Файлды сақтау

Файлды сақтау кезінде оны қатты дискіге, желі орналасуына, дискіге, DVD дискісіне, ықшам дискіге, жұмыс үстеліне, флэш-жадына немесе басқа файл пішіміндегі қалтаға сақтай аласыз.

Маңызды :  Жұмыс істеп отырғанда күтпеген жерден электр қуатының өшуі немесе басқа жағдайлар себебінен деректерді жоғалтпау үшін файлды үнемі сақтап отыруыңыз қажет .

Не істегіңіз келеді?

Файлды сақтау

Көшірме ретінде немесе басқа орынға сақтау

Office бағдарламасының бұрынғы нұсқасы ретінде сақтау

Басқа пішім түрінде сақтау

Авто-қалпына келтіру мәліметін автоматты түрде сақтау

Файлды сақтау

Әдепкіде, Microsoft Office бағдарламалары файлды әдепкі жұмыс қалтасында сақтайды. Көшірмесін басқа орынға сақтау үшін қалталар тізімінде басқа қалтаны нұқыңыз. Қосымаш мәліметтер алу үшін, Көшірме ретінде немесе басқа орынға сақтау бөлімін қараңыз.

  1. Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, одан кейін Сақтау пәрменін таңдап, CTRL+S пернелер тіркесімін басыңыз.

    Маңызды : Егер Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін көрмесеңіз, Файл мәзірінен Сақтау пәрменін таңдаңыз.

  2. Егер файлды алғаш рет қолданған болсаңыз, оған атау беру сұралады.

Беттің жоғарғы жағы

Көшірме ретінде немесе басқа орынға сақтау

Басқаша сақтау пәрменін файлды қайта атау немесе оның сақталған орнын өзгерту үшін де қолдануға болады.

Windows 7 және Windows Vista бағдарламаларындағы Басқаша сақтау тілқатысу терезесі

Шарлау аумағы параметрін пайдалану арқылы файлды жаңа орынға сақтауға болады. windows vista жүйесіндегі «басқаша сақтау» диалогтық терезесі

1. Қалтаны таңдау үшін немесе қалта жолын теру үшін Мекенжай жолағын қолданыңыз.

2. Жиі қолданатын орналасуды жылдам көру үшін Шарлау аумағын қолданыңыз.

3. Қосымша файл түрлерін көру үшін көрсеткіні басыңыз.

Microsoft Windows XP бағдарламасындағы Басқаша сақтау тілқатысу терезесі

Файлды жаңа орынға Сақтау тізімін немесе Менің орындарым жолағының ішіндегі орындарды қолдану арқылы сақтауға болады. «Басқаша сақтау» диалогтық терезесі

1. Қалтаны таңдау үшін Тізімде сақтау пәрменін қолданыңыз.

2. Жиі қолданатын орналасуды жылдам көру үшін Менің орындарым жолағын қолданыңыз.

3. Қосымша файл түрлерін көру үшін көрсеткіні басыңыз.

Файлдың көшірмесін сақтау үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, одан кейін Басқаша сақтау пәрменін таңдап, CTRL+S пернелер тіркесімін басыңыз.

    Маңызды : Егер Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін көрмесеңіз, Файл мәзірінен Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

  2. Файл атауы жақтауына файлдың жаңа атауын енгізіңіз.

  3.   Сақтау түймешігін басыңыз.

Көшірмені басқа қалтада сақтау үшін, жоғарыдағы қадамдарды орындап, Сақтау тізімінен басқа дискіні немесе қалталар тізімінен басқа қалтаны таңдаңыз. Файлды жаңа қалтада сақтау үшін, Жаңа қалта жасау Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Office бағдарламасының бұрынғы нұсқасы ретінде сақтау

2007 Office бағдарламасын қолданып жатсаңыз, файлды 97-2003 файл пішімінде сақтау арқылы Microsoft Office бағдарламасының бұрынырақ нұсқасын қолданып жатқан адамдармен файлдарды ортақ пайдалануға болады. Мысалы, Microsoft Office Word 2007 құжатын (.docx) 97-2003 құжаты (.doc) ретінде сақтауға болады.

