Электрондық пошта хабарламасына IRM пайдалануға кіріспе

Бұл мақала 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасында қатынаулы Деректерге қатынас құқықтарын басқаруды (IRM) пайдаланып Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасында электрондық пошта хабарламаларына рұқсатты шектей алу әдісін сипаттайды. Құжаттар, жұмыс кітаптары және көрмелер мазмұнына рұқсатты шектей алу әдісі туралы ақпарат алу үшін Office файлдарының құпиялы мәліметтеріне рұқсатты шектеу бөлімін қараңыз.

Бұл мақалада

IRM және оны шектеудің мақсаттары

Компьютерді IRM қолдану үшін түрлендіру

Рұқсаттарды қотару

IRM қатынаусыз хабарларды қарау

Хабарларға тіркелгенде IRM саясаттары қамтитын файл түрлері

IRM және оны шектеудің мақсаттары

Деректерге қатынас құқықтарын басқару (IRM) электрондық пошта хабарламаларына қатынас рұқсаттарын көрсетуді мүмкін қылады. IRM пайдаланып, маңызды мәліметтердің рұқсат етілмеген пайдаланушымен басып шығарылуына, қайта жіберілуіне немесе көшірілуіне тыйым сала аласыз. IRM пайдаланып хабарға рұқсат шектелгеннен кейін, мәліметтердің қайда болғанына қарамастан қатынас пен пайдалану шектеулері қамтамасыз етіледі, себебі электрондық пошта хабарламасына қатынау рұқсаттары хабар файлының ішінде сақталады.

IRM жеке адамдарға жеке немесе құпия ақпарат берілімі бойынша өз теңшелімдерін күшіне енгізуге көмектеседі. IRM, сонымен қатар, ұйымдарға құпиялық пен мүлік мәселелерін басқару және тарату жөніндегі корпоративтік саясатты күшіне енгізуге септігін тигізеді.

IRM келесіні орындауға көмектесді:

  • Рұқсатты пайдаланушының мазмұнды рұқсатсық қолданыс үшін қайта жіберуіне, көшіруіне, өзгертуіне, басып шығаруына, факспен жіберуіне немесе қиып алып және қоюына жол бермеу

  • Шектеулі рұқсатты мазмұнның Microsoft Windows бағдарламасындағы Бейнебетті басып шығару мүмкіндігін пайлана отырып көшірілуіне жол бермеу

  • Қайда жіберілуінен тәуелсіз мазмұнды шектеу

  • Тіркемелер Microsoft Office Word 2007, Microsoft Office Excel 2007 немесе Microsoft Office PowerPoint 2007 сияқты басқа да Microsoft Office бағдарламаларын қолдану арқылы жасалған файлдар болса, электрондық пошта тіркемлерін бірдей деңгейлі шектеумен қамтамасыз ету

  • Белгілі бір уақыт өткен соң құжаттар мен электрондық пошта хабарларындағы мазмұнды қарап шығуға мүмкін қылмас үшін файлға жарамдылық мерзімін белгілеңіз.

  • Ұйым мазмұнының пайдалануы мен таралуын реттейтін қауымдық саясаттарды қамтамасыз етіңіз

IRM келесінің алдын алады:

  • Мазмұнның өшірілуінен, ұралануынан немесе қолды болуынан және Трояндық ат, перне тізімдегіш және тыңшы бағдарламалық жасақтама сияқты қаскүнем бағдарламар арқылы берілуінен

  • Компьютер вирустары әрекеттеріне байланысты мазмұнның жоғалуынан немесе бүлінуінен

  • Шектеулі рұқсатты мазмұнның қолмен көшірілуінен немесе алушы бейнебетінен қайта терілуінен

  • Алушының бейнебетке шыққан шектеулі мазмұнның сандық суретін алуынан

  • Шектеулі мазмұнның үшінші жақ бейнебет жаулағыш бағдарламаларды қолдану арқылы көшірілуінен

Беттің жоғарғы жағы

Компьютерді IRM қолдану үшін түрлендіру

Егер Windows Vista жүйесі қосылған компьютерді пайдалансаңыз, Windows (RMS) құқықтарды басқару қызметінің тұтынғышы әлдеқашан орнатылған. Егер Microsoft Windows XP жүйесі қосылған компьютерді пайдалансаңыз, Windows (RMS) құқықтарды басқару қызметі тұтынғышының 1-жаңарту бумасын (SP1) компьютерге сіз немесе RMS әкімшісі орнатқан болуы тиіс.

RMS әкімшісі мәліметтерге қатынай алатын пайдаланушыларды және рұқсат етілетін электрондық пошта хабарламасын өңдеу деңгейін анықтайтын ұйымға тән IRM саясаттарды теңшей алады. Мысалы, ұйым әкімшісі сол саясатты пайдаланатын электрондық пошта хабарламасы тек ұйым егелігі ішіндегі пайдаланушылармен ашылатынын көрсететін «Компания үшін құпиялы» деп аталатын құқықтар үлгісін анықтауы мүмкін.

