Шартты (Логикалық) өрнектер жасау

Бұл мақалада шартты (Логикалық деп те аталатын) өрнектерді қалай жасау керек екені түсіндірілген. Шартты өрнектер шын не өтірік деп бағалап, сіз белгілеген шартқа сәйкес келетін нәтижені қайтарады. Егер шартты өрнектеріңізде функцияларды қолдансаңыз, сол өрнектегі шартқа сәйкес келетін және келмейтін мәндерге әрекет белгілеуіңізге де болады. Мысалы, 10 пайызды немесе одан төмен пайда өлшемі бар саудалардың барлығын табатын өрнекті жасап, сол табылған сандарды қызыл түсті қылып көрсетуді белгілеуіңізге немесе сол мәндерді хабарға ауыстыруыңызға болады.

Бұл мақалада келесі талқыланады:

Шартты өрнектерді түсіну

Шартты өрнек жасау

Шартты өрнектер мысалдары

Шартты өрнектерді түсіну

Шартты өрнек деген деректеріңіз қандай-да бір шартқа сәйкес келетінін не келмейтінін тексеріп, сол тексеру нәтижесіне байланысты бір әрекет жасайтын өрнектің бір түрі. Мысалы, өрнек берілген бір басталу күнінен кейінгі күн-ай мәндерін іздеп, сол басталу күнінен ерте күн-айды енгізіп көрген кезіңізде қателік туралы хабарды көрсете алады.

Шартты өрнектер басқа өрнектер тәрізді дәл сол пішін мен синтаксисті қолданады және оларды дәл сондай әдістермен қолдануыңызға болады:

  • Кесте өрістеріне келгенде, сіз өрнегіңізді өрістің Тексеру ережесі сипатына қосасыз. Одан кейін, пайдаланушылар мәндерді өрнектегі шарттарға сәйкес келетін өріске енгізеді. Мысалы, >=#1/1/1900# сияқты өрнекті Күн-ай/Уақыт өрісінде қолдансаңыз, пайдаланушылар 1900 жылғы 1 қаңтарға тең келетін немесе одан кеш мәндерді енгізу керек болады.

  • Пішіндегі басқару элементтеріне келсек, өрнектеріңізді басқару элементінің Басқару элементінің көзі не Тексеру ережесі сипатына қосуыңызға болады. Әдетте, шартты өрнектерді Тексеру ережесі сипатына қосасыз, ал мәндерді есептейтін өрнектерді Басқару элементінің көзі сипатына қосасыз. Мысалы, басқару элементінің Тексеру ережесі сипатында >=#1/1/1900# өрнегін қолдансаңыз, пайдаланушылар қате күн-айды енгізе алмайды. Басқару элементінің көзі сипатында Date() сияқты өрнекті қолдансаңыз, қазіргі уақыт әдепкі мән түрінде көрсетіледі.

  • Сұрауларға келсек, шартты өрнектеріңізді Өріс қатарындағы бос ұяшыққа қосуыңызға немесе өрнекті сұраудың Шарт қатарында қолдануыңызға болады. Өрнекті Өріс қатарында қолданған кезіңізде, оның нәтижелері сұраныстың нәтижелерінде баған түрінде көрсетіледі. Өрнекті қолданыстағы өріске шарттар ретінде қолданған кезіңізде, ол өрнек сүзгі ретінде жұмыс істеп, сұрау қайтаратын жазбалардың санын шектейді.

    Мысалы, келесі өрнекті сұраудың Өріс қатарында қолдануыңызға болады. =IIf([Order Date]<=#04/01/2003#,[Order Date],"1 сәуірден кейін енгізілген тапсырыс"). Бұл өрнек күн-ай шартын белгілейді (<=#04/01/2003#). Бұл өрнек орындалған кезде, ол шартқа сәйкес келетін күн-ай мәндерінің барлығын көрсетеді және сол шартқа сәйкес келмейтін күн-ай мәндері «1 сәуірден кейін енгізілген тапсырыс» деген хабарға ауыстырылады. Сұрауға өрнекті қосу бөліміндегі қадамдар сол өрнекті сұрауда қалай қолдану керек екенін түсіндіреді.

