Электрондық пошта хабарламарын жіберген кезде 550, 553 немесе одан әрі беруге тыйым салынған дейтін қате шығады

Симптом

Пайдаланушы үйінен алыс болған жерде үйінде пайдаланатын электрондық пошта тіркелгісіне кіріп, электрондық пошта хабарламасын жіберген соң, хабарлама 550-ші, 553-ші, немесе одан әрі беруге тыйым салынған дейтін қатемен бірге қайтарылады. Сондай-ақ, дәл осындай жағдай пайдаланушы кеңсесінен алыс болған жерде жұмысында пайдаланатын электрондық пошта тіркелгісіне кіріп, электрондық пошта хабарламасын жіберген соң орын алуы мүмкін.

Тұжырым

Одан әрі беру үдірісі электрондық пошта хабарламасы Электрондық поштаның қарапайым протоколы (SMTP) тілдесу тәсілі немесе хабарламаны жеткізетін сервер тарапынан өңделмейтін үйшігіне (@ белгісінен кейін келетін атау, мәселен adatum.com) ие болған электрондық пошта мекенжайына жіберілгенде орын алады. Хабарламаны одан әрі беру үшін SMTP сервері басқа SMTP серверімен байланысу қажет.

Одан әрі жіберу қатесіне ұшырайтын электрондық пошта хабарламасын жіберген кезде, SMTP (кететін) электрондық пошта сервері хабарламаны қайтарып, келесі қате хабарларының біреуін көрсетуі мүмкін:

  • Хабарламаны жіберудің сәті түспеді, себебі алушылардың біреуі сервер тарапынан қабылданбады. Қабылданбаған электрондық пошта мекенжайы '<someone@example.com>' еді. Тақырып: '<Тексеру>', Тіркелгі: '<Тексеру>', Сервер: '<smtp.example.com>', Тілдесу тәсілі: SMTP, Сервер жауапы: '550 <someone@example.com>...Одан әрі жіберу қабылданбады', Порт: 25, Қауіпсіз (SSL): Жоқ, Сервер қатесі: 550, Қате нөмірі: 0x800CCC79.

  • "Хабарламаны жіберудің сәті түспеді, себебі алушылардың біреуі сервер тарапынан қабылданбады. Қабылданбаған электрондық пошта мекенжайы '<электрондық пошта мекенжайы>' еді. Тақырып: '<Тексеру>', Тіркелгі: '<Тексеру>', Сервер: '<smtp.example.com>', Тілдесу тәсілі: SMTP, Сервер жауапы: '553 кешіріңіз, осы үйшік рұқсат берілген rcpthosts (#5.7.1) тізімімде жоқ', Порт: 25, Қауіпсіз (SSL): Жоқ, Сервер қатесі: 553, Қате нөмірі: 0x800CCC79.

ISP компаниясына байланысты болып, хабардың нақты мәтіні өзгеше болуы мүмкін. Кейбір Интернет жеткізуші компаниялары кететін хабарламаларды құпталмаған саудалық электрондық пошта екен деп тапса, олар қате хабарын жібермеуі де мүмкін. Осындай жағдайларда, хабар қалыпты түрде жіберілген болып көрінуі мүмкін  — ол Outlook бағдарламасының Кететін қалтасынан шығып Жіберілген қалтасында пайда болады — бірақ ол ешқашан алушыға жеткізілмейді.

Хабарламаңыз қабылданбады, себебі SMTP (кететін) электрондық пошта сервері Сізді өздіктелген пайдаланушы ретінде танып алмады.

SMTP электрондық пошта серверлері Интернет арқылы электрондық пошта хабарламаларын жіберу үшін қолданатын тілдесу тәсілі  — компьютерлер бір бірімен хабарласу үшін пайдаланылатын стандарттар — болып табылады. Электрондық пошта хабарламаларын компьютерде сақтауға мүмкіндік беретін Outlook бағдарламасы сияқты электрондық пошта бағдарламасы пайдаланылған жағдайда, электрондық пошта хабарламаларын жіберу үшін SMTP серверіне қатынас қажет.