Сыйысымды пішімде сақтау туралы ақпаратты Файлды Office 2003 немесе бұрынырақ нұсқасында қолдану үшін сақтау бөліміндегі «Файлды Office бағдарламасының бұрынырақ нұсқасында қолдану үшін сақтау» мақаласынан қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа пішім түрінде сақтау

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, одан кейін Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

    Маңызды : Егер Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті көрмесеңіз, Файл мәзірінен Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы Басқаша сақтау тілқатысу терезесін ашу үшін ALT, F, A пернелерін басыңыз.

  2. Файл атауы жақтауына файлдың жаңа атауын енгізіңіз.

  3. Түр ретінде сақтау тізімінен файлды сақтау пішімін таңдаңыз. Мысалы, толық мәтін пішімі (.rtf), Веб-бет (.htm немесе .html) немесе үтірлермен бөлінген (.csv).

  4. Сақтау пәрменін таңдаңыз.

PDF ретінде файлдарды сақтау туралы қосымша мәліметтер алу үшін, PDF ретінде сақтау бөлімін қараңыз, ал XPS ретінде файлдарды сақтау туралы қосымша мәліметтер алу үшін, Файлды XPS пішімінде сақтау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Авто-қалпына келтіру мәліметін автоматты түрде сақтау

Авто-қалпына келтіру файлдарды тұрақты түрде қалпына келтірудің орнын баспайды. Егер файлды ашқаннан кейін қалпына келтірілген файлды сақтамауды таңдасаңыз, файл жойылады сақталмаған өзгерістеріңіз жоғалады. Егер қалпына келтірілген файлды сақтасаңыз, (жаңа файл атауы көрсетілмейінше) ол түпнұсқа файлдың орнын басады. Файлдарыңыз неғұрлым көбірек сақталған болса, қуат ажыратылуы немесе файл ашық кездегі басқа мәселе туындаған жағдайда соғұрлым мәлімет те көбірек қалпына келтіріледі.

Қандай 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасын қолданасыз?

Word

Excel

InfoPath

PowerPoint

Project бағдарламасы

Publisher бағдарламасы

Visio

Беттің жоғарғы жағы

Word

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, одан кейін Word параметрлері тармағын таңдаңыз.

  2. Сақтау пәрменін таңдаңыз.

  3.   Авто-қалпына келтіру мәліметін берілген мерзім сайын сақтау құсбелгісін қойыңыз.

  4. Файлдарды сақтау жиілігін белгілеу үшін, минуттар жақтауына санды теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Excel

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, одан кейін Excel параметрлері тармағын таңдаңыз.

  2. Сақтау пәрменін таңдаңыз.

  3. Авто-қалпына келтіру мәліметін берілген мерзім сайын сақтау құсбелгісін қойыңыз.

  4. Файлдарды сақтау жиілігін белгілеу үшін, минуттар жақтауына санды теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер пәрменін таңдап, одан кейін Қосымша қойындысын нұқыңыз.

  2. Пішінді толтыру кезінде Авто-қалпына келтіру мәліметін берілген мерзім сайын сақтау құсбелгісін қойыңыз.

  3. Файлдарды сақтау жиілігін белгілеу үшін, минуттар жақтауына санды теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

PowerPoint

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, одан кейін PowerPoint параметрлері тармағын таңдаңыз.

  2. Сақтау пәрменін таңдаңыз.

  3. Авто-қалпына келтіру мәліметін берілген мерзім сайын сақтау құсбелгісін қойыңыз.

  4. Файлдарды сақтау жиілігін белгілеу үшін, минуттар жақтауына санды теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Project бағдарламасы

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер пәрменін таңдап, одан кейін Қосымша қойындысын нұқыңыз.

  2. Берілген мерзім сайын сақтау құсбелгісін қойыңыз.

  3. Файлдарды сақтау жиілігін белгілеу үшін, минуттар жақтауына санды теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Publisher бағдарламасы

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер пәрменін таңдап, одан кейін Қосымша қойындысын нұқыңыз.

  2. Авто-қалпына келтіру ақпаратын берілген мерзім сайын сақтау құсбелгісін қойыңыз.

  3. Файлдарды сақтау жиілігін белгілеу үшін, минут жолағына санды теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Visio

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер пәрменін таңдап, одан кейін Сақтау/ашу қойындысын нұқыңыз.

  2. Авто-қалпына келтіру ақпаратын берілген мерзім сайын сақтау құсбелгісін қойыңыз.

  3. Файлдарды сақтау жиілігін белгілеу үшін, минут жолағына санды теріңіз немесе таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×