Электрондық пошта хабарларын теңшеу

Электрондық пошта хабарын Microsoft Outlook нұсқасында жасау Outlook мүмкіндігінің аса көп параметрлері мен теңшелімдерін ұсынады. Жазылып жатқан хабар түріне қарамастан, іскерлік немесе жеке болмасын, әрдайым бірегей мәнер қосудың жолын табуға болады.

Microsoft Outlook 2010 нұсқасы электрондық пошта хабарларына Microsoft Word 2010 нұсқасына негізделген өңдегішті пайдаланады. Бұл өңдегіштің мүмкіндіктеріне қатысты толық көмек алу үшін Word 2010 нұсқасын іске қосып, F1 пернесін басыңыз да, Word анықтамасынан іздеңіз.

Не істеу керек?

Жеткізу параметрлерін орнату

Хабардың түрін өзгерту

Хабарға қадағалауды қосу

Жеткізу параметрлерін орнату

Маңыздылық деңгейін тағайындау

Жарамдылық мерзімінің біту күнін орнату

Хабар жіберуді кідірту

Маңыздылық деңгейін тағайындау

Алушылардың элементті ашпас бұрын «Кіріс» қалтасынан көрсеткішті көруі үшін әр хабарға маңыздылық деңгейін орнатуға болады. Сондай-ақ, маңыздылық деңгейін орнату алушылардың хабарларын маңыздылығы бойынша сұрыптауына мүмкіндік береді.

  • Параметрді қосу және өшіру үшін Хабар қойындысының Тегтер тобында Жоғары маңыздылық Түймешік суреті немесе Төмен маңыздылық Түймешік суреті түймешігін басыңыз. Таңдалған белгіше оның бос еместігін көрсету үшін ерекшелейді.

Жарамдылық мерзімінің біту күнін орнату

Хабардың мерзімі біткенде, Outlook қалталарында хабар тақырыбы сызылған ретінде көрінеді және хабарды ашуға болады.

  1. Параметрлер қойындысының Басқа параметрлер тобындағы Хабар параметрлері тілқатысу терезесін ашу түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  2. Сипаттар тілқатысу терезесінің Жеткізу параметрлері астындағы Мына күннен кейін мерзімі бітеді параметріне құсбелгі қойып, күн мен уақытты басыңыз.

Хабар жіберуді кідірту

Егер Microsoft Exchange электрондық пошта тіркелгісі пайдаланылса, жеке хабардың жеткізілуін кідіртуге болады. Электрондық поштаның тіркелгісіне қарамастан, әр пайдаланушы Жіберу түймешігін басқаннан кейін хабарларды көрсетілген уақытқа «Шығыс» қалтасында қалдыра тұрып, олардың барлығының жеткізілуін кідірту ережелерін пайдалана алады.

Ескерту : Microsoft Exchange бизнес орталарда өте жиі пайдаланылады, үй немесе жеке электрондық пошта тіркелгілері Microsoft Exchange тіркелгісін өте аз пайдаланады.

  • Тек Exchange тіркелгілері үшін    

    1. Параметрлер қойындысының Басқа параметрлер тобындағы Жеткізуді кідірту түймешігін басыңыз. Мына күнге дейін жеткізбеу параметрі жанына құсбелгі қойылған Сипаттар тілқатысу терезесі пайда болады.

    2. Қажетті жеткізу күні мен уақытын таңдаңыз.

      Ескерту : Кідіріс жасалатын әр хабарда Жеткізуді кідірту түймешігін басу керек. Барлық хабарды кідірту үшін келесі Барлық электрондық пошта тіркелгілері бөлімін қараңыз.

  • Барлық электрондық пошта тіркелгілері    

    Бұл үрдіс барлық тіркелгілерге арналған барлық хабарды кідіртеді. Кідіріске тап болған кездің шарттарын шектеу үшін «Ережелер» шеберіндегі параметрлерді теңшеуге болады.

    1. Кез келген Outlook көрінісінде Microsoft Office Backstage көрінісін ашу үшін Файл қойындысын басыңыз. Ақпарат қойындысында Ережелер мен ескертулерді басқару түймешігін басыңыз.

    2. Жаңа ереже түймешігін басыңыз.

