Формуланы автоаяқтауды пайдалану

Формулаларды жасап, өңдеуді оңайлату және енгізу мен синтаксис қателерін барынша азайту үшін, формуланы автоаяқтауды пайдаланыңыз. = (теңдік белгісі) және басталу әріптерін немесе көрсету триггерін енгізгеннен кейін, Microsoft Excel бағдарламасы ұяшықтың төменгі жағынан әріптерге немесе көрсету триггеріне сәйкес келетін жарамды функциялардың, атаулардың және мәтін жолдарының динамикалық ашылмалы тізімін көрсетеді. Содан кейін, кірістіру триггерінің көмегімен ашылмалы тізімдегі бір элементті формулаға кірістіруге болады.

Формуланы автоаяқтау

1. Формуланы автоаяқтауды бастау үшін, = (теңдік белгісі) және бірінші әріптерді немесе көрсету триггерін теріңіз.

2. Терген кезде, жарамды элементтердің жылжымалы тізімінен ең жақын сәйкестік бөлектеліп көрсетіледі.

3. Белгішелер енгізбенің түрін, мысалы, оның функция (бұл мысалда SEARCH, SECOND…SLOPE), кесте анықтамасы (СатубойыншаЕсеп) немесе анықталған атау (СатуСалығы) екендігін көрсетеді.

4. Егжей-тегжейлі қалқымалы көмек сөздер ең дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Не істегіңіз келеді?

Ашылмалы тізімді көрсету триггерлерінің көмегімен басқару

Формуланы автоаяқтау ашылмалы тізімінің бойында пернелердің көмегімен шарлау

Ашылмалы тізімдегі бір элементті кірістіру триггерінің көмегімен енгізу

Формуланы автоаяқтауды қосу немесе ажырату

Ашылмалы тізімді көрсету триггерлерінің көмегімен басқару

Келесі кестеде Формуланы автоаяқтау ашылмалы тізіміндегі элементтердің көрсетілуін динамикалық жолмен басқару тәсілдерінің қысқаша сипаттамасы берілген.

Көрсету үшін

Мынаны теріңіз

Excel және пайдаланушы анықтайтын функция атаулары

Функцияны енгізуге болатын кез келген жердегі әріп немесе бірінші әріптер.

Мысалы: Су

Функция аргументтері

(Көрсету триггері жоқ).

Сан немесе ұяшық анықтамасы сияқты аргументті теру, не болмаса бірінші әріптер, үтір, ашылатын жай жақша немесе [ (ашық тік жақша) сияқты көрсету триггерін қолдану.

Мысалы: SUM(5, A2, [

Одан кейінгі әрбір аргумент үшін бір үтір теріп, дәлелді жазу немесе басқа бір көрсету триггерін қою.

Ескерту : Келесі функциялардың ашылмалы тізімде автоматты түрде көрсетілетін нөмірленген тұрақтылары бар аргументтері болады: CELL, FV, HLOOKUP, MATCH, PMT, PV, RANK.AVG, RANK.EQ, SUBTOTAL және VLOOKUP.

Анықталған атаулар мен кесте атаулары

Атауды енгізуге болатын кез келген жердегі әріп немесе бірінші әріптер.

Мысалы: Айнаш.

Кесте бағанының сипаттауыштары мен арнайы элемент сипаттауыштары ([#Барлығы], [#Деректер], [#ТақырыпАтаулары], [#Жиындар], [#ОсыЖол])

Келесілердің бірін немесе бірнешеуін орындаңыз:

  • Кесте атауынан кейінгі [ (ашық тік жақша).

    Мысалы: ЖылдықҚорытынды[

  • Арнайы элементтен кейінгі, (үтір).

    Мысалы: =ЖылдықҚорытынды[#Барлығы],

  • Баған атауынан кейінгі : (қос нүкте).

    Мысалы: ЖылдықҚорытынды[Сату:

Ескерту : Егер ұяшық кестенің ішінде болса, кесте атауы міндетті емес. Мысалы, келесі формулалар бірдей болады:

=[Сату]/[Шығындар]

=ЖылдықҚорытынды[Сату]/ЖылдықҚорытынды[Шығындар]

Текше функцияларында байланыстырғыш атаулар

Текше функциясы атауының ашық жақшасынан кейінгі "  (ашық тырнақша).

Мысалы: CUBEMEMBER("

Ескерту : Тізімде тек ағымдағы жұмыс кітабына сақталған OLAP қосылымдары беріледі.

Текше функцияларындағы көп өлшемді сөйлемшелер (КӨӨ) мәтін жолдары

Келесілердің бірін немесе бірнешеуін орындаңыз:

  • Аргументтердің үтірінен кейінгі " (ашық тырнақша).

    Мысалы: CUBEMEMBER(("СатуТекшеДеректері","

  • Жабық тік жақшадан кейінгі . (нүкте).

    Мысалы: CUBEMEMBER("СатуТекшеДеректері","[Тұтынушылар].

    Мысалы: CUBEMEMBER("СатуТекшеДеректері","[Тұтынушылар].[Қазақстан].

