Шығыс Азия және Латын мәтіндері бар пішін үлгілеріндегі мәтін аралықтары мен жол үзілімдерін жөндеу

Егер Шығыс Азия мен Латын мәтіндері бар пішін үлгіні құрастыру кезінде мәтіннің екі түрінің арасындағы аралықтарды қадағалау арқылы пішін үлгінің көрінісін жетілдіргіңіз келсе, пішін үлгіңізді осы мәтіннің екі түрінің арасындағы аралықтарын өздігінен жөндейтіндей теңшеулеп қоюыңызға болады. Және де, пішін үлгіні Шығыс Азия мәтініндегі жол үзілімдері үлгіңізге негізделген пішіндердегі белгілі бір мәтін жолына немесе кез келген мәтін жолына қалыпты немесе жарты-енді таңба мөлшеріне өзгеретіндей теңшеулеп қоюыңызға болады.

Бұл мақалада келесі талқыланады:

Бастамас бұрын

Басқа тілді қолдануға Microsoft Office бағдарламаларын теңшеу

Шығыс Азия мен Латын мәтіндерінің арасындағы аралықты теңшеу

Щығыс Азия мәтініндегі жол үзілімдерін теңшеу

Бастамас бұрын

Шығыс Азия мен Латын мәтіндері бар пішін үлгілердегі мәтін аралығы мен жол үзілімдерін теңшеу үшін, Шығыс Азия тіліңізге сөздік пен емлені тексеру құралдары бар Microsoft Office Language Pack 2007 тіл бумасын орнатуыңыз керек.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа тілді қолдануға Microsoft Office бағдарламаларын теңшеу

Microsoft Office бағдарламасында Шығыс Азия тілін қолдану үшін, алдымен тіл бумасын орнатыңыз. Содан соң, Шығыс Азия мәтінін қабылдап көрсететін және сол тілге емлені тексеру құралдарын қолдану үшін, Microsoft Office бағдарламаларыңызды баптаңыз. Бұл процедура сіз тиісті тіл бумасын орнатты деп есептейді.

  1. Бастау батырмасын басып, Барлық бағдарламалар тармағын ашыңыз. Оның ішінде, Microsoft Office тармағындағы Microsoft Office Tools құралдарын ашып, Microsoft Office 2007 Language Settings баптауларын шертіңіз.

  2. Тілдерді өңдеу қойындысына өтіңіз.

  3. Бар тілдер тізімінде қолданғыңыз келетін тілді таңдап, Қосу батырмасын басыңыз.

  4. Бастапқы өңдеу тілі тізімінде пішін үлгіні құрастыру кезінде қолданғыңыз келетін бастапқы тілді таңдаңыз.

    Ескерту : Тіл бастапқы өңдеу тілі ретінде қойылған болса, онда сол тілді Тілдерді өңдеу мүмкіндігі қосулы тізімінен жоя алмайсыз. Бастапқы өңдеу тілді сол тізімнен жою үшін, алдымен Бастапқы өңдеу тілі тізімінен басқа тілді таңдап алуыңыз керек.

Беттің жоғарғы жағы

Шығыс Азия мен Латын мәтіндерінің арасындағы аралықты теңшеу

Бұл процедураны аяқтау үшін, алдымен компьютеріңізге тіл бумасын орнатып, теңшеуіңіз керек. Азияттық баспахана таңбалауы пәрмені Пішім мәзірінде Шығыс Азия мен Латын тілдері бумасын орнатып, теңшеулегеніңізден кейін ғана көрсетіледі.

  1. Енгізу нүктесін аралығын жөндегіңіз келетін Шығыс Азия мен Латын мәтіндерінің арасына қойыңыз.

  2. Пішім мәзірінен Азияттық баспахана таңбалауы дегенді таңдаңыз.

  3. Осы пішін үлгісіне негізделген пішіндердің көрінісін Шығыс Азия мен Латын мәтіндерінің арасындағы аралықтары өздігінен үлкейтілу арқылы жетілдіргіңіз келсе, Азия мен Латын мәтіндерінің арасындағы аралықтарды өздігінен жөндеу құсбелгі көзің таңдаңыз.

