ХабарЖолағы құрамды әмір амалы

Осы тақырыптың кейбір мазмұны кейбір тілдерге қатысты қолданылмауы мүмкін.

ХабарЖолағы амалын ескерту жазылған хабарды немесе ақпарат хабарын көрсету үшін пайдалана аласыз Мысалы, ХабарЖолағы амалын тексерумакроc бірге пайдалана аласыз. басқару элементі немесе жазба құрамды әмірдегі шартты орындамаған жағдайда, хабар жолағында қате туралы хабар көрсетіліп, енгізілуге тиісті дерек түрі туралы нұсқаулар берілуі мүмкін.

Параметр

ХабарЖолағы амалының төмендегідей дәлелі бар.

Құрамды әмір дәлелі

Сипаттама

Хабар.

Хабар жолағындағы мәтін. Хабардың мәтінін Құрамды әмір құрастырғышы тақтасының Амал дәлелдері бөліміндегі Хабар жолағына енгізіңіз. 255 таңбаға дейін теруге немесе өрнек (алдында теңдік белгісі болуға тиіс) енгізуге болады.

Дыбыстық белгі

Хабар бейнебетте көрсетілген кезде компьютердің үндеткіші дыбыстық белгі беретін-бермейтінін көрсетеді. Иә (дыбыстық белгі беру) немесе Жоқ (дыбыстық белгі бермеу) батырмасын басыңыз. Әдепкі мән - Иә.

Түрі.

Хабар жолағының түрі. Әр түрдің түрлі белгішесі бар. Ешбір, Дағдарыстық, Ескерту?, Ескерту! немесе Ақпарат батырмасын басыңыз. Әдепкі мән - Ешбір.

Тақырып

Хабар жолағының тақырып жолы көрсетілетін мәтін. Мысалы, тақырып жолағында "Тұтынушы кодын тексеру" тақырыбын көрсетуге болады. Егер осы амалды бос қалдырсаңыз, "Microsoft Access" жазуы көрсетіледі.

Ескертпелер

ХабарЖолағы амалын Microsoft Office Access 2007 бағдарламасы көрсететін бекітілген қате туралы хабарларға ұқсас, қате туралы пішімделген хабарларды жасау үшін пайдалануыңызға болады. ХабарЖолағы амалы сізге Хабар дәлелі үшін үш бөлімде хабарды жазуға мүмкіндік береді. Бөлімдердің арасын "@" таңбасымен бөлу керек.

Төмендегі мысалда бөліктерге бөлінген хабары бар пішімделген хабар жолағының үлгісі көрсетілген. Хабардағы мәтіннің бірінші бөлігі қалың қаріпті тақырып түрінде бейнеленеді. Екінші бөлігі осы тақырыптың астындағы жай мәтін түрінде бейнеленеді. Үшінші бөлігі екінші бөліктің астында жай мәтін түрінде бейнеленіп, екеуінің арасында бос сызық қалдырылады.

Хабар дәлелінде төмендегі жолды теріңіз:

Қате батырма!@Бұл батырма жұмыс істемейді.@Басқасын байқап көріңіз.

ХабарЖолағы амалын Visual Basic for Applications (VBA) модулінде іске қоса алмайсыз. Оның орнына ХабарЖолағы функциясын пайдаланыңыз.

Мысалдар

Құрамды әмірді пайдаланып, пішіндерді үндестіру

Төмендегі құрамды әмір Өнімдер тізімін Жабдықтаушылар пішінінің төменгі оң жақ бұрышынан ашып, ағымдық жабдықтаушының өнімдерін көрсетеді. Ол Жаңғырту, ХабарЖолағы, БасқаруЭлементінеӨту, ҚұрамдыӘмірдіТоқтату, ПішіндіАшу және ЖылжытуӨлшем амалдарының қалай пайдаланылатынын көрсетеді. Ол сондай-ақ шартты өрнектің ХабарЖолағы, БасқаруЭлементінеӨту және ҚұрамдыӘмірдіТоқтату амалдарының көмегімен қалай пайдаланылатынын көрсетеді. Бұл құрамды әмір Жабдықтаушылар пішініндегі Өнімдерді қарау батырмасына тіркелуге тиіс.

Шарт

Амал

Дәлелдер: Баптау

Аңғартпа

Жаңғырту

Жаңғырту: Жоқ

Құрамды әмір іске қосулы тұрғанда, бейнебетті жаңартуды тоқтатыңыз.

