Шолғышмен сай келетін пішін үлгілерге кіріспе

Microsoft Office InfoPath пішін үлгі жаратып жатқаныңызда InfoPath бағдарламасында немесе веб-шолғышта ашылып толтыра алатын пішін үлгіні жаратуды таңдауыңыз мүмкін. Бұндай түрдегі пішін үлгілер шолғышмен сай келетін үлгілер деп аталады. Шолғышмен-сай пішін үлгіні жаратып болған соң, оны InfoPath Forms Services пайдаланатын серверге жариялауыңыз керек. Шолғышмен-сай пішін үлгіні Веб-шолғышта пайдану мүмкіндігін қосуыңыз керек. Кейбір кездерде жариялау кезінде өзіңіз қосып жіберсеңіз болады. Басқа кездерде, мысалы үшін шолғышмен-сай пішін үлгінің құрамында басқаратын кодтар болатын болса, Сіз үшін сервердің үлгі әкімшісі осы қадамды орындап беру керек.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

InfoPath пішіндерінің- бұл не?

Шолғышмен үйлесімділік туралы түсініктеме

Үйлесімділік параметрлері

Тек қана InfoPath бағдарламасында ашылатын көріністер

Жасақтама тексеруші тапсырмалар аймағы

Орналастыру параметрлері

InfoPath Forms Services- бұл не?

InfoPath Forms Services-бұл InfoPath бағдарламасында шолғышқа-негізделген үлгілерді жаратуға мүмкіндік беретін және оларды ішкі немесе сыртқы Веб-тораптарда таратуға мүмкіндік беретін сервер технологиясы. Үлгіні толтыру үшін пайдаланушының компьютерінде InfoPath бағдарламасын орнатылуы қажет емес және желіден қосымша бағдарламалардың қотарып алуы да қажет емес. Бар болғаны Windows Internet Explorer, Apple Safari немесе Mozilla Firefox сияқты бағдарламасы орнатылған болу керек. Пайдаланушылардың компьютерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған болса, шолғыштан гөрі оларды InfoPath бағдарламасында ашып толтыру дұрыс болады.

InfoPath Forms Services технологиясы Microsoft Office SharePoint Server 2007 мекемелік компьютер оқытуында, сондай-ақ, Microsoft Office Forms Server 2007 бөлек қолданылады.

Беттің жоғарғы жағы

Шолғышмен үйлесімділік туралы түсініктеме

Барлық пішін үлгілер InfoPath бағдарламасымен сай келеді  ( яғни пайдаланушылар компьютерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған болса, олар үлгілерін InfoPath бағдарламасында ашып оларды өңдеу мүмкіндігіне ие).

InfoPath Forms Services бағдарламасын орындайтын серверге қатынасыңыз болса екі түр пайдаланушыларға қызмет көрсететін бірегей пішін үлгі жаратуыңызға болады  (яғни компьютерлерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған және орнатылмаған пайдаланушылар үшін). Компьютерлерінде InfoPath бағдарламасы орнатылмаған пайдаланушылар, үлгіні InfoPath бағдарламасында емес веб-шолғышта толтырады.

Пайдаланушыларыңыз компьютерінде InfoPath бағдарламасын орнатылған болса, олар үлгіні InfoPath бағдарламасында ашып толық мүмкіндіктер жиынтығына ие бола алады.

Шолғышмен-сай пішін үлгіні жарату барысы үйлесімділік параметрлерін белгілеуін өз ішіне алады яғни оны жарату барысының басында немесе аяқ жағында істесеңіз болады. Шолғышмен-сай пішін үлгіні жаратып болған соң, оны тексеруіңізге, жариялауыңызға немесе пайдаланушылар шолғышта толтыру мүмкіндігіне ие болу үшін шолғыш-қосылған етіп баптауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Үйлесімділік параметрлері

Веб-шолғышта, InfoPath бағдарламасында немесе одан ары ұтқыр құрылғыларда да істейтін бірегей шолғышмен-сай пішін үлгі жаратуыңызға болады. Бұл амал жарату уақытын және оған кететін шығынды кемітеді және түрлі пайдаланушыларды бірегей пішін үлгімен қамтамасыз еткенімен тиімділігін арттырады.