    Ал осы өрнекті қандай-да бір сұраудың Шарт өрісінде қолдансаңыз, ол тек сол шартқа сәйкес келетін күн-айлары бар жазбаларды қайтарады: Арасында #04/01/2003# Және #05/15/2003#.

Өрнектерді жасау мен қолдану жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Өрнекті жасау мақаласын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Шартты өрнек жасау

Бұл бөлімдегі қадамдар шартты өрнекті кестеге, пішіндегі немесе баяндамадағы басқару элементіне және сұрауға қалай қосу керек екенін түсіндіреді. Әр қадамдар жиынтығы Күн-ай/Уақыт өрісіндегі мәндерді тексеруге және белгілеген шартқа сол күн-ай мәндері сәйкес келетініне не келмейтініне байланысты әрекет жасайтын сәл өзгеше өрнекті қолданады.

Кесте өрісіне өрнек қосу

  1. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірден Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  2. Деректер түрі бағанында Күн-ай/Уақыт өрісін нұқыңыз.

  3. Жалпы қойындысындағы Өріс сипаттары тармағында Тексеру ережесі сипат жолағын таңдап, келесі өрнекті теріңіз:

    >=#01/01/1900#

    Ескерту : А.Қ.Ш. күн-ай пішімін қолдану міндеттелмейді. Өз еліңіздің/аумағыңыздың немесе жергілікті күн-ай пішімін қолдануыңызға болады. Алайда, күн-ай мәнді, жоғарыда көрсетілгендей, нөмір белгісімен (#), қоршауыңыз керек.

  4. Тексеру мәтіні дегеннің қасындағы бағанды таңдап, келесі мәтінді теріңіз:

    Күн-ай 1900 жылғы 1 қаңтардан кештеу болуы керек.

    Айтылғандай, жергілікті күн-ай пішімін қолдануыңызға болады.

  5. Өзгерістеріңізді сақтап, Деректер кестесінің көрінісіне ауысыңыз. Ол үшін, кестеге арналған құжаттың қойындысын тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірден Деректер кестесінің көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  6. Күн-ай/Уақыт өрісінде 1900 жылғы 1 қаңтардан ерте күн-ай мәнді теріңіз. Access бағдарламасы Тексеру ережесі сипат жолағында белгіленген хабарды көрсетеді және өрнегіңіз шын деп бағалайтын мәнді енгізбей, сол өрістен шыға алмайсыз.

Басқару элементіне өрнекті қосу

  1. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін пішінді тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірден Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  2. Күн-ай/Уақыт өрісіне бекітілген басқару элементін тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірден Сипаттар пәрменін таңдаңыз.

    Басқару элементінің сипаттар кестесі шығады.

  3. Деректер не Бәрі қойындысында Тексеру ережесі дегеннің қасындағы өрісті таңдап, келесі өрнекті енгізіңіз:

    >=#01/01/1900#

    Ескерту : А.Қ.Ш. күн-ай пішімін қолдану міндеттелмейді. Өз еліңіздің/аумағыңыздың немесе жергілікті күн-ай пішімін қолдануыңызға болады. Алайда, күн-ай мәнді, жоғарыда көрсетілгендей, нөмір таңбасымен (#), қоршауыңыз керек.

  4. Тексеру мәтіні дегеннің қасындағы бағанды таңдап, келесі мәтінді теріңіз:

    Күн-ай 1900 жылғы 1 қаңтардан кештеу болуы керек.

  5. Өзгерістеріңізді сақтап, Пішін көрінісіне ауысыңыз. Ол үшін, пішінге арналған құжаттың қойындысын тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірден Пішін көрінісі пәрменін таңдаңыз.