    3. 1-қадам: Үлгі таңдау тармағының Бос ережеден бастау астындағы Жіберетін хабарларға ережені қолдану параметрін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

    4. Келесі түймешігін қайтадан басыңыз, содан кейін Бұл ереже әрбір жіберілетін хабарға қолданылады деген хабар көрінгенде, Иә түймешігін басыңыз.

    5. 1-қадам: Әрекетті(терді) таңдау астындағы жеткізуді минут бойынша кешіктіру параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

    6. 2-қадам: Ереже сипаттамасын өзгерту (асты сызылған мәнді басыңыз) астындағы саны деген асты сызылған сөзді басыңыз.

    7. 1 және 120 арасынан сан енгізіп, Жарайды түймешігін басыңыз.

    8. Дайын түймешігін басыңыз, содан кейін Бұл клиент тарапынан орындалатын ереже болғандықтан, тек Outlook ашық кезде орындалады деген хабар көрінгенде, Жарайды түймешігін басыңыз.

      Ескерту : Бұл ереже барлық жіберілетін хабарды 7-қадамда енгізілетін уақытқа (минутпен беріледі) кідіртеді. Outlook бағдарламасы хабар жібермес бұрын көрсетілген кідіріс уақытын орналастыру үшін Жіберу түймешігі басылғаннан кейін сол уақыт бойы іске қосулы қалуға тиісті.

Беттің жоғарғы жағы

Хабардың түрін өзгерту

Өң түсін, градиентті, сурет құрамын, үлгіні немесе суретті қосу

Қаріпті өзгерту

Сурет қосу

Нөмірленген немесе таңбалаушы тізімді қосу

Кестені қосу

Қолтаңба қосу

Нышандар, теңдеулер және көлденең сызықтар қосу

Тақырыпты өзгерту

Өң түсін, градиентті, сурет құрамын, үлгіні немесе суретті қосу

  1. Параметрлер қойындысының Тақырыптар тобындағы Бет түсі түймешігін басыңыз.

  2. Тақырып түстері немесе Стандартты түстер бояғышындағы түсті таңдаңыз. Толық бояғышты алу үшін Басқа түстер түймешігін басыңыз. Түсті алып тастау үшін Түссіз түймешігін басыңыз.

  3. Егер градиентті, сурет құрамын, үлгіні немесе суретті қосқыңыз келсе, Бояу әсерлері түймешігін басыңыз.

  4. Қажетті бояу параметрлерін таңдаңыз.

    Кеңес : Градиенттің, сурет құрамының немесе үлгінің түсі 2-қадамда таңдалатын түске негізделеді.

Қаріпті өзгерту

Хабардағы қаріпті бірнеше жолмен өзгертуге болады:

  • Хабар қойындысының Негізгі мәтін тобынан қаріпті, қаріп өлшемін, қаріп мәнерін (қалың, көлбеу және асты сызылған), қаріп түсін және мәтін ерекшелеуді таңдауға болады.

  • Мәтінді пішімдеу қойындысының Қаріп тобынан қаріпті және қаріп өлшемін таңдауға, өлшемін бір рет арту бойынша арттыруға не кемітуге, қаріп мәнерін (қалың, көлбеу, асты сызылған, сызылған, төменгі көрсеткіш, жоғарғы көрсеткіш) өзгертуге, әріптің үлкен-кішілігін, қаріп түсін және мәтін ерекшелеуді өзгертуге және барлық қаріп пішімдерін жоюға болады.

  • Мәтін таңдалған кезде пайда болатын кіші құралдар тақтасынан қаріпті таңдауға, өлшемін бір рет арту бойынша арттыруға немесе кемітуге, тақырып таңдауға, сурет салу бағдарламасын пішімдеуді пайдалануға, қаріп мәнерін (қалың, көлбеу және асты сызылған) таңдауға және мәтінді ерекшелеуге болады.

    Құралдардың шағын тақтасы

  • Мәтінді пішімдеу қойындысының Мәнерлер тобынан мәнерлерді таңдауға болады.

Кеңес : Кәсіби хабарларды жасауға мәнерлерді пайдаланыңыз.