Шолғышмен-сай пішін үлгіні жарату үшін Пішін үлгіні жарату тілқатысу жолағында әрбір жаңа пішін үлгі жаратқанда пайда болатын Тек қана шолғышмен-сай мүмкіндіктерін қосу құсбелгіні белгілеңіз. Бұл InfoPath бағдарламасына Сіз шолғышмен-сай пішін үлгі жаратып жатқаныңызды білдіреді және оны InfoPath Forms Services бағдарламасын пайдаланатын серверге жарияламақшы болғаныңызды білдіреді.

Пішін үлгіні жарату тілқатысу жолағындағы үйлесімділік параметрі

Осы құсбелгіні қойғаныңызда, жарату барысында оларды адасып пайдаланып қоюдың алдыны алу үшін шолғышмен-сай пішін үлгіде істемейтін басқару элементтер мен мүмкіндіктер жасырын немесе ажыратылған күйінде болады. Келесі суретте сары түсдегі жолақтың ішіндегі мәтін, қолданбайтын басқару элементтер Басқару элементтер тапсырмалар аймағында пайда болмайтыны көрсетіп тұр.

Басқару элементтер тапсырмалар аймағындағы жасырын күйінде тұрған басқару элементтер туралы ескертпе

Пішін үлгіңіз үшін үйлесімділік параметрлерін жедел түрде тексеру үшін, InfoPath терезесенің төменгі оң жақ бұрышында пайда болатын мәтінге назар аударыңыз.

Пішін үлгі үшін үйлесімділік параметрі күй жолағында пайда болады

Егер осы мәтінді нұқсаңыз Жасақтама тексеруші тапсырмалар аймағы пайда болады, ол жерде пішін үлгінің бар үйлесімділік параметрлерін өзгертуіңізге болады. Мысалы үшін, егер Сіз алдымен пішін үлгі жаратпақшы болып кейінірек оны шолғышмен-сай келетін пішін болуын қалайтын болып қалсаңыз, Жасақтама тексеруші тапсырмалар аймағында Үлесімділік параметрлерін өзгерту сілтемесін бсу арқылы пішін үлгі үшін үйлесімділік параметрлерін өзгертуіңізге болады. Сонімен бірге, осы сілтемені басу арқылы шолғышмен-сай пішін үлгіні тек қана Infopath бағдарламасында ашылатын пішін үлгіге айналдыруыңыз да болады.

Беттің жоғарғы жағы

Тек қана InfoPath бағдарламасында ашылатын көріністер

Пайдаланушыларыңыздың көбісі компьютерлерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған болса, InfoPath бағдарламасының мүмкіндіктер жиынтығын толығымен пайдалануды қалауыңыз мүмкін яғни Веб-шолғышта қолданбайтын мүмкіндіктерді қосып алғанда. Бұндай кездерде Сіз шолғышмен-сай пішін үлгіңіздің екі көрінісін жаратуыңызға болады. Бір көрініс пішін үлгіні веб-шолғышта ашатын пайдаланушылар үшін болады. Көріністің басқасы тек компьютерлерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған пайдаланушылар ғана пайдаланады.

Осы InfoPath бағдарламасы арналған көрініс ешқашан Веб-шолғышта ашылмайды. Демек, InfoPath бағдарламасында басқа бағдарламаларында пайдалана алмайтын пайдаланушы рөлі немесе басты/егжей-тегжей басқару элементтер сияқты мүмкіндіктерді пайдалана аласыз.

