Электрондық пошта хабарларында сілтемелерді қосу немесе өшіру

Фишинг — банктегі есепшот нөмірі және тіркелгі құпиясөзі сияқты жеке ақпаратты ашып қоюға итермелейтін электрондық пошта хабарларын пайдаланудың зиянды тәжірибесі. Фишинг хабарлар, жеке ақпарат сұрайтын жалған веб-сайттардың сенімсіз сілтемелерін жиі пайдаланады. Бұл ақпаратты қылмыскерлер куәландыратын мәліметтеріңізді, ақшаңызды немесе екеуін де ұрлау үшін пайдаланады.

Фишингтік электронды пошта хабарын заңды электрондық пошта хабарынан ажырату қиын болғандықтан, Microsoft OutlookҚажетсіз пошта сүзгісі әр келген хабарды, жалпы фишингтерге сай күмәнді сипаттамаларын көру үшін бағалауды жалғастыра береді. Microsoft Outlook 2013 бағдарламасында тіпті басқа қажетсіз пошта сүзгісі өшірулі болса да, күмәнді хабарларды анықтау әрқашан қосулы болады.

Күмәнді фишингтік хабар келген кезде, бұл төмендегідей жүзеге асады:

  • Егер қажетсіз пошта сүзгісі хабарды спам ретінде қарастырмай, оны фишинг ретінде қарастырса, хабар Кіріс қалтасында қалады, бірақ хабардағы барлық сілтемелер ажыратылған және Жауап беру және Бәріне жауап берупәрмендерін қолдана алмайсыз. Бұған қоса, күмәнды хабардағы тіркемелер блокталады.

    Егер хабардағы сілтемелерді қосқыңыз келсе, «Оқу аймағы» немесе ашық хабарда, хабардың жоғарғы жағындағы «Ақпарат жолағында», Сілтемелерді және басқа фунцияларды қосу (ұсынылмаған) тармағын басыңыз.

  • Егер қажетсіз пошта сүзгісі хабарды спам әрі фишинг ретінде қарастырса, хабар автоматты түрде Қажетсіз пошта қалтасына жіберіледі. Қажетсіз пошта қалтасына жіберілген хабар қарапайым мәтін пішімінде сақталып, барлық сілтемелер ажыратылады. Бұған қосымша, Жауап беру және Барлығына жауап беру пәрмендері ажыратылып, хабардағы тіркемелер блокталады.

  • Егер қажетсіз пошта хабарды спам әрі фишинг ретінде қарастырса және жіберуші (someone@example.com) немесе домен (@example.com) «Қауіпсіз жіберушілер тізімінде» болса, хабар Кіріс қалтасында қалады. Дегенмен, хабардағы сілтемелер мен тіркемелер ажыратылады.

Қалаусыз электрондық пошта қалтасынан күмәнді хабарларды жылжыту

Күмәнді деп қарастырылған хабарды Қажетсіз пошта қалтасынан кері Кіріс қалтасына жылжыта аласыз. Reading Pane немесе ашық хабарда, «Ақпарат жолағы» тармағын басып, одан кейін Кіріс қалтасына жылжыту параметрін басыңыз.

  • Бастапқы хабар пішімі қалпына келеді, бірақ хабардың құрамындағы сілтемелер ажыратулы күйінде қалады. Бұған қосымша, Жауап беру және Барлығына жауап беру функциялары ажыратулы күйінде, ал хабардағы тіркемелер блокталған күйінде қалады.

  • Егер қажетсіз пошта сүзгісі хабарды спам немесе фишинг деп қарастырса, бірақ сіз онымен келіспесеңіз, Қажетсіз пошта қалтасын ашып, хабарды тінтуірдің оң жағымен басыңыз, одан кейін Жіберушіні сенімді жіберушілер тізіміне қосу пәрменін басыңыз. Хабар Кіріс қалтасына жылжиды. Ажыратылған сілтемелер ажыратулы күйінде қалады. Бастапқы хабар пішімі қалпына келеді.

    Important: Жіберушіні немесе доменді «Қауіпсіз жіберушілер тізіміне» қосқаннан кейін, сол жіберушіден немесе доменнен келген жаңа хабарлар сүзгімен бағаланады, бірақ Қажетсіз пошта қалтасына жылжымайды. Қауіпсіз жіберушілер тізіміне банктерді, несие карта компанияларын немесе электрондық коммерциялық жіберушілерді немесе домендерді қосу ұсынылмайды, себебі бұл жіберушілердің мекенжайларын фишерлер өте жиі пайдаланады.

Беттің жоғары бөлігі

Сілтемелердің автоматты ажыратылуын өшіру

  1. Басты түймешігін басыңыз.

  2. Жою тобынан, Қажетсіз параметрін басыңыз, одан кейін Қажетсіз пошта параметрлері параметрін басыңыз.

  3. Параметрлер қойындысында Фишинг хабарлардағы сілтемелер мен басқа функцияларды ажырату (ұсынылады) көзінен құсбелгіні алып тастаңыз.

Note: Егер бұл мүмкіндік кейінірек қосылса, «Қажетсіз пошта сүзгісі» арқылы күдікті деп бағаланған алдыңғы хабарлардағы сілтемелер ажыратылады.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық пошта мекенжайларының жалған болуы туралы ескертуді өшіру

  1. Басты түймешігін басыңыз.

  2. Жою тобынан, Қажетсіз параметрін басыңыз, одан кейін Қажетсіз пошта параметрлері параметрін басыңыз.

  3. Параметрлер қойындысында, Электрондық пошта мекенжайларындағы күдікті домен атаулары туралы маған ескерту (ұсынылған) құсбелгісін алып тастаңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×