Электрондық пошта хабарламасының жоғарғы колонтитулдарын қарау

Электрондық пошта хабарламасының жоғарғы колонтитулдарын қарау

Электрондық пошта хабарының тақырыптары хабарды жіберген адам, оны жасау үшін пайдаланылған бағдарламалық жасақтама және алушыға электрондық пошта сервері арқылы жіберілу жолы сияқты хабар туралы техникалық мәліметтер тізімін қамтамасыз етеді.

Бұл мақалада:

Хабар тақырыптары туралы

Хабар тақырыптарын қарап шығу

Электрондық пошта тақырыптарының мазмұны

Электрондық пошта тақырыптарындағы жалпы өрістер

Хабар тақырыптары туралы

Хабарды жазып, оны жібергеннен кейін, хабар Интернет қызметін қамтамасыз етушідегі (ISP) электрондық пошта сервері арқылы өңделеді. Егер хабар сіздің электрондық пошта серверіңізде пошта жәшігі жоқ адамдарға арналса, сервер хабарды басқа электрондық пошта серверіне қайта жібереді. Хабарды серверден серверге қайта жіберіледі. Ол хабар алушысы пошта жәшігіне ие болатын электрондық пошта серверіне жеткенше бірнеше электрондық пошта серверлері арқылы өтеді.

Хабар алғаш жасалған кезеңнен бастап, ол туралы ақпарат Интернет тақырыбы деп аталатын жасырын бөлімге қосылады. Мұнда хабарды жасаған адам, оны жасау үшін пайдаланылған бағдарлама түрі, алушыға қандай жолмен электрондық пошта сервері арқылы жіберілгені туралы мәліметтер болады. Бұл мәліметтерді электрондық пошта хабарларының мәселелерін анықтау немесе сұраусыз берілетін коммерциялық электрондық пошта көздерін табуға көмектесу үшін пайдалануға болады.

Ескерту : Хабар тақырыбындағы жалған ақпараттың қамтамасыз етілу тәжірибесі үдемелі мәселе болып табылады. Бұл сондай-ақ спуфинг ретінде белгілі. Мысалы, хабар шын мәнісінде тез баю схемаларын жарнамалайтын электрондық поштамен жаппай жіберу қызметінен келген кезде, ол Alpine Ski House компаниясында жұмыс істейтін Эрик Лэнг (eric@alpineskihouse.com) атты адамнан келген деп көрсетілуі мүмкін. Сондықтан, біреуге шағым білдіретін наразылық хабарын жібермес бұрын, тақырып ақпараты жалған болуы мүмкіндігін есте сақтаңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Хабардың тақырыптарын қарап шығу

  1. Хабарды ашыңыз.

  2. Параметрлер тобындағы Хабар қойыншасында Диалогтық терезені ашу түймешігі Түймешік суреті тармағын басыңыз.

    Хабар параметрлері диалогтық терезесінде, Интернет тақырыптары өрісінде тақырыптар пайда болады.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық пошта тақырыптарының мазмұны

Анвар Қасенов және Қайрат Сұлтанов деген екі адам арасындағы хабар алмасуды салыстырыңыз. Анвардың электрондық пошта мекенжайы - anvar@mail.ru және Қайраттың мекенжайы - kairat@mail.ru. Қайраттың пайдаланатыны: Microsoft Office Outlook 2007. Қайраттың Анварға жіберген хабарымен байланысты Интернет тақырыбы келесідей көрінеді:

Microsoft Mail Internet Headers Version 2.0Received: from mail.litwareinc.com ([10.54.108.101]) by mail.proseware.com with Microsoft SMTPSVC(6.0.3790.0);Wed, 12 Dec 2007 13:39:22 -0800Received: from mail ([10.54.108.23] RDNS failed) by mail.litware.com with Microsoft SMTPSVC(6.0.3790.0);Wed, 12 Dec 2007 13:38:49 -0800From: "Kelly J. Weadock" <kelly@litware.com>To: <anton@proseware.com>Cc: <tim@cpandl.com>Subject: Review of staff assignmentsDate: Wed, 12 Dec 2007 13:38:31 -0800MIME-Version: 1.0Content-Type: multipart/mixed;X-Mailer: Microsoft Office Outlook, Build 12.0.4210X-MimeOLE: Produced By Microsoft MimeOLE V6.00.2800.1165Thread-Index: AcON3CInEwkfLOQsQGeK8VCv3M+ipA==Return-Path: kelly@litware.comMessage-ID: <MAILbbnewS5TqCRL00000013@mail.litware.com>X-OriginalArrivalTime: 12 Dec 2007 21:38:50.0145 (UTC)

Ескерту : Тақырып үлгісінде сіздің электрондық поштаңыздың тақырыптарында табылған барлық элемент қамтылмауы мүмкін. Бұл — ең жиі кездесетін жазбалар.

