Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінің тек InfoPath үшін арналған көрінісін жасау

Бұл мақалада

Тек InfoPath бағдарламасында бейнеленетін көріністер туралы кіріспе сөз

Қолдану сценарийлері

1-қадам: Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісіне тек InfoPath ішінде бейнеленетін көріністі қосу

2-қадам: Шолғыш арқылы қарауға болатын пішін үлгісі Веб-шолғыш ішінде ашылған кезде тек шолғыш ішінде бейнеленетін көріністі көрсету

3-қадам: Шолғыш арқылы қарауға болатын пішін үлгісі InfoPath ішінде ашылған кезде тек InfoPath бағдарламасында бейнеленетін көріністі көрсету

Тек InfoPath бағдарламасында бейнеленетін көріністер туралы кіріспе сөз

Бір пішін үлгісін жасап, екі түрлі пайдаланушылардың қажеттігін қанағаттандыруыңыз мүмкін — Microsoft Office InfoPath бағдарламасын орнатып алған пайдаланушылар және Microsoft Office InfoPath бағдарламасын орнатпаған пайдаланушылар. Пішін үлгісінің осы түрі шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі деп аталады. Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінде Веб-шолғыш ішінде жұмыс істемейтін InfoPath мүмкіндіктері, параметрлері және басқару элементтері құрастыру тәртібіжасырын немесе ажыратылған болады. Осындай жағдайда оларды өз жасақтамаңызда қолдануға мүмкіндік болмайды.

Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі пайдаланушыларбен ортақтасуға дайын болған кезде оны InfoPath Forms Services қызметтерін қамтамасыз ететін серверде жариялау керек, ал одан кейін оны браузер арқылы қарауға болатын форма үлгісі етіп қойыңыз. Егер пайдаланушылардың компьютерлерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған болса, онда пішін InfoPath бағдарламасында ашылады. Ал егер олар InfoPath бағдарламасын орнатпаған болса, пішін Веб-шолғыш ішінде ашылады. Қандай жағдай болса да пішін үлгісі ішінде шолғышта жұмыс істемейтін InfoPath мүмкіндіктері, параметрлері және басқару элементтері болмайды.

Пайдаланушылардың көбісі өз компьютерлерінде ІnfoPath бағдарламасын орнатып алған деп есептесеңіз, пішін үлгісінің жасақтамасын Веб-шолғышта қолданылатын мүмкіндіктер жиынтығымен шектеуге қажет болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда Веб-шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі үшін екі көрініс жасауыңыз мүмкін. Көріністердің біреуі пішін үлгісін Веб-шолғышта ашатын пайдаланушылар үшін арналған болады. Екінші көрініс компьютерлерінде InfoPath бағдарламасын орнатқан пайдаланушылар тарапынан ғана пайдаланылады. Тек қана InfoPath ішінде көрінетін көрініс Веб-шолғышта ешқашан көрінбейді. Сондықтан осы көріністе басқа жағдайда қолдана алмайтын InfoPath мүмкіндіктерін пайдалана аласыз (мәселен, пайдаланушы рөлдері және басты/егжей-тегжей басқару элементтері).

Бұл бөлімде шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінде тек қана InfoPath ішінде бейнеленетін көріністі жасақтау жолын үйренесіз. Оған қоса, пішін үлгісін ашып жатқан пайдаланушының компьютерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған-орнатылмағанын анықтайтын ереже жасау жолын үйренесіз. Егер ол InfoPath бағдарламасы орнатылған деп тапса, пайдаланушы тек InfoPath ішінде көрінетін көріністі көреді. Егер InfoPath табылмаса осы көріністің орнына пайдаланушы Веб-шолғыш ішінде тек шолғышта көрінетін көріністі көреді.

Беттің жоғарғы жағы

Қолдану сценарийлері

Мәселен, Сіз сақтандыру компаниясында жұмыс істейсіз делік және сақтандыру ақшасын талап ететін арыздарды өңдеу үшін арнайы пішін үлгісін жасап отырсыз делік. Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі компанияңыздың Веб торабынан арыз пішінін ашып, оны толтыратын сақтандыру полистеріне ие болған адамдар үшін де арыздардың ішіндегі деректерді қарап шығатын және растайтын ішкі пайдаланушылар үшін де жарамды болу керек. Сіз сыртқы пайдаланушылар өз компьютерлерінде InfoPath бағдарламасын орнатпаған, ал ішкі пайдаланушылар оны орнатқан деп есептейсіз. InfoPath бағдарламасын орнатқан және орнатпаған пайдаланушылардың қажеттігін қаңағаттандыру үшін екі бөлек пішін үлгілерін жасақтауыңыз мүмкін — біреуі шолғышпен сыйысымды болады, ал екіншісі болмайды. Дегенмен, ішінде төмендегі көріністер бар болған бір ғана шолғыш-сыйысымды пішін үлгісін жасақтау жеңілрек және тиімдірек болады:

Бірінші көрініс: арыз толтыру үшін арналған сыртқы көрініс    Сақтандыру полистеріне ие болған адамдар Веб торабыңызға кіріп, арыз пішінін ашқан кезде, олар бұл көріністі көреді. Сақтандыру полисінің иегері өз компьютерінде InfoPath бағдарламасын орнатқан-орнатпағанын білуге мүмкіндік болмағандықтан пішін үлгісі шолғышпен сыйысымды болуы тиіс. Яғни, пішінді Веб-шолғыш арқылы толтыруға мүмкіндік жаратуыңыз қажет.

