Шарлау аумағында өзгертпелі санаттар мен топтарды (түймешіктер пішіндерді) жасау және басқару

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасы Шарлау аумағы деп аталатын жаңа мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Аумақ ескі құралды ауыстырады — ол Дерекқор терезесі. Шарлау аумағын қолдану арқылы дерекқордағы нысандарды бастауыңызға және басқаруыңызға болады — кестелер, пішіндер, сұраулар және тағы басқалар. Шарлау аумағын түймешіктер пішіндерінің орнына да қолдануыңызға болады. Ол үшін пайдаланушыларыңызға көрсеткіңіз келетін нысандарға ғана теркесімдерді қамтамасыз ететін топтарды және өзгертпелі санаттарды жасайсыз. Бұл тақырыпта Шарлау аумағындағы өзгертпелі санаттар мен топтарды қалай жасау және басқару керек екені түсіндіріледі.

Не істегіңіз келеді?

Шарлау аумағын түсіну

Өзгертпелі санаттар мен топтарды (түймешіктер пішіндерін) жасау

Санатта топтар мен нысандарды көрсету және жасыру

Өзгертпелі топтардағы нысандарды жою және қалпына келтіру

Шарлау аумағын түсіну

Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында Сіз Дерекқор терезесін нысандарды — кестелер, есептер, пішіндер және басқаларды — іске қосу және басқару үшін қолданғансыз. Мысалы, егер Есеп шеберін ашқыңыз немесе деректерді енгізу пішіннің құрылымын өзгерткіңіз келген болса, онда ол әрекеттерді Дерекқор терезесінен жасағансыз.

Егер апта сайын іске қосатын деректерді енгізу пішіндер мен есептер сияқты нысандар жинағын тауып алып, қолдануды жеңілдеткіңіз келсе, Сіз түймешіктер пішінін жасағансыз. Түймешіктер пішіндері дегеніміз түймешіктер мен еренсілтемелері бар шағын бейнебеттер. Олар, мысалы, пішінді немесе есепті ашады. Түймешіктер пішінін қолданғаныңыз басқа пайдаланушыларға көрсеткіңіз келмейтін және зақымнан сақтап қалғыңыз келетін дерекқор нысандарын жасыру жолы болады. Мысалы, егер пайдаланушылар негізгі кестедегі деректерді өзгертпесін десеңіз, дерекқорыңызды тек түймешіктер пішіні көрсетілетіндей теңшеуіңізге болады. Сөйтіп, пайдаланушылардың мүмкіндіктерін тиісті құралдар жинағына шектейсіз.

Шарлау аумағы дерекқорды бірнеше жолдармен қолдануды жеңілдетеді және жылдамдатады:

  • Аумақ дерекқорыңыздағы нысандарыңызды әрқашанда көрсетіп қояды. Шарлау аумағын басқа бейнебеттердің артына байқаусызда жасырып қоя алмайсыз.

  • Санаттарда өзгертпелі санаттар мен нысандардың топтарын жасау арқылы басқалар көретін және қолданатын нысандарды шектеп қоюыңызға болады. Мысалы, әр жұма азаны сайын үш есептер жинағын орындайсыз делік. Есептерді іздеу кезінде дерекқор нысандарының бүкіл ұзын тізімін көрсеткіні басу арқылы қарап шығудың орнына, Шарлау аумағында өзгертпелі санатты жасап, сол санатқа есептеріңіздің ен тобын қоюыңызға болады.

  • Барлығы 10 өзгертпелі санат жасауыңызға болады және өзгертпелі санаттарды кез келген уақытта өзгертуіңізге және жоюыңызға болады.

Келесі бөлімдердегі қадамдарда өзгертпелі санаттар мен топтарды қалай жасау және басқару керек екенін түсіндірілген. Осы тақырыптағы мәлімет Шарлау аумағына кіріспе деген үлкенірек тақырыптан шыққан. Бұл тақырыпта Шарлау аумағын қалай қолдану керек екені терең түсіндірілген. Осы жерде сипатталмаған мүмкіндігін немесе толық тапсырманы түсінгіңіз келсе, үлкенірек тақырыпты қараңыз.

