Фильмді толық бейнебетте ойнату

Фильмді көрмедегі слайдтың бір бөлігі ретінде ойнатудың орнына, ол бейнебетті түгел толтыратындай етіп ойнатуға болады. Бұл фильмді толық бейнебетте ойнату деп аталады. Бастапқы фильм файлының ажыратылымдығы қандай екеніне қарай, толық бейнебетте ойнатылған кезде фильм бұрмаланып көрінуі мүмкін. Сондықтан фильмді алдын ала қарап алған дұрыс, сонда егер фильм бұрмаланып немесе бұлыңғыр болып көрінсе, толық бейнебет параметрін болдырмауға болады.

Егер фильмді толық бейенебетте ойнататын етіп баптаған болсаңыз, әрі ол автоматты түрде басталатын етіп бапталған болса, фильмнің жақтауын слайдта көрінбейтін етіп және фильм толық бейнебетке ауысқан кезде жылдам жыпылықтамайтын етіп, слайдтың сыртына сүйреп апаруға болады.

Маңызды     Егер фильмнің жақтауын слайдтың сыртына сүйреп апарсаңыз немесе оны жасырсаңыз, фильмді автоматты түрде немесе қосқыш сияқты басқа бір басқару тетігінің көмегімен ойнатылатын етіп баптау қажет болады. Қосқыш дегеніміз слайдтағы сурет, пішін, батырма, мәтін тармағы немесе мәтін жолағы сияқты, үстінен шерткенде әрекетті бастайтын бір нысан болуы мүмкін.

Фильмді толық бейнебетте ойнатуға баптау

  1. Кәдімгі көріністе толық бейнебетте ойнатқыңыз келген фильмді таңдаңыз.

  2. Фильм құралдары мәзірінің Параметрлер қойындысындағы Фильм параметрлері тобында Толық бейнебетте ойнату тармағын таңдаңыз.

    Фильм құралдары Параметрлер қойындысы

Фильмді алдын ала қарап алу

Фильмді Қалыпты көріністе алдын ала қарап алу үшін төмендегі әрекеттердің бірін іске асырыңыз:

  • Фильмді екі рет шертіңіз.

  • Фильмді шертіңіз де, Фильм құралдары мәзірінің Параметрлер қойындысындағы Ойнату тобында Алдын ала қарап алу әмірін таңдаңыз.

    Фильм құралдары Параметрлер қойындысы

  • Фильмі бар слайды шертіңіз, содан соң терезенің төменгі жағындағы Слайдтарды көрсету Батырма кескіні батырмасын басыңыз немесе Microsoft Office PowerPoint 2007 F5 пернесін басыңыз. Егер фильмнің жақтауын басқан кезде фильм ойнатылатын етіп баптаған болсаңыз, жақтауды шертіңіз.

Ескерту : 

  • Егер фильм таңдамалы жанбітірім тізбегінің бір бөлігі болса, оны алдын ала қарап алу үшін таңдамалы жанбітірімтапсырмалар тақтасыОйнату батырмасын басыңыз.

  • Егер көрмеде көптеген слайдтар болса, ішінде фильмнің жақтауы бар слайдты анықтау үшін тақырып аты толтырғышын пайдаланыңыз, сонда қай слайды шертіп, ойната бастау керек екенін білетін боласыз.

  • Егер сіз фильмді Microsoft Windows медиа ойнатқышында ойнатылатын нысан ретінде кірістірген болсаңыз, фильмді басқару үшін медиа ойнатқыштағы Тоқтату, Бастау және Үзіліс батырмаларын басу керек болуы мүмкін.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×