Шарлау аумағында теңшелетін санаттар мен топтарды жасау және басқару

Дерекқор нысандары Microsoft Access 2010 бағдарламасында пайдалану және реттеу үшін шарлау аумағын пайдаланыңыз. Аумақ ескілеу құралды — дерекқор терезесін ауыстырады. Сондай-ақ, санаттар мен топтарды шарлау аумағында жасап, дерекқор нысандарын қалаған жолмен ұйымдастыруға болады. Мысалы, пайдаланушылар көруге тиісті нысандардың ғана тіркесімдерін қамтамасыз етіп, тапсырмада қалу үшін оларға жеңілдетіп беруіңізге болады.

Бұл тақырыпта шарлау аумағындағы теңшелетін санаттар мен топтарды қалай жасау және басқару керектігі түсіндіріледі.

Ескерту : Шарлау аумағы веб-шолғышта пайдаланылмайды. Шарлау аумағын веб-шолғыш арқылы пайдалану үшін, ең алдымен сол дерекқорды Access бағдарламасы арқылы ашыңыз.

Бұл мақалада:

Жалпы шолу

Теңшелетін санаттар мен топтарды жасау

Теңшелетін санат жасау

Теңшелетін топты жасау

Теңшелетін топқа нысандар қосу

«Тағайындалмаған нысандар» тобын жасыру

Бұрыннан бар теңшелетін топтағы нысанды қолдану арқылы жаңа теңшелетін топ жасау

Санатта топтар мен нысандарды көрсету және жасыру

Санаттағы топты жасыру

Жасырын топты санатқа қалпына келтіру

Нысанды тектік тобында жасыру

Нысанды барлық санаттар мен топтардан жасыру

Жасырын нысанды қалпына келтіру (көрсетіп қою)

Теңшелетін топтардағы нысандарды жою және қалпына келтіру

Нысандарды теңшелетін топтан жою

Нысанды теңшелетін топта қалпына келтіру

Теңшелетін топта нысанның атауын өзгерту

Жалпы шолу

Access 2003 және бұрынғы нұсқаларында нысандарды — кестелерді, есептерді, пішіндерді және т.б. — дерекқорда іске қосу және басқару үшін дерекқор терезесін пайдаландыңыз. Мысалы, «Есеп» шеберін ашқыңыз немесе деректерді енгізу пішінінің құрылымын өзгерткіңіз келген болса, ол әрекеттерді дерекқор терезесінен орындағансыз.

Егер апта сайын іске қосатын деректерді енгізу пішіндер мен есептер сияқты нысандар жинағын тауып алып, қолдануды жеңілдеткіңіз келсе, Сіз түймешіктер пішінін жасағансыз. Түймешіктер пішіндері дегеніміз түймешіктер мен еренсілтемелері бар шағын бейнебеттер. Олар, мысалы, пішінді немесе есепті ашады. Түймешіктер пішінін қолданғаныңыз басқа пайдаланушыларға көрсеткіңіз келмейтін және зақымнан сақтап қалғыңыз келетін дерекқор нысандарын жасыру жолы болады. Мысалы, егер пайдаланушылар негізгі кестедегі деректерді өзгертпесін десеңіз, дерекқорыңызды тек түймешіктер пішіні көрсетілетіндей теңшеуіңізге болады. Сөйтіп, пайдаланушылардың мүмкіндіктерін тиісті құралдар жинағына шектейсіз.

Access 2007 нұсқасынан бастап дерекқор терезесі шарлау аумағымен ауыстырылады. Шарлау аумағы дерекқорды бірнеше жолдармен пайдалануды жеңілдетеді әрі жеделдетеді:

  • Аумақ нысандарды дерекқорда көрінетін етіп сақтауға көмектеседі.    Шарлау аумағын басқа экрандар артына байқаусызда жасыру мүмкін емес.

  • Шарлау аумағы санаттары мен топтарын теңшеу арқылы басқалар көретін және пайдаланатын нысандарды басқара аласыз.    Мысалы, әр жұма сайын таңертең үш есептер жиынын іске қосасыз делік. Есептерді табу үшін, дерекқор нысандарының ұзақ тізімі ішінен айналдырып қарап отырудың орнына, шарлау тақтасында теңшелетін санат жасап, сол санатта осы есептерге таңбашалар қоя аласыз.

