Формуланы жасау арқылы сандарды қосу

Excel бағдарламасына калькулятор болуға мүмкіндік беріңіз. Қарапайым формула көмегімен Excel сандарды автоматты түрде қоса алады.

  1. Бос ұяшықты таңдап, теңдік (=) белгісін теріңіз.

  2. Бірінші санды, содан кейін қосқыңыз келетін әр саннның арасында қосу (+) белгісін теріңіз.

  3. Формула нәтижесін алу үшін Enter пернесін басыңыз.

Мысалы:

  • =54+89 (нәтиже: 143)

Сондай-ақ, дәл осы формуланы сандарды пайдаланудың орнына ұяшық сілтемелерін (мысалы, A1 және B1) пайдалана отырып жасауға болады.

A1 және B1 ұяшықтарындағы сандар

Мысалы:

  • =A1+B1 (нәтиже: 143)

Я болмаса ұяшық сілтемелері мен сандарды біріктіруге болады.

  • =A1+B1+20 (нәтиже: 163)

Ұяшық сілтемесін теруге болады немесе формулаға қосу керек ұяшықты басуға болады. Мысалы, A1, B1 және 20 ұяшықтарын қосатын формуланы жасау үшін теңдік (=) белгісін теріп, A1 ұяшығын басып, қосу (+) белгісін теріп, B1 ұяшығын басып, қосу (+) белгісін теріп, 20 санын теріп, соадн кейін 163 нәтижесін алу үшін Enter пернесін басуға болады.

Excel формулада пайдаланылған ұяшықтарды бөлектейді.

Кеңес :  Қосу керек бағандар немесе жолдар бар болса, «Автоқосынды» түймешігін бассаңыз, Excel сандарды автоматты түрдеқосады.

Қарапайым математика үшін формулалар туралы қосымша

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×