Сурет қосу

Сурет алушылардың назарын аударта алады. Сондай-ақ, сурет электрондық пошта хабарындағы файл өлшемін арттырады, сондықтан суретті асыра пайдаланбау керек. Хабардың өңіндегі түрін өзгерту үшін алдыңғы Өң түсін, градиентті, сурет құрамын, үлгіні немесе суретті қосу бөлімін қараңыз.

  • Кірістіру қойындысының Суреттер тобында мыналардың біреуін таңдаңыз:

    • Сурет.     Қажетті сурет сақталатын қалтаға өтіп, суретті таңдаңыз, содан кейін Кірістіру түймешігін басыңыз. Суретті созу құралдарымен суреттің өлшемін өзгертуге немесе оны бұруға болады. Қосымша сурет параметрлерін алу үшін суретті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, пәрменді мәтінмәндік мәзірден таңдаңыз.

    • Клип.     Ізделетін клиптің сипаттамасын енгізіп, Өту түймешігін басыңыз. Office.com торабынан қол жетімді клипартты қосу үшін Office.com мазмұнын қосу параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Кірістірілетін суретті таңдаңыз.

    • Кескіндер.     Кескінді басыңыз. Қосымша кескін параметрлерін алу үшін кескінді тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, пәрменді мәтінмәндік мәзірден таңдаңыз.

    • SmartArt.     SmartArt суретінің орналасуын таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз. Мәтін қосу үшін SmartArt суретін басыңыз. Қосымша параметрлер алу үшін SmartArt суретін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, пәрменді мәтінмәндік мәзірден таңдаңыз.

    • Диаграмма.     Диаграмма түрін таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз. Пайда болатын Microsoft Excel 2010 жұмыс парағында диаграммаға деректер енгізіңіз. Электрондық кестені жабу үшін Excel түймешігін басып, Жабу пәрменін таңдаңыз. Қосымша диаграмма параметрлерін алу үшін диаграмманы тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, пәрменді мәтінмәндік мәзірден таңдаңыз.

    • Скриншот.     Алдын ала көрілген суреттердің біреуін таңдаңыз немесе Экран қиындысы түймешігін басыңыз. Суретке түсірілетін экран аумағын таңдаңыз.

  • WordArt құралын енгізу үшін Кірістіру мәзірінің Мәтін тобынан WordArt пәрменін таңдаңыз.

Нөмірленген немесе таңбалаушы тізімді қосу

  1. Хабар қойындысының Негізгі мәтін тобынан таңбалауыштар немесе нөмірлеу пәрменін таңдаңыз.

  2. Келесі тізім элементін қосу үшін ENTER пернесін басыңыз.

    Outlook бағдарламасы келесі таңбалауышты немесе нөмірді автоматты түрде кірістіреді.

  3. Тізімді аяқтау үшін ENTER пернесін екі рет басыңыз немесе тізімдегі соңғы таңбалауышты немесе нөмірді жою үшін BACKSPACE пернесін басыңыз.

Пернетақта лақабы  Таңбалаушы тізімді бастау үшін * (жұлдызша) немесе нөмірленген тізімді бастау үшін 1 таңбасын енгізіп, БОС ОРЫН немесе TAB пернесін басыңыз.

Кестені қосу

Кесте мәтін мен суретпен толтырылатын ұяшықтардың жолдары мен бағандарынан тұрады. Кестелер ақпарат құрастыру әрі беру үшін жиі пайдаланылады.

Ақпаратты тор тәріздес пішімде беру үшін пайдаланылатын кесте

Сондай-ақ, беттің қызық орналасуын жасау немесе мәтін, сурет және қосымша кесте орналасуларын жасау үшін кестелерді пайдалануға болады.

Кестелермен жасалған бет орналасуы

  1. Кесте кірістірілетін орынды таңдаңыз.

  2. Кірістіру қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін басыңыз.

  3. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Меңзерді Жылдам кестелер параметріне апарып, қажетті кестені таңдаңыз. Кестедегі деректерді қажетті деректеріңізбен ауыстырыңыз.

    • Жаңа бос кестеде жасалатын жолдар мен бағандардың санын анықтау үшін кесте торын басыңыз.

      Кесте іріктеуші

    • Қосылатын кесте ұяшықтарының өлшемдерін өзгертуге мүмкіндік беретін меңзер алу үшін Кесте салу параметрін таңдаңыз.