  • Шарлау аумағындағы дерекқор нысандарын қажетіңізге қарай реттей аласыз.    Барлығы 10 теңшелетін санат жасай аласыз және оларды кез келген уақытта өзгертуге немесе жоюға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Теңшелетін санаттар мен топтарды жасау

Өзгертпелі санат жасаған кезіңізде Сіз оны ашып қойған дерекқорыңызға жасайсыз және ол дерекқорыңызбен бірге көшіп-қонып жүреді. Өзгертпелі санаттар мен топтарды басқа дерекқорларға тасымалдай алмайсыз.

Өзгертпелі санаттар мен топтарды жасау және басқару үшін Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін қолданасыз. Бұл ұрдіс мына кең қадамдардан өтеді:

  • Сіз алдымен өзгертпелі санатты жасайсыз. Access бағдарламасы Сізге біреуін қамтамасыз етеді: Өзгертпелі. Сол санаттың атауын өзгертіп, мұқтаждығыңызға сай топтарды қосуыңызға не жоюыңызға немесе кез келген уақытта жаңа санатты жасауыңызға болады.

  • Санатты жасап болғаннан кейін сол жаңа санатқа бір не бірнеше топ жасайсыз.

  • Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін жауып, Шарлау аумағында өзгертпелі тобыңызға тағайындағыңыз келетін дерекқор нысандарын сүйреп немесе көшіріп, кейін қойыңыз. Нысандарын Тағайындалмаған нысандар деп аталатын арнайы топтан сүйрейсіз немесе көшіресіз. Ол топты Access бағдарламасы Сіз үшін өзгертпелі санатты құрған кезіңізде жасайды.

    Ескерту : Дерекқор нысанын «Тағайындалмаған нысандар» тобынан өзгертпелі тобыңызға қосқан кезіңізде Access бағдарламасы сол нысанға ен жасайды — Сіз нысанның өзін жылжытпайсыз және көшірмейсіз. Егер өзгертпелі топтағы еннің атауын өзгертсеңіз немесе оны жойсаңыз, сол өзгерістер нысанның өзіне емес, бірақ еніне әсер келтіреді.

  • Өзгертпелі топты не топтарды толтырғаныңыздан кейін көрсеткіңіз келмейтін тағайындалмаған нысандар тобын және кез келген басқа топтарды жасырып қоюыңызға болады.

Теңшелетін санат жасау

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Шарлау параметрлері тармағын таңдаңыз.

  2. Шарлау параметрлері тілқатысу терезесінде Санаттар тізімінде Элементті қосу дегенін нұқыңыз. Тізімде жаңа санат шығады. Бұл сурет жаңа өзгертпелі санатты көрсетіп тұр:

    Шарлау аумағындағы жаңа теңшелетін санат

  3. Жаңа санаттың атауын теріп, ENTER пернесін басыңыз.

    Дерекқорыңызды қолданатын адамдарға түсінікті болатын атауды жасауға тырысыңыз. Атауды жасап болғаныңыздан кейін оң жақтағы тізімнің тақырыбы сол атпен бірдей болатынын байқаңыз. Мысалы, егер жаңа санатын Менің түймешіктер пішінім деп атасаңыз, оң жақтағы тізімдегі тақырып «Менің түймешіктер пішінім» топтары деп оқылады. Және де, тізімде «Тағайындалмаған нысандар» деп аталатын топ бар екенін аңғарыңыз. Access бағдарламасы сол топты әдепкі күйінде жасайды. Бұл топта дерекқорыңыздағы барлық нысандары бар және сол нысандарды Сіз өзгертпелі топты толтыру үшін қолданасыз.

    Таңданбалы санантты жасағаннан соң, сол санат үшін бір немесе бірнеше топтарды жасайсыз. Топтарды қажетіңізше көп қылып жасауға болады. Шарлау Параметрлері тілқатысу терезесін ашық түрде ұстаңыз және келесі қадамдарды орындаңыз.

Теңшелетін топты жасау

  1. «Топ атауының» топтары тізімінде Топты қосу дегенін нұқып, содан соң, сол топтың атауын теріңіз. Бұл үрдісті қаншама рет орындау қажет болса, соншама рет орындауыңызға болады. Мысалы, Менің түймешіктер пішінім ішінде үш топ болуы мүмкін — деректерді енгізу пішіндері, есептер және сұраулар. Пайдаланушыларыңыздың мұқтаждықтары мен өзіңіздің қалауыңыз осы кезеңде қосатын топтарды басқарғаны жөн.