Кеңес : Оған қоса, кішкентай бейнебеттерге арналған ерекше көрініс жаратуыңызға болады және кодты пайдаланып пайдаланушы үлгіні ұтқыр құрылғыларда ашқан кезде автоматты түрде сол көрініске өтіп кететін қылып баптауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Жасақтама тексеруші тапсырмалар аймағы

Егер пішін үлгі жаратып жатқан болсаңыз және оның үйлесімділік параметрлерін өзгертіп оны шолғышмен-сай қылып жаратпақшы болсаңыз үйлесімділік ақаулықтар келіп шығу мүмкін. Үйлесімділік ақаулықтар пішін үлгінің құрамында шолғышмен-сай пішін үлгілерде қолданбайтын мүмкіндіктер енгізілген болғанда келіп шығады. Оны ең тез анықтау жолы Жасақтама тексеруші тапсырмалар аймағы арқылы анықтау болып есептеледі.

Жасақтама тексеруші тапсырмалар аймағының бір бөлегі

1. Тапсырмалар аймағының төбесіндегі мәтін пішін үлгі InfoPath бағдарламасымен және InfoPath Forms Services бағдарламасын пайдаланатын сервермен үйлесімді екенін көрсетеді. Осы параметрді өзгертпекші болсаңыз Үйлесімділік параметрлерін өзгерту сілтемесін нұқыңыз.

2. Қателердің пайда болу себебі шолғышмен-сай пішін үлгінің құрамында қолданбайтын басқару элементтер бар. Осы пішін үлгіні жариялау үшін, осы басқару элементтерді жойып тастаңыз немесе шолғышмен-сай келетін басқару элемент қылып айналдырыңыз.

Егер Жасақтама тесеруші тапсырмалар аймағында Серверде тексеруқұсбелгіні қоятын болсаңыз, InfoPath бағдарламасы табатын қателер мен ескертпелерге қоса InfoPath Forms Services бағдарламасын пайдаланатын серверде табылатын қателер мен ескертпелерді көре аласыз. Мысалы үшін, пішін үлгіңіздегі шолғышта жақсы істемейтін мүмкіндіктер түралы ескертпелер алуыңыз мүмкін. Тексеру мүмкіндігі өте тиімді себебі потенциальды ақаулықтарды Сіз пішін үлгіні серверге жариялап болған соң емес жаратып жатқан кезде көре аласыз.

Ескерту : Үйлесімділік қателері бар пішін үлгіні жаратуыңызға болады. Алайда ешкім яғни ферма әкімшісі де оны шолғыш-қосылған етіп өзгерте алмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Орналастыру параметрлері

Барлық шолғышмен-сай пішін үлгілер InfoPath Forms Services бағдарламасын пайдаланатын серверге орналастырылу керек. Шолғышмен-сай пішін үлгіні орналастыру үшін, пішін үлгіні InfoPath бағдарламасы Жариялау шеберін пайдаланып жариялап желіде пайдалана алатын қылып бапталу керек.

Шолғышмен-сай пішін үлгіні жариялау үшін, Жариялау шеберінің бірінші бетінде SharePoint серверіне, InfoPath Forms Services бағдарламасымен немесе олсыз параметрін таңдауыңыз қажет.

Жариялау шеберінің бір бөлегі

InfoPath Forms Services бағдарламасын пайдаланатын серверге пішін үлгілерді орналастырудың екі күйі бар: бірі пайдаланушы пішін үлгілер үшін басқасы әкімші рұқсат берілген пішін үлгілер.

Пайдаланушы пішін үлгілер

Пішін үлгінің осы түрін Вебта пайдалану үшін оның құрастырушының өзі қосып жіберуге болады.

Пайдаланушы пішін үлгілердің құрамында сценарийлер немесе басқаратын кодтар болмау керек, толық сенімді сұрамау керек және әкімші басқаратын деректерді қосуын пайдаланбау керек. Оған қоса, пайдаланушы пішін үлгілер ұтқыр веб-шолғыштар үшін жаратылмайды.