    • Жаңа электрондық кестені хабарда ашу үшін Excel электрондық кестесі параметрін таңдаңыз. Өлшемін өзгерту үшін төмендегі және оң жақ жиектердегі өңдеу нүктелерін пайдалануға болады.

      Ескерту : Excel электрондық кестесі таңдалғанда, Excel кестесінің қайнар көзіне сенетін-сенбейтініңізді сұрайтын тілқатысу терезесі шығуы мүмкін. Көп жағдайда электрондық кесте негізінен жеке компьютеріңізге қотарылған Excel бағдарламасынан алынса, Иә түймешігін басуға болады. Егер Excel бағдарламасы басқа қайнар көзден немесе желіден іске қосылса, сенімсіз болған жағдайда желі әкімшісінен тексеріңіз.

Қолтаңба қосу

Шыққан хабарлардың барлығына қосылатын әдепкі қолтаңба жасауға болады немесе қолтаңбаны шыққан хабарларға қолмен жеке енгізуге болады. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

  • Қолтаңбаны автоматты түрде енгізу.    

    1. Хабар қойындысының Қосу тобынан Қолтаңба пәрменін таңдап, Қолтаңбалар түймешігін басыңыз.

      Ескерту : Сондай-ақ, ашық хабардағы Жауап беру, Барлығына жауап беру немесе Қайта жіберу түймешіктерін басқаннан кейін Хабар қойындысында қол жетімді болатын қолтаңба параметрлеріне өтуге болады.

    2. Қолтаңбалар және бланк тілқатысу терезесіндегі Электрондық поштаның қолтаңбасы қойындысының Өзгертілетін қолтаңбаны таңдау тізімінен қажетті қолтаңбаны таңдаңыз. Не болмаса қолтаңба жасау үшін Жаңа түймешігін басыңыз.

    3. Тілқатысу терезесінің жоғарғы оң жағындағы Әдепкі қолтаңбаны таңдау астындағы Жаңа хабарлар тізімінен қажетті қолтаңбаны таңдаңыз.

    4. Егер жауап берілетін және қайта жіберілетін хабарларға қолтаңба қосқыңыз келсе, Жауап/қайта жіберу тізімінен қолтаңбаны таңдаңыз. Егер бұл хабарларға қолтаңба қажет болмаса, ешқайсысы параметрін таңдаңыз.

    5. Жарайды түймешігін басыңыз.

    6. Ағымдағы хабарға әдепкі қолтаңбаны қосу үшін Хабар қойындысының Қосу тобындағы Қолтаңба түймешігін басып, қолтаңбаны таңдаңыз.

  • Қолтаңбаны қолмен енгізу.    

    1. Хабар қойындысының Қосу тобындағы Қолтаңба түймешігін басып, қажетті қолтаңбаны таңдаңыз.

      Ескерту : Сондай-ақ, ашық хабардағы Жауап беру, Барлығына жауап беру немесе Қайта жіберу түймешіктерін басқаннан кейін Хабар қойындысында қол жетімді болатын қолтаңба параметрлеріне өтуге болады.

Нышандар, теңдеулер және көлденең сызықтар қосу

Төмендегіні енгізу үшін Нышан пәрменін пайдалануға болады:

  • ¼ және © сияқты пернетақтада жоқ нышандар

  • Ұзын сызықша (—) немесе көп нүкте (…) сияқты пернетақтада жоқ арнайы таңбалар

  • Юникод таңбалары

Егер Arial немесе Times New Roman сияқты кеңейтілген қаріп пайдаланылып жатса, жиын тізімі пайда болады. Тіл таңбаларының кеңейтілген бұл тізімінен таңдауға болады. Қажет болғанда, ол грек және орыс (кирилл жазуы) тілдерін қамтиды.

Кірістіру қойындысының Нышандар тобындағы Теңдеу пәрмені күрделі теңдеулерді жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

Көлденең сызық пәрмені хабардың бөлімдерін үзуге мүмкіндік береді.

  • Кірістіру қойындысының Нышандар тобындағы Теңдеу, Нышан немесе Көлденең сызық түймешігін басыңыз.

Тақырыпты өзгерту

Тақырып бірыңғай құрастыру элементтерінің және түс схемаларының жиыны болып табылады. Тақырып кәсіби және жақсы құрастырылған хабарларды оңай жасауға көмектеседі.