  2. Тағайындалмаған нысандар қасындағы құсбелгі көзін белгілемей қалдырыңыз, содан соң Жарайды түймешігін басыңыз. Access бағдарламасы Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін жауып, жаңа өзгертпелі тобыңызды Шарлау аумағына қосады, бірақ жаңа топты Сіз әлі көре алмайсыз.

  3. Жаңа топты көрсетіп қою үшін және топқа нысандарды қосу үшін келесі қадамдар жинағына өтіңіз.

Теңшелетін топқа нысандар қосу

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді нұқыңыз. Содан соң мәзірдің үстінгі бөлімінде жаңа санатты нұқыңыз. Санатыңызға жасаған топ не топтар «Тағайындалмаған нысандар» тобымен бірге мәзірдің төменгі бөлімінде шығады.

  2. Тағайындалмаған нысандар тобында, таңданбалы топта қолданғыңыз келетін элементтерді таңдаңыз, сосын оларды сол топқа жылжытыңыз. Access таңдалған элементтерді жылжытудың бірнеше жолдарын ұсынады. Келесіні орындауыңызға болады:

    • Элементтерді жекелеп апару

    • CTRL пернесін басып тұрып, бірнеше элементтерді таңдаңыз да, теңшелетін топқа апарыңыз.

    • Таңдалған элементтердің біреуін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, меңзерді Топқа қосу параметріне апарыңыз да, теңшелетін топ атауын нұқыңыз.

Аяқтаған соң Тағайындалмаған нысандар тобын шарлау аумағында көрсетілген түрде қалдыруға немесе жасыруға болады.

«Тағайындалмаған нысандар» тобын жасыру

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Шарлау параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  1. Санаттарға арналған топтар тақтасындағы Тағайындалмаған нысандар құсбелгісін алып тастаңыз.

Өзгертпелі санатты және топты жасап болып, сол топқа кейбір ендерді қосқаныңыздан кейін, Сіз сол ендерді қосымша топтар жасау үшін қолдануыңызға болады. Келесі қадамдарда соны қалай жасау керек екені түсіндіріледі.

Бұрыннан бар теңшелетін топтағы нысанды қолдану арқылы жаңа теңшелетін топ жасау

Ескерту : Бұл әдісті қолдану үшін алдымен алғашқы бөлімдердегі қадамдарды орындай отырып, теңшелетін санатты және топты жасау қажет.

  1. Шарлау аумағында теңшелетін санат пен топ ашық тұрған кезде жаңа топқа қою қажет нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Тінтуірді Топқа қосу тармағының үстіне апарып, Жаңа топ параметрін таңдаңыз.

    Шарлау аумағында жаңа топ шығады. Шарлау аумағындағы жаңа өзгертпелі топ Жаңа топтың атауын енгізіп, қажеті бойынша сол топқа қосымша ендерді сүйреп апарыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Санатта топтар мен нысандарды көрсету және жасыру

Өзгертпелі санаттағы кейбір не барлық топтарды немесе топтағы барлық нысандарды жасырып қоюыңызға болады. Осыны орындаған кезіңізде келесі фактілерді есте сақтаңыз:

  • Access бағдарламасы нысанды жасыратын екі жолды қамтамасыз етеді. Шарлау аумағында берілген пәрмендерді қолдану арқылы нысанды оның тектік тобы мен санатынан жасырып қоюыңызға немесе әр нысанға тиісті сипатты таңдауыңызға және оны ашық дерекқордағы барлық топтардан және санаттардан жасырып қоюыңызға болады.

  • Жасырылған нысандар мен топтарды толық көрінбейтіндей етіп қоюыңызға немесе оларды Шарлау аумағында көмескі, қол жеткізгісіз белгіше ретінде көрсетіп қоюыңызға болады. Сол таңдауды Шарлау параметрлері тілқатысу терезесінде Жасырын нысандарды көрсету құсбелгі көзін белгілеу немесе белгіні алып тастау арқылы жасауыңызға болады. Сол құсбелгі көзін нысанды немесе топты қайта көрсетіп қою немесе қалпына келтіру қажет болған кезде де қолдануыңызға болады.