Қорытындысында, Office Access 2007 бағдарламасында әлі де түймешіктер пішіндерін жасауыңызға және қолдануыңызға болатынын есте сақтаңыз. Қосымша мәлімет алу үшін Менің түймешіктер пішіндерім қайда кетті? мақаласын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өзгертпелі санаттар мен топтарды (түймешіктер пішіндерін) жасау

Өзгертпелі санат жасаған кезіңізде Сіз оны ашып қойған дерекқорыңызға жасайсыз және ол дерекқорыңызбен бірге көшіп-қонып жүреді. Өзгертпелі санаттар мен топтарды басқа дерекқорларға тасымалдай алмайсыз.

Өзгертпелі санаттар мен топтарды жасау және басқару үшін Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін қолданасыз. Бұл ұрдіс мына кең қадамдардан өтеді:

  • Сіз алдымен өзгертпелі санатты жасайсыз. Access бағдарламасы Сізге біреуін қамтамасыз етеді: Өзгертпелі. Сол санаттың атауын өзгертіп, мұқтаждығыңызға сай топтарды қосуыңызға не жоюыңызға немесе кез келген уақытта жаңа санатты жасауыңызға болады.

  • Санатты жасап болғаныңыздан кейін сол жаңа санатқа бір не бірнеше топ жасайсыз.

  • Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін жауып, Шарлау аумағында өзгертпелі тобыңызға тағайындағыңыз келетін дерекқор нысандарын сүйреп немесе көшіріп, кейін қойыңыз. Нысандарын Тағайындалмаған нысандар деп аталатын арнайы топтан сүйрейсіз немесе көшіресіз. Ол топты Access бағдарламасы Сіз үшін өзгертпелі санатты құрған кезіңізде жасайды.

    Ескерту : Дерекқор нысанын «Тағайындалмаған нысандар» тобынан өзгертпелі тобыңызға қосқан кезіңізде Access бағдарламасы сол нысанға ен жасайды — Сіз нысанның өзін жылжытпайсыз және көшірмейсіз. Егер өзгертпелі топтағы еннің атауын өзгертсеңіз немесе оны жойсаңыз, сол өзгерістер нысанның өзіне емес, бірақ еніне әсер келтіреді.

  • Өзгертпелі топты не топтарды толтырғаныңыздан кейін көрсеткіңіз келмейтін тағайындалмаған нысандар тобын және кез келген басқа топтарды жасырып қоюыңызға болады.

Өзгертпелі санатты жасау

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң түймешігімен басып, Шарлау параметрлері дегенін нұқыңыз.

  2. Шарлау параметрлері тілқатысу терезесінде Санаттар тізімінде Элементті қосу дегенін нұқыңыз. Тізімде жаңа санат шығады. Бұл сурет жаңа өзгертпелі санатты көрсетіп тұр:

    Шарлау аумағындағы жаңа теңшелетін санат

  3. Жаңа санаттың атауын теріп, ENTER пернесін басыңыз.

    Дерекқорыңызды қолданатын адамдарға түсінікті болатын атауды жасауға тырысыңыз. Атауды жасап болғаныңыздан кейін оң жақтағы тізімнің тақырыбы сол атпен бірдей болатынын байқаңыз. Мысалы, егер жаңа санатын Менің түймешіктер пішінім деп атасаңыз, оң жақтағы тізімдегі тақырып «Менің түймешіктер пішінім» топтары деп оқылады. Және де, тізімде «Тағайындалмаған нысандар» деп аталатын топ бар екенін аңғарыңыз. Access бағдарламасы сол топты әдепкі күйінде жасайды. Бұл топта дерекқорыңыздағы барлық нысандары бар және сол нысандарды Сіз өзгертпелі топты толтыру үшін қолданасыз.

    Өзгертпелі санатыңызды жасағаныңыздан кейін сол санат үшін бір не бірнеше топ жасайсыз. Қаншама топ қажет болса, соншама топ жасауыңызға болады. Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін ашық ұстап, келесі қадамдарды орындаңыз.

Өзгертпелі топты жасау

  1. «Топ атауының» топтары тізімінде Топты қосу дегенін нұқып, содан соң, сол топтың атауын теріңіз. Бұл үрдісті қаншама рет орындау қажет болса, соншама рет орындауыңызға болады. Мысалы, Менің түймешіктер пішінім ішінде үш топ болуы мүмкін — деректерді енгізу пішіндері, есептер және сұраулар. Пайдаланушыларыңыздың мұқтаждықтары мен өзіңіздің қалауыңыз осы кезеңде қосатын топтарды басқарғаны жөн.