Екінші көрініс: Арызды өңдеу үшін арналған ішкі көрініс     Бұл көрініс арыздарды өңдейтін қызметкерлер үшін арналған: олар жіберілген арыз пішіндерін қарап шығып, оларды сақтандыру ақшасын белгілейтін қызметкерге жібереді. Сақтандыру компаниясында барлық жұмысшылардың компьютерлерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған. Сондықтан, олар үшін тек InfoPath ішінде көрінетін көріністі жасақтауыңыз мүмкін. Тек InfoPath ішінде бейнеленетін көріністің Веб-шолғыш арқылы ашылатын арыз толтыру көрінісінен айырмашылығы ол тек InfoPath ішінде ғана көрінеді және басқа бағдарламалар ішінде ешқашан көрінбейді. Сондықтан, оның ішінде шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінде қатынаулы болмаған мүмкіндіктердің, басқару элементтерінің және параметрлердің кез келгені болуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

1-қадам: Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісіне тек InfoPath ішінде бейнеленетін көріністі қосу

Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі ішінде тек InfoPath бағдарламасында көрінетін көріністі жарату үшін Көрініс сипаттары тілқатысу терезесінде бір параметрді өзгерту керек. Осы параметр InfoPath пайдаланушыларына осы көріністі көруге мүмкіндік береді, бірақ сол көріністі Веб-шолғыш ішінде бейнелеуге жол бермейді.

  1. Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін ашыңыз.

  2. Көрініс мәзірінде Көріністерді басқару түймешігін нұқыңыз.

  3. Көріністер тапсырмалар аймағындағы Іс-әрекеттер астында Жаңа көрініс қосу дегенін нұқыңыз.

  4. Көрініс қосу тілқатысу терезесінде көрініс үшін атау енгізіңіз де OK батырмасын басыңыз.

  5. Көрініс таңдау тізімінде кәзір ғана жаратқан көріністі екі рет нұқыңыз.

  6. Жалпы қойындысын ашыңыз.

  7. Пішінді толтырып жатқан кезде "Көрініс" мәзірінде көрсету параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз.

    Ескерту : Осы құсбелгіні алып тастау InfoPath бағдарламасын орнатпаған пайдаланушыларға тек InfoPath ішінде бейнеленетін көрінске өтіп көруге жол бермейді.

  8. Тек InfoPath ішінде қатынаулы болған мүмкіндіктеріне рұқсат беру (бұл көрініс Веб-шолғыштарда көрінбейді) параметріне құсбелгі қойыңыз, ал одан кейін OK батырмасын басыңыз.

  9. Көрінісіңізді қалыпты жағдайда жасақтаңыз.

    Ендігі кезде тек InfoPath бағдарламасында бейнеленетін көрініс ішінде шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінде қатынаулы болмайтын мүмкіндіктерді, басқару элементтерін және баптауларды пайдалана аласыз. Мәселен, Басқару элементтері тапсырмалар аймағында тек қана шолғыш ішінде жұмыс істейтін басқару элементтерін емес, кез келген басқару элементтерін пайдалана аласыз. Сонымен қатар, Жасақтама тексерушісі тапсырмалар аймағында шолғыш сыйысымдылығына қатысты қателер немесе хабарлар көрінбейді.

    Ескерту :  Тек InfoPath бағдарламасы ішінде бейнеленетін көрініс ішінде көптеген InfoPath мүмкіндіктерін қолдана алсаңыз да, шолғышпен сыйысымды пішін үлгісіне қатысты кейбір мүмкіндіктер және баптаулар ажыратылған немесе жасырын болып қала береді. Мәселен, бүкіл пішін үлгісі үшін сандық қолтаңбалар қоса алмайсыз немесе көрінісіңіз ішінде сценарийлер қолдана алмайсыз, себебі пішін үлгісінің бір көрінісі шолғышпеп сыйысымды көрініс болып табылады.

  10. Пішін үлгісіне қосымша InfoPath бағдарламасында көрінетін көріністер қосу ушін, 2-9 нөмірлі әрекеттерлерді қайталап істеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: Шолғыш арқылы қарауға болатын пішін үлгісі Веб-шолғыш ішінде ашылған кезде тек шолғыш ішінде бейнеленетін көріністі көрсету

Бұл үрдіс үшін арналған бөлімде Сіз пайдаланушы алғашқы рет шолғышпен сыйысымды пішін үлгісіне негізделген пішінді ашқан кезде бейнеленетін көріністі белгілейтін ережені жарату жолын үйренесіз. Осы ереже пішін бірінші рет ашылғанда және белгілі бір шартқа сәйкес келетін оқига орын алған кезде орындалады. Бұл жағдайда шарт пайдаланушылардың шолғыш арқылы қарауға болатын пішін үлгісін Веб-шолғыш ішінде ашқандығына қатысты. Егер олар солай етіп тұрған болса, онда пішін үлгісінің тек қана шолғыш ішінде бейнеленетін көрінісі шыға келеді. Бұл көрініс шолғыш қолдайтын мүмкіндіктер жиынтығымен шектелген.