Тақырыбы қолданылған құжат Құжатқа тақырып қолданылғанда, Outlook бағдарламасы өң түстері мен суреттерді, негізгі мәтін және тақырып мәнерлерін, тізімдерді, көлденең сызықтарды, еренсілтеме түстерін кесте жиегіндегі түстерді теңшейді. Бір деңгейлі және көп деңгейлі тізімдер де теңшеледі.

Бұл элементтердің түрін жылдам өзгерту үшін тақырыпты өзгертуге болады.

  • Параметрлер қойындысының Тақырыптар тобындағы Тақырыптар түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Электрондық деректеме кәртішкесін қосу

Электрондық деректеме кәртішкесі Электрондық деректеме кәртішкелері байланыс ақпаратын ортақ пайдалануды жеңілдетеді. Электрондық деректеме кәртішкелерін жіберілетін хабарларға жылдам енгізуге болады және оларды алушы бірден таниды. Бірлескен электрондық деректеме кәртішкесін немесе теңшелген жеке кәртішкесін жіберуге болады. Осылайша, электрондық деректеме кәртішкесі сияқты басқа біреудің байланыс ақпаратын жіберуге болады. Сондай-ақ, кәртішкелерді қайта жіберуге болады.

Электрондық деректеме кәртішкелері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Электрондық деректеме кәртішкелері сияқты байланыс ақпаратын жасау және ортақ пайдалану бөлімін қараңыз.

  1. Хабар қойындысының Қосу тобындағы Элемент тіркеу түймешігін басып, Деректеме кәртішкелері параметрін таңдаңыз да, тізімнен атауын таңдаңыз.

  2. Егер қажетті атауыңыз көрінбесе, Басқа деректеме кәртішкелері түймешігін басып, атауды Басқаша тіркелген тізімінен таңдаңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Ескертулер : 

    • Деректеме кәртішкесі мәзірінде хабарларға электрондық деректеме кәртішкелері ретінде енгізілген соңғы 10 контактінің атауы көрсетіледі.

    • Хабарға бірден аса электрондық деректеме кәртішкесін енгізуге болады.

    • Деректеме кәртішкесі мәзіріндегі қайталанбалы атауларды ажырату үшін Басқа деректеме кәртішкесі түймешігін басыңыз. Деректеме кәртішкесін енгізу тілқатысу терезесінен кәртішкені алдын ала қарап алу қамтылған қосымша ақпаратты көресіз.

    • Егер деректеме кәртішкесін электрондық деректеме кәртішкесі көрінісінен жаңа хабарға апарсаңыз, хабар жіберілгенде тек .vcf файлы қосылады. Бұл тіркелген .vcf файлы алушылар контактілер тізімдеріне сақтайтын барлық ақпараты бар байланыс пішінін ашады. Егер алушы Microsoft Office Outlook 2007 немесе Outlook 2010 нұсқасын пайдаланса, электрондық деректеме кәртішкесі байланыс пішінінен көрінеді.

Беттің жоғарғы жағы

Хабарға қадағалауды қосу

Хабарға жалауша қою

Дауыс беру түймешіктерін қосу

Жеткізілгені немесе оқылғаны туралы есепті алу

Хабарға жалауша қою

Жалауша қойылған электрондық пошта хабарлары поштаңызды тиімді басқаруға көмектеседі. Жалауша қойылған хабарлар жалғыз сіз үшін немесе сіз бен электрондық пошта хабарын алушыларға орындалу элементтерін жасайды. Мысалы, белгілі күн бойынша қажет етілетін ақпаратты сұрайтын электрондық пошта хабарына жалауша қоюға болады. Алушы хабарды алғанда, жалауша онымен бірге пайда болып, хабар оқу тақтасындағы ақпарат жолағына шығады, ал хабар Outlook бағдарламасында ашылғанда оның жоғарғы жағында пайда болады.

Өзіңіз үшін жалауша қойылған хабар хабарға жауап бергендерді бақылауға көмектеседі. Алдыңғы сценарийде белгілі бір күн бойынша ақпарат сұрайтын жалауша қойылған электрондық пошта хабары жіберілген. Сондай-ақ, өзіңіз үшін хабарға жалауша қою арқылы жауаптарды тексеру есіңізге салынады. Тіпті Outlook бағдарламасы бастапқы жалауша қойылған хабарға берілген жауаптарды автоматты түрде табуға көмектеседі.