Пайдаланушы пішін үлгілер дөмен-сенім қауіпсіздік деңгейінде жұмыс істейді яғни бұл пішін үлгілер сервердегі дөменде компьютерлермен сенілген болады және пішін үлгідегі кез келген деректер қосылымы тек қана осы дөмендегі ақпараттарға қол жеткізе алады.

Пайдаланушы пішін үлгілерді жинаққа немесе InfoPath Forms Services бағдарламасын пайдаланатын серверге контент түрі ретінде жариялауыңызға болады. Пішін үлгіні жинаққа жариялау үшін, торапта жинақтар мен тізімдер жаратуға рұқсат сұрауыңыз қажет. Пішін үлгіні торап мазмұн түрі ретінде жариялау үшін, торапты басқару үшін рұқсат сұрауыңыз қажет.

Басқаратын кодтары жоқ пішін үлгілер үшін және кішкентай бөлімде жұмыс істейтін жұмысшылар пайдаланатын сияқты орналастыру орындары шектелген пішін үлгілер үшін пайдаланушы пішін үлгілер ретінде орналастыруы ең жақсы жол деп есептеледі.

Ескерту : Пішін үлгіні орналастырмақшы болсаңыз алайда қажетті рұқсаттарыңыз болмаса, Жариялау шеберінде "қосымша ақпараттар үшін ферма әкімшесімен хабарласыңыз" деген мәтін көресіз. Әкімшеден пішін үлгіні орналастыруға рұқсат сұраудан алдын, оны әкімші қол жеткізе алатын жерге жариялауыңыз қажет. Мысалы үшін, клиенттерге сақтандыру саясатын желіге қосылған түрде басқаруға мүмкіндік беретін пішін үлгіні жаратып болдыңыз делік. Пішін үлгіңіздің құрамында ферма әкімшісімен басқарылатын деректер қосылымы болғандықтан, Сіз оны тура InfoPath Forms Services бағдарламасыдан пайдаланатын серверге жария алмайсыз. Оның орнына, әкімші көрсеткен желі орналасуға жария етіңіз, ол жерде Сіздің ұйымыңыз пайдаланатын дизайн стандарттарымен тексеріледі. Ең соңында, әкімшіге пішін үлгі қайта көріп шығуға дайын деген хабар беруіңізге болады.

Әкімші рұқсат беретін пішін үлгілер

Пішін үлгінің осы түрін Вебта пайдалану үшін отек қана ферма әкімшісінің өзі қосып жіберуге болады.

Әкімші рұқсат беретін пішін үлгілердің құрамында сценарийлер немесе басқаратын кодтар болу мүмкін, толық сенімді сұрау мүмкін және әкімші басқаратын деректерді қосуын пайдалану мүмкін. Оған қоса, оларды ұтқыр веб-шолғыштар үшін арнап жаратуға болады.

Әкімші рұқсат беретін пішін үлгілер толық-сенім немесе домен-сенім қауіпсіздік деңгейде орындалуы мүмкін.

Пішін үлгілер әдетте ферма әкімшісімен тексеріледі және қотарып алынады, содан соң ол пішін үлгі жинағындағы бір немесе бірнеше торап жиынтықтар үшін белсендіріледі. Белсендірілуі сайттар жиынындағы мүмкіндіктерді қосу немесе ажырату немесе әкімші рұқсат беретін пішін үлгілерді пайдалана алатын қылып баптау барысы болып есептеледі. Ферма әкімшісі әкімші рұқсат ететін пішін үлгіні тексеру және қотарып алу керек, торап әкімшісі пішін үлгі қотарып болған соң ғана белсендіре алады.

Әкімші рұқсат беретін пішін үлгілерді орналастыруы ұйымдағы бөлімдердің көбісіндегі жұмыс берушілерге пайдалану үшін кең қылып орналастырылатын пішін үлгілер үшін ең жақсы жол болып есептеледі.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×