Файлдар мен қалталарды жою немесе қалпына келтіру

Файлдар мен қалталарды жою немесе қалпына келтіру

OneDrive белгілі бір файлдарын жоюға немесе оның ішіндегі бүкіл қалталар мен барлық файлдарды жоюға болады.

Файлдар мен қалталарды жою

OneDrive веб-сайтынан
  1. OneDrive веб-сайтына өтіңіз.

    Microsoft тіркелгіңізбен кіруіңіз қажет болуы мүмкін.

  2. Элементтің жоғарғы оң жағындағы ұяшық белгісін таңдау арқылы жойғыңыз келген элементтерді таңдаңыз.

  3. Беттің жоғарғы жағындағы тақтада Басқару пәрменін түртіңіз не басыңыз, Жою пәрменін таңдап, Жою түймешігін түртіңіз не басыңыз.

Ескерту : Сізбен ортақ пайдаланылған элементтерді жойсаңыз, олар иеленушінің себетіне көшіріледі. Егер топтан элементтерді жойсаңыз, олар біржолата жойылады.

Windows 8.1, Windows RT 8.1 жүйесінде немесе OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасын пайдалану арқылы
  • OneDrive элементтерін жоюдың ең жылдам жолы Жетектеушіні ашып, элементтерді таңдап, Delete пернесін басу.

Жойылған элементтерді қалпына келтіру

OneDrive веб-сайтынан
  1. OneDrive веб-сайтына өтіңіз.

  2. Аумақтың төменгі сол жақ бөлігіндегі Себет түймешігін түртіңіз не басыңыз.

  3. Барлық элементтерді қалпына келтіру үшін Барлығын қалпына келтіру түймешігін түртіңіз не басыңыз. Барлық элементтерді біржолата жою үшін Себетті босату түймешігін түртіңіз не басыңыз. Жеке элементтерді қалпына келтіру не біржолата жою үшін оларды ұяшыққа белгі қою арқылы таңдаңыз.

    Ескерту : Себеттегі элементтер бір жылдан кейін автоматты түрде жойылады. Егер себетіңіз толып кетсе, ескі элементтер үш күннен кейін автоматты түрде жойылады.

Windows 8.1, Windows RT 8.1 жүйесінде немесе OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасын пайдалану арқылы
  • OneDrive файлдарын Жетектеуші көмегімен жойсаңыз, олар себетке көшіріледі. Себетіңіз толмаған жағдайда файлдар себетті босатпайынша сол жерде қалады. Бұл байқаусызда жойылған элементтерді қалпына келтіруге және оларды сол қалпына қайта әкелуге мүмкіндік береді. Себетті ашу үшін жұмыс үстеліңіздегі себетті екі рет түртіңіз не екі рет басыңыз. Егер Жетектеушіде болсаңыз, әдепкі себет орнын ашу үшін мекенжай жолағына Себет деп енгізе аласыз.

Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Жауап тақтасынан анықтама алыңыз.

«Анықтама» веб-бетіндегі OneDrive түймешігіне өтіңіз

Қосымша анықтама қажет пе?

OneDrive бағдарламасына арналған қосымша қолдау беттерін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×