Хабарлар немесе тіркелгіні Outlook бағдарламасынан Outlook Express бағдарламасына импорттау

Microsoft Outlook Express еркін, негізгі электрондық пошта бағдарламасы болып табылады.

Ескерту : Outlook Express тек Microsoft Outlook ішіндегі әдепкі хабар қоймасынан ғана импорттай алады. Хабарларды әртүрлі қоймалардан импорттай аласыз, дегенмен импорттау үдірісін бастамас бұрын Outlook ішіндегі әдепкі сақтау орналасуын өзгертуіңіз керек. Outlook сақтау орналасуы жөнінде қосымша мәлімет алу үшін Outlook бағдарламасының Файл мәзіріндегі Деректер файлын басқару түймешігін басыңыз. Сақтау орналасуы туралы ақпаратты қарап шығып, қажет болса, өзгерістер енгізе аласыз.

Не істегіңіз келеді?

Хабарларды Outlook бағдарламасынан Outlook Express бағдарламасына импорттау

Электрондық пошта тіркелгісін Outlook Express бағдарламасына импорттау

Хабарларды Outlook бағдарламасынан Outlook Express бағдарламасына импорттау

  1. Outlook Express ішінен Файл мәзіріндегі Импорттау пәрменін таңдаңыз да, Хабарлар түймешігін басыңыз.

  2. Тізім ішінен Microsoft Outlook түймешігін, одан соң Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер Outlook жегілмесе сізден хабарлар сақталған Outlook пайдаланушысы профайлын таңдау сұралады. Профайлды таңдап, OK түймешігін басыңыз.

  3. Импорттайтын қалталарды таңдаңыз және Келесі тұймешігін басыңыз.

  4. Аяқтау түймешігін басыңыз.

Электрондық пошта тіркелгісін Outlook Express бағдарламасына импорттау

Ескерту : Outlook Express бағдарламасына тек POP3 электрондық пошта тіркелгісін импорттай аласыз.

  1. Outlook Express ішінен Файл мәзіріндегі Импорттау пәрменін таңдаңыз да, Пошта тіркелгісі параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Microsoft Windows хабар алмасу немесе Exchange немесе Outlook түймешігін, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Импорттайтын қалталарды таңдаңыз және Келесі түймешігін басыңыз.

  4. Параметрлерді құптау тілқатысу терезесінен тіркелгінің сервер параметрлерін тексеріңіз.

  5. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Өзгерістер енгізу үшін Өзгерту параметрлері түймешігін, одан соңКелесі тұймешігін басыңыз және қалауыңыз бойынша параметрлерге өзгертіңіз.

    • Келесі түймешігін басыңыз.

  6. Аяқтау түймешігін басыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×