Қайрат anvar@mail.ru мекенжайы бойынша электрондық пошта хабарын жіберген кезде, ол (i101-177.nv.mail.ru) ретінде анықталған өзінің компьютерінен жазады. Жазылған мәтін оның компьютерінен imap.mail.ru, электрондық пошта серверіне жіберіледі. Бұл - Қайрат өз электрондық пошта хабарынан көретін соңғы нәрсе, себебі әрі қарай өңдеу оның қатысуынсыз, электрондық пошта серверлері арқылы жүзеге асырылады. Қайраттың электрондық поштасының сервері anvar@mail.ru мекенжайына арналған хабарды алған кезде, ол Proseware электрондық пошта серверімен байланысады және оған хабар жеткізеді. Қайрат Proseware электрондық пошта хабарларын тексергенше, жіберілген хабар proseware.com серверінде сақталады.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық пошта тақырыптарындағы жалпы өрістер

Келесіде жалпы электрондық пошта тақырыбы өрістерінің түсіндірмесі берілген:

Microsoft Mail Internet Headers Version 2.0

Бұл тақырып Outlook бағдарламасы арқылы қосылады.

Received: from mail.litwareinc.com ([10.54.108.101]) by mail.proseware.com with Microsoft SMTPSVC(6.0.3790.0);
Wed, 12 Dec 2007 13:39:22 -0800

Бұл ақпаратта хабар сәрсенбі, 12 желтоқсан күні, 2007 жылы, 13:39:22 (1:39:22, түскі уақыт) Тынық мұхиты стандартты уақытында (Реттелген сатндартты уақыттан 8 сағат артқа жүреді (Гринвич бойынша орташа уақыт); сондықтан "–0800") тасымалданғаны жөнінде айтылады.

Received: from mail ([10.54.108.23] RDNS failed) by mail.litware.com with Microsoft SMTPSVC(6.0.3790.0);
Wed, 12 Dec 2007 13:38:49 -0800

Хабар сәрсенбі, 12 желтоқсан күні, 2007 жылы, 13:38:49 (1:38:49, түскі уақыт) Тынық мұхиты стандартты уақытында (Реттелген стандартты уақыттан 8 сағат артқа жүреді (UTC); сондықтан "–0800") тасымалданған.

From: "Kelly J. Weadock" <kelly@litware.com>

Бұл хабар Қайрат Сұлтанов арқылы kairat@mail.ru электрондық пошта мекенжайынан жіберілді.

To: <anton@proseware.com>

Ол - электрондық пошта хабары бағытталатын адам.

Cc: <tim@cpandl.com>

Ол - хабардың көшірмесін алатын адам немесе адамдар.

Ескерту : Жасырын көшірме (Bcc) алушылары тақырыпта пайда болмайды.

Subject: Review of staff assignments

Бұл электрондық пошта хабарының тақырыбы болып табылады.

Date: Wed, 12 Dec 2007 13:38:31 -0800

Бұл - жіберуші компьютеріндегі сағат негізінде электрондық пошта хабары жіберілген күн мен уақыт.

MIME-Version: 1.0

Бұл параметр жіберуші тарапынан пайдаланылған MIME протоколының нұсқасын көрсетеді.

Content-Type: multipart/mixed;

Ол қосымша MIME протоколы болып табылады. Ол жерде хабарда күтілетін мазмұн түрі бойынша MIME үйлесімді электрондық пошта бағдарламалары жөнінде айтылады.

X-Mailer: Microsoft Office Outlook, Build 12.0.4210

Бұл ақпарат хабардың құрастыру нұсқасы 12.0.4210 болып табылатын Microsoft Office Outlook бағдарламасы арқылы жіберілгенін көрсетеді.

X-MimeOLE: Produced By Microsoft MimeOLE V6.00.2800.1165

Бұл жазба пайдаланушы қолданатын электрондық поштаның бағдарламалық жасақтамасын (MIME OLE бағдарламалық жасақтамасы) көрсетеді.

Thread-Index: AcON3CInEwkfLOQsQGeK8VCv3M+ipA==

Бұл тақырып ұқсас тізбек бар бірнеше хабарды байланыстыру үшін пайдаланылады. Мысалы, Outlook бағдарламасында сөйлесу көрінісі осы ақпаратты бірдей сөйлесу тізбегіндегі хабарларды табу үшін пайдаланады.

Return-Path: kelly@litware.com

Бұл жазба хабардың жіберушісіне жету жолдарын көрсетеді.

Message-ID: <MAILbbnewS5TqCRL00000013@mail.litware.com>

Хабар бұл нөмірді идентификатор мақсаттары imap.mail.ru арқылы тағайындады. Осы идентификатор әрқашан хабармен байланысты болады.

X-OriginalArrivalTime: 12 Dec 2007 21:38:50.0145 (UTC)

Бұл — Microsoft Exchange іске қосылған сервер арқылы хабар алғаш жіберілген кезде хабарға орналастырылатын уақыт белгісі.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×