Электрондық поштаны Windows Phone құрылғысына орнату

Office 365 мобильді орнату - Анықтама

Қосымша ресурстар: Office 365 қызметі бар Windows Phone жүйесінде Office бағдарламасын реттеу | Windows Phone жүйесіне арналған қосымша Office 365 бағдарламалары | Office жиынтығын компьютерге не Mac компьютеріне орнату

Windows Phone құрылғысында электрондық поштаны, күнтізбені және контактілерді реттеп, оларға қатынасыңыз.

Ескерту : Бұл нұсқаулар Windows Phone 8.1, Windows Phone 8, Windows Phone 7.5 және Windows Phone 7 жүйелері орнатылған құрылғыларға арналған.

Реттеу қажет тіркелгі түрін таңдаңыз.

@outlook.com, @hotmail.com, @msn.com немесе @live.com түрінде аяқталатын электрондық пошта тіркелгісін реттеу

Ескерту : Бұл @outlook.co.uk сияқты халықаралық домендерді немесе Outlook.com сайтында орналасатын кез келген реттелетін домендерді қамтиды.

  1. Бағдарламалар тізімінде Параметрлер түймешігін, содан соң Электрондық пошта + тіркелгілер түймешігін түртіңіз.

  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер Windows Phone 8.1 жүйесі болса, Тіркелгі қосу > Outlook.com > Қосу тармағын түртіңіз.

    • Егер Windows Phone 8 жүйесі болса, Тіркелгі қосу > Outlook тармағын түртіңіз.

      Ескерту : Егер Outlook.com немесе Outlook параметрін көрмесеңіз, ол жай ғана телефоныңызда Microsoft тіркелгіңізбен кірмегеніңізді білдіреді. Оны орындау үшін Телефоныңызда алғашқы Microsoft тіркелгісін реттеу бөлімін қараңыз.

    • Егер Windows Phone 7 немесе Windows Phone 7.5 жүйесі болса, Тіркелгі қосу > Windows Live тармағын түртіңіз.

  3. Толық электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпиясөзіңізді теріп, Кіру түймешігін түртіңіз.

  4. Егер осы тіркелгі үшін екі сатылы тексеріс орнатылған болса, жалғастырмас бұрын сәйкестік куәлігін растау сұралуы мүмкін. Кодты алу үшін нұсқауларды орындаңыз. Қосымша мәлімет алу үшін Неліктен Microsoft маған жазады? бөлімін қараңыз

Бизнеске арналған Office 365 немесе басқа Exchange бағдарламасына негізделген электрондық пошта тіркелгісін реттеу

  1. Бағдарламалар тізімінде Параметрлер түймешігін, содан соң Электрондық пошта + тіркелгілер түймешігін түртіңіз.

  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер Windows Phone 8 немесе 8.1 болса, Тіркелгі қосу > Exchange тармағын түртіңіз.

    • Егер Windows Phone 7 немесе 7.5 жүйесі болса, Тіркелгі қосу > Outlook тармағын түртіңіз.

  3. Толық электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпиясөзіңізді теріп, Кіру түймешігін түртіңіз. Егер телефон тіркелгі параметрлерін тапса, электрондық поштаңыз, күнтізбеңіз және контактілер телефоныңызға синхрондалады.

    Ескерту : Егер электрондық пошта тіркелгісімен байланысуда ақау пайда болса, Windows Phone 8 немесе 8.1 жүйесіне арналған электрондық пошта тіркелгісін реттеу не жою немесе Windows Phone 7 не 7.5 жүйесіне арналған электрондық пошта тіркелгісін реттеу не жою мақаласыьндағы Microsoft Exchange не Office 365 электрондық пошта тіркелгісі бөлімін қараңыз.

Windows Phone құрылғысында POP немесе IMAP электрондық поштасын теңшеу

  1. Ескерту : POP тіркелгісін теңшесеңіз, құрылғыңызбен тек электрондық поштасы синхрондалады. Барлық күнтізбе мен контактілер жергілікті компьютерде сақталып қалады.

    Бағдарламалар тізімінде Параметрлер > электрондық пошта+тіркелгі > тіркелгіні қосу > басқа тіркелгі тармағын басыңыз.

  2. Windows Phone құрылғысы электрондық поштаңызды автоматты түрде теңшеуге әрекеттенеді, бірақ бұл нәтиже бермесе, пайдаланушы аты мен құпиясөздің дұрыс екендігіне көз жеткізіп, Әрекетті қайталау тармағын таңдаңыз. Егер әлі де қосыла алмасаңыз, Қосымша > Интернет электрондық поштасы тармағын таңдаңыз.

  3. Тіркелгі түрі тармағында POP не IMAP таңдап, кіріс және шығыс сервер атауларын енгізіңіз. Электрондық пошта провайдері үшін сервердің толық атауын теріңіз. Қажетті параметрлерді табуға қатысты анықтама қажет болса, электрондық пошта провайдеріңізге хабарласыңыз.

    Егер жұмыс немесе мектеп тіркелгісі және ұйымыңыз электрондық поштаңызды орналастыру үшін Бизнеске арналған Office 365 бағдарламасын пайдаланатын болса, параметрлер төмендегі кестеде беріледі.

    Сервер түрі

    Сервер атауы

    Порт

    Шифрлау әдісі

    POP3 (кіріс сервері)

    outlook.office365.com

    995

    SSL

    IMAP4 (кіріс сервері)

    outlook.office365.com

    993

    SSL

    SMTP (шығыс сервері)

    smtp.office365.com

    587

    TLS

  4. Кеңейтілген пәрменін таңдап, Кіріс пошта үшін SSL протоколын сұрау және Шығыс пошта үшін SSL протоколын сұрау ұяшықтарына белгі қойып, жүйеге кіру тармағын таңдаңыз.

Байланысты ақпарат

Қосымша ақпарат

Office 365 қызметіне арналған Outlook 2013 немесе 2010 бағдарламасында электрондық поштаны реттеу

Mac жүйесіне арналған Outlook бағдарламасында электрондық поштаны реттеу

Mac 2011 жүйесіне арналған Outlook бағдарламасына электрондық пошта тіркелгісін қосу

Office 365 орнату және реттеу - Анықтама

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×