Электрондық пошта хабарыңыздың көрінісін өзгерту

Не істеуге болады?

Түсті, градиентті, түс құрылымын, үлгі не суретті қосу

Әріптерді өзгерту

Графикалық сызбаларды қосу

Нөмірлі және байрақшалы тізімді қосу

Кестені қосу

Қолтаңбаны қосу

Белгішелерді, теңдіктерді, көлденең сызықшаларды қосу

Тақырыпты өзгерту

Түсті, градиентті, түс құрылымын, үлгі не суретті қосу

  1. Хабар параметрлері қойындысынан Тақырыптар тобын ашып Беттің түсі батырмасын басыңыз.

  2. Тақырып түстеріндегі не Стандарт түстердегі түсті таңдаңыз. Түсті алып тастау үшін, Ешбір түссіз батырмасын басыңыз.

    Тақырып түстері және Стандартты түстер

  3. Түсті, градиентті, түс құрылымын, үлгі не суретті қосқыңыз келсе Эффекттерді қолдану батырмасын басыңыз.

  4. Қолданғыңыз келген эффект параметрін таңдаңыз.

    Кеңес : Градиенттің, түс құрылымының, үлгінің түсі 2-ші қадамда таңдалған түске байланысты.

Әріптерді өзгерту

Хабарыңыздағы әріптерді бірнеше жолмен өзгертуге болады:

  • Хабар қойындысынан Негізгі мәтін тобынан қаріпті, оның өлшемін, мәнерін (ерекшеленген, курсив, асты сызылған), қаріп түсін, мәтіндік ерекшелеуді таңдай аласыз.

  • Пішім қойындысындағы Қаріп тобынан қаріп пен оның өлшемін; өлшемді бір мәнге үлкейтіп не кішірейтіп; қаріп мәнерін өзгеріп (ерекшеленген, курсив, асты сызылған, белінен сызылған, қолтаңба, жоғарғы индекс); бас не кіші әріпті таңдау, қаріп түсін өзгерту, мәтінді ерекшелеу; барлық қаріптердің пішімделуін болдырмай тастауға мүмкіндігіңіз бар.

  • Мәтінді ерекшелеген кезде көрінетін кіші құралдар жолағынан қаріпті таңдап, қаріп өлшемін бір мәнге үлкейтіп не кішірейтіп, тақырыпты таңдап, пішім бояғышын таңдап, қаріп мәнерін өзгеріп (ерекшеленген, курсив, асты сызылған) және мәтінді ерекшелей аласыз.

    Құралдардың шағын тақтасы

  • Пішім қойындысынан Мәнерлер тобын ашып, мәнерлерді таңдай аласыз.

Кеңес :  Сауатты көрінетін хабарларды жазу үшін мәтіндерді таңдаңыз.

Графикалық сызбаларды қосу

Графикалық сызбалар хабарды алушылардың назарын аудара алады. Графикалық сызбалар, сонымен қатар электрондық пошта хабарыңыздың файлының көлемін үлкейтеді, сондықтан да графикалық сызбаларды белгілі бір деңгейде қолдану керек. Егер графикалық сызбаларды хабардың ішіне кірістірмей тіркеме ретінде жібергіңіз келсе, онда келесі бөлімді көріңіз Хабарға элементтерді кірістіру не тіркеу. Хабардың түсін өзгерту үшін алдыңғы бөлімді оқыңызТүсті, градиентті, түс құрылымын, үлгі не суретті қосу.

  • Орналастыру қойындысынан Иллюстрациялар тобын ашып, төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Суретті файлдан алу      Қажет еткен суретті табу үшін, сол сурет сақталған файлды аударыстырып іздеп, суретті таңдағаннан кейін Орналастыру батырмасын басыңыз. Сіз, суретті жылжыту сызықшаларын қолдана отырып, өлшемін өзгертіп, айналдыра аласыз. Сурет жайлы қосымша параметрлерді көру үшін, суреттің үстінен оң жақ батырмамен шертіп, содан кейін мәтінмәндік мәзірден тиісті әмірді таңдаңыз.

