Хабарды сақтау

Microsoft Outlook бағдарламасы электрондық пошта хабарламасын сақтау үшін бірнеше параметрлерді қамтиды. Мысалы, алынған хабарды қатты дискіде файл ретінде сақтауға немесе құрастырылатын хабарды жоба жазба ретінде сақтап кейінірек аяқтауға болады.

Не істегіңіз келеді?

Алынған хабарды файл ретінде сақтау

Хабарларды сақтау үшін әдепкі файл пішімін өзгерту

Алынған хабарды Microsoft Word құжаты ретінде сақтау

Хабардың негізгі мәтінін көшіру

Тақырып пен негізгі мәтінді сақтау

Алынған хабарды PDF немесе XPS файлы ретінде сақтау

Хабарды үлгі ретінде сақтау

Кейінірек аяқтағыңыз келетін хабардың жоба жазбасын сақтау

Жоба жазбаларды сақтау үшін уақыт аралығын немесе орынды өзгерту

Алынған хабарды файл ретінде сақтау

  1. Файл қойындысын нұқыңыз.

  2. Басқаша сақтау түймешігін басыңыз.

  3. Сақталатын орын тізімінде файл сақталатын орынды нұқыңыз.

  4. Файл атау жолағында файл үшін атау теріңіз.

  5. Басқаша сақтау түрі тізімінде қажетті файл түрін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Хабарларды сақтау үшін әдепкі файл пішімін өзгерту

Outlook 2010 бағдарламасы юникодты қолдайды, ол — дүниежүзілік жазбаша тілдердің барлығын дерлік бір таңба жиынын пайдалану арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін таңба кодтауының стандарты. Егер көптілді ұйымда жұмыс істесеңіз немесе хабарлар мен элементтерді басқа тілдерде іске қосылған компьютерде Outlook бағдарламасын пайдаланатын адамдармен ортақ пайдалансаңыз, Outlook бағдарламасында юникод қолдауының артықшылығын пайдалана аласыз.

Егер хабарларды юникод кодтауында әдепкі бойынша сақтау керек болса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Файл қойындысын нұқыңыз.

  2. Параметрлер түймешігін басыңыз.

  3. Пошта түймешігін басыңыз.

  4. Хабарларды сақтау астында Юникод пішімін пайдалану құсбелгісін қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Алынған хабарды Microsoft Word құжаты ретінде сақтау

Outlook 2010 бағдарламасы хабарды Microsoft Word құжаты файлы ретінде тікелей сақтай алмайды. Дегенмен, хабар мазмұнын Word құжатына көшіруіңізге болады.

Тек хабардың негізгі мәтінін немесе үстіңгі деректеме мәліметтерін де көшіруіңізге болады. Үстіңгі деректеме мәліметтері Жіберуші, Алушы, Көшірме және Тақырып жолы мәліметтерін қамтиды.

Хабардың негізгі мәтінін көшіру

  1. Хабарды ашыңыз немесе оқу аймағында хабардың негізгі мәтінін нұқыңыз.

  2. Хабардың толық негізгі мәтінін бөлектеу үшін, CTRL+A пернелер тіркесімін басыңыз.

  3. Windows аралық сақтағышына мазмұнды көшіру үшін, CTRL+C пернелер тіркесімін басыңыз.

  4. Word құжатын ашыңыз.

  5. Windows аралық сақтағышынан құжатқа мазмұнды қою үшін, CTRL+V пернелер тіркесімін басыңыз.

  6. Файл қойындысын нұқыңыз.

  7. Сақтау түймешігін басыңыз.

Тақырып пен негізгі мәтінді сақтау

  1. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

Ескерту :  Бұл қадам тақырып мәліметтерін хабардың негізгі мәтініне орналастырады, сонда сіз келесі қадамдарда екеуін бірге көшіре аласыз. Негізінде хабарды қайта жібермейсіз.

  • Егер хабарды оның өз терезесінде ашпаған болсаңыз, Басты қойындысындағы Жауап беру тобында Қайта жіберу түймешігін басыңыз.

  • Егер хабарды оның өз терезесінде ашып қойған болсаңыз, Хабар қойындысындағы Жауап беру тобында Қайта жіберу түймешігін басыңыз.

  • Хабардың толық негізгі мәтінін бөлектеу үшін, CTRL+A пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Windows аралық сақтағышына мазмұнды көшіру үшін, CTRL+C пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Word құжатын ашыңыз.