  • Өзара байланысты мәндердің басталуын көрсететін (үтірмен ажыратылған мәндері бар жол) КӨӨ мәтін жолының ашық тырнақшасынан кейінгі ( (ашылатын жай жақша).

    Мысалы: CUBEVALUE("СатуТекшеДеректері","(

  • Өзара байланысты мәндердің екінші бөлігін көрсететін КӨӨ мәтін жолының жабық тік жақшасынан кейінгі ,  (үтір).

    Мысалы: CUBEVALUE("СатуТекшеДеректері","([Тұтынушылар].[Қазақстан],

  • Жинақ формуласының басталуын көрсететін КӨӨ мәтін жолының ашық тырнақшасынан кейінгі { (ашық бейнелі жақша).

    Мысалы: CUBEVALUE("СатуТекшеДеректері","{

    Ескертулер : 

    • Формуланы автоаяқтаудың көмегімен КӨӨ мәтін жолын енгізу үшін, OLAP деректер көзіне қосылуыңыз керек.

    • Егер тақырып аты анықталған болса, ол қалқымалы көмекте көрсетіліп, таңдаудың жасалғанын растауға көмектеседі.

    • Егер КӨӨ мәтін жолы күмәнді болса, онда бірегей мүше аты бәрібір енгізіледі, бірақ оның дұрыс енгізілгенін тексеруіңіз керек. Мысалы, келесі КӨӨ мәтін жолы үшін екі мән бар болған жағдайда:

      CUBEMEMBER("СатуТекшеДеректері","[Тұтынушылар].[Қазақстан].[Алматы].[Айтбек Балабеков]

      Келесі мәндердің біреуі енгізіледі:

      [Тұтынушылар].[Атау].&[54342]

      [Тұтынушылар].[Атау].&[34297]

      Егер енгізілген мән керектісі болмаса, оны өшіріп, басқа біреуін таңдайсыз.

    • Microsoft SQL Server Талдау қызметтеріндегі «Children», «Parent» немесе «Crossjoin» сияқты функция атаулары ашылмалы тізімде көрсетілмегенімен, оларды тере беруге болады.

Ескертулер : 

  • Формуланы автоаяқтауды пайдалану барысында кез келген уақытта, формуланы толтыру үшін кез келген нәрсені толтыруға болады.

  • Формуланы автоаяқтауды қолданыстағы енгізілген функцияның немесе өрнектің ортасында қолдануға болады. Кірістіру нүктесінің алдындағы мәтін ашылмалы тізімдегі мәндерді көрсетеді, ал кірістіру нүктесінен кейінгі мәтіннің барлығы өзгеріссіз қалады.

  • SUBTOTAL функциясында пайдаланылатын сияқты нөмірленген тұрақтылар үшін жасалатын анықталған атаулар мен Текше функциясының қосылымдары Автоаяқтау ашылмалы тізімінде көрсетілмегенімен, оларды тере беруге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Формуланы автоаяқтау ашылмалы тізімінің бойында пернелердің көмегімен шарлау

Келесі кестеде Формуланы автоаяқтау ашылмалы тізімінің бойында шарлау үшін пайдалануға болатын пернелердің қысқаша сипаттамасы берілген.

Бұл мақсат үшін

Басу

Кірістіру орнын бір таңба солға жылжыту.

СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Кірістіру орнын бір таңба оңға жылжыту.

ОҢ ЖАҚ КӨРСЕТКІ

Бөлектелген элементті бір элемент жоғары жылжыту.

ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ

Бөлектелген элементті бір элемент төмен жылжыту.

ТӨМЕН КӨРСЕТКІ

Соңғы элементті таңдау.

END

Бірінші элементті таңдау.

HOME

Бір бет төмен жылжу және жаңа элементті таңдау.

PAGE DOWN

Бір бет жоғары жылжу және жаңа элементті таңдау.

PAGE UP

Ашылмалы тізімді жабу.

ESCAPE пернесі (немесе басқа бір ұяшықты нұқыңыз)

Формуланы автоаяқтауды қосу немесе ажырату.

ALT+ТӨМЕН КӨРСЕТКІ

Беттің жоғарғы жағы

Ашылмалы тізімдегі бір элементті кірістіру триггерінің көмегімен енгізу

Маңызды : Формула теріп жатқанда, тіпті кірістіру триггерін қолдансаңыз да, функция үшін жабық жақшаны, кесте анықтамасы үшін жабық тік жақшаны немесе КӨӨ мәтін жолы үшін жабық тырнақшаны теруді ұмытпаңыз.

  • Таңдалған элементті формулаға кірістіріп, кірістіру орнын тікелей оның артынан қою үшін, TAB пернесін басыңыз немесе элементті екі рет нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Формуланы автоаяқтауды қосу немесе ажырату

  1. Файл қойындысын нұқып, Параметрлер, одан кейін Формулалар санатын таңдаңыз.

  2. Формулалармен жұмыс істеу астындағы Формуланы автоаяқтау тармағын таңдаңыз немесе өшіріңіз.

Кеңес : Сондай-ақ, формулаға енгізу кезінде Формуланы автоаяқтауды қосу үшін, ALT+ТӨМЕН КӨРСЕТКІ пернесін басуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×