    • Смарт-арт      Смарт-арт графикалық сызбасы үшін орналасатын жерді таңдаңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз. Мәтінді қосу үшін смарт-арт графикалық сызбасын шертіңіз. Қосымша параметрлерді алу үшін, смарт-арт графикалық сызбасының үстінен оң жақ батырмамен шертіп, содан кейін мәтінмәндік мәзірден тиісті әмірді таңдаңыз.

      Смарт-арт графикалық сызбасын қалай қолдану жөнінде қосымша мәлімет алғыңыз келсе, Смарт-арт графикалық сызбасын құру туралы оқыңыз.

    • Диаграмма      Диаграмма түрін таңдап, содан кейін OK батырмасын басыңыз. Көрсетілген Microsoft Office Excel 2007 жұмыс парағына диаграммаға қосылатын деректерді жазыңыз. Файл мәзірінен Жабу батырмасын басыңыз. Диаграммаларға қатысты қосымша мәлімет алу үшін диаграмманы оң жақ батырмамен шертіп, содан кейін мәтінмәндік мәзірден тиісті әмірді таңдаңыз.

    • Пішіндер      Пішінді шертіңіз. Пішін туралы қосымша мәлімет алу үшін диаграмманы оң жақ батырмамен шертіп, содан кейін мәтінмәндік мәзірден тиісті әмірді таңдаңыз.

  • WordArt элементін кіргізу үшін Орналастыру мәзіріндегі Мәтін тобынан WordArt батырмасын басыңыз.

Нөмірлі және байрақшалы тізімді қосу

  1. Жұлдызшаны * белгісін байрақшалы тізімді не 1-дінөмірлі тізімді бастау үшін басыңыз, содан кейін SPACEBAR не TAB пернесін басыңыз.

  2. Қалаған кез келген мәтінді теріп жазыңыз.

  3. Тізімнің келесі элементін қосу үшін ENTER батырмасын басыңыз.

    Outlook автоматты түрде келесі байрақшаны не нөмірді қояды.

  4. Бұл тізімді аяқтау үшін ENTER пернесін екі рет басыңыз, не BACKSPACE пернесімен тізімнің соңғы байрақшасы мен нөмірін өшіре аласыз.

Кестені қосу

Кесте мәтін мен графикалық элементтерді кіргізуге болатын жолдар мен бағандардан тұратын торкөздерден тұрады. Мәліметтерді реттеп жұрт назарына ұсыну үшін кестелер жиі қолданылады.

Ақпаратты тор тәріздес пішімде беру үшін пайдаланылатын кесте

Кестелерді сонымен қатар беттерді назар тартарлық етіп орналастыру үшін, не мәтіндерді, графикалық элементтерді құру үшін, және кестенің жетілдірілген түрін қолдану үшін қолданылады.

Кестелермен жасалған бет орналасуы

  1. Қай жерге кестені орналастырғыңыз келсе, сол жерді шертіңіз.

  2. Орналастыру қойындысынан Кесте тобын ашып, Кестені шертіңіз.

  3. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Жылдам кестелерді нұсқап, қалаған кестеңізді таңдаңыз.Кестедегі деректің орнына өзіңізге қажетті деректерді жазыңыз.

    • Кесте торкөзін жаңа бос кестені құру үшін жолдар мен бағандар санын анықтау үшін басыңыз.

      Кесте іріктеуші

Қолтаңбаны қосу

Жіберіліп жатқан хабарларға қосылып жіберілетін әдепкі қолтаңбаңызды құруыңызға болады, не болмаса әрбір жеке хабарды жазған сайын өз қолтаңбаңызды жаңадан жазып қосып отыруыңызға болады. Төмендегінің бірін орындаңыз:

  • Қолтаңбаны автоматы түрде қосу    

    1. Хабар тобынан Орналастыру тобын ашып,Қолтаңбаны басып, содан кейін Қолтаңбаларды басыңыз.