  2. Тағайындалмаған нысандар қасындағы құсбелгі көзін белгілемей қалдырыңыз, содан соң OK түймешігін басыңыз. Access бағдарламасы Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін жауып, жаңа өзгертпелі тобыңызды Шарлау аумағына қосады, бірақ жаңа топты Сіз әлі көре алмайсыз.

  3. Жаңа топты көрсетіп қою үшін және топқа нысандарды қосу үшін келесі қадамдар жинағына өтіңіз.

Өзгертпелі топқа нысандар қосу

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді нұқыңыз. Содан соң мәзірдің үстінгі бөлімінде жаңа санатты нұқыңыз. Санатыңызға жасаған топ не топтар «Тағайындалмаған нысандар» тобымен бірге мәзірдің төменгі бөлімінде шығады.

  2. Тағайындалмаған нысандар тобында өзгертпелі тобыңызда қолданғыңыз келетін элементтерді таңдап, сол топқа көшіріңіз. Access бағдарламасы таңдалған элементтерді көшірудің бірнеше жолдарын қамтамасыз етеді. Сіз келесі әрекеттерді жасауыңызға болады:

    • Элементтерді жекелеп сүйреу.

    • CTRL пернесін басып ұстап тұрып, бірнеше элементтерді таңдап алып, өзгертпелі тобыңызға сүйреп апарып тастау.

    • Таңдалған элементтердің біреуін тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Топқа қосу дегенге көрсетіп, содан соң өзгертпелі тобыңыздың атауын нұқу.

Аяқтаған соң Тағайындалмаған нысандар тобын Шарлау аумағында көрсетілген түрде қалдыруыңызға немесе жасырып қоюыңызға болады.

Тағайындалмаған нысандар тобын жасыру

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң түймешігімен басып, Шарлау параметрлері дегенін нұқыңыз.

  2. Санаттың Топтары аумағында Тағайындалмаған нысандар құсбелгі көзіндегі белгіні алып тастаңыз.

Өзгертпелі санатты және топты жасап болып, сол топқа кейбір ендерді қосқаныңыздан кейін, Сіз сол ендерді қосымша топтар жасау үшін қолдануыңызға болады. Келесі қадамдарда соны қалай жасау керек екені түсіндіріледі.

Қолданыстағы өзгертпелі топта нысанды қолдану арқылы жаңа өзгертпелі топты жасау

Ескерту : Бұл әдісті қолдану үшін алдымен алғашқы бөлімердегі қадамдарға ере отырып, өзгертпелі санатты және топты жасауыңыз керек.

  1. Өзгертпелі санат пен топ Шарлау аумағында ашық тұрған кезде жаңа топқа салғыңыз келетін нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқыңыз.

  2. Тінтуірді Топқа қосу дегеннің үстіне апарып, Жаңа топ дегенін нұқыңыз.

    Шарлау аумағында жаңа топ шығады. Шарлау аумағындағы жаңа өзгертпелі топ Жаңа топтың атауын енгізіп, қажеті бойынша сол топқа қосымша ендерді сүйреп апарыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Санатта топтар мен нысандарды көрсету және жасыру

Өзгертпелі санаттағы кейбір не барлық топтарды немесе топтағы барлық нысандарды жасырып қоюыңызға болады. Осыны орындаған кезіңізде келесі фактілерді есте сақтаңыз:

  • Access бағдарламасы нысанды жасыратын екі жолды қамтамасыз етеді. Шарлау аумағында берілген пәрмендерді қолдану арқылы нысанды оның тектік тобы мен санатынан жасырып қоюыңызға немесе әр нысанға тиісті сипатты таңдауыңызға және оны ашық дерекқордағы барлық топтардан және санаттардан жасырып қоюыңызға болады.

  • Жасырылған нысандар мен топтарды толық көрінбейтіндей етіп қоюыңызға немесе оларды Шарлау аумағында көмескі, қол жеткізгісіз белгіше ретінде көрсетіп қоюыңызға болады. Сол таңдауды Шарлау параметрлері тілқатысу терезесінде Жасырын нысандарды көрсету құсбелгі көзін белгілеу немесе белгіні алып тастау арқылы жасауыңызға болады. Сол құсбелгі көзін нысанды немесе топты қайта көрсетіп қою немесе қалпына келтіру қажет болған кезде де қолдануыңызға болады.