Ескерту : Windows Live Mail және Yahoo! Mail бағдарламаларына ұқсас Веб электрондық пошта жүйелері басқа жолмен пайдаланылады, сондықтан осы тақырып сол электрондық пошта тіркелгілеріне қатысты емес.

Қалаусыз пошта және ашық әрі жіберу жүйесі

Құпталмаған саудалық электрондық пошта кейде қалаусыз пошта немесе спам деп аталады. Қалаусыз электрондық поштасының көлемі көбейіп келудің басты себебі жіберушіге оны жіберу түкке де тұрмайды — тіпті жіберушілерге қалаусыз поштаны жіберу үшін өз Интернет жеткізушілерінің SMTP (кететін) электрондық пошта серверін пайдалануға да қажет жоқ.

Интернеттің негізгі құрылымы шамалы сома жұмсап, миллиондап қалаусыз электрондық пошта хабарламаларын жіберу мүмкіндігін беру салдары туралы ешкім ойламаған кезде жасақталған. Спаммерлер SMTP серверлерінің әрі беру мүмкіндігін пайдаланып, қалаусыз электрондық пошта хабарламаларын ашық әрі беру мүмкіндігін рұқсат ететін серверлер арқылы жібереді және сол арқылы қалаусыз поштаның шын көзін жасыра алады. Бұл қалаусыз электрондық пошта хабарламаларын әрі беретін серверден келген етіп көрсетеді және шын жіберушінің жеке басын жасырады.

Жақын уақытқа дейін, SMTP электрондық пошта серверлері ашық сенім жүйесі негізінде жұмыс істеген. Осы жүйе пайдаланылған жағдайда, әркім кез келген жерден SMTP серверіне электрондық пошта хабарламасын жібере алар еді және сервер оны қабылдап алушыға немесе алушының пошта жәшігі орналасқан басқа электрондық пошта серверіне жіберетін еді. Ашық әрі беру сервері аталатын жүйе пайдаланылған кезде, SMTP сервері арқылы электрондық пошта хабарламаларын жіберу үшін ешкімге шектеу қойылмас еді.

Электрондық пошта хабарламаларын әрі беру үшін Интернет жеткізушілер тарапынан қойылатын шектеулер

Қалаусыз электрондық пошта хабарламалардың көлемі көбейген сайын, желілік әкімшілері   — ISP серверлерін реттеу үшін жауапты кісілер — өз SMTP электрондық пошта серверлері үшін шектеулер қоя бастады. Осы шектеулер кез келген кісінің электрондық пошта серверін пайдалануын немесе асыра пайдалануын болдырмауға жәрдем береді. Осындай жағдайды былай көрсетуге болады: — бұрын ұйымыңыздың вестибюлиндегі телефонды кез келген кісі, ол ұйымыңызда жұмыс істеcе де істемесе де, пайдалана алар еді. Қазір осы телефонды тек ұйымдың қызметкерілері ғана пайдалануы мүмкін.

Бүгінгі күнде пайдаланылатын шектеулердің бірнеше түрлері бар

  • SMTP түпнұсқалық растамасын талап ету     POP3 (келетін) серверіне қатынасып электрондық пошта хабарламаларын алу мақсатында пайдаланушының атын және құпия сөзді енгізу қажет болғаныдай, осы мүмкіндік те SMTP сервері арқылы электрондық пошта хабарламаларды жіберу үшін пайдаланушының атын және құпия сөзді талап етеді. Әдетте, олар POP3 сервері үшін пайдаланылатын пайдаланушының аты мен құпия сөз болып табылады, бірақ олар бірегей болуы да мүмкін.

