Электрондық поштаның резервтік көшірмесін жасау

Электрондық поштаның резервтік көшірмесін жасау

Егер электрондық поштаны жұмысқа қатысты мақсатта пайдалансаңыз, ол әдетте Exchange не IMAP тіркелгісін қолданады. Exchange және IMAP серверлері сізге кез келген жерден кез келген уақытта қатынауға мүмкіндік болатындай етіп электрондық поштаны автоматты түрде мұрағаттайды. Егер Exchange тіркелгісібар болса, мұрағатталған электрондық поштаға қатынау жолын әкімшіден сұрастырыңыз.

Егер хабар қалталарының жергілікті резервтік көшірмелерін жасағыңыз келсе (оларды серверде сақтауға қоса), ескі элементтерді Автомұрағаттау арқылы автоматты түрде жылжыта не жоя аласыз немесе элементтерді .pst файлына экспорттай аласыз, экспортталған фэлементтерді қажет болса кейінірек импорттау арқылы қалпына келтіруге болады.

  1. Файл > Ашу және экспорттау > Импорттау/Экспорттау пәрменін таңдаңыз.

    Файлды экспорттау

  2. Файлға экспорттау пәрменін, содан соң Келесі тармағын таңдаңыз.

    Файлды экспорттау

  3. Outlook деректер файлы (.pst) параметрін, содан соң Келесі тармағын таңдаңыз.

    Деректер файлына экспорттау

  4. Резервтік көшірмесін жасағыңыз келетін барлық пошта қалталарын таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

    Электрондық пошта қалталары

  5. Резервтік файлдың орналасу орнын таңдап, атауды тағайындаңыз, содан кейін Дайын пәрменін басыңыз.

    PST орны

  6. Егер басқа біреудің файлдарыңызға кіруін қаламасаңыз, құпиясөзді енгізіп, оны растаңыз, содан кейін OK түймешігін басыңыз.

.pst файлында сақталған хабарлардың өзге хабарлардан еш өзгешелігі жоқ. Өзге хабарлар секілді сақталған хабарларды да қайта жібере аласыз, оларға жауап бере аласыз не іздеу әрекетін орындай аласыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×