Электрондық пошта хабарларына қайтарылатын жауаптарды басқа электрондық пошта тіркелгісіне баратын ету

Бұл мүмкіндік POP3 және Интернет хабарларына кіру протоколы (IMAP) электрондық пошта тіркелгілерінің көпшілігінде бар. Microsoft Exchange электрондық пошта тіркелгісін қолдану кезінде бұл мүмкіндік болмайды.

Электрондық пошта хабарыңызға алушы жауап берген кезде, оның жауабы сіз сол хабарды жіберуге қолданған тіркелгіден өзге электрондық пошта тіркелгісіне жіберілетін ету үшін Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасын теңшеуге болады.

Мысалы, сіз хабар жіберіп, досыңызға демалуға кетіп қалатын болсаңыз, сол хабарға келетін жауаптар досыңыздың тіркелгісіне жіберілетін етіп орнатуға болады. Немесе, сіз жұмыста болып, жеке электрондық пошта тіркелгіңізден хабар жіберуге мүмкіндігіңіз болмаса, электрондық пошта параметрлерін уақытша өзгертіп, жұмысыңыздан жіберетін хабарлара келетін жауаптар жеке тіркелгіңізге жіберілетін етіп орнатуға болады.

Бұл өзгеріс жасалғаннан кейін ол тек жіберілетін жауаптарға ғана қолданылады.

  1. Құралдар мәзірінен Тіркелгі параметрлері тармағын таңдаңыз.

  2. Электрондық пошта қойындысында электрондық пошта тіркелгісін таңдап, Өзгерту түймешігін басыңыз.

  3. Қосымша параметрлер түймешігін басып, Электрондық поштаға жауап беру жолағында жауап жібергіңіз келетін тіркелгінің электрондық пошта мекенжайын теріңіз.

    Ескертулер : 

    • Кейбір ISP сіз қолданып отырған тіркелгіні электрондық пошта мекенжайына сәйкес келмейтін жауаптық электрондық пошта мекенжайы қойылған электрондық пошта хабарларын жіберуге рұқсат етпейді. Егер Интернет провайдері осындай шектеулер қойған болса, бұл іс ретін қолдана алмайсыз.

    • Жауаптардың балама тіркелгіге жіберілетінін тоқтатқыңыз келсе, Жауап берілетін электрондық пошта жолағында көрсетілген мекенжайды өзгертуді ұмытпаңыз.

    • Егер Microsoft Exchange тіркелгісін қолдана отырып, электрондық поштаңыз бен күнтізбе элементтерін басқа кісіге басқартқыңыз келсе, Рұқсатты тапсыру немесе Exchange тіркелгісін ашуға және оған қатынауға рұқсаттарды біреуге беру мүмкіндіктерін қолдануды қарастырып көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×