  1. Хабар қойындысының Тегтер тобындағы Орындау түймешігін басып, орындалуға тиісті күнді таңдаңыз немесе Теңшелетін түймешігін басыңыз.

  2. Егер осы жалауша қойылған хабар туралы еске салғанын қаласаңыз, Хабар қойындысының Тегтер тобындағы Орындау түймешігін басыңыз да, Еске салуды қосу пәрменін таңдаңыз. Еске салу күні мен уақытын қалауыңыз бойынша өзгертуге болады.

  3. Алушыларға аяқталу мерзімі туралы ескерту үшін оларға қойылған жалаушаны қалауыңыз бойынша қосуға болады. Хабар қойындысының Тегтер тобындағы Орындау түймешігін басып, Алушылар үшін жалауша параметрін таңдаңыз. Алушыға сол жалауша қойылған хабар туралы еске салуды қосу үшін Еске салу параметрін жанына құсбелгі қойыңыз да, қажет болған жағдайда күн мен уақытты өзгертіңіз.

Дауыс беру түймешіктерін қосу

Электрондық пошта хабарында дауыс беру түймешіктерін қосу арқылы Microsoft Outlook бағдарламасында сұрау жасау оңай.

  1. Параметрлер қойындысының Қадағалау тобынан Дауыс беру түймешіктерін пайдалану пәрменін таңдаңыз.

  2. Төмендегілердің біреуін басыңыз:

    • Иә;Жоқ      Сізге керектің барлығы не «иә» не «жоқ» болғанда, бұл жылдам сұрау алудың жақсы жолы болып табылады.

    • Иә;Жоқ;Мүмкін      Таңдауларыңызды «иә» және «жоқ» деп шектегіңіз келмеген жағдайда, бұл дауыс беру параметрі ұқсас жауапты ұсынады.

    • Теңшелетін      Жеке таңдаулы дауыс беру түймешіктерінің атауларын құру үшін осы пәрменді басыңыз. Мысалы, әріптестеріңізден аптаның үш жұмыс күнінен апталық жұмысшылар жиналысын қалпына келтіруін сұрауыңызға болады.

      1. Хабар параметрлері тілқатысу терезесі пайда болғанда, Дауыс беру және қадағалау параметрлері астындағы Дауыс беру түймешіктерін пайдалану параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

      2. Әдепкі түймешік атауларын таңдап жойыңыз да, қажетті мәтінді теріңіз. Түймешік атауларын үтірлі нүктелермен бөліңіз.

Жеткізілгені немесе оқылғаны туралы есепті алу

Жеткізілгені туралы есепте алушының электрондық пошта хабарын көргені немесе оқығаны туралы емес, алушының пошта жәшігіне жеткізілгені туралы айтылады. Оқылғаны туралы есепте хабарыңыздың ашылғаны туралы айтылады. Екі жағдайда да хабарыңыз жеткізілгенде немесе оқылғанда хабар туралы мәлімдеме аласыз. Содан кейін хабар туралы мәлімдемелердің мазмұны Жіберілгендер қалтасындағы бастапқы хабарға автоматты түрде жазылады.

Дегенмен, бұл есептерге жауап бермеңіз. Хабар алушы оқу туралы сұраудың сұралғанын анықтап, оны жіберуден бас тартуы мүмкін. Егер хабар оқу тақтасында тек оқуға арналса, оқылғаны туралы есеп жіберілмеуі мүмкін. Бұған қосымша, алушының электрондық пошта бағдарламасында оқылғаны туралы есептердің болмауы мүмкін.

  1. Хабардағы Параметрлер қойындысының Қадағалау тобында Жеткізілгені туралы хабарды сұрау немесе Оқылғаны туралы есепті сұрау параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

  2. Бұл параметрлерді жіберілетін барлық электрондық пошта хабарларына қосу үшін:    

    • Microsoft Office Backstage көрінісін ашу үшін Файл қойындысын басыңыз.

    • Параметрлер түймешігін басыңыз.

    • Пошта түймешігін басыңыз.

    • Қадағалау астындағы қажетті параметрлеріңізді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×