  • Windows аралық сақтағышынан құжатқа мазмұнды қою үшін, CTRL+V пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Файл қойындысын нұқыңыз.

  • Сақтау түймешігін басыңыз.

  • Көшірілген хабар мазмұнын қамтитын Outlook терезесін жабуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Алынған хабарды PDF немесе XPS файлы ретінде сақтау

Outlook 2010 бағдарламасымен файлды PDF файлы ретінде тікелей сақтау мүмкін емес. Дегенмен, хабарды Word бағдарламасында сақтап, одан кейін жаңа құжатты PDF файлы ретінде сақтау үшін Алынған хабарды Microsoft Word құжаты ретінде сақтау бөліміндегі ақпаратты пайдалана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Хабарды үлгі ретінде сақтау

Хабардан хабарға өзгертілмейтін мәліметтері бар хабарларды жіберу үшін электрондық пошта үлгілерін пайдаланыңыз. Хабарды құрастырып, оны үлгі ретінде сақтауға, одан кейін сол үлгіні қажет болған сайын пайдалануға болады. Үлгіні хабар ретінде жіберместен бұрын қандай да бір жаңа мәліметтерді қоса салыңыз.

Кеңес :  Үлгілерді пайдалану туралы қосымша ақпаратты Электрондық пошта хабарламасын үлгі негізінде жіберу бөлімінен қараңыз.

  1. Басты қойындысындағы Жаңа тобында Жаңа электрондық пошта түймешігін басыңыз.

Пернелер тіркесімі    Жаңа хабар жасау үшін, CTRL+SHIFT+M пернелер тіркесімін басыңыз.

  1. Хабардың негізгі мәтінінде қажетті мазмұнды енгізіңіз.

  2. Хабар терезесінде Файл қойындысын нұқып, Басқаша сақтау түймешігін басыңыз.

  3. Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Басқаша сақтау түрі тізімінен Outlook үлгісі тармағын таңдаңыз.

  4. Файл атауы жолағында үлгі үшін атау теріп, Сақтау түймешігін басыңыз.

    Әдепкі бойынша үлгілер төмендегі қалталарда сақталады:

    • Windows 7 және Vista     C:\Users\Пайдаланушы аты\Appdata\Roaming\Microsoft\Templates

    • Microsoft Windows XP     C:\Documents and Settings\Пайдаланушы аты\Application Data\Roaming\Microsoft\Templates

Беттің жоғарғы жағы

Кейінірек аяқтағыңыз келетін хабардың жоба жазбасын сақтау

Әдепкі бойынша, жасалатын бірақ жіберілмейтін кез келген хабар Жоба жазбалар қалтасына автоматты түрде сақталады. Outlook бағдарламасына кейінірек оралып, жіберілмеген хабарды таба аласыз.

Хабардың жоба жазбасын қолмен сақтау үшін төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

  • Жылдам қатынау тақтасы ішінде Сақтау түймешігін басыңыз.

  • Файл қойындысын нұқып, Сақтау түймешігін басыңыз.

Хабар құрастыруды кейінірек жалғастыру мақсатында сақталған жоба жазбаға оралу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  • Шарлау аумағының Пошта параметрінде Жоба жазбалар түймешігін басыңыз, одан кейін хабарды екі рет нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жоба жазбаларды сақтау үшін уақыт аралығын немесе орынды өзгерту

Әдепкі бойынша, аяқталмаған хабарлар Жоба жазбалар қалтасына әр үш минут сайын сақталады. Дегенмен, уақыт аралығын немесе орынды өзгерте аласыз.

  1. Файл қойындысын нұқыңыз.

  2. Параметрлер түймешігін басыңыз.

  3. Пошта түймешігін басыңыз.

  4. Хабарларды сақтау астында төмендегі әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін орындаңыз:

    • Жоба жазбалар сақталатын жерді өзгерту.    

      • Мына қалтаға сақтау тізімінен Жоба жазбалар, Кіріс, Жіберілген пошта немесе Шығыс тармағын таңдаңыз.

    • Жоба жазбалардың сақталу жиілігін өзгерту.    

      • Жіберілмеген элементтерді мына минуттар санынан кейін автоматты түрде сақтау жолағына 1 мен 99 аралығындағы санды теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×