  • Әуелі ISP POP3 (келетін) электрондық пошта серверіне байланысуды талап ету     Пайдаланушы жаңа электрондық пошта хабарламаларын алу үшін пошта жәшігіне кірген кезде, ол әдетте POP3 (келетін) электрондық пошта серверіне қосылады. Пошта жәшігіне кіру үшін пайдаланушының атын және құпия сөзді енгізу қажет. Желілік әкімші серверді баптап, пайдаланушы әуелі POP3 электрондық пошта серверіне қосылып, өз түпнұсқалығын растаған соң, әдетте шектелген SMTP (кететін) сервері арқылы электрондық пошта хабарламасын жіберу туралы кез келген сұрауы құпталатындай етуі мүмкін.

  • Өздіктелген желілік мекенжайдан қосылуды талап ету     Үйде болған кезде пайдаланушы Интернет жеткізушіне телефон соғып қосылады немесе кабельдік не DSL модемі болса ISP желісіне тікелей қосылады. Интернет жеткізуші компаниясында оның тіркелгісі, пайдаланушының аты және құпия сөзі болған соң, ол сенімді кісі болып табылады. Пайдаланушы тұтынғыш болған соң, оған SMTP серверін пайдаланып, электрондық пошта хабарламаларын жіберуге рұқсат беріледі.

  • Бір нақты IP мекенжайынан немесе IP мекенжайлар аймағынан қосылуды талап ету Интернет жеткізуші желісіне тікелей қосылмаған кісілерге SMTP серверіне қатынас құқығын беруі мүмкін. Кеңседе отырған қашықтағы пайдаланушы осы мүмкіндікті пайдалануы мүмкін. Дегенмен, көп жерлерде динамикалық IP мекенжайлары қолданылған соң, бұл үлкен мәселені тудырады. Пайдаланушы әр жолы қосылған кезде, оған бір ғана IP мекенжайы берілуіне кепілдік жоқ. Кейбір компаниялар өз үшін бір аймақтағы IP мекенжайларын сақтатып қойған болуы мүмкін. Интернет жеткізүші осы аймақтағы IP мекенжайларын пайдаланатын қосылымдарды құпталған пайдаланушылар ретінде растауы мүмкін. Бұл туралы қосымша ақпаратты жергілікті Интернет жеткізуші компаниясы беруі мүмкін.

Әрі беру үдірісі бірнеше сценарий арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Төменде ең жиі кездесетін жағдайлар берілген. Олардың біреуі Сіздің жағдайыңызға сәйкес келетінін тексеріңіз.

Сценарий

Әрі беру үдірісі орын алады ма?

Сіз үйдесіз, Интернет жеткізуші компаниясында ашқан тіркелгіңіздің соңғы элементі @poshtaqyzmety.kz және оған телефон соғып, немесе кабельдік не DSL модемі арқылы қосыласыз. Соңғы элементі тағы да @poshtaqyzmety.kz болған электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта хабарламасын жібересіз.

Жоқ. Хабарламаңыз қалыпты түрде өңделуі тиіс.

Бірінші сценарийде сипатталған жағдай, бір-ақ ерекшелігі электрондық пошта хабарламасын соңғы элементі @adatum.com болған электрондық пошта мекенжайына жібересіз.

Ие, бірақ ол бұғатталмайды. Интернет жеткізушіне тікелей қосылғансыз, сондықтан Интернет жеткізушінің SMTP (кететін) серверінен алушының пошта жәшігі қай жерде болғанына қарамастан, кез келген электрондық мекенжайына хабарлар жіберуіңіз мүмкін.

Сіз жұмыстасыз. Жұмыстағы электрондық пошта мекенжайыңыз @telefonkompaniyasy.kz деген соңғы элементіне ие, үйде пайдаланатын электрондық пошта мекенжайыңыздың соңғы элементі @poshtaqyzmety.kz деген және пошта тіркелгіңізге кіру үшін Интернет жеткізушіңізге телефон соғып, немесе кабельдік не DSL модемі арқылы қосыласыз. Outlook бағдарламасында, SMTP сервер баптауларыңыз үйде пайдаланылатын баптаулармен бірдей. Соңғы элементі тағы да @poshtaqyzmety.kz болған электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта хабарламасын жібересіз.

Жоқ. Хабарламаңыз қалыпты түрде өңделуі тиіс.