Келесі бөлімдердегі қадамдар әрбір тапсырманы орындау жолын түсіндіреді.

Санаттағы топты жасыру

  • Шарлау аумағында жасыру қажет топтың терезе тақырыбын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, Жасыру пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Бұл тапсырманы Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін қолдану арқылы орындауыңызға болады. Тілқатысу терезесін ашып (қалай ашу керек екенін білмесеңіз, келесі бөлімдегі қадамдарды қараңыз), «Санаттың» топтары тізімінде жасырғыңыз келетін топтың қасындағы құсбелгі көзінен белгіні алып тастаңыз.

Жасырын топты санатқа қалпына келтіру

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзір жолын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Шарлау параметрлері тармағын таңдаңыз.

  2. Санаттар тізімінде жасырын тобы бар санатты таңдаңыз.

  3. «Санаттың» топтары тізімінде жасырын топтың жанына құсбелгі қойыңыз.

  4. Жарайды түймешігін басыңыз.

Нысанды тектік тобында жасыру

  • Шарлау аумағында нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Жасыру пәрменін таңдаңыз.

Нысанды барлық санаттар мен топтардан жасыру

  1. Жасыру қажет нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Нысанның сипаттары пәрменін таңдаңыз.

    Сипаттар тілқатысу терезесі шығып, Access бағдарламасы нысанның атауын тілқатысу терезесінің тақырыбына қосады. Мысалы, «Тапсырыстар» деген пішінді ашсаңыз, тілқатысу терезесі Тапсырыстар сипаттары дегенін көрсетеді. Келесі суретте тілқатысу терезесі көрсетілген.

    Access бағдарламасындағы дерекқор нысанына арналған «Сипаттар» диалогтық терезесі

  2. Жасырын құсбелгісін қойыңыз.

  3. Жарайды түймешігін басыңыз.

Жасырын нысанды қалпына келтіру (көрсетіп қою)

  1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Шарлау параметрлері тармағын таңдаңыз.

  2. Көрсету параметрлері астынан Жасырын нысандарды көрсету құсбелгісін қойыңыз.

  3. Жарайды түймешігін басып, Шарлау аумағына оралыңыз. Аумақ көмескі жасырылған нысандардың барлығына көмескі белгішені көрсетеді.

  4. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер нысанды тек тектік тобынан және санаттан жасырып қойған болсаңыз, нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Көрсету пәрменін таңдаңыз.

    • Егер нысанды барлық санаттардан және топтардан Жасырын сипатын қолдану арқылы жасырып қойған болсаңыз, нысанды тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Сипаттарды қарап шығу дегенін таңдап, содан соң Жасырын құсбелгі көзіндегі белгіні алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Теңшелетін топтардағы нысандарды жою және қалпына келтіру

Өзгертпелі топтар пайдаланушының және бизнестің талаптары өзгергеніне байланысты мезгілімен өзгеруі мүмкін. Топта нысандарды кез келген уақытта қосуыңызға немесе жоюыңызға болады. Келесі іс рәсімдері соны қалай жасау керек екенін түсіндіреді.

Нысандарды теңшелетін топтан жою

  • Шарлау аумағында жою қажет нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Жою пәрменін таңдаңыз.

Нысанды теңшелетін топта қалпына келтіру

  1. «Тағайындалмаған нысандар» тобы жасырын тұрған болса, оны көрсетіңіз.

    «Тағайындалмаған нысандар» тобын қалай көрсетуге болады?

    1. Шарлау аумағының жоғарғы жағындағы мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Шарлау параметрлері тармағын таңдаңыз.

    2. «Санаттың» топтары аумағында Тағайындалмаған нысандар жанына құсбелгіні қойыңыз.

  2. Қажет болғанда керек нысанды «Тағайындалмаған нысандар» тобынан теңшелетін тобыңызға апарыңыз немесе көшіріп қойыңыз.

Теңшелетін топта нысанның атауын өзгерту

  1. Шарлау аумағында атауын өзгерту қажет нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Таңбашаны қайта атау тармағын таңдаңыз.

  2. Таңбашаның жаңа атауын теріп, ENTER пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×