      Ескерту : Сонымен қатар Хабар қойындысындағы дайын қолтаңбаларды Жауап беру батырмасын, содан кейін Барлығына жауап беру батырмасын, не Бағытта жіберу батырмасын басқаннан кейін қолдана аласыз.

    2. Электрондық қолтаңба қойындысынан Өңдеу үшін қолтаңбаны таңдау тізімін ашып, қалаған қолтаңбаны таңдап алыңыз.

    3. Әдепкі қолтаңбаны таңдау қойыныдысынан Жаңа хабарлар тізімін таңдап, содан кейін қалаған қолтаңбаны таңдап алыңыз.

    4. Егер қолтаңбаны жібергіңіз келген хабарлардың ішіне кіргізгіңіз келсе, онда Жауаптар/қайта жіберу тізімінен қалаған қолтаңбаны таңдаңыз. Егер бұл хабарларға қолтаңбаңызды қосқыңыз келмесе, онда ешбір батырмасын басыңыз.

    5. OK батырмасын басыңыз.

    6. Ағымдық хабарға әдепкі қолтаңбаны қосу үшін, Хабар қойындысынан Қосу тобын ашып, Қолтаңбаны басып, содан кейін қолтаңбаны таңдап алыңыз.

  • Қолтаңбаны қолмен қосу    

    1. Хабар тобынан Орналастыру тобын ашып,Қолтаңбаны басып, содан кейін қалаған қолтаңбаны таңдап алыңыз.

      Ескерту : Сонымен қатар Хабар қойындысындағы дайын қолтаңбаларды Жауап беру батырмасын, содан кейін Барлығына жауап беру батырмасын, не Бағытта жіберу батырмасын басқаннан кейін қолдана аласыз.

Белгішелерді, теңдіктерді, көлденең сызықшаларды қосу

Белгіше әмірін төмендегілерді кіргізу үшін қолданасыз:

  • Пернетақтада кездеспейтін ¼ және © тәрізді символдар

  • Пернетақтада кездеспейтін арнайы таңбалар ұзын тире (—) не эллипс (…)

  • Юникод символдары

Егер сіз Arial не Times New Roman тәрізді кеңейтілген қаріптерді қолданып отырсаңыз, олардың қосалқы қаріптер жинағы көрсетіледі. Бұл тізімнен әртүрлі тілдердің,егер бар болса мысалы грек және орыс (кириллица) қаріптерін таңдап ала аласыз.

Теңдік әмірі теңдіктер жинағын жылдам кіргізуге көмектеседі.

Көлденең сызықша әмірі хабарыңыздың бөлімдерін бөлуге мүмкіндік береді.

  • Орналастыру қойындысынан Белгішелер тобын ашып, Теңдікті басып, Белгіше не Көлденең сызықша батырмасын басыңыз.

Тақырыпты өзгерту

Тақырып дегеніміз, ерекше дизайн элементтері не және түс схемалары. Тақырып сізге оңайлықпен кәсіпқой көрінетін хабарларды жасауға көмектеседі.

Тақырыбы қолданылған құжат Құжатқа тақырыпты қолданған кезде Outlook түсті, графикалық элементтерді, хабардың жалпы көрінісі мен тақырыптарының мәнерін, көлденең сызықтарды, еренсілтемелердің түсін, кесте шек сызықтарының түсін өзгертеді. Бір деңгейлі, көп деңгейлі тізімдердің екеуі де өзгеріске ұшырайды.

Бұл элементтердің көрінісін жылдам өзгерту үшін тақырыпты өзгертуіңізге болады.

  • Хабар параметрлері қойындысынан Тақырыптар тобын ашып Тақырыптар батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×