Бұрынғы сценарийде сипатталған жағдай, бір-ақ ерекшелігі электрондық пошта хабарламасын соңғы элементі @adatum.com болған электрондық пошта мекенжайына жібересіз.

Иә, бұл хабарлама әрі берілетін хабар ретінде бұғатталуы мүмкін. Үйіңізде пайдаланатын Интернет жеткізушінің желісіне қосылмаған күйінде болып, оның SMTP (кететін) серверін пайдалануға тырысып отырсыз. SMTP сервері Сізді Интернет жеткізушінің өздіктелген жазылушысы ретінде растай алмайды. Оған қоса, Сіз SMTP серверінен хабарыңызды алып, оны басқа SMTP серверіне қосылып, алушының пошта жәшігіне жеткізуді сұрап тұрсыз.

Сіз мейманханада тұрыпсыз немесе ауежайда болған кезде Интернет дүңгіршегіне кіріп, Интернетке қосыласыз. Үйіңізде пайдаланылатын, Интернет жеткізуші компаниясында ашқан тіркелгіңіздің соңғы элементі @poshtaqyzmety.kz және оған телефон соғып, немесе кабельдік не DSL модемі арқылы қосыласыз. Outlook бағдарламасында, SMTP сервер баптауларыңыз үйде пайдаланылатын баптаулармен бірдей. Соңғы элементі @poshtaqyzmety.kz болған электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта хабарламасын жібересіз.

Жоқ. Хабарламаңыз қалыпты түрде өңделуі тиіс.

Бұрынғы сценарийде сипатталған жағдай, бір-ақ ерекшелігі электрондық пошта хабарламасын соңғы элементі @adatum.com болған электрондық пошта мекенжайына жібересіз.

Иә, бұл хабарлама әрі берілетін хабар ретінде бұғатталуы мүмкін. Үйіңізде пайдаланатын Интернет жеткізушінің желісіне қосылмаған күйінде болып, оның SMTP (кететін) серверін пайдалануға тырысып отырсыз. SMTP сервері Сізді Интернет жеткізушінің өздіктелген жазылушысы ретінде растай алмайды. Оған қоса, Сіз SMTP серверінен хабарыңызды алып, оны басқа SMTP серверіне қосылып, алушының пошта жәшігіне жеткізуді сұрап тұрсыз.

Шешімдер

Әрі бері үдірісі деп есептелетін сценарийді пайдалансаңыз, хабарды ағымдағы қосылым сервері арқылы жіберуіңіз қажет. Бұл дегені егер Сіз жұмыста немесе үйден алыс жерде болсаңыз, Интернет жеткізушіңіз арқылы Интернетке қосыла алмасаңыз және үйіңізде пайдаланатын, Интернет жеткізуші тарапынан берілген электрондық пошта тіркелгіңізді пайдаланып хабар жібермекші болсаңыз, электрондық пошта тіркелгіңіздің баптауларын өзгертіп, осы жерде пайдаланылатын SMTP серверінің, мәселен жұмысыңыздағы SMTP серверінің, баптауларын қоюыңыз қажет.

  1. Құралдар мәзірінен Тіркелгі параметрлерін баптау әмірін таңдаңыз.

  2. Электрондық пошта қойындысында, өзгерткіңіз келетін тіркелгіні таңдаңыз да Өзгерту дегенін нұқыңыз.

  3. Электрондық пошта тіркелгісін өзгерту тілқатысу терезесінде, Сервер туралы ақпарат дегеннің астында, Кететін пошта сервері мәтін жолағына ағымдағы қосылымдың пошта серверінің атауын енгізіңіз.

    Мәселен, үйіңізде пайдаланатын электрондық пошта тіркелгіңізді жұмысыңызда өзгертсеңіз, жұмысыңызда пайдаланылатын пошта серверінің атауын енгізіңіз.