Келесі бөлімдердегі қадамдарда әр тапсырманы қалай орындау керек екенін түсіндіріледі.

Санаттағы топты жасырып қою

  • Шарлау аумағында жасырғыңыз келетін топтың терезе тақырыбын тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Жасыру дегенін таңдаңыз.

    Ескерту : Бұл тапсырманы Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін қолдану арқылы орындауыңызға болады. Тілқатысу терезесін ашып (қалай ашу керек екенін білмесеңіз, келесі бөлімдегі қадамдарды қараңыз), «Санаттың» топтары тізімінде жасырғыңыз келетін топтың қасындағы құсбелгі көзінен белгіні алып тастаңыз.

Жасырылған топты санатқа қалпына келтіру

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзір жолын тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Шарлау параметрлері дегенін таңдаңыз.

  2. Санаттар тізімінде жасырылған тобы бар санатты таңдаңыз.

  3. «Санаттың» топтары тізімінде жасырылған топтың қасындағы құсбелгі көзін белгілеңіз.

  4. OK түймешігін басыңыз.

Нысанды тектік тобында жасырыңыз.

  • Шарлау аумағында нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Жасыру дегенін таңдаңыз.

Нысанды барлық санаттар мен топтардан жасыру

  1. Жасырғыңыз келетін нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Нысанның сипаттары дегенін таңдаңыз.

    Сипаттар тілқатысу терезесі шығып, Access бағдарламасы нысанның атауын тілқатысу терезесінің тақырыбына қосады. Мысалы, «Тапсырыстар» деген пішінді ашсаңыз, тілқатысу терезесі Тапсырыстар сипаттары дегенін көрсетеді. Келесі суретте тілқатысу терезесі көрсетілген.

    Access бағдарламасындағы дерекқор нысанына арналған «Сипаттар» диалогтық терезесі

  2. Жасырын құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Жасырылған нысанды қалпына келтіру (көрсетіп қою).

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Шарлау параметрлері дегенін таңдаңыз.

  2. Бейнелеу параметрлері тармағында Жасырын нысандарды көрсету құсбелгі көзін белгілеп қойыңыз.

  3. OK түймешігін басып, Шарлау аумағына оралыңыз. Аумақ көмескі жасырылған нысандардың барлығына көмескі белгішені көрсетеді.

  4. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Егер нысанды тек тектік тобынан және санаттан жасырып қойған болсаңыз, нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Көрсету дегенін таңдаңыз.

    • Егер нысанды барлық санаттардан және топтардан Жасырын сипатын қолдану арқылы жасырып қойған болсаңыз, нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Сипаттарды қарап шығу дегенін таңдап, содан соң Жасырын құсбелгі көзіндегі белгіні алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өзгертпелі топтардағы нысандарды жою және қалпына келтіру

Өзгертпелі топтар пайдаланушының және бизнестің талаптары өзгергеніне байланысты мезгілімен өзгеруі мүмкін. Топта нысандарды кез келген уақытта қосуыңызға немесе жоюыңызға болады. Келесі іс рәсімдері соны қалай жасау керек екенін түсіндіреді.

Нысандарды өзгертпелі топтан өшіру

  • Шарлау аумағында, жойғыңыз келетін нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Жою дегенін таңдаңыз.

Нысанды өзгертпелі топқа қалпына келтіру

  1. Егер «Тағайындалмаған нысандар» тобы жасырылған болса, көрсетіп қойыңыз.

    «Тағайындалмаған нысандар» тобын қалай көрсетіп қоюыма болады?

    1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Шарлау параметрлері дегенін таңдаңыз.

    2. «Санаттың» топтары аумағында Тағайындалмаған нысандардың қасындағы құсбелгі көзін белгілеп қойыңыз.

  2. Қажеті бойынша Сізге керек нысанды «Тағайындалмаған нысандар» тобынан өзгертпелі тобыңызға сүйреп апарыңыз немесе көшіріп қойыңыз.

Өзгертпелі топта нысанның атауын өзгерту

  1. Шарлау аумағында атауын өзгерткіңіз келетін нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Енді қайта атау дегенін таңдаңыз.

  2. Еннің жаңа атауын теріп, ENTER пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×