Windows Rights Management Services (RMS) клиентін орнату

Ескерту : Егер Windows Vista жүйесі қосылған компьютерді пайдалансаңыз, Windows (RMS) құқықтарды басқару қызметінің тұтынғышы әлдеқашан орнатылған.

  1. Windows XP жүйесінде Бастау түймешігін басыңыз, одан кейін Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз.

  2. Бағдарламаларды қосу және жою пәрменін таңдаңыз, одан кейін Бағдарламаларды қосу және жою түймешігін басыңыз.

  3. Жаңа бағдарламаларды қосу пәрменін таңдаңыз.

  4. Бағдарламалар тізімінен Windows құқықтарды басқару қызметінің тұтынғышы параметрін таңдаңыз, одан кейін Қосу түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Классикалық көріністен Бағдарламаларды қосу немесе жою түймешігін екі рет басыңыз, содан кейін сол жақ аумақтан Жаңа бағдарламаларды қосу пәрменін нұқыңыз.Бағдарламалар тізімінен Windows Құқықтарды басқару қызметі клиенті түймешігін басып, содан кейін Қосу пәрменін басыңыз.

Сонымен қатар, IRM пайдаланып қатынас құқығы басқарылған файлдарды ашуға алғаш әрекет еткен кезде 2007 Office бағдарламасы компьютеріңізде жоқ болса Windows құқықтарды басқару қызметінің тұтынғышын қотаруыңызға шақырады. Windows құқықтарды басқару қызметінің тұтынғышы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Windows құқықтарды басқару қызметі (Ағылшын тілінде) веб-торабына кіріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсаттарды қотару

Шектелген рұқсатты пайдаланатын электрондық пошта хабарламасын ашуға алғаш әрекет еткен кезде, тіркелгі деректеріңізді тексеру үшін және пайдалану лицензиясын қотару үшін лицензиялау серверіне қосылуыңыз тиіс. Пайдалану лицензиясы файлға қатынау деңгейін анықтайды. Бұл үрдіс шектеулі рұқсатты пайдаланатын әрбір файлға қажет. Басқаша айтқанда, шектеулі рұқсаты бар мазмұн пайдалану лицензиясынсыз ашылмайды. Рұқсаттарды қотару Microsoft Office бағдарламасының тіркелгі деректеріңізді (электрондық пошта мекенжайыңызды қамтитын) және рұқсат құқықтарыңыз туралы мәліметтерді лицензиялау серверіне жіберуін талап етеді. Электрондық пошта хабарламасында қамтылған мәліметтер лицензиялау серверіне жіберілмейді. Қосымша ақпарат алу үшін Құпиялылық мағлұмдамасы бөлімін оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

IRM қатынаусыз хабарларды қарау

Егер шектеулі рұқсат бар мазмұнды оқуыңыз немесе ашуыңыз қажет болса, бірақ пайдаланатын компьютеріңізде 2007 Office бағдарламасы болмаса, хабарларды Microsoft Windows Internet Explorer бағдарламасында қарауыңызды мүмкін қылатын Internet Explorer шолғышына арналған «Құқықтарды басқару» қондырмасын қотара аласыз. Бұл қондырмамен алушылар тек хабарларды қарай алады. Алушылардың хабарларға жауап беруіне, оларды қайта жіберуіне, көшіруіне немесе басып шығаруына болмайды.

Ескерту : Хабарларды қарап шығу үшін Құқықтарды басқару қосымшалары қолдану кезінде хабармен бірге жәберілуі мүмкін тіркемелер көрінбей тұрады.

Беттің жоғарғы жағы

Хабарларға тіркелгенде IRM саясаттары қамтитын файл түрлері

Төмендегі файл түрлері Office Outlook 2007 бағдарламасының құқықтары басқарылатын хабарға тіркелген кезде, олардың да құқықтары автоматты түрде басқарылады.

Ескерту : Хабар (.msg) файлын құқықтары басқарылатын электрондық пошта хабарламасын тіркегенде тіркелген хабардың құқықтары басқарылмайды. IRM .msg файл түрлерінің құқықтарын басқармайды.

Word файлдары

Файл түрі

Кеңейтім

Құжат

.doc

Құжат

.docx

Макростар қолдайтын құжат

.docm

Үлгі

.dot

Үлгі

.dotx

Макростар қолдайтын үлгі

.dotm

Excel файлдары

Файл түрі

Кеңейтім

Жұмыс кітабы

.xls

Жұмыс кітабы

.xlsx

Макростар қолдайтын жұмыс кітабы

.xlsm

Үлгі

.xlt

Үлгі

.xltx

Макростар қолдайтын үлгі

.xltm

XML қолдамайтын екілік жұмыс кітабы

.xlsb

Макростар қолдайтын қондырма

.xla

Макростар қолдайтын қондырма

.xlam

PowerPoint файлдары

Файл түрі

Кеңейтім

Көрме

.ppt

Көрме

.pptx

Макростар қолдайтын көрме

.pptm

Үлгі

.pot

Үлгі

.potx

Макростар қолдайтын үлгі

.potm

Көрсету

.pps

Көрсету

.ppsx

Макростар қолдайтын слайдтарды көрсету

.ppsm

Office тақырыбы

.thmx

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×