc

Құжат

.docx

Макрос қолдайтын құжат

.docm

Үлгі

.dot

Үлгі

.dotx

Макрос қолдайтын үлгі

.dotm

Excel құжаттары

Файл түрі

Кеңейтім

Жұмыс кітабы

.xls

Жұмыс кітабы

.xlsx

Макрос қолдайтын жұмыс кітабы

.xlsm

Үлгі

.xlt

Үлгі

.xltx

Макрос қолдайтын үлгі

.xltm

XML емес бинарлық жұмыс кітабы

.xlsb

Макрос қолдайтын қондырма

.xla

Макрос қолдайтын қондырма

.xlam

PowerPoint құжаттары

Файл түрі

Кеңейтім

Көрсетілім

.ppt

Көрсетілім

.pptx

Макрос қолдайтын көрсетілім

.pptm

Үлгі

.pot

Үлгі

.potx

Макрос қолдайтын үлгі

.potm

Көрсету

.pps

Көрсету

.ppsx

Макрос қолдайтын көрсету

.ppsm

Office тақырыбы

.thmx

InfoPath файлдары

Файл түрі

Кеңейтім

Динамикалық пішін/Үлгі

.xsn

XPS құжаты

Файл түрі

Кеңейтім

XML бет спецификациясы

.xps

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×