    'Электрондық пошта тіркелгісін өзгерту' тілқатысу терезесі

Егер бұл шешім оңды нәтижелер бермесе, немесе үйіңізде пайдаланатын және Интернет жеткізуші компанияңыз тарапынан берілген тіркелгіні пайдалануды қаласаңыз, Интернет жеткізушіңізбен хабарласып, жоғарыда сипатталған баламалардың қайсысы Сіз үшін қатынаулы екен деп сұраңыз. Бірінші екі шектеулер үшін  — SMTP түпнұсқалық растамасын талап ету немесе әуелі ISP POP3 (келетін) электрондық пошта серверіне байланысуды талап ету — Outlook бағдарламасында тіркелгі баптауларын өзгертуге болады.

  1. Құралдар мәзірінен Тіркелгі параметрлерін баптау әмірін таңдаңыз.

  2. Электрондық пошта қойындысында, өзгерткіңіз келетін тіркелгіні таңдаңыз да Өзгерту дегенін нұқыңыз.

  3. Электрондық пошта тіркелгісін өзгерту тілқатысу терезесінде Қосымша баптаулар дегенін нұқыңыз.

  4. Кететін сервер қойындысында Менің кететін серверім (SMTP) түпнұсқалық растамасын талап етеді құсбелгісін қойыңыз.

  5. Келесі параметрлерден біреуін таңдаңыз:

    • Келетін пошта серверімдің параметрлерін пайдалану дегенін нұқыңыз. Бұл жиі пайдаланылатын параметр болып табылады.

    • Келесілерді пайдаланып кіру дегенін нұқыңыз да Пайдаланушының атыңыз бен Құпия сөзіңізді енгізіңіз.

    • Хабарлар жібермес бұрын келетін пошта серверіне қосылу дегенін нұқыңыз.

Электрондық пошта хабарламаларын әлі де жібере алмай отырсыз ба?

Outlook бағдарламасында SMTP баптауларын өзгертіп алдыңыз немесе электрондық пошта хабарламаңызды жіберуге мүмкіндік беретін параметрді тауып алдыңыз. Дегенмен, хабарды әлі де жібере алмай отырсыз және қате туралы хабар алып тұрсыз.

Барлығын дұрыс істеген болуыңыз мүмкін, бірақ жеке ақпаратпен байланысты айла-амалды болдырмау мақсатында желілік әкімшілер тарапынан енгізілген қауіпсіздік мүмкіндігіне ұшыраған болуыңыз мүмкін. Жеке ақпаратпен байланысты айла-амал жіберушінің жеке басы туралы ақпаратты жасырып, электрондық пошта хабарламасын жіберу жолы болып табылады.

Басқа электрондық пошта бағдарламалары сияқты, Outlook бағдарламасы кейбір алушы хабарыңыздағы "Жауап беру" батырмасын басқан кезде пайда болатын "Бейнеленетін ат" пен электрондық қайтару мекенжайын белгілеуге мүмкіндік береді. Қалаусыз электрондық пошта хабарламаларында, осы өрістердегі ақпарат әрдайым дерлік жалған болады. Тез баю жолы туралы хабарлар супермодельден немесе дүние жетекшісінен келген деп ойламайсыз ғой.

Жеке ақпаратпен байланысты айла-амалды болдырмау үшін кейбір Интернет жеткізушілері электрондық қайтару мекенжайын үшін арналған өріске жалған ақпарат енгізуді шектейді. Мәселен, егер Интернет жеткізушінің үйшік атауы "poshtaqyzmety.kz" деген элементпен аяқталса, Интернет жеткізуші компаниясы электрондық қайтару мекенжайын terri@contoso.com деп белгілеуге жол бермейді. Бұл шектеу жоғарыда сипатталған шектеулер сияқты жиі пайдаланылмайды, бірақ ол барлық пайдаланушылар үшін, олардың орналасуына және қосылымдарына қарамай, қолданады. Ол үшін балама жоқ. Егер сервер әкімшісі осы әдісті пайдаланса, қазіргі қосылымыңызға сәйкес келетін электрондық қайтару мекенжай үйшігін белгілеуіңіз шарт.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×