Сұрауға өрнекті қосу

  1. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін сұрауды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірден Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  2. Құрастырушы торының Өріс қатарында бос ұяшықты таңдап, келесі өрнекті енгізіңіз:

    =IIf([Field_Name]<=#04/01/2003# , [Field_Name] , «2003 жылғы 1 сәуірден кеш күн-ай»)

    Өрнекті терген кезіңізде, Өріс_Аты даналарының екеуінде Күн-ай/Уақыт өрісіңіздің атына міндетті түрде ауыстырыңыз. Және де, егер кестеңізде 2004 жылғы 1 қаңтардан ерте күн-айлар жоқ болса, өрнектегі күн-айларды деректеріңізбен жұмыс істейтіндей өзгертіңіз.

  3. Өзгерістеріңізді сақтап, Орындау түймешігін басу арқылы нәтижелерді қарап шығыңыз.

Өрнек былай жұмыс істейді: Бірінші аргумент (=IIf([Өріс_Аты]<=#01/01/2004#) деректері сәйкес келетін шартты белгілейді —күн-ай 2003 жылғы 1 сәуірге тең не одан ерте болуы керек. Екінші аргумент ([Өріс_Аты]) сол шарт шын болып шыққанда пайдаланушылар не көретінін белгілейді — өрістегі күн-айлар. Үшінші аргумент («2004-01-01 дегеннен кеш күн-ай»)) деректер сол шартқа сәйкес келмегенде пайдаланушылар көретін хабарды белгілейді.

Әрі жалғастырған сайын, IIf функциясын барлық шартты өрнектер қолдана бермейтінін ұмытпаңыз. Және де, IIf функциясы өрнектің өзі емес, бірақ аргументтерді қажет ететін өрнектің бөлігі екенін ұмытпаңыз.

Өрнектер мен оларды қолдану жолдары жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Өрнекті жасау мақаласын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Шартты өрнектер мысалдары

Келесі кестедегі өрнектер шын және өтірік мәндерді есептеудің кейбір жолдарын көрсетеді. Бұл өрнектер IIf функциясын (Immediate If) қолдану арқылы шарттың шын не өтірік екенін анықтап, шын болған жағдайда бір мәнді қайтарады, ал өтірік болған жағдайда басқа мәнді қайтарады.

Қосымша ақпарат алу үшін, IIf функциясы мақаласын қараңыз.

Өрнек

Сипаттама

=IIf([Confirmed] = "Иә", "Тапсырыс бекітілген", "Тапсырыс бекітілмеген")

Бекітілген өрістің мәні Иә болса, «Тапсырыс бекітілген» деген хабарды көрсетеді; болмаса, «Тапсырыс бекітілмеген» деген хабарды көрсетеді.

=IIf(IsNull([Ел/аумақ])," ", [Ел/аумақ])

Ел/аумақ өрісінің мәні Бос болса, бос жолақты көрсетеді; болмаса, Ел/аумақ өрісінің мәнін көрсетеді.

=IIf(IsNull([Аумақ]),[Қала]&" "& [Индекс], [Қала]&" "&[Аумақ]&" " &[Индекс])

Аумақ өрісінің мәні Null болса, Қала мен Индекс өрістерінің мәндерін көрсетеді; болмаса, Қала, Аумақ және Индекс өрістерінің мәндерін көрсетеді.

=IIf(IsNull([ҚажеттіКүн-ай] - [ЖіберілгенКүн-айы]), "Жоқ күн-айды іздеу", [ҚажеттіКүн-ай] - [ЖіберілгенКүн-айы])

Егер ЖіберілгенКүн-айы өрісінің мәнінен ҚажеттіКүн-ай өрісінің мәнін алған кездегі нәтиже Null болса, онда «Жоқ күн-айды іздеу» хабары көрсетіледі; болмаса, ҚажеттіКүн-ай мен ЖіберілгенКүн-айы өрістері мәндерінің арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×