  1. ІnfoPath бағдарламасында ғана бейнеленетін көрініске ие болған шолғыш-сыйысымды пішін үлгісін ашыңыз.

  2. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  3. Санат тізімінде Ашу және сақтау дегенін таңдаңыз.

  4. Жосықты ашу астында Ережелер дегенін нұқыңыз.

  5. Пішіндер ашу үшін ережелер тілқатысу терезесінде Қосу батырмасын басыңыз.

  6. Ереже тілқатысу терезесінде ереже үшін арнайы атау теріңіз, мәселен 1-ші ереже: Шолғыштағы көрініске өту.

  7. Ережені қашан орындау керектігін белгілеу үшін Шарт белгілеу дегенін нұқыңыз.

  8. Осы шарт шын болған кезде ережені қолдану астындағы бірінші жақтауда Өрнек дегенін нұқыңыз.

  9. Екінші жақтау ішінде xdEnvironment:IsBrowser() дегенін теріңіз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.

  10. Ереже тілқатысу терезесінде Әрекет қосу батырмасын нұқыңыз.

  11. Әрекет тізімінде Көріністерге өту батырмасын басыңыз.

  12. Қалаған шолғыш көрінісіне өту үшін Көрініс тізімінде осы көріністі таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.

  13. Осы ереже артынан басқа ережелердің орындалуын болдырмау үшін (ағымдағы оқиға үшін) Ереже тілқатысу терезесінде Осе ереже аяқтаған кезде ережелер өңдеуді тоқтату дегеніне құсбелгі қойыңыз.

    Кәзір ғана жаратқан ережеңіз пішін үлгісі ашылған кезде және белгілеген шартыңызға сәйкес келетін жағдай орын алған кезде — яғни пайдаланушының ортасы Веб-шолғыш болған кезде —орындалады.

Беттің жоғарғы жағы

3-қадам: Шолғыш арқылы қарауға болатын пішін үлгісі InfoPath ішінде ашылған кезде тек InfoPath бағдарламасында бейнеленетін көріністі көрсету

Ендігі кезде шолғышпен сыйысымды пішін үлгісіне басқа ереже қосасыз. Бұл ереже пішін бірінші рет ашылғанда және белгілі бір шартқа сәйкес келетін оқиға орын алған кезде орындалады. Бұл жағдайда шарт шолғыш арқылы қарауға болатын пішін үлгісін ашып жатқан пайдаланушының өз компьютерінде InfoPath бағдарламасын орнатқан-орнатпағандығына қатысты. Осы көрініс тек қана InfoPath ішінде көрінетіндіктен оның ішінде барлық InfoPath мүмкіндіктері бар болады.

  1. Ішінде тек InfoPath бағдарламасында көрінетін көрінісі бар шолғыш-сыйысымды пішін үлгісін ашыңыз.

  2. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  3. Санат тізімінде Ашу және сақтау дегенін таңдаңыз.

  4. Жосықты ашу астында Ережелер дегенін нұқыңыз.

  5. Қосу дегенін нұқыңыз.

  6. Ереже тілқатысу терезесінде ереже үшін арнайы атау теріңіз, мәселен 1-ші ереже: InfoPath көрінісіне өту.

  7. Ережені қашан орындау керектігін белгілеу үшін Шарт белгілеу дегенін нұқыңыз.

  8. Осы шарт шын болған кезде ережені қолдану астындағы бірінші жақтауда Өрнек дегенін нұқыңыз.

  9. Екінші жақтау ішінде not(xdEnvironment:IsBrowser()) дегенін теріңіз.

  10. Және дегенін нұқыңыз.

  11. Бірінші жақтауда бірінші шарт астында Өрнек дегенін басыңыз.

  12. Екінші жақтау ішінде not(xdEnvironment:IsMobile()) дегенін теріңіз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.

  13. Ереже тілқатысу терезесінде Әрекет қосу батырмасын нұқыңыз.

  14. Әрекет тізімінде, Әрекет тілқатысу терезесінде Көріністерді ауыстыру батырмасын басыңыз.

  15. Тек InfoPath бағдарламасында бейнеленетін көрініске өту үшін Көрініс тізімінде қалаған көріністі таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.

  16. Осы ереже артынан басқа ережелердің орындалуын болдырмау үшін (ағымдағы оқиға үшін) Ереже тілқатысу терезесінде Осе ереже аяқтаған кезде ережелер өңдеуді тоқтату дегеніне құсбелгі қойыңыз.

    Кәзір ғана жаратқан ережеңіз пішін үлгісі ашылған кезде және белгілеген шартыңызға сәйкес келетін жағдай орын алған кезде — яғни, пайдаланушының ортасы Веб-шолғыш немесе ұшқыр құрылғы емес, бірақ InfoPath бағдарламасы болған кезде —орындалады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×