Нөл([ЖабдықтаушыКоды])

ХабарЖолағы

Хабар: Қай жабдықтаушының өнімдерін көргіңіз келсе, сол жабдықтаушының жазбасына өтіңіз, содан кейін Өнімдер батырмасын қайтадан басыңыз.

Дыбыстық белгі: Иә

Түрі: Жоқ

Тақырып: Жабдықтаушыны таңдау

Егер Жабдықтаушылар пішінінде ағымдық жабдықтаушы болмаса, хабарды көрсетіңіз.

...

БасқаруЭлементінеӨту

Басқару элементінің атауы: КомпанияАтауы

Кезелімді КомпанияАтауы басқару элементіне жылжытыңыз.

...

ҚұрамдыӘмірдіТоқтату

Құрамды әмірді тоқтатыңыз.

ПішіндіАшу

Пішін атауы: Өнімдер тізімі

Көрініс: Деректер кестесі

Сүзгі атауы:

Қайда шарты: [Жабдықтаушы коды] = [Пішіндер]![Жабдықтаушылар]![Жабдықтаушы коды]

Деректер күйі: Тек оқу үшін

Терезе күйі: Қалыпты

Өнімдер тізімі пішінін ашыңыз да, ағымдық жабдықтаушының тауарларын көрсетіңіз.

ӨлшемдіЖылжыту

Оң жақ: 0.7799"

Төмен: 1.8"

Өнімдер тізімі пішінін Жабдықтаушылар пішінінің төменгі оң жақ бұрышына қойыңыз.

Құрамды әмірді пайдаланып, деректерді тексеру

Төмендегі тексеру құрамды әмірі Жабдықтаушылар пішініне енгізілген пошта кодын тексереді. Ол ҚұрамдыӘмірдіТоқтату, ХабарЖолағы, ОқиғаныКеріШақыру және БасқаруЭлементінеӨту амалдарының пайдаланылуын көрсетеді. Шартты өрнек пішіндегі жазбаға енгізілген ел/аймақ пен пошта кодын тексереді. Егер пошта коды ел/аймаққа арналған дұрыс пішім болмаса, құрамды әмір хабар жолағын көрсетеді де, жазбаны сақтауды кері шақырады. Ол содан кейін сізді ПоштаКоды басқару элементіне қайтарады да, онда сіз қатені түзете аласыз. Бұл құрамды әмір Жабдықтаушылар пішінінің ЖаңартпасБұрын сипатына тіркелуге тиіс.

Шарт

Амал

Дәлелдер: Параметр

Аңғартпа

Нөл([ЕлАймақ])

ҚұрамдыӘмірдіТоқтату

Егер Ел/Аймақ Нөл болса, пошта кодын тексеру мүмкін емес.

[ЕлАймақ] ("Франция","Италия","Испания") Және Len([ПоштаКоды]) <> 5

ХабарЖолағы

Хабар: Пошта коды 5 таңбадан тұруға тиіс.

Дыбыстық белгі: Иә

Түрі: Ақпарат

Тақырып: Пошта коды қате

Егер пошта коды 5 таңбадан тұрмаса, хабарды көрсетіңіз.

...

ОқиғаныКері шақыру

Оқиғаны кері шақырыңыз.

БасқаруЭлементінеӨту

Басқару элементінің атауы: ПоштаКоды

[ЕлАймақ] ("Австралия","Сингапур") Және Len([Пошта коды]) <> 4

ХабарЖолағы

Хабар: Пошта коды 4 таңбадан тұруға тиіс.

Дыбыстық белгі: Иә

Түрі: Ақпарат

Тақырып: Пошта коды қате

Егер пошта коды 4 таңбадан тұрмаса, хабарды көрсетіңіз.

...

ОқиғаныКері шақыру

Оқиғаны кері шақырыңыз.

БасқаруЭлементінеӨту

Басқару элементінің атауы: ПоштаКоды

([ЕлАймақ] = "Канада") Және ([ПоштаКоды] Ұқсамайды"[A-Z][0-9][A-Z] [0-9][A-Z][0-9]")

ХабарЖолағы

Хабар: Пошта коды дұрыс емес. Канада кодының үлгісі: H1J 1C3

Дыбыстық белгі: Иә

Түрі: Ақпарат

Тақырып: Пошта коды қате

Егер пошта коды Канада бойынша дұрыс болмаса, хабарды көрсетіңіз. (Канада кодының үлгісі: H1J 1C3)

...

ОқиғаныКері шақыру

Оқиғаны кері шақырыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×