  4. Осы пішін үлгісіне негізделген пішіндердің көрінісін Шығыс Азия мен Латын мәтіндерінің және сандардың арасындағы аралықтары өздігінен үлкейтілу арқылы жетілдіргіңіз келсе, Азия мәтіні мен сандардың арасындағы аралықтарды өздігінен жөндеу құсбелгі көзің таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Щығыс Азия мәтініндегі жол үзілімдерін теңшеу

Бұл процедураны аяқтау үшін, алдымен компьютеріңізге тіл бумасын орнатып, теңшеуіңіз керек. Азияттық баспахана таңбалауы пәрмені Пішім мәзірінде тіл бумасын орнатып, теңшеулегеніңізден кейін ғана көрсетіледі.

Тіл бумасын орнатып, теңшеулегеніңізден кейін, пішін үлгіні белгілі бір жол ені қалыпты не жарты-енді таңбадан басталатын немесе онымен аяқталатын кезде пішінде жол үзілімі қолданылатындай теңшеуіңізге болады. Сондай-ақ, пішін үлгіні кез келген жол ені қалыпты не жарты-енді таңбадан басталатын немесе онымен аяқталатын кезде пішінде жол үзілімі қолданылатындай теңшеуіңізге болады.

Пішін үлгідегі белгілі бір жолдың үзілімін теңшеу

  1. Мәтіннің ішінде жол үзілімін қолданғыңыз келетін жерге енгізу нүктесін қойыңыз.

  2. Пішім мәзірінен Азияттық баспахана таңбалауы дегенді таңдаңыз.

  3. Азиаттық баспахана таңбалауы тапсырмалар аймағындағы Жол үзілімі тармағында келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Ені қалыпты таңбадан басталатын жапон не корея тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосу үшін, Қалыпты дегенді таңдаңыз.

    • Ені қалыпты таңбамен аяқталатын жапон тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосып кою үшін, Қалыпты дегенді таңдаңыз. Ені қалыпты таңбамен аяқталатын Корея тілінің сөзінде жол үзілімі енгізілетіндей теңшей алмайсыз.

    • Ені қалыпты таңбамен аяқталатын жапон не корея тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосу үшін, Қалыпты дегенді таңдаңыз.

    • Ені қалыпты не жарты-енді таңбадан басталатын немесе онымен аяқталатын жапон тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосып кою үшін, Қатал дегенді таңдаңыз. Жарты-енді таңбамен аяқталатын корея тілінің сөзінде жол үзілімі енгізілетіндей теңшей алмайсыз

Жол үзілімдерін пішін үлгідегі барлық жолдарға теңшеу

  1. Құралдар мәзірінен Опциялар таңдаңыз.

    Кеңес : Сондай-ақ, Опциялар тілқатысу терезесін Азиаттық баспаханы таңбалауы тапсырмалар аймағындағы Опциялар тармағын таңдау арқылы ашуыңызға болады.

  2. Опциялар тілқатысу терезесінде Құрастыру қойындысына өтіңіз.

  3. Азиаттық баспаханы таңбалауы тармағында келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Ені қалыпты таңбадан басталатын жапон не корея тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосып қойғыңыз келсе, Қалыпты дегенді таңдаңыз.

    • Ені қалыпты таңбамен аяқталатын жапон тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосып кою үшін, Қалыпты дегенді таңдаңыз. Ені қалыпты таңбамен аяқталатын корея тілінің сөзінде жол үзілімі енгізілетіндей теңшей алмайсыз.

    • Ені қалыпты таңбамен аяқталатын жапон немесе корея тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосып кою үшін, Қалыпты дегенді таңдаңыз.

    • Ені қалыпты не жарты-енді таңбадан басталатын немесе онымен аяқталатын жапон тілінің сөзінде үзілім енгізу мүмкіндігін қосып кою үшін, Қатал дегенді таңдаңыз. Жарты-енді таңбамен аяқталатын корея тілінің сөзінде жол үзілімі енгізілетіндей пішін үлгіні теңшей алмайсыз.

  4. Жаңа пішіндерге әдепкі ретінде қою дегенді шертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×